Жылжитын мүлік кепілдігін тіркеу Ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 22 ақпандағы N 14 бұйрығы.

Жаңартылған

      "Жылжитын мүлік кепілдігін тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында бұйырамын:
      Ұсынысты бекітуге:
      1. Жылжитын мүлік кепілдігін тіркеу Ережесі
      2. 1 түрді - "Қолхат"
      3. 2 түрді - "Өтініш"
      4. 3 түрді - "тіркеу үшін түскен құжаттарды есепке алу кітабы"
      5. 4 түрді - "Жылжитын мүлік кепілдігінің тізімі"
      6. 5 түрді - "Жылжитын мүлік кепілдігінің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі"    

      Министр

Жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу туралы
Ереже

      Осы ереже "Жылжитын мүлік кепілдігін тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дайындалған.    

І. Жалпы ережелер

1. Ережені қолдану саласы

      1. Осы Ережелер жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тәртібі мен жүргізу процедурасын белгілейді және заңдарға сәйкес жылжымалы мүлік кепілінің жеке түрлерін тіркеу жүктелген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тіркеу органдарымен Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолдануға жатады.<*>
      Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрлігінің 1999 жылғы 24 тамыздағы N 66 бұйрығымен.

      1-1. Осы Ережелер қызметі міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымалы мүлік кепілін тіркеуде, сондай-ақ заң актілеріне сәйкес басқа органдармен немесе өзге тәртіпте жылжымалы мүлік кепілінің жеке түрлерін тіркеу кезінде таралмайды.<*>
      Ескерту: 1-1 тармағымен толықтырылды - ҚР Әділет министрлігінің 1999 жылғы 24 тамыздағы N 66 бұйрығымен

      2.<*>
      Ескерту: 2-бөлім алынып тасталынды -  ҚР Әділет министрлігінің 1999 жылғы 24 тамыздағы N 66 бұйрығымен

3. Жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеудің
құқықтық маңызы

      3. Кепіл берушінің белгілі мүлігіне үміткерлер жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің ережелеріне және басқа да заң актілеріне сәйкес кепіл ұстанушының басқа кепіл ұстанушыларға талаптық қатынасы бойынша кезекті (күнін) қанағаттанушылығын белгілейді.

      4. Әр тіркелінген кепіл ұстанушы кейінгі барлық тіркелінген кепіл ұстанушылар алдында, сол сияқты белгілі мүлікке кейінгі барлық тіркелінбеген кепіл ұстанушылар алдында да басымдылығы артық болады.

      5.<*>
      Ескерту: 5-тармақ алынып тасталынды - ҚР Әділет министрлігінің 1999 жылғы 24 тамыздағы N 66 бұйрығымен.

      6. Кепіл берушінің кепіл салынған мүлік шыққанда тіркеу органы заңсыз шеттеткен, жоғалған, жойылған үшін және басқа жағдайлар үшін жауапкершілікте болмайды.<*>
      Ескерту: 6-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрлігінің 1999 жылғы 24 тамыздағы N 66 бұйрығымен.     

4. Жылжымалы мүлікке тіркелген
кепілдің тіркемесі

      7. Жылжымалы мүлік кепілдігін тіркейтін тіркелім  жылжымалы мүлік кепілдігі және екі жақтың кепіл туралы шартының мәліметтерін ұстанады.
      Тіркелімге тіркелген жылжымалы мүлік кепілдігінің Қазақстан Республикасының "Жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу туралы" Заңының 12 бабында белгіленген мәліметтер болуы тиіс.    

5. Объектілер және тіркеу орны

      Ескерту: Бөлімнің атауы өзгерді - ҚР Әділет министрлігінің 1999 жылғы 24 тамыздағы N 66 бұйрығымен.   

      8. Әділет министрлігі тіркеу органдарының жылжымалы мүлік кепілін тіркеу реестріндегі тіркеу объектісі, кепілі заң актілеріне сәйкес өзге тәртіпте жүргізілетін (тіркелетін), міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын, жылжымалы мүлік кепілінің жеке түрлерінен басқа, осы Ережелермен бекітілген, міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын, жылжымалы мүлік кепілі болып табылады.<*>
      Ескерту: 8-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрлігінің 1999 жылғы 24 тамыздағы N 66 бұйрығымен.

      9. Осы Ережелермен белгіленген тәртіпте тіркелетін жылдымалы мүлік кепілі:
      1) Кепіл жөнінде шарт жасасқан жақ талабы немесе кепіл жағдайы көрсетілген өзге шарт бойынша;
      2) Егерде кепіл жөнінде шарт немесе кепіл жағдайы көрсетілген өзге шарт бойынша кепілдікте тұрған мүлікті келесі кепілге беруге (қайта кепілдікке) беруге тыйым салынған болса тіркеледі.
      Осы Ережелермен бекітілген тәртіпте тіркелетін жылжымалы мүлік кепілін тіркеу:
      1) Кепіл беруші заңды тұлға болған жағдайда, заңды тұлғаның тіркелген орны бойынша;
      2) Егерде кепіл беруші жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкер болған жағдайда, салық төлеуші ретінде тіркеу орны бойынша жүргізіледі.<*>
      Ескерту: 9-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрлігінің 1999 жылғы 24 тамыздағы N 66 бұйрығымен

ІІ. Жалпы тіркеу тәртібі және іс жосығы 6. Тіркеудің негізі мен әдісі

      10. Жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу, жылжитын мүлік кепілдігінің тіркеліміне сонымен қатар компьютерлік базаға тіркеу кепілдігі туралы арызынан мәліметтер енгізу жолымен жүзеге асырылады.

      11.<*>
      Ескерту: 11-тармақ алынып тасталынды - ҚР Әділет министрлігінің 1999 жылғы 24 тамыздағы N 66 бұйрығымен.

      12. Осы Ережеде көрсетілгендей, жазбаша арызбен бірге ұсынылған құжаттардың негізінде жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркеуге негіз болады.    

7. Жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу туралы
өтініштің мазмұны, түрі

      13. жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу туралы арыздың формасы және мазмұны Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігімен осы Ережеге сай белгіленеді.

      14. Арыз арызданушының жеке өзімен немесе өкілімен беріледі.

      15. Арызда мыналар болуы тиіс тіркеу органының атауы, мекен-жайы (заңды тұлғалар үшін) немесе фамилиясы, тегі, аты, әкесінің аты, кепіл берушінің және кепіл ұстанушының тұратын жері (жеке тұлғалар үшін); кепілдік туралы шартты немесе басқа да кепілдік туралы шарттарды, ұстанатын шарттарды бекіту күні және оны суреттеу (кепіл құралы туралы мәліметтер); кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің ақшалай баламасы; кепілмен қамтамасыз етілген қаражат баламасының міндеттемесі; кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің жарау мерзімі; заңды тұлғалар үшін арызданушының немесе оның өкілінің қолы және мөрі; кепілге салынған мүліктің қай жақта екендігін көрсету, оны қолдану мүмкіндіктері және кепілді қайталап салу туралы мәліметтер.
      Ескерту: 15-тармаққа толықтыру енгізілді - ҚР Әділет министрлігінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы N 361 бұйрығымен.

8. Тіркеуге ұсынылатын құжаттарға қойылатын
талаптар және оның құрамы, мазмұны

      16. Жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу үшін арызданушы тіркеу органына: кепіл туралы шарт немесе кепіл шарты бар шарт; арызданушы міндетті түрде оның жеке басын куәландыратын құжат, ал өкілі оның құзыретін дәлелдейтін құжат, сол сияқты жеке басының куәлігінің; жылжитын мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алымды енгізгендігі туралы банктің белгісі бар құжат ұсынады. Қазақстан Республикасы Үкіметі алымның көлемін белгілейді. Қараныз K080000099
      Мүлік кепілін қайта салу кезінде - жаңа кепіл туралы хабарландырылған жайлы кепіл ұстаушылардың хаттары және кепіл тіркеу үшін төленген төлем тапсырысының квитанциясы немесе көшірмесі.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 18 сәуірдегі N 110 Бұйрығымен.

      17. Жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеуге берілетін құжаттар тиісті дайындалған түрде қабылданады. Тазартқан, қосып жазылған, сызып тастаған сөз және басқа да ескертусіз жасалған түзетулер қабылданбайды.

      18. <*>
      Ескерту: 18-тармақ алынып тасталынды - ҚР Әділет министрлігінің 1999 жылғы 24 тамыздағы N 66 бұйрығымен.

9. Тіркеу тәртібі мен мерзімі

      19. Қажетті құжаттарды алған сәттен тіркеу органы мынаған міндетті:
      1) арызданушыға ұсынған құжаттарды алғандығын растайтын, күні, уақыты (сағаты, минуты) көрсетілген қолхат беру. Өтініш, құжаттарды есепке алу кітабына енгізу керек;
      2) жылжымалы мүлік кепілдігі тіркеліміне(сонымен қатар компьютерлік базаға) кепілді тіркеу туралы арызы мәліметтер енгізу. Тіркеу нөмірі тіркеу жылына және арыз нөмірімен сәйкестеледі және сызықша арқылы жазылады. Мысалы (98/1; 99/5), тіркеу кітабына талап қолданылып жүрген , нұсқауларға сәйкес іс жүргізу бойынша қойылады.
      3) Тіркеу органының белгісімен, кепіл шарты көрсетілген, кепіл немесе келісім шарт туралы шарттың бірінші данасын қайтару жөнінде арызда жазылған бойынша мәліметтерді тексергеннен кейін арыз беруші тұлғаға, жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу туралы куәлігін беру.

      20. Жылжымалы мүлік кепілдігі екі күн ішінде тіркелуі тиіс. Арызданушы белгіленген мерзімнің бұзылуы кезінде жоғарғы органға (лауазымды тұлға) немесе сотқа шағымнана алады.

      21. Тіркеу органы ұсынылған жылжымалы мүлік кепілдігі туралы шартты Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) бабына сәйкестексереді.    

10. Жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу
туралы куәлік

      22. Жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу туралы куәлікпен куәландырылады.

      23. Жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу туралы куәлікте мынаны көрсету қажет:
      а) тіркеу органының атауы;
      б) кепіл беруші және кепілді ұстанушының атауы, тұрған жері (заңды тұлға үшін) немесе тегі, аты-жөні, тұрған жері (жеке тұлға үшін);
      в) кепіл шарты және оның нөмірі көрсетілген кепіл туралы шарт және басқада шарттардың жасалу күні және орны;
      г) кепілдікпен қамтамасыз етілген, ақша баламасының міндеттемесі;
      д) кепіл заты туралы мәлімет;
      е) тіркеу органынан берілген, жылжымалы мүлік кепілдігінің тіркеу нөмірі;
      ж) жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу күні;
      Жылжымайтын мүлікті тіркеу туралы куәліктің көшірмесі жоғалған куәліктің орнына кепіл беруші және кепіл ұстанушының өтініші бойынша тіркеуші органнан 7 күн ішінде берілу тиіс.    

11. Жылжымалы мүлік кепілдігін
тіркеуден бас тарту

      24. Жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
      1) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім)   307 бабының талаптарына сай келмейтін кепіл туралы шарт немесе басқа кепілдік шарттары бар жағдай.
      2) Осы Ереженің 14-16 пунктерінің талаптарына сай келмейтін кепілді тіркеу туралы арызы.
      3) Тиіссіз тұлғаның шағымдануы.
      4) Жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу үшін төленген төлем туралы құжаттың болмауы.
      5) жылжитын мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке алынатын алымның төленгенін растайтын құжатының болмауы.
      Ескерту: 24-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрлігінің 1999 жылғы 24 тамыздағы N 66; өзгерістер енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2005 жылғы 18 сәуірдегі N 110 Бұйрықтарымен.

     25. Жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеуден бас тарту немесе тіркеуден жалтару кезінде мүдделі тұлға сот тәртібімен шағымдаалады.

     26. Алынып тасталды
     Ескерту: 26-тармақ алынып тасталды - ҚР Әділет министрінің 2005 жылғы 18 сәуірдегі N 110 Бұйрығымен.

     27. Бас тарту жағдайында тіркеуші орган заң талаптарының бұзылуына сүйеніп, арызданушыға құжаттар қабылданған кезден, 5 жұмыс күні ішінде бас тарту себебін жібереді.     

12. Тіркеу кезінде жіберілген қателерді түзету

     28. Жылжымалы мүлік кепілдігін мемлекеттік тіркеу кезінде жіберілген техникалық қателерді түзету, мүдделі тұлғаның қатесі бойынша жіберілсе онда жылжымалы мүлікті тіркеу туралы жаңа куәлік және қатені түзету үшін төлем алынбайды.    

13. Тіркелген кепілді тоқтату және өзгертуді,
толықтыруды тіркеу тәртібі

     29. Арызданушы тіркеу органына арыз беру жолымен, тіркелген кепілдің әрекетін тоқтату және өзгерту, толықтыруды тіркейді.

     30. Кепіл шарты күшінің аяқталғанын тіркеу, негізгі міндеттердің орындалуын рәсімдейтін құжаттары және кепіл ұстанушының жазбаша берілген арызы бойынша жылжымалы мүлік кепілі тіркемесіндегі кепіл туралы жазбаның жою жолымен жүргізу.  

14. Қорытынды ережелер

     31. Жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу туралы ақпараттар беру және тіркеуге байланысты даулар сот арқылы шешіледі.

     32. Тіркеу органы тіркеу туралы ақпараттар бергендігі және тіркеу тәртібін бұзғандығы үшін жауапкершілікке тартылады.    

                                                          1 үлгі     ___________________________________________________________________
                        тіркеу органының аты

   _______ 199 __ ж.  N _____ арыз бойынша құжаттарды алуға

                                        Уақыт: сағ. ___  мин. _____
--------------------------------------------------------------------
Қабылданған құжаттардың тізімі: (құжаттың аты, сериясы, нөмірі,                                        кіммен және қашан берілді)
1. Төлем туралы құжат: түрі _____ N __________ сомасы______________
2.__________________________________________________________________  ____________________________________________________________________  ____________________________________________________________________
Қабылдаған: ____________________________  !
          (арызды қабылдаған қызметкердің ! Арызды орындаған күн:
          қолы және аты-жөні)             ! 199 __ ж. "__" _________
____________________________________________________________________

                                                             2 үлгі

      Ескерту: 2-үлгіге өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрлігінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы N 361 бұйрығымен.   ____________________________________________________________________                         тіркеу органының аты              

                           Өтініш N _______

____________________________________________________________________

                          Кепіл беруші

Жеке тұлғаның аты-жөні, туған жылы, мекен-жайы, заңды тұлғаның аты,
орналасқан жері.
Тіркеу N  __________________________________________________________
____________________________________________________________________
Куәландыратын құжат: түрі ______ сериясы __________ N_______________
берілген күні  _____________________________________________________
___________________________________________________________ берілді.
           (құжатты берген органның аты)
Почталық адрес, телефон_____________________________________________
____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
______________________________________________ атынан әрекет етеді.
    (уәкілді өкілдің реквизиті)   
_________________________________________________________ негізінде.
    (өкілеттігін куәландыратын құжаттардың реквизиті)  ____________________________________________________________________                           Кепіл ұстаушы

Жеке тұлғаның аты-жөні, туған жылы, мекен-жайы, заңды тұлғаның аты,
орналасқан жері.
Тіркеу N  __________________________________________________________
____________________________________________________________________
Куәландыратын құжат: түрі ______ сериясы __________ N_______________
берілген күні  _____________________________________________________
___________________________________________________________ берілді.
           (құжатты берген органның аты)
Почталық адерс, телефон_____________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
______________________________________________ атынан әрекет етеді.
   (уәкілді өкілдің реквизиті)   
________________________________________________________ негізінде.
  (өкілеттігін куәландыратын құжаттардың реквизиті)
__________________________ жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге өтінемін
  Шарт жасаған күн: _____________________________________________
  Шарт жасаған жер: _____________________________________________
  Кепіл заты туралы мәлімет (жылжымалы мүлікті көрсетеді)________  ____________________________________________________________________
Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің ақшалай баламасы_________
Шарт күшінің мерзімі: ______________________________________________
  Кепілге салынған мүлік:  кепіл берушінің_____ кепіл ұстаушының____
  билігінде және пайдалануында қалады.

  Оны қолданудың мүмкіндігі:           Ия     Жоқ
  Кепілді қайта тіркеу туралы мәлімет: Ия     Жоқ (керек емесін сыз)

  арызбен бірге (құжаттың аты, сериясы, кіммен және қашан берілген):

  1. Төлем туралы құжат: түрі____________ N ________ сомасы_______
  2.______________________________________________________________
  ___________________________________________ қоса беріп тапсырамын
  Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік қажет пе: Ия   
                                             Жоқ (керек емесін сыз)
--------------------------------------------------------------------
  Арыз берген күн: "__" __ 199 __ж.
  Арызды қабылдаған күн: "_" __ 199_ ж.

  Арыз берушінің қолы:___________   Уақыт: _______ сағ. _______ мин.
  Тіркеушінің аты-жөні: _________________________________________

                                                            3 үлгі

           Тіркеуге түскен құжаттарды есепке алу кітабы

--------------------------------------------------------------------
   №     !Тізіл !Арызды қабылда!Арыз беруші !Кепіл  !құжат-!Алған
Арыздың N!імнің !ған күні, уақы!------------!заты   !тардың!адамның
         !нөмірі!ты (сағаты мен!жеке тұлға- !(пәні) !беріл-!қолы
         !      !минуты) және  !ның аты-жөні!       !ген   !
         !      !қабылдаған    !туған жылы, !       !күні  !
         !      !қызметкердің  !мекен-жайы; !       !      !
         !      !қолы          !заңды тұлға-!       !      !
         !      !              !ның аты,    !       !      !
         !      !              !орналасқан  !       !      !
         !      !              !жері, тіркеу!       !      !
         !      !              !N        №  !       !      !
--------------------------------------------------------------------
    1    !  2   !      3       !     4      !   5   !   6  !     7
--------------------------------------------------------------------  --------------------------------------------------------------------

                                                             4 үлгі

        Жылжымалы мүлік кепілінің реестрі     N______ бет
                                                 N _____ тіркеу ісі

--------------------------------------------------------------------
№    !  №    !Кепіл ұстаушы    !Кепіл беруші   !Кепіл   !Шарттың жазба !Тізілім!---------------------------------!құны    !мерзімі 
N     !N      !жеке тұлғаның аты!жеке тұлғаның  !(сомасы)!
      !       !-жөні, туған жылы!аты-жөні, туған!        !
      !       !мекен-жайы; заңды!жылы, мекен-   !        !
      !       !тұлғаның аты, ор-!жайы; заңды тұл!        !
      !       !наласқан жері, № !ғаның аты, орна!        !
      !       !тіркеу N         !ласқан жері,  №!        !
      !       !                 !тіркеу N       !        !         
--------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------

Таблицаның жалғасы:
--------------------------------------------------------------------
Кедергілердің пайда болуы     ! Кедергілердің жоюлуы    !Тіркеушінің
--------------------------------------------------------!ерекше    
Құжаттың N    !Тіркеу N, мерзі!Құжаттың N!Тіркеу N, мер-!белгісі
және аты      !мі, уақыты (сағ!және аты  !зімі, уақыты  !
              !мин) және тірке!          !(сағ. мин) жә-!
              !ушінің аты-жөні!          !не тіркеушінің!
              !қолы           !          !аты-жөні, қолы!
--------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------
       Тіркеу парағын жабу/жалғастыру туралы жазба

--------------------------------------------------------------------
Жабуға/ашуға !Келесі бетке көшіріл-!(жалғасы!Күні және  !Тіркеушінің
негіз        !ген (жабу кезінде)   !кезінде)!уақыты (са-!аты-жөні,
             !жазбаның немесе соңғы!парақтың!ғаты, мину-!қолы
             !(жалғасы кезінде) жаз!беті    !ты)        !
             !баның тізімі         !        !           !
--------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------

                                                            5 үлгі

                    Қазақстан Республикасының
                      Әділет министрлігі

____________________________________________________________________                           Тіркеу органының аты

               Жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік
                      тіркеу туралы куәлігі

____________________________________________________________________
            кепіл ұстаушының немесе уәкілді өкілдің реквизиті
___________________________________________________________ берілді.

Жылжымалы мүлікке қатысты
--------------------------------------------------------------------
Мүліктің   ! тіркеме   !Кепіл затын   !Құрамына! Бағасы    !Ескерту
   түрі    ! нөмері    !  сипаттау    !кіретін.! (құны)    !
           !           !              !дердің  !           !    
           !           !              !саны    !           !
--------------------------------------------------------------------
кепілдің тіркелгеніне дәлелдеме ретінде

______________________ тіркелген ______________________ кепіл затына
тіркелген күн                     кепіл затын сиапттау

___________________________________________________________________
жеке тұлғ. аты-жөні, туған жылы; мекен жайы; заңды тұлғ.аты, орнал.
_____________________________________________кепіл ұстаушының құқы
              жері, тіркеу N
_____________________ кепіл туралы шарт негізінде пайда болған және
шарттың жасалған күні
келесідей негізгі шарттарды қосады _________________________________
                     негізгі міндеттемені орындаудың мерзімі, көлемі
____________________________________________________________________
___________________________________________________________________
жеке тұлғ., аты-жөні, туған жылы; мекен жайы; заңды тұлғ.аты,
___________________________________________________кепіл ұстаушының
орнал. жері, тіркеу N
_______________________құқы _______________________________________
құқықтың түрі         кепіл затына құқығын анықтайтын құжаттың аты,
______________________________________________________ дәлелденеді.
қабылданған күні. нөмірі және тіркелген күні

Тіркеуші_________________________         __________________________
               аты-жөні              М.О.             қолы
Басшы _________________________           __________________________
               аты-жөні                               қолы         

--------------------------------------------------------------------
     Ескерту
     1. осы куәлік кепілді өтегеннен кейін тіркеу органына
қайтарылуға жатады.
     2. Куәлік жоғалғанда (бүлінгенде) құқық иеленуші тіркеу органына
куәліктің жоғалуының (бүлінуінің) себептерін көрсетіп арыз жазуға міндетті.