Коммуналдық қызметтерді есептеу аспаптарын орнатуды қаржыландыру тетігі туралы

Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 1999 жылғы 27 қыркүйек N 73-ОД бұйрығымен. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 30 шілдедегі N 185-НҚ бұйрығымен.

Күшін жойған

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  7 бабына сәйкес және коммуналдық қызметтерді есептеу аспаптарын орнатуды ынтыландыру мақсатында Бұйырамын:
      1. Есептеу аспаптарын орнатуды қаржыландыру өз меншігі есебінен немесе табиғи монополия субъектілерінің несиелік қаражатынан жүргізу белгіленсін.
      Аталған мақсатқа салынған инвестицияны қайтару есептеу аспаптарын орнатуға өтелім аударымы есебінен жүзеге асырылады. Сонымен бірге аумақтық комитеттердің келісімі бойынша жеделдетілген әдіс бойынша тозығын есептеуге жол беріледі.
      2. Аумақтық комитеттерге:
      1) Мемлекеттік тіркелімнің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектілеріне коммуналдық қызметтерді есептеу аспаптарын орнатуға қолданылып жүрген заң талаптарының орындалу міндеттілігі жөнінде мыналарды ескере отырып:
      Бағдарлама мен сатып алу кестесін жасау және тендерлік негізде есептеу аспаптарын орнату;
      жеке және жалпы үйге ортақ есептегіштерді олардың иелерінен балансқа қабылдау жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
      есептеу аспаптары бар тұтынатын коммуналдық қызметтерге орташа есеп айырысу нормасы бойынша есеп жүргізуге тыйым салу нұсқамасы енгізілсін.
      2) Қамтамасыз етілсін:
      есептеу аспаптарын орнату кестесін орындауды және сатып алу тендерін өткізуді бақылау;
      есептеу аспаптарын меншікті қаражаты есебінен орнатып, оларды қызмет берушілердің балансына өткізген, қолданылып жүрген тарифтерге жеңілдік енгізу есебінен келтірілген шығындарды тұтынушыларға қайтару;
      Үстіміздегі жылдың 1 қарашасына дейін Агенттікке коммуналдық қызметтерді есептеу аспаптарын сатып алу және орнатудың Бағдарламасы мен кестелері және осы бұйрықтың басқа тармақтарының орындалу барысы туралы ақпарат берілсін.
      3. Бәсекені дамыту және тұтынушылар құқығын қорғау департаментіне (Есімова Г.С.):
      осы бұйрықтың орындалуына орай есеп берудің, сондай-ақ коммуналдық қызметтер құнына салыстырмалы талдаудың бірыңғай нысанын жасап, оларды апталық мерзім ішінде аумақтық комитеттерге жіберсін.
      әр айдың 10-на дейін Агенттік басшылығына тұтынатын коммуналдық қызметтерді есептеу аспаптарын орнату жөніндегі жұмыс барысы туралы ақпарат, тоқсан сайын Алқаның қарауына баяндама ұсынып отырсын.
      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңда белгіленген тәртіппен Бұйрықтың тіркелуін жүргізсін.
      4. Осы Бұйрықтың орындалу барысын бақылау Төрағаның бірінші орынбасары С.Ш.Құрманғалиевке жүктелсін.    

     Төраға