Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 22 ақпандағы N 14 бұйрығы.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 27.01.2013 № 66 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 27.01.2013 № 66 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулық бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 27.01.2013 № 66 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Министр

Қазақстан Республикасы  
Әділет министрінің    
1999 жылғы 22 ақпандағы 
№ 14 бұйрығымен бекітілген

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Нұсқаулықты жаңа редакцияда енгізу көзделген - ҚР Әділет министрінің 29.01.2016 № 55 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы
мүлік кепілін тіркеу бойынша нұсқаулық

      Ескерту. Нұсқаулық жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 27.01.2013 № 66 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулық (одан әрі – Нұсқаулық) «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (одан әрі – Заң) сәйкес жасалды және жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тәртібі мен жүргізу рәсімін нақтылайды, заңнамаға сәйкес жылжымалы мүлік кепілінің жекелеген түрлерін тіркеу жүктелген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тіркеу органдарының Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолдануға жатады.
      2. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) жылжымалы мүлік кепілін тіркеу – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Жылжымайтын мүлік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен оның филиалдарының жылжымалы мүлік кепілін тіркеу кезінде туындайтын қатынастар қатысушылары әрекеттерінің, кепіл туралы шартта немесе кепілдің талаптары көрсетілген басқа шартта (кепілді тіркеу туралы өтініш) көрсетілген мәліметтерді жылжымалы мүлік кепілінің тізіліміне енгізу жөніндегі, осы Заңмен және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерімен белгіленген тәртіппен жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік беру және Жылжымайтын мүлік орталықтарының басқа да іс-әрекеттерінің жиынтығы болып табылатын жылжымалы мүлік кепілін есепке алу рәсімі;
      2) тіркеуші орган - жеке және заңды тұлғалардың міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеуді жүзеге асырушы Жылжымайтын мүлік орталығы;
      3) Халыққа қызмет көрсету орталығы (одан әрі – ХҚО) - жеке және (немесе) заңды тұлғаларға «жалғыз терезе» қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және құжаттарды беру жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсетілуін ұйымдастыруды жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорын;
      4) жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік – Жылжымайтын мүлік орталығы арызданушыға беретін және жылжымалы мүлік кепілін тіркеу фактісін растайтын құжат;
      5) жылжымалы мүлік кепілінің тізілімі (кепіл тізілімі) - Жылжымайтын мүлік орталығы жүзеге асыратын ақпаратты есепке алу және сақтау жүйес;
      6) өтiнiш берушi – ХҚО кепiлдi тiркеу туралы өтiнiш беретiн адам; кепiл мiндеттемесi тараптарының келiсiмi бойынша кепiл берушi де, кепiл ұстаушы да өтiнiш берушi бола алады;
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 28.05.2015 № 299 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Осы Нұсқаулықтың әрекеті міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге, сондай-ақ заңнамалық актілерге сәйкес басқа органдар немесе өзге тәртіпте тіркейтін жылжымалы мүлік кепілінің жеке түрлерін тіркеуге таралмайды.

2. Объектілер және тіркеу орны

      3. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілі:
      1) кепіл туралы шарт немесе кепіл туралы шарт қамтылған өзге де шарт тараптарының бірінің талап етуі бойынша;
      2) егер кепіл туралы шартта немесе кепіл туралы шарт қамтылған өзге де шартта кепілдегі мүлікті кейіннен кепілге салуға (қайталама кепілге) тыйым салынған болса, тіркеледі.
      Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiктiң кепiлiн тiркеу:
      1) егер кепiл берушi заңды тұлға болып табылатын жағдайда, заңды тұлғаның тiркелген орны бойынша;
      2) егер жеке тұлға, оның iшiнде дара кәсiпкер немесе резидент емес заңды тұлға кепiл берушi болып табылған жағдайда, салық төлеушi ретiнде тiркелген орны бойынша жүзеге асырылады.

3. Тіркеудің негізі мен әдісі

      4. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, жылжымалы мүлік кепілінің тіркеліміне (соның ішінде компьютерлік базаға) тіркеу кепілі туралы арызынан мәліметтер енгізу жолымен жүзеге асырылады.
      5. Осы Нұсқаулықтың 7-тармағында көрсетілгендей, жазбаша арызбен бірге ұсынылған құжаттар жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркеуге негіз болады.

4. Тіркеуге ұсынылатын құжаттардың тізбесі оларға қойылатын
талаптар, олардың мазмұны

      6. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу үшін арызданушы жеке басын куәландыратын құжатты ұсынып, ХҚО арқылы тіркеу органына келесі құжаттарды ұсынады:
      1) Осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысанда жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы өтініш;
      2) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 307-бабының талаптарына сәйкес келетін кепіл туралы шарт немесе кепіл жағдайлары мазмұндалған шарт екі данада;
      3) жеке басын куәландыратын құжат, ал өкілі оның өкілеттігін дәлелдейтін құжат, сол сияқты жеке басын куәландыратын құжат;
      4) жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке алымды төлегендігі туралы құжат.
      Мүлік қайта кепілге қойылған жағдайда – алдындағы кепіл ұстаушылардың олардың хабардар екендігі және жылжымалы мүлікті қайта кепілге қоюға қарсылық білдірмейтіндігі туралы хаттары, сол сияқты төлем тапсырмасы болу қажет.
      6-1. Кепіл бойынша құқықтарды (талаптарды), соның ішінде активтерді және міндеттерді бір уақытта беру туралы шартқа өзгерістер мен қосымшаларды тіркеу кезінде осы Нұсқаулықтың 1-1-қосымшасына сәйкес өтініш беру арқылы жүзеге асырылады.
      Ескерту. 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 28.05.2015 № 299 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      7. Өтініш өтініш берушімен өзі немесе өкілі арқылы тіркеуші органға ХҚО арқылы тапсырылады.
      8. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге берілетін құжаттар тиісті дайындалған түрде ХҚО арқылы қабылданады. Тазартқан, қосып жазылған, сызып тастаған сөз және басқа да ескертусіз жасалған түзетулер қабылданбайды.

5. Тіркеу рәсімі мен мерзімі

      9. Нұсқаулықтың 7-тармағында көрсетілген құжаттарды алған кезден ХҚО қызметкері өтініш иесіне осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысанда ұсынған құжаттарды алғандығын растайтын, күні, уақыты (сағаты, минуты) көрсетілген қолхат береді.
      10. Қажетті құжаттарды алғаннан бастап тіркеуші орган:
      1) міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге түскен өтінішті осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысанда құжаттарды есепке алу кітабына енгізеді және нөмір береді;
      2) осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілі тіркеліміне (соның ішінде компьютерлік базаға) кепілді тіркеу туралы өтініштен мәліметтер енгізеді. Тіркеу нөмірі ХҚО берілген тіркеу жылына және өтініш нөмірімен сәйкес келеді және сызықша арқылы жазылады. Мысалы, 13/002020510775.
      3) міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын тіркелген жылжымалы мүлік кепілін кепіл шартына осы Нұсқаулыққа 6-қосымшаға сәйкес нысанда жылжымалы мүлік кепілінің тіркегендігін куәландыру штампын қояды;
      4) өтініш беруші тұлғаға ХКО арқылы осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес нысанда және тіркеуші органның белгісімен міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлікті береді, кепіл шарты көрсетілген, кепіл немесе келісім шарт туралы шарттың түпнұсқасын қайтарады.
      11. Жылжымалы мүлік кепілі екі жұмыс күні ішінде тіркелуі тиіс.
      12. Тіркеуші орган ұсынылған жылжымалы мүлік кепілі туралы шартты Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 307-бабының талаптарына сәйкестігін тексереді.
      13. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу кезінде жіберілген техникалық қателерді түзету мүдделі тұлғаның өтініші бойынша жылжымалы мүлік кепілі тізілімінің «айрықша белгілер» бағанасында, сонымен қатар кепілді тіркеу туралы куәлікте қосымша жазба енгізу арқылы жүргізіледі.

6. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы
мүлік кепілін екінші деңгейдегі банктер
арқылы электрондық тіркеу тәртібі

      14. Жеке немесе заңды тұлғалар екінші деңгейдегі банкпен кепіл туралы шарт немесе кепіл туралы мәліметтер қамтылған өзге шарт жасасқан жағдайда, екінші деңгейдегі банк жеке немесе заңды тұлғаның жазбаша келісімімен тіркеуші органның ақпараттық жүйесіне жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге арналған, кепіл ұстаушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтініш жібереді. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге арналған өтініштің мазмұны осы Заңның 9-бабының 2-тармағымен айқындалады.
      Жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге арналған өтінішке кепіл беруші мен кепіл ұстаушының электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жылжымалы мүлік кепілі туралы шарт немесе кепіл туралы мәліметтер қамтылған өзге шарт және жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың деректемелері туралы мәліметтер қоса беріледі.
      Тіркеуші орган қоса берілген құжаттармен бірге өтінішті алғаннан кейін және жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алымның төленгені туралы немесе алым төлеуден босатылғаны туралы растау тіркеуші органның ақпараттық жүйесіне келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде кепіл ұстаушының ақпараттық жүйесіне және кепіл ұстаушыға «электрондық үкіметтің» веб-порталына тіркеуші органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған осы Нұсқаулықтың 78-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша электрондық құжат түрінде міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлікті не осы Нұсқаулықтың 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеуден дәлелді бас тарту туралы хабарламаны жібереді.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 19.11.2013 № 11-04-07/и-4008 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      15. Жүргізілген тіркеу туралы ақпарат екінші деңгейдегі банктің және тіркеуші органның ақпараттық жүйелерінде сақталады және құжаттамалық растауды талап етпейді.

7. Жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеуден бас тарту

      16. Жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
      1) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 307-бабының талаптарына сәйкес келмейтін кепіл туралы шарт;
      2) осы Нұсқаулықтың 1 және 1-1 қосымшаларына сәйкес келмейтін өтініштер;
      3) осы Нұсқаулықтың 7-тармағымен бекітілген толық емес құжаттар тізімі.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 28.05.2015 № 299 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      17. Бас тартылған жағдайда тіркеуші орган заңнама талаптарының бұзылуына сілтеме жасап, өтініш иесіне құжаттар қабылданған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде бас тарту себебін жібереді.

8. Тіркелген кепілдің әрекетін өзгертуді, толықтыруды және
тоқтатуды тіркеу тәртібі

      18. Кепілді тіркеу ХҚКО арқылы тіркеуші органға 2 жұмыс күні ішінде өтініш беру арқылы жүргізіледі.
      Кепіл бойынша құқықтарды (талаптарды), соның ішінде бір уақытта активтер мен міндеттемелерді беру туралы шарт негізінде өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу кезінде өтінішке екі данада жасалған, қол қойылған өзгерістерді, толықтыруларды енгізу туралы шарт ұсынылады (оның ішінде меншік құқығының басқа адамға ауысуы не құқықтарды (талаптарды) беру туралы шарт) табыстау актісінің немесе оның көшірмесінің (түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі), ол тіркеуші орган өтініште көрсетілген мәліметтерді тексергеннен кейін тіркеу туралы белгімен өтініш берушіге қайтарылып беріледі.
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 28.05.2015 № 299 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      19. Кепіл беруші болып табылатын республиканың басқа аумағынан қайта тіркелген заңды тұлға, сондай-ақ жеке тұлға, жеке кәсіпкер немесе резидент емес заңды тұлға кепіл беруші болып табылса, өтініш иесі тіркеу белгісі бар бастапқы кепіл туралы шарттың көшірмесін ұсынуы қажет.
      20. Кепіл туралы шарттың әрекет ету мерзімі аяқталғанда кепіл ұстаушының жазбаша өтінішін және негізгі міндеттемені орындауды растайтын құжаттарын ұсынып, жылжымалы мүлік кепілі тізіліміндегі жазбаны жою арқылы тіркеу жүргізіледі, сондай-ақ жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік қайтарылады. Аталған мүлікке басқа кепіл ұстаушылар болған жағдайда оларды хабардар еткендігі туралы құжат ұсыну арқылы жазба жойылады.

Міндетті мемлекеттік тіркеуге 
жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін
тіркеу туралы нұсқаулыққа   
1 Қосымша            

Нысан

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 28.05.2015 № 299 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

_____________________________________________________________________
                        тіркеуші органның атауы

№ ____ өтініш

                            Кепіл беруші

      Жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) (бұдан әрі –
Т.А.Ә.), тұрған жері, туған күні және жылы;
Заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі
(бұдан әрі – БСН) ___________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжаты: түрі ______ сериясы ______ №________
берілді _____________________________________берген күні ____________
           (құжатты берілген органның атауы)
Пошталық мекенжайы, телефоны_________________________________________
_________________________________________________ атынан әрекет етеді
        (уәкілетті өкілдің деректемелері)
___________________________________________________________ негізінде
     (өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)

                           Кепіл ұстаушы

Жеке тұлғаның Т.А.Ә. және туған күні мен жылы; заңды тұлғаның атауы,
БСН:_________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжаты: түрі _________ сериясы _____ №______
берілді _____________________________________ берілген күні _________
          (құжатты берген органның атауы)
Пошталық мекенжайы, телефоны_________________________________________
_________________________________________________ атынан әрекет етеді
        (уәкілетті өкілдің деректемелері)
____________________________________________________________негізінде
      (өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
Жылжымалы мүлік кепілі шартын тіркеуіңізді сұраймын:_________________
_____________________________________________________________________
Шарттың жасалған күні _______________________________________________
Шарттың жасалған жері _______________________________________________
Кепілдің мәні туралы мәліметтер (жылжымалы мүлік кепілінің
сипаттамасы)_________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің ақшалай баламасы __________
Шарттың қолданылу мерзімі ___________________________________________
Кепілге салынған мүлік кепіл берушінің _____________ кепіл ұстаушының
_______________________________ билігінде және пайдалануында қалады:
Оны қолдану мүмкіндігі: Ия/Жоқ
Қайта кепілге беру туралы мәліметтері: Ия/Жоқ (керек емесін сызып
тастау)
Өтінішке қоса беремін: (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі, кім және
қашан берді)
1. төлегені туралы құжат: түрі____________ № ________ сомаға ________
2. __________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік қажет пе:
Ия Жоқ (керегі емесін сызып тастау)

Өтініштің берілген күні:___________________________________ 20____ ж.
Өтініштің қабылданған күні:______________________________ 20 _____ ж.
Өтініш берушінің қолы: ______________________________________________
Уақыты: ___________________________ сағ. _______________________ мин.
Тіркеушінің Т.А.Ә. және қолы ________________________________________

Міндетті мемлекеттік тіркеуге 
жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін
тіркеу туралы нұсқаулыққа   
1-1 Қосымша           

Нысан

      Ескерту. 1-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 28.05.2015 № 299 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

_____________________________________________________________________
                      (тіркеуші органның атауы)

№ ____өтініш

Кепіл ұстаушы________________________________________________________
_____________________________________________________________________
  (жеке тұлғаның Т.А.Ә., туған күні және жылы немесе заңды тұлғаның
                      атауымен тіркеу номірі)
_____________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат: түрі ______ сериясы ______ №_________
берілді ___________________________________берілген күні ____________
          (құжатты берген органның атауы)
Пошталық мекенжайы, телефоны_________________________________________
_________________________________________________ атынан әрекет етеді
        (уәкілетті өкілдің деректемелері)
_________________________________________________________ негізінде
    (өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
Өзгерістерді және/немесе толықтыруларды немесе кепілдің тоқтатылуын
тіркеуді сұраймын____________________________________________________

Шарттың жасалған күні _______________________________________________
Шарттың жасалған орны _______________________________________________
Кепілдің мәні туралы мәліметтер (жылжымалы мүлік сипаттамасы)
_____________________________________________________________________
Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің ақшалай баламасы __________
Шарттың қолданылу мерзімі ___________________________________________
Кепілге салынған мүлік кепіл берушінің _____________ кепіл ұстаушының
_______________________________ билігінде және пайдалануында қалады:
Оны қолдану мүмкіндігі: Ия/Жоқ

Қайта кепілге беру туралы мәліметтер: Ия/Жоқ (керек емесін сызып
тастау)
Өтінішке қоса беремін: (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі, кім және
қашан берді)
1. Төлегені туралы құжат: түрі____________ № ________ сомаға ________
2. __________________________________________________________________
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік қажет пе:
Ия/Жоқ (керегі жоғын сызып тастау)
Өтініштің берілген күні:___________________ 20 _____ ж.
Өтініштің қабылданған күні:________________ 20 _____ ж.
Өтініш берушінің қолы: ______________________________________________

Тіркеушінің Т.А.Ә. және қолы: _______________________________________

Уақыты: ________________ сағ._________ мин.
        ______________________________

Ақпараттық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін.
_______________ «___»______20___ж.

                (қолы)

Міндетті мемлекеттік тіркеуге  
жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін
тіркеу туралы нұсқаулыққа   
2-қосымша            

Нысан

___________________________________________________
Тіркеуші органның атауы

Қ о л х а т

Өтініші бойынша құжаттарды қабылдау № ______ 200___ ж. «___» ________
Уақыты: _______ сағ.________ мин.
---------------------------------------------------------------------

Қабылданған құжаттар тізбесі: (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі, қашан
және кім берді)

1. Төлегені туралы құжаты: түрі __________ № _______ сомаға _________
2. __________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Қабылдаған:_______________________ Өтінішті толтырған күні __________

Өтінішті қабылдаған Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің
Т.А.Ә. және қолы _______________________________ 200 ______ ж.

---------------------------------------------------------------------

Міндетті мемлекеттік тіркеуге  
жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін
тіркеу туралы нұсқаулыққа   
3-қосымша            

Нысан

Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін тіркеуге түскен құжаттарды есепке алу кітабы

Өтініш

Тізілім нөмірі

Күні мен уақыты (сағаты мен минуты) өтінішті қабылдаған қызметкердің қолы

Өтініш беруші
-----------
Жеке тұлғаның Т.А.Ә. тұрған жері, туған күні және жылы; заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы, БСН

Кепілдің мәні

Құжаттарды берген күні

Алушының қолы

1

2

3

4

5

6

7















Міндетті мемлекеттік тіркеуге  
жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін
тіркеу туралы нұсқаулыққа   
4-қосымша            

Нысан

Парақ № ___________
Тіркеу ісі № ______

Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын
жылжымалы мүлік кепілінің тізілімі

Жазба №

Тізілім №

Кепіл мәні

Кепіл ұстаушы

Кепіл беруші

Кепіл сомасы

Шарттың қолданылуы




Жеке тұлғаның Т.А.Ә., тұрған жері, туған күні және жылы;
Заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы, БСН

Жеке тұлғаның Т.А.Ә., тұрған жері, туған күні және жылы;
Заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы, БСН



1

2

3

4

5

6

7








Кестенің жалғасы:

Ауыртпалықтың туындауы

Ауыртпалықтың тоқтатылуы

Тіркеушінің ерекше белгілері

Құжаттың атауы және №

Күні мен уақыты (сағаты және минуты) тіркеу №; Тіркеушінің Т.А.Ә., және қолы

Құжаттың атауы және №

Күні мен уақыты (сағаты және минуты) тіркеу №; Тіркеушінің Т.А.Ә., және қолы

8

9

10

11

12






Тіркеу парағын жабу/жалғастыру туралы жазба

Тіркеу парағын жабу/жалғастыру үшін негіздеме

Орны ауыстырылған (жапқан кездегі) жазбалардың немесе соңғы жазбалардың (жалғастырған кездегі) тізбесі

Парақ нөмірі (жалғастырған кездегі)

Күні, уақыты (сағаты және минуты)

Тіркеушінің Т.А.Ә. және қолы






Міндетті мемлекеттік тіркеуге  
жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін
тіркеу туралы нұсқаулыққа   
5-қосымша            

Нысан

Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі

______________________________________________________
Тіркеу органының атауы

Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

200__ ж. «___» _________ № ____

Берілді _____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
кепіл ұстаушының немесе кепіл ұстаушының уәкілетті өкілінің деректері

Жылжымалы мүлікке қатысты:

Мүліктің түрі

Тізілім нөмірі

Кепіл мәнінің сипаты

Құрамдастар саны

Құны

Ескертпе







кепілдің тіркелгеніне дәлелдеме ретінде

______________________ тіркелген _______________________ кепіл затына
тіркелген күн                     кепіл затын сипаттау

Кепіл ұстаушының құқығы _____________________________________________
            жеке тұлғаның Т.А.Ә., тұрған жері, туған күні және жылы
_____________________________________________________________________
Заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы және БСН
Кепіл мәніне ________________________________________________________
                           кепіл мәнінің сипаты
Кепіл туралы шарттың негізінде туындады _____________________________
                                            Шарт жасалған күні
Тіркелген _________________ және мынадай негізгі шарттарды қамтиды:
      тіркелген күні және нөмірі
_____________________________________________________________________
негізгі міндеттемелердің мөлшері, орындау мерзімі және кепілдің басқа шарттары
Кепіл берушінің ___________ құқығы __________________________________
                құқық түрі  жеке тұлғаның Т.А.Ә., тұрған жері, туған
күні және жылы
_____________________________________________________________________
      Заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы және тіркеу нөмірі
расталды ____________________________________________________________
             кепіл мәніне құқығын белгілеуші құжатының атауы,
                қабылдаған күні, тіркеу нөмірі және күні

Тіркеуші _________________                   ________________________
            Т.А.Ә.                                     қолы
Басшысы __________________    М.О.           ________________________
            Т.А.Ә.                                     қолы

_____________________________________________________________________

Ескертпе
1. Осы куәлік кепіл өтелген кезде тіркеуші органға қайтарылуы тиіс.
2. Куәлік жоғалған (бүлінген) жағдайда құқық иесі куәліктің жоғалған
(бүлінген) себебін көрсетіп, тіркеуші органға өтініш беруге міндетті.

Міндетті мемлекеттік тіркеуге  
жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін
тіркеу туралы нұсқаулыққа   
6-қосымша           

Нысан

Мөртабан үлгісі:

Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін тіркегендігін куәландыру үшін
мөртабан

_________________________________
(тіркеуші органның атауы)

Өтініш № _________________________

Өтінішті қабылдаған
күні және уақыты ___________________

Тізілім № ________________________

Тіркеген күні ______________________

Тіркеуші _________________________

Қолы _______________________________

Басшысы __________________________

Қолы _______________________________

Міндетті мемлекеттік тіркеуге  
жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін
тіркеу туралы нұсқаулыққа   
7-қосымша           

Егер кепілберуші жеке тұлға болған жағдайда міндетті
мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік    
кепілін мемлекеттік тіркеу туралы электрондық куәлігінің
нысаны                       

      Ескерту. Нұсқаулық 7-қосымшамен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 19.11.2013 № 11-04-07/и-4008 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін тіркеу туралы куәлік

Тіркеу органының атауы ______________________________________________
№ _____                                                  ___ Күні ___
______ банк кредитор ________________________________________ берілді

Мүлік түрі

Тізілімдік нөмірі

Кепіл затының сипаттамасы

Бөлшектердің саны

Бағасы






Жылжымалы мүлікке кепіл тіркелгенін растау үшін.

Кепіл ұстаушы құқығы:
БСН ______________
Кепіл ұстаушы атауы _________________________________________________
Заңды мекенжайы _____________________________________________________
____________________________________________ затына кепіл негізделді.
№ __________ күні __ кепіл шарты
№ _____ кепіл шартына қосымша келісім № ___ қосымша келісім жасалған
күн ___(бар болған жағдайда)
Тіркелген күні ___ және № __ және келесі негізгі шарттарды қамтиды:
Негізгі міндеттеме мерзімі _____
Негізгі міндеттеме мөлшері _____
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Кепіл беруші деректері
ЖСН _____
Тегі, аты және бар болған жағдайда әкесінің аты _____________________
Туған күні _____________________________
Жеке куәлік № ____________ күні ____ берілді
Мекен-жайы _____________________________
Мүлікке құқық түрінің атауы ____________

Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 370-II ҚРЗ 1-бабына сәйкес қағаз жеткiзгiштегi құжатпен бiрдей.
Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 ЗРК от 7 января 2003 года «Об электронном документе и электронной цифровой подписи» равнозначен документу на бумажном носителе.

      *штрих-код ЖМР АЖ ақпараттық жүйесінен алынған және Әділет басқармасының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді
      штрих-код содержит данные, полученные из ИС «Реестр движимого имущества» и подписанные электронно-цифровой подписью соответствующего Центра по недвижимости

Міндетті мемлекеттік тіркеуге  
жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін
тіркеу туралы нұсқаулыққа   
8-қосымша           
Егер кепілберуші жеке тұлға болған жағдайда міндетті
мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік    
кепілін мемлекеттік тіркеу туралы электрондық куәлігінің
нысаны                        

      Ескерту. Нұсқаулық 8-қосымшамен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 19.11.2013 № 11-04-07/и-4008 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін тіркеу туралы куәлік

Тіркеу органының атауы ______________________________________________
№ _____                                                  ___ Күні ___
_____ банк кредитор ______________________________________ берілді

Мүлік түрі

Тізілімдік нөмірі

Кепіл затының сипаттамасы

Бөлшектердің саны

Бағасы






Жылжымалы мүлікке кепіл тіркелгенін растау үшін.

Кепіл ұстаушы құқығы:
БСН ______________ ЖСН
Кепіл ұстаушы атауы ___________________________________________
Заңды мекенжайы _______________________________________________
_______________________________________ затына кепіл негізделді.
№ ______ __ күні __ кепіл шарты
№ ___ кепіл шартына қосымша келісім № _______ қосымша келісім жасалған күн ___(бар болған жағдайда)
Тіркелген күні ___ және № ____ және келесі негізгі шарттарды қамтиды:
Негізгі міндеттеме мерзімі _____
Негізгі міндеттеме мөлшері _____
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Кепіл беруші деректері
БСН _____
Мекеме атауы ________________________
Заңды мекен-жайы ____________________
Мүлікке құқық түрінің атауы ____________________

Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 370-II ҚРЗ 1-бабына сәйкес қағаз жеткiзгiштегi құжатпен бiрдей.
Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 ЗРК от 7 января 2003 года «Об электронном документе и электронной цифровой подписи» равнозначен документу на бумажном носителе.

*штрих-код ЖМР АЖ ақпараттық жүйесінен алынған және Әділет басқармасының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді
штрих-код содержит данные, полученные из ИС «Реестр движимого имущества» и подписанные электронно-цифровой подписью соответствующего Центра по недвижимости

Міндетті мемлекеттік тіркеуге  
жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін
тіркеу туралы нұсқаулыққа   
9-қосымша           

      Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы 
мүлік кепілін тіркеуге дәлелді бас тарту туралы нысаны 

      Ескерту. Нұсқаулық 9-қосымшамен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 19.11.2013 № 11-04-07/и-4008 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін тіркеуге дәлелді бас тарту туралы хабарлама

Өтініштің бірегей нөмірі ________                           Күні

Бас тартудың негізі:_____________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(дәлелді бас тартудың мәтіні заңның баптарына сілтемеге заңгердің келісімімен «Жылжымайтын мүлік орталығында» Республикалық Мемлекеттік Қазыналық Кәсіпорынында құрылады)

Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 370-II ҚРЗ 1-бабына сәйкес қағаз жеткiзгiштегi құжатпен бiрдей.
Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 ЗРК от 7 января 2003 года «Об электронном документе и электронной цифровой подписи» равнозначен документу на бумажном носителе.

*штрих-код ЖМР АЖ ақпараттық жүйесінен алынған және Әділет басқармасының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді
штрих-код содержит данные, полученные из ИС «Реестр движимого имущества» и подписанные электронно-цифровой подписью соответствующего Центра по недвижимости