Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 25 маусымдағы N 9 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қаулы Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1999 жылғы 30 қыркүйек N 42

Қолданыстағы
      Бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызметті реттеу және инвесторлардың мүдделерін қорғау мақсатында және Қазақстан Республикасы Презитентінің 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы туралы ереженің 4-тармағы 11) тармақшасының негізінде Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрі - "Ұлттық комиссиясы" деп аталады)

                            Қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 06 тамызда 562 V980562_ нөмірмен тіркелген "Бағалы қағаздар рыногының кәсіпқой қатысушыларына қойылатын талаптар туралы" Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 25 маусымдағы N 9 қаулысына өзгеріс енгізілсін:
      1) 1-тармақтағы "50.000 айлық есепті көрсеткіш" деген сөздер "60.000 айлық есепті көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Бағалы қағаздар рыногында депозитарлық қызметті жүзеге асыруға арналған қажетті резервтік және сақтандыру капиталының ең төменгі деңгейі жарияланған жарғылық капиталдың 30 және 20 пайызы мөлшерінде белгіленсін.";
      3) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Бағалы қағаздар рыногында депозитарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" ЖАҚ-ы 2000 жылғы 01 қаңтарға дейінгі мерзімде өз, резервтік және сақтандыру капиталдарының мөлшерін осы Қаулыға сәйкес келтірсін.".
      2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әділет минстрлігінде

тіркелген күнінен бастап күшіне енгізілетіндігі белгіленсін.
     3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметі - талдау және 
стратегия басқармасы осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) Қазақстан 
Республикасы Ұлттық Банкінің және "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" 
ЖАҚ-ның назарына жеткізсін.
     4. Осы Қаулының орындалысына бақылау жасау Ұлттық комиссия орталық 
аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасына жүктелсін.
     
     Комиссияның Төрағасы
     Комиссияның мүшелері 


     Оқығандар:
           Омарбекова А.Т.
           Икебаева Ә.Ж.