Бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 1998 жылғы 28 шілдедегі N 539 V980564_ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нотариустарының нотариалды әрекеттер жасау тәртібі туралы Нұсқауға мынадай өзгерістер енгізілсін:
91 тармақтың 3 тармақшасы алынып тасталсын. 92 тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "Жылжымайтын мүлікпен жасалған мәмілені куәландыру кезінде нотариус жылжымайтын мүлік құқықтарын иемденушіге, құқығын растайтын құжатта көрсетілген техникалық мәліметтерінің, иесіздендіретін жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық мәліметтеріне сәйкес келуін, сондай-ақ жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық сипаттама өзгерістері белгіленген тәртіпте, Құқықтық кадастрде тіркелуге тиіс екендігін түсіндіру қажет". 2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Министрдің міндетін атқарушы Оқығандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.