Бүкіл мәтін бойынша:
"Салық және бюджетке мідетті басқа да төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығы" деген сөздер "Салық және бюджетке міндетті басқа да төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Жарлық", "Жарлықтың", "Жарлықпен", "Жарлықта", "Жарлыққа" деген сөздер тиісінше "Заң", "Заңның", "Заңмен","Заңда", "Заңға" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың бірінші абзацындағы "тауар бағасына" деген сөздер "сату құны" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-2 тармағымен толықтырылсын:
"2-2. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушы-мемлекеттері экспорттайтын акцизделетін тауарларға тиісті таңбалау бойынша Қазақстан Республикасындағы акциз төлеуді нақтылау үшін олармен саудада осындай тауарларды импортты жүзеге асырушы салық төлеушіні тіркеу орны бойынша салық органы шыққан елі принципі бойынша акциз алынады, салық органы басшысының қолы қойылған немесе оны ауыстыратын тұлғаның қолы қойылған және осы органның мөрімен расталған осы Нұсқауға 5-қосымшада белгіленген нысан бойынша ресімделген соңғы өтініш бойынша анықтаманы береді.";
3-тармақта:
он жетінші абзацтағы "иесіз" деген сөзден кейін "мемлекетке мұрагерлі құқы бойынша көшкен" деген сөздермен толықтырылсын; 6-тармақта: мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын; "Қазақстан Республикасы аумағында өндірілген, осы Нұсқаудың 4-тармағындағы 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген, акцизделетін тауарларға акциздердің ставкалары олардағы таза (жүз процент) спирт құрамы мөлшеріне қарай белгіленуі мүмкін." 25-тармақта: "үшінші" деген сөз "оныншы" деген сөзбен ауыстырылсын; осы Нұсқаудың 2-қосымшасындағы жалпы бөлімде екінші абзацтағы "үшінші" деген сөз "оныншы" деген сөзбен ауыстырылсын; 5-қосымшымен толықтырылсын. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Бас салық инспекциясының 1995 жылғы 27 шілдедегі N 36 нұсқауына N 5 қосымша ___жылғы"___"____ N______ Анықтама Берілді_______________________________________________________________ (кәсіпорын атауы) фискальдық коды (ЖСН, СТТН және т.б.)___________есеп айырысу шоты N____ (егер экспорт елінде белгіленсе, толтырылады) ______________________________________________________________________ (банк мекемесінің атауы) экспорттаушы тұлғаға__________________________________________________ кеден декларациясына сәйкес N________________________________________ және тауар-көлік құжаттарымен _______________________________________ (ресімдеу нөмірі мен күні) мынадай акцизделетін тауарлар: ___________________________________________________________________________ Тауар атауы |Саны |Акциз ставкасы |Акциз сомасы|Төлем құжаты|Көлік құра| | | |(ұлттық ва. |ның нөмірі |лының | | | |лютада көр. |мен күні, |нөмірі | | | |сетіледі) |банк | | ___________________________________________________________________________| | | | | | | 1 |2 |3 |4 |5 |6 | Салық органының басшысы_____________ _____________М.О. (аты-жөні) қолы Оқығандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.