Аударымдық төлем тәсілімен төлем айналымын бөлу жөнінде есеп жасау және есеп беру ережесін бекіту туралы

Қаулы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы 1999 жылғы 3 шілде N 159

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының төлем жүйесінде ақша қозғалысына жан-жақты талдау жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасы қаулы етеді:
      1. Аударымдық төлем тәсілімен төлем айналымын бөлу жөнінде есеп жасау және есеп беру ережесі бекітілсін және тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуді өндіріске пайдалануға енгізген күннен бастап күшіне енгізілсін.
      2. Заң департаменті (Сизова С.И.) Төлем жүйесі басқармасымен (Мұсаев Р.Н.) бірлесіп осы қаулыны және Аударымдық төлем тәсілімен төлем айналымын бөлу жөнінде есеп жасау және есеп беру ережесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткізсін.
      3. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.) осы қаулыны және Аударымдық төлем тәсілімен төлем айналымын бөлу жөнінде есеп жасау және есеп беру ережесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына жіберсін, оларға осы қаулыны және бекітілген Ережені екінші деңгейдегі банктерге жіберуді міндеттесін.
      4. Ақпарат технологиясы департаменті (Поликарпов О.Ю.) тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлесін және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге және оның филиалдарына 1999 жылғы IV тоқсанда өндіріске енгізуді қамтамасыз етсін.
      5. Бюджетті жоспарлау және бақылау басқармасы (Ғалиева Д.Т.) Ақпарат технологиясы департаментімен (Поликарпов О.Ю.) бірлесіп 1999 жылғы бірінші жартыжылдықтағы жұмыс нәтижелері бойынша түзету жасаған кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1999 жылғы бюджетінен (шығыстар сметасынан) тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге қажетті ақша қарастырсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ.Абдулинаға жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы
                                         Қазақстан Республикасы
                                         Ұлттық Банкі Басқармасының
                                         1999 жылғы 3 маусымдағы
                                         N 159 қаулысымен бекітілген

                Аударымдық төлем тәсілімен төлем айналымын
              бөлу жөнінде есеп жасау және есеп беру ережесі

      1. Осы Ереже екiншi деңгейдегi банктердiң және "Казпочтабанк" ашық акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - банктер) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем жүйесі бөлімшелеріне (бұдан әрі - бөлімше) аударымдық төлем тәсілімен төлем айналымын бөлу жөнінде есеп жасау және есеп беру тәртібін белгілейді. <*>
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2001.02.14.
               N 34 қаулысымен. V011469_
      2. Банктер аударымдық төлем тәсiлiмен төлем айналымын бөлу бойынша есептi бөлiмшеге келесi есеп беретiн айдың 15-iнен кешiктiрмей электрондық байланыс арналары бойынша электронды форматпен тапсырады (N 1 қосымша, N 2 қосымша және N 3 қосымша). <*>
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               2001.02.14. N 34 қаулысымен. V011469_
      3. Банктің аударымдық төлем тәсілімен төлем айналымын бөлу есебін бөлімшеге дұрыс әрі уақтылы тапсыруына жауапкершілік банктің басшысына және бас бухгалтеріне жүктеледі. <*>
      Ескерту. 3-тармақ өзгерді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2001.02.14.
               N 34 қаулысымен. V011469_
      4-6. <*>
      Ескерту. 4,5,6-тармақтар алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі
               басқармасының 2001.02.14. N 34 қаулысымен. V011469_
      7. Аударымдық төлем тәсiлiмен төлем айналымын бөлу бойынша есеп

Қазақстан Республикасының төлем жүйесiне және облыстарына қатысты 
Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын төлем құжаттарын және 
төлемдердi жүзеге асыру тәсiлдерiн көрсетуге арналған.
<*>

     Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының     
              2001.02.14. N 34 қаулысымен. 

V011469_

 
     8. Аударымдық төлем тәсілімен төлем айналымын бөлу есебінде Қазақстан 
Республикасының аумағында төлемі мен ақша аударымын жүзеге асырудың 
мынадай 
әдістері қарастырылуы тиіс:
     1) Төлем тапсырымдары;
     2) Төлемдік талап-тапсырымдар;
     3) Чектері;
     4) Тікелей дебеттеу әдісі;
     5) Төлем карточкалары;
     6) Инкассалық нұсқаулар.
     Аударымдық төлем тәсiлiмен төлем айналымын бөлу бойынша есеп 
мыналарды пайдалана отырып төлемдер мен ақша аударымдарының санын және 
сомасын көздеуi тиiс:
     1) Вексельдер;
     2) Төлем ордерлерi;
     3) Банктiк есепшот ашпай аударым жасау;
     4) Ақша аударуға арналған өтiнiш;
     5) Халықаралық почта аударымдары;
     6) Аккредитивтер.
<*>

     Ескерту. 8-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының        
              2001.02.14. N 34 қаулысымен. 

V011469_

 
     9. Аударымдық төлем әдісімен төлем айналымын бөлу есебі мынадай болуы 
тиіс:


      1) төлем жүйесінің түрлері бойынша бөле отырып, жалпы алғанда облыстық банк жүйесі бойынша аударымдық төлем тәсілімен төлем айналымын бөлу жөнінде ақпарат;
      2) төлем жүйесiнiң түрлерi бойынша төлем айналымын бөлу: Ақша аударудың банкаралық жүйесi, Бөлшек төлем жүйесi, Iшкi банк жүйесi, бiр-бiрiне ашқан корреспонденттiк есепшоттар арқылы банктер арасында жүзеге асатын төлем; <*>
      3) әрбір аударымдық төлем тәсілі бойынша транзакциялардың жалпы саны және сомасы;
      4) әрбір төлем құжаты бойынша - клиент төлемінің жалпы саны, барлық клиенттердің жалпы сомасы, банк төлемінің жалпы саны, барлық банк төлемінің жалпы сомасы.
      Ескерту. 9-тармақ өзгерді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               2001.02.14. N 34 қаулысымен. V011469_
      9-1. Iшкi банктiк iшкi аймақтық төлемдерге банк iшiндегi төлем бастамашыларының нұсқауларымен жүргiзiлген банктiң (филиалдың, операция залын) iшкi облыстық төлемдерi, сондай-ақ бiр облыстың банк филиалдарының арасындағы, оған қоса бiр облыстың банкi мен клиентi арасындағы төлемдер жатады. <*>
      Ескерту. 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               2001.02.14. N 34 қаулысымен. V011469_
      9-2. Iшкi банктiк аймақаралық төлемдерге iшкi банктiк жүйе бойынша төлем бастамашыларының нұсқауларымен жүргiзiлген банктiң облысаралық төлемдерi, Қазақстан Республикасының облыстары арасындағы, оған қоса банк пен клиент арасындағы облысаралық төлемдер жатады. <*>
      Ескерту. 9-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               2001.02.14. N 34 қаулысымен. V011469_
      10. Аударымдық төлем тәсiлiмен төлем айналымын бөлу бойынша есеп жасау кезiнде әр бағанда орындауға қабылданған құжаттарда көрсетiлген саны және сомасы көрсетiледi. Бұл орайда шетел валютасымен орындауға қабылданған құжаттар банктiң ақы төлеген кездегi бағамы бойынша теңгемен көрсетiледi. <*>
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
                2001.02.14. N 34 қаулысымен. V011469_
      11. Есеп мәлiметтерiнде банк клиент және банк төлемi бойынша бөлек орындаған банктердiң төлем жүйесiнде жүргiзген төлемдерiнiң саны және сомасы көрсетiлуi тиiс. <*>
      Банк төлемі - банктің өзінің ақшалай міндеттемесі бар төлем.
      Клиент төлемі - банктiк есепшот ашпай аударым жасауды қоса алғанда банкте ашылған банктік есепшоттың иесі болып табылатын заңды және жеке тұлғалардың төлемі. <*>
      Ескерту. 11-тармақ өзгерді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               2001.02.14. N 34 қаулысымен. V011469_
      12. Чекті пайдалана отырып төлем жасау тәсілі бойынша есеп жасаған кезде чек бойынша ақшаның жалпы айналымы, оның ішінде чек кітапшасымен есеп айырысу чектері, қолма-қол ақша алуға арналған чектер, кепілдік берілген чектер, жол чектері көрсетіледі. Бұл орайда чектің әр түрі бойынша чектермен жүзеге асырылған барлық төлемдердің жалпы саны және чектермен жүзеге асырылған барлық төлемдердің жалпы сомасы көрсетіледі.
      13. Банктік есепшотты тікелей дебеттеу тәсілімен төлем жүргізу бойынша есеп жасаған кезде тікелей дебеттеу әдісімен есеп айырысуға жасалған шартқа сәйкес ақы төлеуге қабылданған төлем құжаттарының жалпы саны мен сомасы көрсетiледi. Бұл орайда тікелей дебеттеу әдісімен жүргізілген барлық төлемнің жалпы саны және тікелей дебеттеу әдісімен жүргізілген барлық төлемнің жалпы сомасы жеке көрсетіледі. <*>
      Ескерту. 13-тармақ өзгерді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               2001.02.14. N 34 қаулысымен. V011469_
      14. Төлем карточкаларымен төлем жүргізу тәсілі бойынша есеп жасаған кезде сауда терминалындағы транзакциялардың жалпы саны мен Қазақстан Республикасының аумағында эмиссияланатын төлем карточкаларының барлық түрлерінің қолма-қол беру жөніндегі транзакциялардың жалпы саны көрсетіледі. Бұл орайда төлем карточкаларымен жүргізілген барлық төлемнің жалпы саны және төлем карточкаларымен жүргізілген барлық төлемнің жалпы сомасы жеке көрсетіледі.
      15. Инкассалық нұсқаулар бойынша есеп жасаған кезде банк орындаған инкассалық нұсқаулардың жалпы саны мен сомасы көрсетіледі. Бұл орайда инкассалық нұсқаулардың жалпы саны және барлық орындалған инкассалық нұсқаулардың жалпы сомасы жеке көрсетіледі.
      15-1. Вексельдер бойынша есеп жасаған кезде банкте есепке алынған вексельдердiң жалпы саны және сомасы, сондай-ақ өтелген вексельдердiң жалпы саны және сомасы көрсетiледi. <*>
      15-2. Төлем ордерлерi бойынша есеп жасаған кезде орындалған төлем ордерлерiнiң жалпы саны және сомасы көрсетiледi.
      15-3. Банктiк есепшот ашпай аударым жасау бойынша есеп жасаған кезде

қолма-қол ақша қабылдау үшiн пайдаланылатын есепшот-хабарламалар мен басқа 
құжаттар, қолма-қол жарнаға берiлген түбiртектер, хабарландырулар 
негiзiнде банк (филиал) жасаған төлем құжаттарының жалпы саны және сомасы 
көрсетiледi.
<*>

     15-4. Ақша аударуға арналған өтiнiштер бойынша есеп жасау кезiнде 
банк қабылдаған және орындаған ақша аударуға арналған өтiнiштердiң жалпы 
саны және сомасы көрсетiледi.
     15-5. Халықаралық почта аударымдары бойынша есеп жасаған кезде 
"Western uniоn", "Money gram" жүйелері және басқа да осындай жүйелер 
бойынша жүзеге асырылған халықаралық аударымдардың жалпы саны және сомасы 
көрсетiледi.
<*>

     15-6. Аккредитивтер бойынша есеп жасау кезiнде эмитент банктер ашқан 
аккредитивтердің жалпы сомасы және сомасы көрсетіледі.
<*>

     Ескерту. 15-1 - 15-6-тармақтармен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі      
              басқармасының 2001.02.14. N 34 қаулысымен. 

V011469_

 
     16. Осы ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының 
заңдарына сәйкес шешіледі.
     
     Ұлттық Банк
     Төрағасы


                                    Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 14 ақпандағы N 34 қаулысымен бекітілген Аударымдық төлем тәсiлiмен төлем айналымын бөлу жөнiнде есеп жасау және есеп беру ережесiне өзгерiстер мен толықтыруларға N 1 қосымша

     Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының    
              2001.02.14. N 34 қаулысымен. 

V011469_

 
     
     
Банктің МФО коды ___________
Банктің атауы  _____________     
     
     Төлем тәсілі бойынша төлем айналымын бөлу жөнінде есеп
                                                       (мың теңге)
___________________________________________________________________________
 N !   Облыстардың атауы              !        Төлем тапсырмасы        
___!__________________________________!____________________________________
 1 !                2                 !        3        !         4
___!__________________________________!_________________!__________________
                                               К                   С       
___!__________________________________!_________________!__________________
 1  Банк бойынша барлығы:
 2  Ақтөбе       
 3  Ақмола      
 4  Алматы      
 7  Жамбыл       
 8  Қарағанды         
 9  Қызылорда      
10  Қостанай     
11  Маңғыстау       
12  Павлодар                                                     
13  Солтүстік Қазақстан                                   
14  Батыс Қазақстан                                        
15  Оңтүстік Қазақстан                                  
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
  
                                                       таблицаның жалғасы: 
___________________________________________________________________________
Төлем талап-тапсырмасы        !           Чектер          !Банктік есеп.   
______________________________!___________________________!шотты тікелей  
Орындалғаны  ! N 2-ші         !Қолма-қол     !Тауар және  !дебеттеу
             !картотекадағы   !ақшаны алу    !көрсетілген !
             !                !үшін          !қызмет үшін !
             !                !              !есеп айырысу!
_____________!________________!______________!____________!________________
  5    !  6  !    7   !   8   !   9   !   10 !  11  !  12 !   13  !   14  
_______!_____!________!_______!_______!______!______!_____!_______!________
  К       С       К       С       К       С     К      С      К       С    
_______!_____!________!_______!_______!______!______!_____!_______!________
                                                                           
                                                       таблицаның жалғасы: 
___________________________________________________________________________
Төлем карточкалары!    Инкассалық нұсқаулар      !   Төлем ордері          
                  !______________________________!
                  ! Төленгені  ! N 2-ші          !
                  !            !картотекадағы    !
__________________!____________!_________________!_________________________
   15    !   16   !  17  !  18 !   19   !    20  !    21   !     22
_________!________!______!_____!________!________!_________!_______________
   К         С       К      С      К         С        К          С      
_________!________!______!_____!________!________!_________!_______________
            
                                                       таблицаның жалғасы: 
___________________________________________________________________________
          Вексельдер       !Банктік  !Ақша ау. !Халық.  !Аккреди.! Жиынтығы
___________________________!есепшот  !даруға   !аралық  !тивтер  !   
Есепке алынғаны ! Өтелгені !ашпай    !арналған !почта   !        !
                !          !аударым  !өтініш   !аударым.!        !
                !          !жасау    !         !дары    !        !
                !          !         !         !        !        !
________________!__________!_________!_________!________!________!_________
    23   !  24  !  25 ! 26 ! 27 ! 28 ! 29 ! 30 ! 31 ! 32! 33 !34 ! 35 ! 36
________________!__________!_________!_________!________!________!_________
    К       С      К    С    К    С    К    С    К    С   К   С    К    С  
___________________________________________________________________________
            
Банктің басшысы ______________________ (аты-жөні)
Бас бухгалтер ______________________ (аты-жөні)
Орындаушы ______________________ (аты-жөні) тел.___________

                N 1 қосымшаны толтыру тәртiбi



      Екiншi деңгейдегi банктер мен "Казпочта" ААҚ төлем тәсiлiмен төлем айналымын бөлу жөнiндегi есептi (N 1 қосымша) былайша жасауы қажет:
      1. Төлем құжаттары мен төлем жасау тәсiлдерi бағаны Қазақстан Республикасының (бұдан әрi - ҚР) облыстарына қатысты толтырылады, сонымен қатар банктiң, оның филиалдарының және олардың клиенттерiнiң төлемдерi облыстардың тиiстi бағандарында көрсетiледi.
      2. С, С - саны және сомасы.
      "Төлем тапсырмасы"
      Форматтың 3, 4-бағандарында төлем бастамашыларынан банк қабылдаған төлем тапсырмаларының жалпы саны мен сомасы және төлем бастамашысы банк болып табылатын төлем тапсырмалары көрсетiледi.
      "Төлем талап-тапсырмасы"
      Форматтың 5, 6-бағандарында ақша жiберушi банк орындаған төлем талап-тапсырмаларының жалпы саны мен сомасы, оның iшiнде банкке ұсынылған, орындалған төлем талап-тапсырмалары көрсетiледi. Банктiң Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi есепшотына ұсынған төлем талап-тапсырмасы бұған кiрмейдi.
      Форматтың 7, 8-бағандарында N 2 (клиенттiң) картотекасындағы төлем талап-тапсырмаларының жалпы саны мен сомасы көрсетiледi.
      "Чектер"
      Форматтың 9, 10-бағандарында чек берушi банк қабылдаған қолма-қол ақшаны алуға арналған чектiң жалпы саны мен сомасы көрсетiледi.
      Сонымен қатар шетел валютасына эмиссияланған, банк төлеуге қабылдаған жол чектерi банктiң осы чектерге төлем жасаған күнгi бағамы бойынша теңгемен көрсетiлуi қажет.
      Форматтың 11, 12-бағандарында чек берушi банктiң чек ұстаушыға тауарлар және көрсетiлген қызметтер үшiн төлеген чектерiнiң жалпы саны мен сомасы көрсетiледi.
      "Банктiк есепшоттарды тiкелей дебеттеу"
      Форматтың 13, 14-бағандарында банктiң тiкелей дебеттеу әдiсiмен есеп айырысуды жүзеге асыру шартына сәйкес жасаған төлемдердiң жалпы саны мен сомасы көрсетiледi.
      "Төлем карточкалары"
      Форматтың 15, 16-бағандарында төлем карточкалары жүйесiнде (қолма-қол ақшаны алу бойынша төлем және тауарлар мен көрсетiлетiн қызметке ақы төлеу бойынша төлемдер) жүзеге асырылатын трансакциялардың жалпы саны мен сомасы көрсетiледi.
      "Инкассалық нұсқаулар"
      Форматтың 17, 18-бағандарында жiберушi банк төлеген ақшаға инкассалық нұсқаудың жалпы саны мен сомасы көрсетiледi. Банкке ұсынылған, орындалған инкассалық нұсқау да осыған кiредi. Банктiң Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi есепшотына ұсынылған инкассалық нұсқаулар бұған кiрмейдi. Инкассалық нұсқауларды iшiнара орындаған кезде "Төленген" бағанында банк инкассалық нұсқаулардың нақты төленген сомасының төлем құжаттарының санын көрсетедi.
      Сонымен қатар инкассалық нұсқаулардың саны мен қалған сомасы толық төленгенге дейiн "N 2 картотека" бағанында көрсетiледi.
      Форматтың 19, 20-бағандарында N 2 (клиенттiң) картотекасындағы инкассалық нұсқаудың жалпы саны мен сомасы көрсетiледi.
      "Төлем ордерлерi"
      Форматтың 21, 22-бағандарында банк клиенттерiнен қабылданған және төлем бастамашысы банк болып табылатын төлем ордерлерiнiң жалпы саны мен сомасы көрсетiледi. Банк өздiгiнен әзiрлеген құжаттар не Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен бекiтiлген, банк пен клиент арасындағы операциялар негiзделiп жасалатын төлем құжаттарын осы бағанда көрсету керек.
      "Вексельдер"
      Форматтың 23, 24-бағандарында банк есепке алған вексельдердiң жалпы саны мен сомасы көрсетiледi (есепке вексель ұсынушы адамға төленген сома).
      Форматтың 25, 26-бағандарында өтелген вексельдердiң жалпы саны мен сомасы көрсетiледi.
      "Банктiк есепшот ашпай аударым жасау"
      Форматтың 27, 28-бағандарында түбiртектер, қолма-қол ақшамен жарна төлеу хабарландырулары, есепшот хабарламалары және қолма-қол ақшаны қабылдау үшiн пайдаланылатын басқа да құжаттар негiзiнде банк жүзеге асырған төлем құжаттарының жалпы саны мен сомасы көрсетiледi.
      "Ақша аударуға арналған өтiнiш"
      Форматтың 29, 30-бағандарында банк қабылдаған және орындаған ақша аударымдарына берiлген өтiнiштердiң жалпы саны мен сомасы көрсетiледi.
      "Халықаралық почта аударымдары"
      Форматтың 31, 32-бағандарында "Western uniоn", "Money gram" жүйелерi

және басқа да осындай жүйелер бойынша жасалған халықаралық аударымдардың 
жалпы саны мен сомасы көрсетiледi.
     "Аккредитивтер"
     Форматтың 33, 34-бағандарында есептi кезең iшiнде ашылған 
аккредитивтердiң жалпы саны мен сомасы көрсетiледi. Бұл бағанды 
аккредитивке бұйрық берушiнiң өтiнiшiне сәйкес аккредитив ашушы эмитент 
банк толтырады.
     "Жиынтығы"
     Форматтың 35, 36-бағандарында төлем құжаттарының жалпы саны мен 
сомасы, төлем жасау тәсiлдерi көрсетiледi.
     
                            Қазақстан Республикасының
                            Ұлттық Банкі Басқармасының
                            2001 жылғы 14 ақпандағы
                            N 34 қаулысымен бекітілген
                            Аударымдық төлем тәсiлiмен төлем айналымын
                            бөлу жөнiнде есеп жасау және есеп беру         
                            ережесiне өзгерiстер мен толықтыруларға
                            N 2 қосымша
     
     Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының    
              2001.02.14. N 34 қаулысымен. 

V011469_

 
     
     Төлем жүйесіне қатысты төлем айналымын бөлу жөнінде есеп
                            
                                                            (мың теңге)    
___________________________________________________________________________
 N !   Облыстардың атауы     !       Ішкі банктік жүйе бойынша  
___!_________________________!_____________________________________________
   !                         !  Ішкі аймақаралық   !   Аймақаралық    
   !                         !_____________________!______________________
   !                         !  Саны     !  Сомасы !   Саны     !  Сомасы 
___!_________________________!___________!_________!____________!_________
1               2                  3           4           5          6
___!_________________________!___________!_________!____________!_________
 1  Банк бойынша барлығы:
 2  Ақтөбе       
 3  Ақмола      
 4  Алматы      
 5  Атырау
 6  Шығыс Қазақстан     
 7  Жамбыл       
 8  Қарағанды         
 9  Қызылорда      
10  Қостанай     
11  Маңғыстау       
12  Павлодар                                                     
13  Солтүстік Қазақстан                                   
14  Батыс Қазақстан                                        
15  Оңтүстік Қазақстан   
___________________________________________________________________________

                                                       таблицаның жалғасы:
___________________________________________________________________________
          Банкаралық төлемдер                      !         Жиынтығы
___________________________________________________!
Ішкі аймақаралық  ! Аймақаралық   !Корреспонденттік!
                  !               !есепшоттар      !
                  !               !бойынша         !
__________________!_______________!________________!_______________________
Саны    !  Сомасы ! Саны  !Сомасы ! Саны   !Сомасы !  Саны     !   Сомасы
________!_________!_______!_______!________!_______!___________!___________
    7        8        9      10      11       12       13            14
________!_________!_______!_______!________!_______!___________!___________
     

                   N 2 қосымшаны толтыру тәртiбi



      Екiншi деңгейдегi банктер мен "Казпочта" ААҚ төлем жүйелерiне қатысты төлем айналымын бөлу жөнiндегi есептi (N 2 қосымша) былайша жасауы қажет:
      "Ішкi банктiк жүйелер бойынша"
      1. Iшкi аймақтық.
      Форматтың 3-бағанында iшкi банктiк жүйе бойынша банктiң Қазақстан Республикасы облыстарының шегiнде жiберген төлемдерiнiң жалпы саны көрсетiледi (мәтiн бойынша бұдан әрi - облыстар).
      Форматтың 4-бағанында iшкi банктiк жүйе бойынша банктiң облыстар шегiнде жiберген төлемдерiнiң жалпы сомасы көрсетiледi.
      Аймақаралық.
      Форматтың 5-бағанында iшкi банктiк жүйе бойынша банктiң облыстар арасында жiберген төлемдердiң жалпы сомасы көрсетiледi.
      Форматтың 6-бағанында iшкi банктiк жүйе бойынша банктiң облыстар арасында жiберген төлемдерiнiң жалпы сомасы көрсетiледi.
      "Банкаралық төлемдер"
      1. Iшкi аймақтық.
      Форматтың 7-бағанында банктiң бөлшек төлемдер жүйесi (БТЖ), банкаралық ақша аудару жүйесi (БААЖ) арқылы облыс iшiнде жiберген төлемдерiнiң жалпы саны көрсетiледi.
      Форматтың 8-бағанында банктiң бөлшек төлемдер жүйесi (БТЖ), банкаралық ақша аудару жүйесi (БААЖ) арқылы облыс iшiнде жiберген төлемдерiнiң жалпы сомасы көрсетiледi.
      2. Аймақаралық.
      Форматтың 9-бағанында банктiң бөлшек төлемдер жүйесi (БТЖ), банкаралық ақша аудару жүйесi (БААЖ) арқылы облыстар арасында жiберген төлемдерiнiң жалпы саны көрсетiледi.
      Форматтың 10-бағанында банктiң бөлшек төлемдер жүйесi (БТЖ), банкаралық ақша аудару жүйесi (БААЖ) арқылы облыстар арасында жiберген төлемдерiнiң жалпы сомасы көрсетiледi.
      3. Корреспонденттiк есепшоттар бойынша.
      Форматтың 11-бағанында банктiң корреспонденттiк есепшоттар бойынша

ұлттық валютамен және шетел валютасымен жiберген төлемдерiнiң жалпы саны 
көрсетiледi.
     Форматтың 12-бағанында банктiң корреспонденттiк есепшоттар бойынша 
ұлттық валютамен және шетел валютасымен жiберген төлемдерiнiң жалпы сомасы 
көрсетiледi.
     "Жиынтығы"
     Форматтың 13-бағанында банктiң төлем жүйесi бойынша жүзеге асырған 
төлемдерiнiң жалпы саны көрсетiледi.
     Форматтың 14-бағанында банктiң төлем жүйесi бойынша жүзеге асырған 
төлемдерiнiң жалпы сомасы көрсетiледi.

                            Қазақстан Республикасының
                            Ұлттық Банкі Басқармасының
                            2001 жылғы 14 ақпандағы
                            N 34 қаулысымен бекітілген
                            Аударымдық төлем тәсiлiмен төлем айналымын
                            бөлу жөнiнде есеп жасау және есеп беру         
                            ережесiне өзгерiстер мен толықтыруларға
                            N 3 қосымша
     
     Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының    
              2001.02.14. N 34 қаулысымен. 

V011469_

 
     
    Төлем бастамашыларына қатысты төлем айналымын бөлу жөнінде есеп
                            
                                                          (мың теңге)    
___________________________________________________________________________
 N ! Төлем бастамашылары !Ішкі банктік жүйе !Банкаралық ! Банк бойынша
   !                     !     бойынша      ! төлемдер  ! барлығы      
___________________________________________________________________________
1  !            2        !         3        !     4     !        5
___________________________________________________________________________
                         !  Саны   ! Сомасы !Саны!Сомасы! Саны ! Сомасы
___________________________________________________________________________
2   Банк
3   Клиент
4   Жиынтығы
___________________________________________________________________________
     
                     N 3 қосымшаны толтыру тәртiбi



      Екiншi деңгейдегi банктер мен "Казпочта" ААҚ төлем бастамашыларына қатысты төлем айналымын бөлу жөнiндегi есептi (N 3 қосымша) былайша жасауы қажет:
      "Банк"
      "Iшкi банктiк жүйе бойынша" форматындағы 3-бағанның 2-жолында бастамашысы банк болған және iшкi банктiк жүйе бойынша жiберiлген төлемдердiң жалпы саны мен сомасы көрсетiледi.
      "Банкаралық төлемдер" форматындағы 4-бағанның 2-жолында банк бастамашы болған және Банкаралық ақша аудару жүйесi (бұдан әрi - БААЖ), бөлшек төлемдер жүйесi (бұдан әрi - БТЖ) және корреспонденттiк есепшоттар бойынша жiберiлген төлемдердiң жалпы саны мен сомасы көрсетiледi.
      Форматтың 4-бағанының 2-жолында бастамашысы банк болып iшкi банктiк жүйе, БААЖ, БТЖ және корреспонденттiк есепшоттар бойынша жүргiзiлген төлем құжаттарының жалпы саны мен сомасы көрсетiледi.
      "Клиент"
      "Iшкi банктiк жүйе бойынша" форматының 3-бағанының 3-жолында төлем бастамашыларының нұсқауымен iшкi банктiк жүйе бойынша банк жiберген төлемдердiң жалпы саны мен сомасы көрсетiледi.
      Форматтың 4-бағанының 4-жолында төлем бастамашыларының нұсқауымен БААЖ, БТЖ және корреспонденттiк есепшоттар бойынша банк жiберген төлемдердiң жалпы саны мен сомасы көрсетiледi.
      Форматтың 4-бағанының 3-жолында төлем бастамашыларының нұсқауымен

iшкi банктiк жүйе, БААЖ, БТЖ және корреспонденттiк есепшоттар бойынша банк 
жүргізген төлем құжаттарының жалпы саны мен сомасы көрсетіледі.
     "Жиынтығы"
     "Ішкі банктік жүйе бойынша" форматындағы 3-бағанның 4-жолында ішкі 
банктік жүйе бойынша банк жіберген төлемдердің жалпы саны мен сомасы 
көрсетіледі.
     "Банкаралық төлемдер" форматындағы 4-бағанның 4-жолында БААЖ, БТЖ 
және корреспонденттiк есепшоттар бойынша банк жіберген төлемдердің жалпы 
саны мен сомасы көрсетіледі. 
    
     Мамандар:
              Икебаева Ә.Ж.
              Жұманазарова А.Б.