Ескерту. Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 27.01.2013 № 66 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 27.01.2013 № 66 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулық бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 27.01.2013 № 66 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Министр |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 22 ақпандағы № 14 бұйрығымен бекітілген |
Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу жөніндегі нұсқаулық
Ескерту. Нұсқаулық жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.01.2016 № 55 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 11.09.2018 № 1380 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және жылжымалы мүлік кепіліне тіркеу жүргізу рәсімін нақтылайды. Нұсқаулық заңнамаға сәйкес жылжымалы мүлік кепілінің жекелеген түрлерін тіркеу жүктелген Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолдануына жатады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 26.04.2017 № 466 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі – жылжымалы мүлік кепілі бойынша ақпаратқа қол жеткізудің, жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге электрондық нысанда өтініш жіберудің және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен жасалатын өзге де әрекеттерінің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;
2) жылжымалы мүлiк – көлiк құралдарын, айналымдағы тауарларды, бағалы қағаздарды, ақшаны, мүлiктiк құқықтарды, оның iшiнде болашақтағы өнiмге және өзге де мүлiкке құқықты қоса алғанда, жылжымайтын мүлiкке жатпайтын мүлік;
3) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу – жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiне кепіл туралы шарттағы немесе кепiл талаптары қамтылған өзге де шарттағы мәлiметтердi енгiзу жөнiнде жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу кезiнде туындайтын қатынастарға қатысушылар әрекеттерінің жиынтығын, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк берудi және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерінде белгiленген тәртiппен жасалатын өзге де әрекеттерін бiлдiретiн, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының жылжымалы мүлiк кепiлiн есепке алу рәсiмi;
4) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк – тiркеушi орган және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының өтiнiш берушіге беретiн және жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу фактiсiн растайтын құжат;
5) жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмi (кепiл тiзiлiмi) – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асыратын ақпаратты есепке алу және сақтау жүйесi;
6) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру бойынша қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру бойынша қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге арналған өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметтерді алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
7) кепілді электрондық тіркеу – жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық нысандағы өтініш негізінде жүзеге асырылатын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 11.09.2018 № 1380 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Нұсқаулықтың күші міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге, сондай-ақ тіркелуін заңнамалық актілерге сәйкес басқа да органдар жүзеге асыратын немесе өзгеше тәртіппен тіркелетін жылжымалы мүлік кепілінің жекелеген түрлерін тіркеуге қолданылмайды.
2-тарау. Объектілер және тіркеу орны
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 11.09.2018 № 1380 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілі:
1) кепіл туралы шартты немесе кепіл туралы талаптар қамтылған өзге де шартты тараптарының бірінің талап етуі бойынша;
2) егер кепіл туралы шартта немесе кепіл туралы талап қамтылған өзге де шартты кепілдегі мүлікті кейіннен кепілге қоюға (қайта кепілге қоюға) тыйым салынған болса, тіркеледі.
Мiндеттi тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу жеке және заңды тұлғалардың өтініш жасау жері бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 11.09.2018 № 1380 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Тіркеуі тәсілі және негізі
4. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, жылжымалы мүлік кепілінің тіркеліміне (оның ішінде компьютерлік базаға) кепіліді тіркеу туралы өтініштен алынған деректерді енгізу арқылы жүзеге асырылады.
5. Осы Нұсқаулықтың 6-тармағында көрсетiлген құжаттармен қоса берiлген өтiнiш немесе жылжымалы мүлiк кепiлiнің бірыңғай тізілімі арқылы берілген электрондық нысандағы өтiнiш жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттiк тiркеуге негiз болады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 26.04.2017 № 466 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4-тарау. Тіркеуге ұсынылатын құжаттардың тізбесі, олардың мазмұны және оларға қойылатын талаптар
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 11.09.2018 № 1380 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу үшін өтініш беруші жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады және Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттарды:
1) осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы өтінішті;
2) жеке басын куәландыратын құжаттарды, ал адамның өкілі - оның өкілеттігін растайтын құжатты, сондай-ақ оның жеке басын куәландыратын қызметті алушыны сәйкестендіру үшін құжаттарды;
3) жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке алымды төлегенін растайтын құжатты ("Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 553-бабы) тапсырады.
Мүлік қайта кепілге қойылған жағдайда – алдындағы кепіл ұстаушылардың олардың хабардар екендігі және жылжымалы мүлікті қайта кепілге қоюға қарсы еместігі туралы хаттары, сондай-ақ түбіртек немесе төлем тапсырмасының көшірмесі болуға тиіс.
Мемлекеттік корпорацияға берген және кезде және "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы өтінішті жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық нысанда жіберген кезде, мәміле тараптары қол қойған өтініш кепіл шарты туралы мәліметтер, сондай-ақ осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес мәліметтер көрсетіле отырып, кепіл туралы шарт немесе кепіл шарты қамтылатын өзге де құжат ұсынылмастан, хабарлама нысанында беріледі.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 11.09.2018 № 1380 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Кепіл бойынша құқықтардың (талаптардың) басқаға ауысуын тіркеу, оның ішінде активтер мен міндеттемелерді бір уақытта беру туралы шарт негізінде өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу кезінде осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес өтініш беру арқылы жүзеге асырылады.
8. Өтінішті өтініш беруші жеке өзі немесе өкілі арқылы Мемлекеттік корпорацияға береді.
9. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге ұсынылатын құжаттар тиісінше ресімделген түрде Мемлекеттік корпорацияда қабылданады. Өшірілген, қосып жазылған, сызып тасталған сөздер және өзге де ескертусіз жасалған түзетулер қабылданбайды.
5-тарау. Тіркеу рәсімі мен мерзімдері
Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 11.09.2018 № 1380 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10. Нұсқаулықтың 6-тармағында көрсетілген құжаттар қабылданғаннан кейін өтініш берушіге осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес нысанда күні, уақыты (сағаты, минуты) және тізбесі мен нөмері көрсетілген құжаттарды алғанғанын растайтын қолхат береді.
Өтініш жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық нысанда жылжымалы мүлік кепілін электрондық тіркеуге жіберілген жағдайда, жылжымалы мүлік кепілін тіркегені үшін алымның төленгенін немесе алым төлеуден босатылғаны туралы растама жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізіліміне келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өтініштің негізінде жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізіліміне кепіл туралы мәліметтерді енгізеді, оның нәтижелері бойынша Мемлекеттік корпорацияның электрондық цифрлық қолтаңбасымен осы Нұсқаулықтың 8-9-қосымшаларына сәйкес куәландырылған, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік не туралы тіркеуден осы Нұсқаулықтың 10 - қосымшасына сәйкес бас тарту уәжді жауап электрондық нысанда беріледі.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 11.09.2018 № 1380 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Мемлекеттік корпорация қажетті құжаттарды алғаннан кейін өтiнiш берушiге табыс етiлген құжаттарды алғандығын растайтын, күнi, уақыты (сағаты, минуты) көрсетiлген қолхат береді және қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11 бабына сәйкес мәліметтерді хабарлайды.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 11.09.2018 № 1380 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізіліміне келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей Мемлекеттік корпорация өтініштің негізінде жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізіліміне кепіл туралы мәліметтерді енгізеді, оның нәтижелері бойынша Мемлекеттік корпорацияның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік не туралы тіркеуден бас тарту уәжді жауап электрондық нысанда беріледі.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 11.09.2018 № 1380 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Мемлекеттік корпорация ұсынылған жылжымалы мүлік кепілі туралы шарттың Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 307-бабының талаптарына сәйкестігін тексереді.
14. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу кезінде жіберілген техникалық қателерді түзету мүдделі тұлғаның өтініші бойынша жылжымалы мүлік кепілі тізілімінің "айрықша белгілер" бағанында, сондай-ақ кепілді тіркеу туралы куәлікте қосымша жазба енгізу арқылы жүргізіледі.
6-тарау. Мемлекеттік корпорацияға келіп түскен өтініш негізінде жылжымалы мүлік кепілін тіркеу
Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 11.09.2018 № 1380 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
15. Толтырылған өтініш бланкісі Мемлекеттік корпорацияға берілген жағдайда, өтініш келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей Мемлекеттік корпорация өтініштің негізінде жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізіліміне кепіл туралы мәліметтерді енгізеді, оның нәтижелері бойынша жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік не тіркеуден бас тарту туралы дәлелді жауап беріледі.
Мемлекеттік корпорация өтінішті алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде кепіл ұстаушының ақпараттық жүйесіне және жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізіліміне Мемлекеттік корпорацияның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған жылжымалы мүлік кепілін электрондық құжат нысанында тіркеу туралы куәлікті не электрондық құжат нысанында тіркеуден бас тарту туралы уәжді жауапты жібереді.
Жүргізілген тіркеу туралы ақпарат екінші деңгейдегі банктің және Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйелерінде сақталады және құжаттамалық растауды талап етпейді.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 11.09.2018 № 1380 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Кепіл беруші осы Нұсқаулықтың 15-тармағында белгіленген тәртіппен жылжымалы мүлік кепілін электрондық тіркеуден өткізуден бас тартқан жағдайда, кепіл беруші мен кепіл ұстаушының, жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге арналған, кепіл берушінің және кепіл ұстаушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтінішті осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық нысанда жіберуге құқығы бар.
Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеуге арналған өтiнiшке жылжымалы мүлiк кепiлi туралы шарт немесе кепiл талаптарын қамтитын өзге де шарт қоса берiлмейдi.
Мемлекеттiк корпорация өтiнiштi алғаннан кейiн бiр жұмыс күнi iшiнде кепiл ұстаушының ақпараттық жүйесiне және жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізіміне Мемлекеттiк корпорацияның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған осы Нұсқаулықтың 8, 9-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша электрондық құжат түрiнде мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктi не осы Нұсқаулықтың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеуден дәлелдi бас тарту туралы хабарламаны жiбередi.
Жүргiзiлген электрондық тiркеу туралы ақпарат кепіл ұстаушының, Мемлекеттiк корпорацияның ақпараттық жүйелерінде сақталады және құжаттамалық растауды талап етпейдi.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 11.09.2018 № 1380 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7-тарау. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеуден бас тарту
Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 11.09.2018 № 1380 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
17. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) егер кепiлдi тiркеу туралы өтiнiш осы Заңның 9-бабының талаптарына сәйкес келмеген;
3) егер кепiлдi тiркеу туралы өтiнiштi тиiстi тұлға жасамаған;
4) егер жылжымалы мүлiк кепiлiн және кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжат болмаған жағдайларда, кепiлдi тiркеуден бас тартады.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 11.09.2018 № 1380 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Бас тартылған жағдайда Мемлекеттік корпорация өтiнiш берушіге осы Нұсқаулықтың 12, 15 және 16-тармақтарына сәйкес бас тарту туралы дәлелді жауапты жібереді.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 26.04.2017 № 466 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8-тарау. Тіркелген кепілдің өзгерістерін, толықтыруларын және оның қолданысын тоқтатуды тіркеу тәртібі
Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 11.09.2018 № 1380 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
19. Өтiнiш берушi Мемлекеттік корпорацияға өтiнiш беру немесе жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық нысанда өтініш жіберу арқылы тiркелген кепiлдiң өзгерiстер мен толықтыруларын (оның iшiнде, меншiк құқығының басқа адамға ауысуын, талап ету құқығын басқаға беруді) және қолданысын тоқтатуды тiркейдi.
Өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеу тәртiбi заңнамада белгiленедi.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 11.09.2018 № 1380 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. Кепіл беруші болып табылатын республиканың басқа өңірлерінен келген заңды тұлғалар қайта тіркелген жағдайда, сондай-ақ жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер немесе резидент емес заңды тұлға кепіл беруші болып табылса, жылжымалы мүлiк кепiлiнiң бірыңғай тiзiлiмi арқылы тіркеу жағдайларын қоспағанда, өтініш беруші тіркеу туралы белгісі бар бастапқы кепіл шартынның көшірмесін ұсынады.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 26.04.2017 № 466 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21. Кепіл туралы шарттың қолданылуы аяқталған кезде тіркеу кепіл ұстаушының жазбаша өтінішті және негізгі міндеттеменің орындалғанын растайтын құжаттарды ұсынуы бойынша жылжымалы мүлік кепілі тізіліміндегі кепіл туралы жазбаны жою арқылы, сондай-ақ жылжымалы мүлiк кепiлiн тіркеу туралы куәлікті қайтару арқылы жүргізіледі. Осы мүлікке басқа кепіл ұстаушылар болған кезде жазбаны жою оларды хабардар еткендігі туралы құжатты ұсыну арқылы жүргізіледі.
Өтiнiш жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы жіберіледі.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 26.04.2017 № 466 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулыққа 1-қосымша |
нысан
_____________________________________________________________________
органның атауы
№ ____ өтініш
Кепіл беруші
Жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), тұратын жері, туған күні
және жылы;___________________________________________________________
Заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі
(бұдан әрі – БСН) ___________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжаты: түрі ______ сериясы ______ №________
берілді __________________________________ берілген күні ____________
(құжатты берген органның атауы)
Пошталық мекенжайы, телефоны_________________________________________
_________________________________________________ атынан әрекет етеді
(уәкілетті өкілдің деректемелері)
___________________________________________________________ негізінде
(өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
Кепіл ұстаушы
Жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және туған күні мен жылы;
атауы, заңды тұлғаның БСН____________________________________________
_____________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжаты: түрі _________ сериясы _____ №______
берілді _____________________________________ берілген күні _________
(құжатты берген органның атауы)
Пошталық мекенжайы, телефоны_________________________________________
_________________________________________________ атынан әрекет етеді
(уәкілетті өкілдің деректемелері)
____________________________________________________________негізінде
(өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
Жылжымалы мүлік кепілі шартын тіркеуіңізді сұраймын:_________________
_____________________________________________________________________
Шарттың жасалған күні _______________________________________________
Шарттың жасалған жері _______________________________________________
Кепіл заты туралы мәліметтер (жылжымалы мүлік кепілінің
сипаттамасы)_________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің ақшалай баламасы __________
Шарттың қолданылу мерзімі ___________________________________________
Кепілге салынған мүлік кепіл берушінің _____________ кепіл ұстаушының
_______________________________ билігінде және пайдалануында қалады:
Оны қолдану мүмкіндігі: Ия/Жоқ
Қайта кепілге беру туралы мәліметтер: Ия/Жоқ (керек емесін сызып
тастау)
Өтінішке қоса беремін (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі, кім және қашан берді):
1. Төлегені туралы құжат: түрі____________ № ________ сомаға ________
2. __________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік қажет пе:
Ия Жоқ (керек емесін сызып тастау)
Өтініштің берілген күні:___________________________________ 20____ ж.
Өтініштің қабылданған күні:______________________________ 20 _____ ж.
Өтініш берушінің қолы: ______________________________________________
Уақыты: ___________________________ сағ. _______________________ мин.
Тіркеушінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және қолы ________________________________________
Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулыққа 2-қосымша |
нысан
_____________________________________________________________________
органның атауы
№ ____өтініш
Кепіл ұстаушы________________________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), туған күні және жылы немесе заңды тұлғаның атауы мен тіркеу номірі)
_____________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат: түрі ______ сериясы ______ №_________
берілді ___________________________________берілген күні ____________
(құжатты берген органның атауы)
Пошталық мекенжайы, телефоны_________________________________________
_________________________________________________ атынан әрекет етеді
(уәкілетті өкілдің деректемелері)
_________________________________________________________ негізінде
(өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
Өзгерістерді және/немесе толықтыруды немесе кепілдің тоқтатылуын
тіркеуді сұраймын____________________________________________________
Шарттың жасалған күні _______________________________________________
Шарттың жасалған орны _______________________________________________
Кепіл заты туралы мәліметтер (жылжымалы мүлік сипаттамасы)
_____________________________________________________________________
Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің ақшалай баламасы __________
Шарттың қолданылу мерзімі ___________________________________________
Кепілге салынған мүлік: кепіл берушінің ____________ кепіл ұстаушының
_______________________________ билігінде және пайдалануында қалады.
Оны қолдану мүмкіндігі: Ия/Жоқ
Қайта кепілге беру туралы мәліметтер: Ия/Жоқ (керек емесін сызып
тастау)
Өтінішке қоса беремін: (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі, кім және
қашан берді)
1. Төлегені туралы құжат: түрі____________ № ________ сомаға ________
2. __________________________________________________________________
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік қажет пе:
Ия/Жоқ (керегі жоғын сызып тастау)
Өтініштің берілген күні:___________________ 20 _____ ж.
Өтініштің қабылданған күні:________________ 20 _____ ж.
Өтініш берушінің қолы: ______________________________________________
Тіркеушінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және қолы:
_______________________________________
Уақыты: ________________ сағ._________ мин.
______________________________
Ақпараттық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін.
_______________ "___"______20___ж._________ (қолы)
Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулыққа 3-қосымша |
нысан
___________________________________________________
органның атауы
Қолхат
Өтініш бойынша құжаттарды қабылдау № ______ 20___ ж. "___" ________
Уақыты: _______ сағ.________ мин.
---------------------------------------------------------------------
Қабылданған құжаттар тізбесі (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді):
1. Төлегені туралы құжат: түрі __________ № _______ сомаға __________
2. __________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Қабылдаған:_______________________ Өтінішті толтырған күн ___________
Мемлекеттік корпорацияның өтініш қабылдау жөніндегі қызметкерінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және қолы
_______________________________ 20 ______ ж.
---------------------------------------------------------------------
Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулыққа 4-қосымша |
нысан
Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін тіркеуге түскен құжаттарды есепке алу кітабы
Өтініш № | Тізілімдік нөмірі | Күні мен уақыты (сағаты мен минуты), өтінішті қабылдаған қызметкердің қолы | Өтініш беруші Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) тұратын жері, туған күні және жылы; заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы, БСН | Кепіл заты | Құжаттардың берілген күні | Алушының қолы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулыққа 5-қосымша |
нысан
Парақ № ___________
Тіркеу ісі № ______
Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын
жылжымалы мүлік кепілінің тізілімі
Жазба № | Тізілімдік № | Кепіл заты | Кепіл ұстаушы | Кепіл беруші | Кепіл сомасы | Шарттың қолданылуы |
Жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), тұратын жері, туған күні және жылы; заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы, БСН | Жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), тұратын жері, туған күні және жылы; заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы, БСН | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Кестенің жалғасы:
Ауыртпалықтың туындауы | Ауыртпалықтың тоқтатылуы | Тіркеушінің ерекше белгілері | ||
Құжаттың атауы және № | Күні мен уақыты (сағаты және минуты) тіркеу №; тіркеушінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), және қолы | Құжаттың атауы және № | Күні мен уақыты (сағаты және минуты) тіркеу №; тіркеушінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), және қолы | |
8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Тіркеу парағын жабу/жалғастыру туралы жазба
Тіркеу парағын жабу/жалғастыру үшін негіздеме | Орны ауыстырылған (жапқан кездегі) жазбалардың немесе соңғы жазбалардың (жалғастырған кездегі) тізбесі | Парақ нөмірі (жалғастырған кездегі) | Күні, уақыты (сағаты және минуты) | Тіркеушінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және қолы |
Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулыққа 6-қосымша |
нысан
______________________________________________________
органның атауы
Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
20__ ж. "___" _________ № ____
Берілді _____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
кепіл ұстаушының немесе кепіл ұстаушының уәкілетті өкілінің деректемелері
Жылжымалы мүлікке қатысты:
Мүліктің түрі | Тізілім нөмірі | Кепіл мәнінің сипаттамасы | Құрамдастар саны | Құны | Ескертпе |
кепілдің тіркелгеніне дәлелдеме ретінде
______________________ тіркелген _______________________ кепіл затына
тіркелген күн кепіл затын сипаттау
Кепіл ұстаушының құқығы _____________________________________________
жеке тұлғаның Т.А.Ә.(бар болған жағдайда), тұратын жері, туған күні және жылы,
заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы және БСН
кепіл затына ________________________________________________________
кепіл затының сипаттамасы
кепіл туралы шарттың негізінде туындады _____________________________
Шарт жасалған күн
тіркелген _________________ және мынадай негізгі талаптарды қамтиды:
тіркелген күні және нөмірі
_____________________________________________________________________
негізгі міндеттемелердің мөлшері, орындалу мерзімі және кепілдің басқа да талаптары
Кепіл берушінің ___________ құқығы __________________________________
құқық түрі, жеке тұлғаның Т.А.Ә.(бар болған жағдайда), тұратын жері,
туған күні және жылы
_____________________________________________________________________
заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы және БСН
расталды ____________________________________________________________
кепіл затына құқық белгілеуші құжатының атауы,
қабылданған күні, тіркеу нөмірі және күні
Тіркеуші _________________ ________________________
Т.А.Ә.(бар болған жағдайда) қолы
Басшы __________________ М.О. ________________________
Т.А.Ә.(бар болған жағдайда) қолы
_____________________________________________________________________
Ескертпе
1. Осы куәлік кепіл өтелген кезде Мемлекеттік корпорацияға
қайтарылуға тиіс.
2. Куәлік жоғалған (бүлінген) жағдайда құқық иесі куәліктің жоғалған
(бүлінген) себебін көрсетіп, Мемлекеттік корпорацияға өтініш береді.
Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулыққа 7-қосымша |
нысан
Мөртабан үлгісі:
Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін тіркеу жүргізілгенін куәландыруға арналған
мөртабан
_________________________________
(органның атауы)
Өтініш № ______________________ Өтініштің қабылданған
күні және уақыты _________________
Тізілім № _____________________ Тіркелген күні ___________________
Тіркеуші ______________________ Қолы _____________________________
Басшы _________________________ Қолы _____________________________
Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулыққа 8-қосымша |
Егер кепіл беруші жеке тұлға
болған жағдайда міндетті
мемлекеттік тіркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін мемлекеттік тіркеу
туралы электрондық куәліктің
нысаны
Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін тіркеу туралы куәлік
Органның атауы ______________________________________________________
№ _____ ___ Күні ___
______ кредитор банк ________________________________________ берілді
Жылжымалы мүлікке қатысты:
Мүлік түрі | Тізілімдік нөмірі | Кепіл затының сипаттамасы | Құрамдастарының саны | Құны |
расталып, кепіл тіркелді
Кепіл ұстаушының құқығы:
БСН ____________________
Кепіл ұстаушының атауы: _____________________________________________
Заңды мекенжайы: ____________________________________________________
____________________________________________ затына кепіл негізделді:
№ __________ күні __ кепіл туралы шарты
№ _____ кепіл туралы шартқа қосымша келісім, № ___ қосымша келісім жасалған
күн ___(бар болған жағдайда)
Тіркелген күні ___ және № __ және мынадай негізгі талаптарды қамтиды:
Негізгі міндеттеме мерзімі _____ай
Негізгі міндеттеменің мөлшері _____
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Кепіл берушінің деректері
ЖСН _____________________
Тегі, аты және бар болған жағдайда әкесінің аты _____________________
Туған күні _________________________________
Жеке куәлік № ____________ күні ____ берілді
Мекен-жайы _________________________________
Мүлікке құқық түрінің атауы ________________
Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба
туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 370-II ҚРЗ 1-бабына сәйкес қағаз
жеткiзгiштегi құжатпен бiрдей.
Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 ЗРК от 7 января 2003 года
"Об электронном документе и электронной цифровой подписи" равнозначен
документу на бумажном носителе.
*штрих-код "Жылжымалы мүлік тізілімі" ақпараттық жүйесінен
алынған және тиісті Мемлекеттік корпорацияның электрондық-цифрлық
қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды.
штрих-код содержит данные, полученные из ИС "Реестр движимого
имущества" и подписанные электронно-цифровой подписью соответствующей
Государственной корпорации
Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулыққа 9-қосымша |
Егер кепіл беруші заңды тұлға
болған жағдайда міндетті
мемлекеттік тіркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін мемлекеттік тіркеу
туралы электрондық куәліктің
нысаны
Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін тіркеу туралы куәлік
Органның атауы ______________________________________________________
№ _____ ___ Күні ___
_____ кредитор банк _________________________________________ берілді
Жылжымалы мүлікке қатысты:
Мүлік түрі | Тізілімдік нөмірі | Кепіл затының сипаттамасы | Құрамдастарының саны | Құны |
расталып, кепіл тіркелді
Кепіл ұстаушының құқығы:
БСН ________________ ЖСН
Кепіл ұстаушы атауы _________________________________________________
Заңды мекенжайы _____________________________________________________
____________________________________________ затына кепіл негізделді.
№ ______ __ күні __ кепіл туралы шарты
№ ___ кепіл туралы шартқа қосымша келісім, № _______ қосымша келісім
жасалған күн ___(бар болған жағдайда)
Тіркелген күні ___ және № ____ және мынадай негізгі талаптарды қамтиды:
Негізгі міндеттеме мерзімі _____ ай
Негізгі міндеттеменің мөлшері _____
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Кепіл берушінің деректері
БСН _____________________
Мекеме атауы ________________________
Заңды мекен-жайы ____________________
Мүлікке құқық түрінің атауы ____________________
Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба
туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 370-II ҚРЗ 7-бабының 1-тармағына
сәйкес қағаз жеткiзгiштегi құжатпен бiрдей.
Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 ЗРК от 7 января 2003 года
"Об электронном документе и электронной цифровой подписи" равнозначен
документу на бумажном носителе.
*штрих-код "Жылжымалы мүлік тізілімі" ақпараттық жүйесінен
алынған және тиісті Мемлекеттік корпорацияның электрондық-цифрлық
қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды.
штрих-код содержит данные, полученные из ИС "Реестр движимого
имущества" и подписанные электронно-цифровой подписью соответствующей
Государственной корпорации
Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулыққа 10-қосымша |
Міндетті мемлекеттік
тіркеуге жатпайтын жылжымалы
мүлік кепілін тіркеуден
дәлелді бас тарту туралы
нысан
Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін тіркеуден дәлелді бас тарту туралы хабарлама
Өтініштің бірегей нөмірі № _________________ Күні ___________________
Бас тартудың негізі:_________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(заңның баптарына сілтемесі бар, заңгермен келісілген дәлелді бас
тартудың мәтіні Мемлекеттік корпорацияда қалыптастырылады)
Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба
туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 370-II ҚРЗ 7–бабының 1-тармағына
сәйкес қағаз жеткiзгiштегi құжатпен бiрдей.
Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 ЗРК от 7 января 2003 года
"Об электронном документе и электронной цифровой подписи" равнозначен
документу на бумажном носителе.
*штрих-код "Жылжымалы мүлік тізілімі" АЖ ақпараттық жүйесінен алынған
және тиісті Мемлекеттік корпорацияның электрондық-цифрлық
қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды.
штрих-код содержит данные, полученные из ИС "Реестр движимого
имущества" и подписанные электронно-цифровой подписью соответствующей
Государственной корпорации