Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 22 ақпандағы N 14 бұйрығы.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 27.01.2013 № 66 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 27.01.2013 № 66 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулық бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 27.01.2013 № 66 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Министр

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
1999 жылғы 22 ақпандағы
№ 14 бұйрығымен
бекітілген

Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулық

      Ескерту. Нұсқаулық жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің м.а. 28.05.2020 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы осы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы" 1998 жылғы 30 маусымдағы № 254 Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына сәйкес әзірленген және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.

      Нұсқаулық Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қолдануына жатады, заңнамаға сәйкес оған жылжымалы мүлік кепілінің жекелеген түрлерін тіркеу жүктелген.

      2. Осы Нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру бойынша қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру бойынша қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге арналған өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметтерді алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) көрсетілетін қызметті алушы (уәкілетті өкіл) – көрсетілетін қызметті алушыға кепілді тіркеу туралы өтінішті беретін тұлға; кепіл міндеттемесі тараптарының келісімі бойынша кепіл беруші, сол сияқты кепіл ұстаушы өтініш беруші бола алады;

      3) жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі – жылжымалы мүлік кепілі ақпаратына қол жеткізудің, жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге электрондық нысанда өтініш жіберудің бірыңғай терезесін және көрсетілетін қызметті берушінің осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен жасалатын өзге де әрекеттерін білдіретін ақпараттық жүйе (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесі);

      4) жылжымалы мүлік – көлік құралдарын, айналымдағы тауарларды, бағалы қағаздарды, ақшаны, мүліктік құқықтарды, оның ішінде болашақтағы өнімге және өзге де мүлікке құқықты қоса алғанда, жылжымайтын мүлікке жатпайтын мүлік;

      5) жылжымалы мүлік кепілін тіркеу – жылжымалы мүлік кепілінің тізіліміне кепіл туралы шарттағы немесе кепіл талаптары қамтылған өзге де шарттағы мәліметтерді енгізу жөнінде жылжымалы мүлік кепілін тіркеу кезінде туындайтын қатынастарға қатысушылар әрекеттерінің жиынтығын, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік беруді және көрсетілетін қызметті беруші осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен жасалатын өзге де әрекеттерін білдіретін, көрсетілетін қызметті берушінің жылжымалы мүлік кепілін есепке алу рәсімі;

      6) жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік – көрсетілетін қызметті берушінің өтініш берушіге беретін және жылжымалы мүлік кепілін тіркеу фактісін растайтын құжат;

      7) жылжымалы мүлік кепілінің тізілімі (кепіл тізілімі) – көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын ақпаратты есепке алу және сақтау жүйесі;

      8) кепілді электрондық тіркеу – жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық нысандағы өтініш негізінде жүзеге асырылатын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу;

      3. Осы Нұсқаулықтың күші міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге, сондай-ақ тіркелуін Заңға сәйкес өзге де уәкілетті органдар жүзеге асыратын жылжымалы мүлік кепілінің жекелеген түрлерін тіркеуге қолданылмайды.

2-тарау. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тәртібі

      4. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу:

      1) кепіл туралы шарт немесе кепіл туралы талаптар қамтылған өзге де шарт тараптарының бірінің талап етуі бойынша;

      2) егер кепіл туралы шартта немесе кепіл туралы талап қамтылған өзге де шартта кепілдегі мүлікті кейіннен кепілге қоюға (қайта кепілге қоюға) тыйым салынған болса, жүзеге асырылады;

      5. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес "Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті беруші арқылы не www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

      6. Қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұнын және нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері есебімен өзге де мәліметтер Стандартта келтірілген.

      7. Жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркеу үшін негіз Стандарттың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттарды тіркей отырып, осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш болып табылады.

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі.

      көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап өтініш қабылданған кезден бастап 2 жұмыс күні ішінде;

      www.egov.kz порталында мемлекеттік қызмет тіркеуші органның ақпараттық жүйесіне жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркеу үшін алымның төленгені туралы растау келіп түскен немесе төлемнен босатылған кезден бастап 1 жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

      9. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, жылжымалы мүлік кепілінің тіркеліміне кепіліді тіркеу туралы өтініштен алынған деректерді енгізу арқылы жүзеге асырылады.

      10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алған кезде көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.

      Жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге ұсынылатын құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші тиісінше ресімделген түрде қабылдайды. Өшірілген, қосып жазылған, сызып тасталған сөздер және өзге де ескертусіз жасалған түзетулер қабылданбайды.

      Құжаттарды қабылдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті портал арқылы жіберген кезде "жеке кабинетте" мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе автоматты түрде көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар беруді осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхаттың негізінде; көрсетілетін қызметті алушының немесе оның өкілінің жеке куәлігі ұсынылған кезде; заңды тұлға үшін өкілеттікті растайтын құжат бойынша; жеке тұлға үшін нотариат куәландырған сенімхат бойынша жүзеге асырады.

      Электрондық тіркеу жүзеге асырылғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының "электрондық үкімет" порталының жеке кабинетіне осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік жіберіледі.

      11. Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған кезде көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдау жөніндегі қызметкері осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты береді.

      12. Көрсетілетін қызметті беруші тіркеуге берілген өтініште көрсетілген мәліметтердің және мемлекеттік тіркеу үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың деректемелерінің толықтығын тексеруді жүзеге асырады.

      Кепіл туралы шартта кепіл нысанасы, кепілмен қамтамасыз етілетін міндеттеменің мәні, мөлшері немесе барынша жоғары сомасы мен орындау мерзімі көрсетілуге тиіс.

      Кепіл нысанасы болып табылатын жылжымалы мүлік және (немесе) жылжымалы мүліктің жекелеген санаттары (машина жабдығы мен материалдық айналым құралдарының қорларын қоса алғанда) кепілмен қамтамасыз етудің нақты сипаттамасын талап етусіз және кепіл нысанасын бағалаусыз кепіл нысанасының ортақ сипаттамасы болуы мүмкін.

      Кепіл туралы шартта тараптардың қайсысында кепілге салынған мүлік бар екені және оны пайдалану мүмкіндігі көрсетілуге тиіс.

      Кепіл нысанасын бағалау, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, теңгемен көрсетіледі және тараптардың келісімімен айқындалуы мүмкін. Шетел валютасында міндеттеме қамтамасыз етілетін кепіл нысанасын бағалау теңгемен және кепіл туралы шартты жасау күніндегі айырбастау валютасының нарықтық бағамы бойынша міндеттеме валютасында көрсетіледі.

      Тіркеуге ұсынылған құжаттар сәйкес болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші Нұсқаулыққа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жылжымалы мүлік кепілінің тізіліміне мәліметтер енгізеді және осы Нұсқаулыққа 7-қосымшаға сәйкес жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлікті қалыптастырады.

      Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге ұсынылған құжаттарда бұзушылықтар анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші Стандарттың 9-тармағында көзделген негіздер бойынша осы Нұсқаулыққа 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бас тарту шығарады.

      13. Құқықтарды (талаптарды) басқаға беруді (активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарт) тіркеу жағдайында көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 8-тармағында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы Нұсқаулыққа 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді тіркеу туралы өтінішті ұсынады.

      14. Көрсетілетін қызметті алушы жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін осы Нұсқаулыққа 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік телнұсқасын алу туралы өтінішті және тіркеу алымы сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжатты, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік үшін төлемді растайтын құжатты ұсынады.

      15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізеді.

      16. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының ақпараттық жүйесі бұзылған жағдайда бір жұмыс күні ішінде "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын (бұдан әрі – оператор) хабардар етеді.

      Бұл жағдайда оператор Нұсқаулықтың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде техникалық проблема туралы хаттаманы жасайды және оған көрсетілетін қызметті берушімен қол қояды.

      17. Жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінде кепілді тоқтату кепіл берушінің негізгі міндеттемені орындауын растайтын құжат ұсыныла отырып, осы Нұсқаулыққа 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кепіл ұстаушының өтініші негізінде жүргізіледі.

      Осы мүлікке басқа кепіл ұстаушылар болған кезде кепілді тоқтату оларды хабардар ету туралы құжат ұсынылған соң жүзеге асырылады.

      18. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеген кезде жіберілген техникалық қателерді түзету мүдделі тұлғаның өтініші бойынша жүргізіледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші тіркеуге өтініште көрсетілген мәліметтерді тексереді, мәліметтерді архивтік материалдардың деректерімен салыстырып тексереді.

      Көрсетілетін қызметті беруші жылжымалы мүлік кепілінің тізіліміне "ерекше белгілер" бағанына, сондай-ақ кепілді тіркеу туралы куәлікке қосымша жазба енгізу арқылы техникалық қателерді түзетеді.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      19. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      20. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      ол тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде – көрсетілетін қызметті берушінің;

      ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның қарауына жатады;

      21. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады;

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымды қарау жөніндегі өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімін ұзарту кезінен бастап үш жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз тасығышта берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы хабарлайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  Міндетті мемлекеттік тіркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін тіркеу туралы
нұсқаулыққа
1-қосымша
  Нысан

"Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

2

Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәсілдері

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы;
2) "электрондық үкіметтің" www.e.gov.kz веб-порталы

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:
мемлекеттік қызмет өтініш қабылданған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде көрсетіледі;
2) "электрондық үкімет" порталында: www.egov.kz.
мемлекеттік қызмет тіркеуші органның ақпараттық жүйесіне жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркеу үшін алымның төленгені немесе алымды төлеуден босатылғаны туралы растау келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы қағаз жеткізгіште:
- міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын, жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу туралы куәлік немесе осы Нұсқаулықтың 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап;
Берілетін куәліктерге қатысты жоғалғанның орнына жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасы;
2) www.egov.kz порталы арқылы электрондық форматта:
жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу туралы куәлік немесе осы Нұсқаулықтың 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз бетінде және электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері, және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алудың тәсілдері

1) жеке тұлғалардан – айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі – АЕК) 1 мөлшерлемесі;
2) жеке тұлғалардан – 5 АЕК.
Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлікті беру үшін – ҚҚС-ғын есепке алмай, 30,05 теңге.
Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру үшін – 0,5 АЕК.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушіде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, көрсетілетін қызметті берушіде белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз, сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз, "электрондық" кезек тәртібімен көрсетіледі, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық кезек бронға қоюға болады;
2) www.egov.kz порталында – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, жексенбі және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

заңды тұлға үшін оның өкілеттігін растайтын құжат бойынша;
жеке тұлға үшін нотариат куәландырған сенімхат бойынша;
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы өтініш;
осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы өтініш (активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарт) өзгерістер мен толықтырулар енгізуді тіркеу туралы өтініш;
бюджетке тіркеу алымы сомасының төленгенін растайтын құжат, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік үшін төленгенін растайтын құжат.
Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алу туралы өтініш;
тіркеу алымы сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік үшін төлемді растайтын құжат.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді қызметкер тиісті ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
2) www.egov.kz порталы арқылы:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш (сұрау салу);
"электрондық үкімет" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүргізілген төлемді қоспағанда, жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркеу үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негіздері

Жылжымалы мүлік кепілін тіркеуден бас тартудың негіздері мыналар болып табылады:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) кепілді тіркеу туралы өтініштің Заңның 9-бабының талаптарына сәйкес келмеуі;
3) өтінішті тиісті тұлғаның бермеуі;
4) жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркеу үшін алымның және кеме немесе салынып жатқан кеме ипотекасының төленгенін растайтын құжат.

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Заңнамада белгіленген тәртіппен өз-өзіне қызмет көрсету, өздігінен қозғалуды, бағдар жасауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе жартылай жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар қабылдауды 1414, 88000807777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен тұратын жеріне Мемлекеттік корпорация қызметкері бара отырып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуына мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтерінің, сондай-ақ 1414, 8 800 080 777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

  Міндетті мемлекеттік тіркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін тіркеу туралы
нұсқаулыққа
2-қосымша
  Нысан

      ___________________________________________________________________

      ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалы)

Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы өтініш № ______

      Кепіл беруші _____________________________________________________

                  (жеке тұлғаның Т.А.Ә.(болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә),

                        тұрғылықты жері, ЖСН, туған күні және жылы)

      _____________________________________________________________________

                  (Заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы және БСН)

      _____________________________________________________________________

      Жеке басты куәландыратын құжат: түрі _________ сериясы _________ № ______

      _____________ жылы ___________________________________________ берген

                  (құжатты берген органның атауы

      Пошталық мекенжайы, телефоны ________________________________________

      ___________________________________________________ атынан әрекет ететін

                  (уәкілетті өкілдің деректемелері)

      _____________________________________________________________ негізінде

                  (өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)

      Кепіл ұстаушы ________________________________________________________

      (жеке тұлғаның Т.А.Ә., туған күні мен жылы, ЖСН, немесе заңды тұлғаның атауы мен БСН)

      _____________________________________________________________________

      Жеке басты куәландыратын құжат: түрі _________ сериясы _________ № ______

      ______ жылы___________________________________________________ берген

                        (құжатты берген органның атауы)

      Пошталық мекенжайы, телефоны ________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ___________________________________________________ атынан әрекет ететін

                        (уәкілетті өкілдің деректемелері)

      ____________________________________________________________ негізінде

      (өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)

      Жылжымалы мүлік кепілі шартын тіркеуді сұраймын: _______________________

      Шартты жасасқан күн __________________________________________________

      Шартты жасасқан орын ________________________________________________

      Кепіл нысанасы туралы мәліметтер (жылжымалы мүліктің тізбесі мен сипаттамасы)

      _____________________________________________________________________

      Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің ақшалай баламасы _____________

      Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің қолданыс мерзімі ______________

      Кепілге қойылған мүлік:

      кепіл берушінің _____________ кепіл ұстаушының ____________ иелігінде және

      пайдалануында қалады.

      Оны пайдалануға болатыны: Иә/Жоқ (керек емесін сызып тастаңыз)

      Қайта кепілге қою туралы мәліметтер: Иә/Жоқ (керек емесін сызып тастаңыз).

      Өтініш берушінің электрондық поштасының мекенжайы ____________________

      Өтінішке қоса беремін: (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берген)

      1. Төлем туралы құжат: түрі ____________ № ____________ сомасы ___________

      2. ___________________________________________________________________

      Өтініш берілген күн: 20__ ж. ______________

      Өтініш қабылданған күн: 20__ ж. ______________

      Өтініш берушінің қолы: ________________________________________________

      Тіркеушінің Т.А.Ә. және қолы ___________________________________________

      Уақыты: __________________ сағат _____________ минут.

      Заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған

      мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      20__жылғы _______________ "___"________

                              (қолы)

  Міндетті мемлекеттік тіркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін тіркеу туралы
нұсқаулыққа
3-қосымша
  Нысан

      ___________________________________________________________________

      ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалы)

20___ ж. "___" ________ № ______ өтініш бойынша құжаттардың болуына қолхат

      Уақыты: _____________ сағ.____________ мин.

      Қабылданған құжаттар тізбесі (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді):

      1. Төлегені туралы құжат: түрі __________ № _________ сомаға __________

      2. ______________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      Қабылдаған:_______________________ Өтінішті орындау күні ___________

      Мемлекеттік корпорацияның өтініштерді қабылдау жөніндегі қызметкерінің Т.А.Ә.

      (ол болған кезде) және қолы

      20____ ж. _____________

  Міндетті мемлекеттік тіркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін тіркеу туралы
нұсқаулыққа
4-қосымша

      Егер кепіл беруші жеке тұлға

      болса, міндетті мемлекеттік

      тіркеуге жатпайтын жылжымалы

      мүлік кепілін мемлекеттік тіркеу

      туралы, егер кепіл беруші

      заңды тұлға болса, міндетті

      мемлекеттік тіркеуге

      жатпайтын жылжымалы мүлік

      кепілін мемлекеттік тіркеу

      туралы электрондық куәліктің

      нысаны

МІНДЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУГЕ ЖАТПАЙТЫН ЖЫЛЖЫМАЛЫ МҮЛІК КЕПІЛІН ТІРКЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК

      Органның атауы __________________________________________________

      № _____________ __________ Күні ___________

      № _____ ___ Күні ___

      ________________________________________________________________

      ____ кредитор банк ________________________________________ берілді

      Мынадай:

Мүлік түрі

Тізілімдік нөмірі

Кепіл нысанасының сипаттамасы

Құрамдастарының саны

Құны






      жылжымалы мүлікке қатысты кепіл тіркелгенін растау үшін.

      Кепіл ұстаушының құқығы:

      БСН ____________________________ ЖСН ____________________________

      Кепіл ұстаушының атауы: __________________________________________

      Заңды мекенжайы: _______________________________________________

      ________________________________________________ кепіл нысанасына

      мыналардың негізінде туындады:

      № __________ күні __ кепіл туралы шарт

      № ____________ қосымша келісім, № _____________ кепіл туралы шартқа

      _________________________________________ қосымша келісім жасалған

      күн ___(бар болған жағдайда)

      Тіркелген күні ___ және № __ және мынадай негізгі талаптарды қамтиды:

      Негізгі міндеттеме мерзімі _____ай

      Негізгі міндеттеменің мөлшері ________________________________ теңге

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      Кепіл берушінің деректері

      БСН_____________________________________________________________

      Ұйымның атауы

      ________________________________________________________________

      Заңды мекенжайы _______________________________________________

      Мүлікке құқық түрінің атауы ________________________________________

      Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы ҚРЗ 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.

      штрих-код "Жылжымайтын мүлік кепілінің тізілімдемесі" АЖ-дан алынған және тиісті Мемлекеттік корпорацияның электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды

  Міндетті мемлекеттік тіркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін тіркеу туралы
нұсқаулыққа
5-қосымша
  Нысан

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, көрсетілетін қызметті берушінің филиалы (мекенжайы көрсетілсін) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбағаныңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсету үшін (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауын көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы

      1) ______________________________________________________________;

      2) ______________________________________________________________;

      3) ….

      Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден, 2 данада жасалды.

      Т.А.Ә. (Көрсетілетін қызметті беруші филиалының құжаттарды қабылдау жөніндегі қызметкерінің) (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә. _____________

      Телефоны ______________________

      Алдым: ______________________________________________________

      Көрсетілетін қызметті алушының / Т.А.Ә.қолы

      20___ жылғы "___" ____________

  Міндетті мемлекеттік тіркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін тіркеу туралы
нұсқаулыққа
6-қосымша
  Нысан

      Парақ № ______

      Тіркеу ісі № ______

Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілінің тізілімі

Жазба №

Тізілім №

Кепіл нысанасы

Кепіл ұстаушы

Кепіл беруші

Кепіл сомасы

Шарттың қолданылуы




Жеке тұлғаның Т.А.Ә. (ол болған кезде), тұрғылықты жері, туған күні және жылы;
заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы, БСН

Жеке тұлғаның Т.А.Ә. (ол болған кезде), тұратын жері, туған күні және жылы;
заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы, БСН



1

2

3

4

5

6

7








      Кестенің жалғасы:

Ауыртпалықтың туындауы

Ауыртпалықтың тоқтатылуы

Тіркеушінің ерекше белгілері

Құжаттың атауы және №

Күні мен уақыты (сағаты және минуты) тіркеу №; тіркеушінің Т.А.Ә. (ол болған кезде), және қолы

Құжаттың атауы және №

Күні мен уақыты (сағаты және минуты) тіркеу №; тіркеушінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), және қолы

8

9

10

11

12






      Тіркеу парағын жабу/жалғастыру туралы жазба

Жабу/жалғастыру үшін негіздеме

Орны ауыстырылған (жапқан кездегі) жазбалардың немесе соңғы жазбалардың (жалғастырған кездегі) тізбесі

Парақ нөмірі (жалғастырған кездегі)

Күні, уақыты (сағаты және минуты)

Тіркеушінің Т.А.Ә. (ол болған кезде) және қолы
















  Міндетті мемлекеттік тіркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін тіркеу туралы
нұсқаулыққа
7-қосымша
  Нысан

      ________________________________________________________________

      органның атауы

20__ ж. "___" _________ № ____

Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

      ___________________________________________________________ берді

      ________________________________________________________________

      кепіл ұстаушының немесе кепіл ұстаушының уәкілетті өкілінің деректемелері

      Мынадай:

Мүлік түрі

Тізілімдік нөмірі

Кепіл нысанасының сипаттамасы

Құрамдастарының саны

Құны






      жылжымалы мүлікке қатысты кепіл тіркелгенін растау үшін.

      Кепіл ұстаушының құқығы _________________________________________

      ________________________________________________________________

      жеке тұлғаның Т.А.Ә.(ол болған кезде), тұрғылықты жері, туған күні және жылы,

      заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы және БСН

      кепіл нысанасына ________________________________________________

      кепіл нысанасының сипаттамасы

      кепіл туралы шарттың негізінде туындады ____________________________

      Шарт жасалған күн

      тіркелген _________________ және мынадай негізгі талаптарды қамтиды:

      тіркелген күні және нөмірі

      ________________________________________________________________

      негізгі міндеттемелердің мөлшері, орындалу мерзімі және кепілдің басқа да талаптары

      ___________ кепіл берушінің ________________________________ құқығы

      құқық түрі, жеке тұлғаның Т.А.Ә.(ол болған кезде), тұратын жері,

      туған күні және жылы

      ________________________________________________________________

      заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы және БСН

      расталды ________________________________________________________

      кепіл нысанасына құқық белгілейтін құжаттың атауы,

      қабылдау күні, тіркеу нөмірі және күні

      Тіркеуші ___________________________ _____________________________

      Т.А.Ә.(ол болған кезде) қолы

      Басшы _____________________________ М.О. ________________________

      Т.А.Ә.(ол болған кезде)

      ________________________________________________________________

      қолы

      Ескертпе:

      1. Осы куәлік кепіл өтелген кезде Мемлекеттік корпорацияға қайтарылуға тиіс.

      2. Куәлік жоғалған (бүлінген) кезде құқық иеленушісі куәліктің жоғалған (бүлінген) себебін көрсетіп, Мемлекеттік корпорацияға өтініш береді.

  Міндетті мемлекеттік тіркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін тіркеу туралы
нұсқаулыққа
8-қосымша
  Нысан

      Міндетті мемлекеттік

      тіркеуге жатпайтын жылжымалы

      мүлік кепілін тіркеуден

      дәлелді бас тарту туралы хабарлама

      Өтініштің бірегей №:______________________ Күні ____________________

      Бас тартудың негізі: _______________________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      (заңның баптарына сілтемесі бар, заңгермен келісілген дәлелді бас тартудың мәтіні Мемлекеттік корпорацияда қалыптастырылады)

      Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы ҚРЗ 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.

      штрих-код "Жылжымайтын мүлік кепілінің тізілімдемесі" АЖ-дан алынған және тиісті Мемлекеттік корпорацияның электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды

  Міндетті мемлекеттік тіркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін тіркеу туралы
нұсқаулыққа
9-қосымша

      ________________________________________________________________

      ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалы)

Өзгерістер мен толықтырулар енгізуді тіркеу туралы № ________________ өтініш

      Кепіл ұстаушы ___________________________________________________

                        (Жеке тұлғаның Т.А.Ә.(ол болған кезде) (бұдан әрі – Т.А.Ә),

                  туған күні мен жылы, ЖСН немесе заңды тұлғаның атауы мен БСН)

      Жеке басты куәландыратын құжат: түрі ________________ сериясы ___________

      ______________________________ берген, берілген күні ____________________

      (құжатты берген органның атауы)

      Пошталық мекенжайы, телефоны _______________________________________

      ____________________________________________________________________

      __________________________________________________ атынан әрекет ететін

      (уәкілетті өкілдің деректемелері)

      ____________________________________________________________________

      (өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)

      негізінде ____________________________________________________________

      Кепілдің өзгеруін және/немесе толықтыруын немесе тоқтатуын тіркеуді сұраймын:

      ____________________________________________________________________

      Шартты жасасқан күн _________________________________________________

      Шартты жасасқан орын ________________________________________________

      Кепіл нысанасы туралы мәліметтер (жылжымалы мүлік сипаттамасы) ________

      ____________________________________________________________________

      Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің ақшалай баламасы _____________

      Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің қолданылу мерзімі _____________

      Кепілге қойылған мүлік:

      кепіл берушінің ___________ кепіл ұстаушының ______________ иелігінде және

      пайдалануында қалады.

      Оны пайдалануға болатыны: Иә/Жоқ (керек емесін сызып тастаңыз)

      Қайта кепілге қою туралы мәліметтер: Иә/Жоқ (керек емесін сызып тастаңыз).

      Өтініш берушінің электрондық поштасының мекенжайы (болған кезде) _______

      Өтінішке қоса беремін: (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берген)

      1. Төлем туралы құжат: түрі _____________ № _________ сомасы ____________

      2. __________________________________________________________________

      Өтініш берілген күн: 20__ ж.__________________

      Өтініш қабылданған күн: 20__ ж.______________

      Өтініш берушінің қолы: ________________________________________________

      Тіркеушінің Т.А.Ә. және қолы ___________________________________________

      Уақыты: __________________ сағат _____________ минут.

      Заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған

      мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      20__ жылғы _______________ "___"________

                        (қолы)

  Міндетті мемлекеттік тіркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін тіркеу туралы
нұсқаулыққа
10-қосымша
  Нысан

      ________________________________________________________________

      ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалы )

Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алу туралы № ____________ өтініш

      Мен,

      _____________________________________________________________________

                  (Т.А.Ә. (ол болған кезде) (бұдан әрі – Т.А.Ә)

      _____________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның паспорт деректері (жеке куәлігінің деректері) және тұратын жері)

      __________________________________________ мекенжайы бойынша тұратын

      ____________________________________________________________ негізінде

            (өкілеттіктерді куәландыратын құжаттың деректемелері)

      __________________________________________________ атынан әрекет ететін

                  (заңды тұлғаның атауы мен деректемелері)

      ____________________________________________________________________

                        (уәкілетті өкіл толтырады)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

                  (Жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе кепіл берушінің заңды тұлғасының атауы)

      жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беруді сұраймын:

      Жылжымалы мүлік объектісінің түрі _____________________________________

      (кепіл беруші бойынша деректер болған кезде толтырылады)

      Мынадай құжаттарды қоса беремін:

      1. Төлеу туралы құжат: түрі ___________, № ____________, күні ______________

      сомасы ______________________________________________________________

      2. Өкілеттікті растайтын құжат № ________________________________________

      Күні ___________/__________________/_________________________________/

                  (өтініш берушінің қолы) (өтініш берушінің Т.А.Ә)

      ____________________________________________________________________

                  (өтінішті қабылдаған қызметкердің Т.А.Ә. және қолы)

      Өтініш берілген күн: 20____ж. "____"_____________

      Уақыты:__________сағ.________мин.

      Өтінішті орындау /қарау/ нәтижесі: ______________________________________

      ____________________________________________________________________

      Тексерілді: күні: ___ж.______________

      Тіркеушінің Т.А.Ә. және қолы ___________________________________________

      Уақыты:__________сағ.________мин.

      Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған

      мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      20__ жылғы _______________ "___"________

                              (қолы)

  Міндетті мемлекеттік тіркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін тіркеу туралы
нұсқаулыққа
11-қосымша
  Нысан

      Міндетті мемлекеттік

      тіркеуге жатпайтын жылжымалы

      мүлік кепілін тіркеуден

      алып тастау туралы хабарлама

      Міндетті мемлекеттік

      тіркеуге жатпайтын жылжымалы

      мүлік кепілін тіркеуден

      алып тастау туралы хабарлама

      Өтініштің бірегей №: _______________________ Күні ___________________

      Алып тастау үшін негіз: ____________________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________