Екінші деңгейдегі банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережелерін бекіту туралы

Қаулы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы 1999 жылғы 16 тамыз N 276 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 24 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 904

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасындағы екiншi деңгейдегi банктер қызметiнiң нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
      1. Екiншi деңгейдегi банктердiң кредиттеу жөнiндегi құжаттаманы жүргiзу ережелерi бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
      2. Заң департаменті (Шәріпов С.Б.) Банктік қадағалау департаментімен бірлесіп осы қаулыны және Екінші деңгейдегі банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережелерін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркесін.
      3. Банктiк қадағалау департаментi (Жұмағұлов Б.Қ.) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап екi апта мерзiмде осы қаулыны және Екiншi деңгейдегi банктердiң кредиттеу жөнiндегi құжаттаманы жүргiзу ережелерiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің облыстық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы
                                         Қазақстан Республикасы
                                         Ұлттық Банкі Басқармасының
                                         1999 жылғы 16 тамыздағы
                                         N 276 қаулысымен
                                         бекітілген

                  Екінші деңгейдегі банктердің кредиттеу
                   жөніндегі құжаттаманы жүргізу туралы
                               ережелері <*>
      Ескерту: Бүкіл мәтін бойынша "сыйақы (мүдде)", "сыйақыны
               (мүддені)" деген сөздер тиісінше "сыйақы", "сыйақыны" деген
               сөздермен ауыстырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
               2001 жылғы 31 қаңтар N 15 қаулысымен. V011424_

      Осы Ережелер Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Z952155_ және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Z952444_ Заң күшi бар Жарлықтарымен банктердiң жұмысын инспекциялау және банк жүйесiндегi кредит тәуекелiн басқару жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiне (бұдан әрi- Ұлттық Банк) жүктелген функциясын орындауға арналған талаптарын қамтамасыз ету мақсатында кредиттеу жөнiндегi құжаттаманы жүргiзуге байланысты Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiне және кредиттiк серiктестiктерге қойылатын талаптарды белгiлейдi.

      1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережелердiң мақсаттары үшiн мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      - "негiзгi борыш", "кредит сомасы" - банктiң кредитке берген ақша сомасы;
      - "кредит бойынша сыйақыны"- берiлген кредиттiң негiзгi борышқа (кредит сомасына) қатысына қарай банкке тиесiлi ақшаның жылдық мөлшерiнен есептеп шығарылған, процентпен көрсетiлiп белгiленген ақысы;
      - "кредиттiң өтелуi" - кредиттiң және сол бойынша сыйақының ставкасының сомасының қайтарылуы;
      - "кредиттiк желi" - банктiң қарыз алушыға кредит алу уақытын өзi белгiлеуге мүмкiндiк беретiн талаптар негiзiнде, бiрақ кредиттеудiң мұндай формасы үшiн банктiң iшкi кредиттiк саясатымен және шартпен белгiленген сома және уақыт шегiнде қарыз алушыны кредиттеу мiндеттемесi;
      - "кредиттiң шарттары"- кредит беру шарттары, бұған сыйақының мөлшерi, қарыз алушының мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету туралы шарттар, кредиттi өтеу мерзiмi, сондай-ақ осыларға сәйкес әрбiр жеке кредит бойынша тәуекелдi төмендетуге бағытталған айрықша шарттар жатады. <*>
      Ескерту: 1-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
               2001 жылғы 31 қаңтар N 15 қаулысымен. V011424_
      2. Банк өзiнiң iшкi кредиттiк саясатына және заем операцияларын өткiзудiң жалпы шарттарына сәйкес кредит бередi.
      Банктiң талап ету құқы болған немесе әлi бар әрбiр кредит бойынша құжаттаманың есебi кредиттiң түрiне, қарыз алушының санатына, талап ету құқын сатып алу әдiсiне қарамай осы Ережелерге сәйкес жүргiзiледi.
      Ұлттық Банктің жекелеген нормативтiк құқықтық актiлерiмен құжаттама

жүргiзудiң ерекшелiктерiн және оларды синдикатталған (консорцияланған) 
кредиттер бойынша есептеудi белгiлеуге болады.
     Егер Қазақстан Республикасының заңдарында басқаша көзделмеген болса, 
банк кредитті кредит шарты негізінде береді.
<*>

     Ескерту: 2-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі      
              Басқармасының 2001 жылғы 31 қаңтар N 15 қаулысымен.  

V011424_

  
     3. Кредит шартында мiндеттi түрде мыналар болуға тиiс:
     1) кредиттің мақсаты;
     2) берiлетiн кредиттің жалпы сомасы;
     3) кредиттiң валютасы;
     4) кредиттi өтеу мерзiмi;
     5) кредиттi өтеу әдiсi;
     6) қамтамасыз ету (түрi, сомасы);
     7) сыйақының ставкаларының мөлшерi.


      4. Банк жорамалданған қарыз алушыдан осы Ережелерге және банктiң iшкi құжаттарына сәйкес кредитке байланысты құжаттаманы жүргiзуге қажеттi қосымша ақпарат тапсыруын сұратуға құқылы.
      5. Кредит берген банк талап етудi бiреуге беру туралы шарт негiзiнде немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа әдiспен өзiнің талап ету құқын басқа бiреуге беруге құқылы. Жаңа кредит берушi кредит бойынша өзiнiң талап ету құқын жаңадан жасалған шарт негiзiнде ғана басқа бiреуге беруге құқылы.
      6. Кредит беруге, мiндеттемелердi қарыз алушының орындауын қамтамасыз етуге, талапты бiреуге беруге немесе кредит бойынша борышты аударуға байланысты банк жасаған әрбiр шартта шарт жасалғанға дейiн банктiң заң консультантының (ондай лауазым иесi бар болса) оның түрi мен мазмұнының Қазақстан Республикасының заңдарының нормаларына сәйкестiгiн растайтын қолы қойылуға тиiс.
      Кредит беру шарттарының өзгеруi (қайта құрылуы) кредит шартына, кепiл шартына, кредит шарты бойынша мiндеттемелердi орындауға байланысты басқа шарттарға тиiстi өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы қосымша келiсiмге қол қою жолымен жазбаша ресiмделуге тиiс.

      2-тарау. Берiлген кредит жөнiндегi құжаттаманы жүргiзу тәртiбi

      7. Берiлген әрбiр кредит бойынша банкте кредит папкасы арналуға тиiс, ол кредит шартына қол қойылған немесе оны бекiткен күнi ашылып, осы Ережелерде көзделген реттерде болмаса, қолданылуы тоқтатылған сәтте ғана жабылады.
      8. Кредит папкаларын жүргiзу және сақтау банктің жауапты қызметкерiне тапсырылуға тиiс, банктiң кредит папкаларындағы құжаттардың толықтығын және олардың амандығын қамтамасыз ету жөнiндегi мiндет соған жүктеледi.
      9. Ұлттық Банк банк жұмысын инспекциялаған кезде инспекторларға банктiң филиалдары берген кредиттер бойынша папкаларды қосқанда, олар сұратқан барлық кредит папкалар берiлуге тиiс.
      10. Әрбiр кредиттiк папкада соның iшiнде тұрған құжаттардың жеке тiзбесi болуға тиiс. Кредит папкасында тұрған құжаттар тiгiлген және хронологиялық тәртіппен нөмiрленген болуға тиiс.
      11. Кредит папкасындағы бланк кредиттерi бойынша кез-келген кредиттi берген кезде талап етiлетiн қажеттi құжаттаманың болуы жеткiлiктi. Негiзгi құжаттама мына тiзбеге сәйкес келедi:
      1) кредиттi пайдалану мақсаты мен мүлiк тiзбесi көрсетiлген, қарыз алушы қол қойған өтiнiш, ол кредиттi қайтаруды қамтамасыз етудiң кепiлдiгi үшiн, баланстық құны көрсетiлiп берiлуi мүмкiн;
      2) егер қарыз алушы заңды тұлға болса, оның құрылтайшы құжаттарының белгiленген тәртiппен куәландырылған көшiрмесi;
      3) заңды тұлғаның қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар нотариалды куәландырылған карточка және банктік заем шартына заем берушінің атынан қол қоюға уәкілетті адамға заем берушінің атынан берілген сенімхат; <*>
      4) жасалған кредит шартының түпнұсқасы;
      5) <*>
      6) <*>
      7) банктiң уәкiлеттi қызметкерi дайындаған, қарыз алушының кредиттi қайтаруға байланысты төлемдердi төлеуге қажеттi жеткіліктi ақша ағынын қамтамасыз ету мүмкiндiгiн растайтын есептеулер;
      8) банктiң тиiстi органының кредиттiң мерзiм бойынша және басқа шарттар бойынша берiлуiн мақұлдау жөнiндегi шешiмi;
      9) кредиттi пайдалану (мақсатты кредит берілген жағдайда) мақсатын растайтын құжаттар; <*>
      10) <*>
      11) <*>
      12) басқа банктердегi ашылған банк шоттары туралы мәлiметтер. Егер қарыз алушы осы кредиттi толық көлемде немесе оның қандай да бiр бөлiгiн алу жөнiндегi басқа адамның агентi болса, онда папкаға қарыз алушының агент ретiндегi өкiлеттiгiн растайтын құжаттың көшiрмесi қоса берiлуге тиiс, онда кредиттің сомасы және оны iс жүзiнде пайдаланушының мақсаты және заем алушының банктің заемдар бойынша берешегінің бар екендігі көрсетiледi. <*>
      13) жеке кәсіпкерлер үшін мемлекеттік тіркелгені өткен (қайта тіркелгені) жөніндегі фактіні растайтын уәкілетті орган берген, белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесі;
      14) жеке кәсіпкерлер үшін, клиенттің салық есебіне қойылғанын растайтын салық қызметі органы берген, белгіленген нысандағы құжат.
      Егер Банктің ішкі кредит саясаты туралы ережесінде мұндай шарт көзделген болса, кредит папкасында бизнес-жоспар болуға тиіс. <*>
      Ескерту: 11-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
               Басқармасының 2001 жылғы 31 қаңтар N 15 қаулысымен. V011424_
      12. Егер берiлген кредит жылжымайтын мүлiк ретiнде кепiлмен қамтамасыз етiлген болса, онда кредит папкасы жөнiндегi қосымша құжаттамада мыналар болуға тиiс:
      1) ипотека туралы жасалған, мемлекеттiк тiркеуден өткендiгi туралы белгiсi бар шарттың түпнұсқасы;
      2) кепiлге салынған мүлiктiң рыноктық құнын растайтын және дәлелдейтiн бағасы туралы құжат;
      3) кепiлге салынған мүлiктiң, егер кредит осы мүлiктi сатып алу үшiн берiлген болса, сатып алу бағасын растайтын құжаттар.
      13. Жылжымалы мүлiктің кепiлдiгi түрiндегi қарыз алушының мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз етiлетiндей жағдайда берiлген кредиттер бойынша кредиттiк папкаға негiзгi құжаттамадан басқа кепiлдiк туралы шарт, кепiлге салынған зат және оның құнын анықтау әдiсi туралы ақпарат қоса берiледi.
      Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайда кепілдiк туралы шартта оның тиiстi уәкiлеттiк мемлекеттiк органдарда тiркелгендiгi туралы белгi болуға тиiс. <*>
      Ескерту: 13-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
               2001 жылғы 31 қаңтар N 15 қаулысымен. V011424_
      14. Кепiлдiк туралы шартқа сәйкес қарыз алушының меншiгiне көшкеннен кейiн кепiлдiк затқа айналған жылжымалы мүлiктi сатып алуға бөлiнген кредиттер жөнiндегi папкада осы мүлiктiң сатып алу бағасын және оның сақтандырылған сомасын растайтын құжаттар болуға тиiс.
      15. Егер кредит қарыз алушыға құрылыс саласында пайдалану үшiн, оның iшiнде жылжымайтын мүлiктің конструкциясын өзгерту немесе оны құрылыстық жағынан басқаша жетiлдiру үшiн берiлген болса, онда папкаға жоспарланып отырған жұмыс бойынша кредит берiлген жұмыстардың орындалуын растайтын жобалау-сметалық құжат және тексеру жөнiнде банк дайындаған есептер немесе қарыз алушының қабылдау-өткiзу актiсi қоса тiркеледi.
      16. Мiндеттемелерiнiң орындалуы кепiлдiкпен немесе кепiлмен қамтамасыз етiлген кредит бойынша кредиттiк папкаға мынадай қосымша құжаттар қоса берiледi:
      1) кепiлдiк немесе кепiлдеме шарты;
      2) <*>
      3) кепiлшiнiң атынан кепiлдiк шартына немесе кепiлдемешiнiң атынан кепiлдемелiк шартқа қол қоятын адамның өкiлеттiгiн растайтын нотариалды куәландырылған құжаттар;
      4) кепілдемешінің немесе кепілдік берушінің кредит берілген күннен кейінгі қаржылық есебі. <*>
      Ескерту: 16-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
               2001 жылғы 31 қаңтар N 15 қаулысымен. V011424_
      17. Қамтамасыз ету жөнiндегi шарттарды қосқанда берiлген кредит бойынша банк жасасқан шарттарға енгiзiлген өзгертулер мен толықтырулар осы шарттардың талаптарына сәйкес ресiмделуге және тиiстi папкаға қоса тiркелуге тиiс.
      18. Банк кредиттің мақсатпен пайдаланылуын тексерудi жүзеге асыруға, сондай-ақ қарыз берушiнің қаржылық жай-күйiн талдауға тиiс. Талдау нәтижелері жөніндегі құжаттар кредиттік папкаға қоса тіркелуге тиіс. <*>
      Ескерту: 18-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
               2001 жылғы 31 қаңтар N 15 қаулысымен. V011424_
      19. Кредит бойынша берешектің толық немесе iшiнара өтелгенiн дәлелдейтiн құжаттар кредиттiк папкаға қоса тiркелуге және кредиттi өтеу көзiн (қарыз алушы аударған немесе кепiлге салынған мүлiктi сатудан түскен ақша) көрсетуге тиiс.

      3-тарау. Кредитке байланысты сатып алынған талап ету құқы бойынша
               құжаттама жүргiзу тәртiбi

      20. Егер банк кредитке байланысты құқықты сатып алса, онда талапты басқа бiреуге беру шартына қол қойған немесе ипотекалық куәлiк бойынша құқықтың берiлгенi тiркелген сәттен бастап банк кредиттiк папка ашады, оған барлық құжаттардың бастапқы кредитордағы папкада болған, осы ережелердің талаптарына сәйкес ресiмделген және бастапқы кредит берушi куәландырған көшiрмелерi тiркеледi.
      21. Осы Ережелердің 20-тармағында көрсетiлген құжаттардан басқа кредитке байланысты талапты алған банктiң осы кредиттiк папкада мыналары болуға тиiс:
      1) талапты бiреуге берген банктiң кредиттi өтеуге байланысты төлемдерінің уақтылығы және толықтығы туралы егжей-тегжейлi есебi;
      2) кредитке қызмет көрсету (кредиттi өтеу жөнiндегi төлемдердi алу) талаптары туралы ережелердi қамтитын, сондай-ақ кредиттi өтеу жөнiндегi төлемдер туралы мәлiметтер мен жазбаша құжаттарды өзара алмасу туралы шарт немесе ипотекалық куәлiк;
      3) <*>
      4) кепiл, кепiлдiк бойынша талаптарды бастапқы кредит берушiнiң беруi туралы шарттар, қарыз алушының осы кредит бойынша мiндеттемелерiн орындауды басқалай қамтамасыз етулерi.
      Банк кредитке байланысты талап ету құқын индоссамент негiзiнде ипотекалық куәлiкпен сатып алған жағдайда, сол бойынша құқықты сатып алған банк тиiстi кредиттiк папкаға бұрынғы кредит берушiмен жасасқан, осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетiлген талаптарға қатысты жеке келiсiмдi қоса тiгуге мiндеттi.
      Ескерту: 21-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
               2001 жылғы 31 қаңтар N 15 қаулысымен. V011424_

      4-тарау. Банк берген талаптар бойынша құжаттама

      22. Кредитке байланысты талаптарын бiреуге берген банк осы кредитке байланысты мiндеттемелер бойынша талаптарды бiреуге беру туралы өзi жасасқан барлық шарттарды кредиттiк папкаға тiгуге мiндеттi.
      23. Талап ету құқын банк басқа бiреуге берген кредит папкасы талаптарды бiреуге беру туралы шартқа сәйкес кредиттi өтеу жөнiндегi барлық төлемдер алынғанға дейiн жабылмайды, егер осы шартта жаңа кредит берушiге осы қызмет көрсету жөнiнде оған-мiндеттеме жүктелу көзделсе.

      5-тарау. Қарыз берушiлердi ауыстыру жөнiндегi құжаттама

      24. Қарыз берушiлердi ауыстыру бастапқы қарыз берушiнiң өзiнiң борышын басқа адамға - жаңа қарыз берушiге ауыстыру туралы шартымен, сондай-ақ кредит шартына тиiстi өзгертулер мен толықтыруларды енгiзу жолымен ресiмделедi.
      25. Қарыз берушiлерi ауыстырылған кредит бойынша негiзгi құжаттама мына тiзбеге сәйкес папкаға қоса тiгiледi:
      1) қарыз алушының және болжалды жаңа қарыз алушының банктің борышты аударуға келiсiм беруi туралы өтініші;
      2) жаңа қарыз алушыға байланысты осы Ережелердің 11-тармағына сәйкес ресiмделген негiзгi құжаттама, бұған мыналар жатпайды: аталған тармақтың 8-тармақшасы белгiлеген талаптың екi құжатқа қатысы бар банктiң ақша аударуға келiсiмi және қарыз алушының ауысуына байланысты кредит шартына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу;
      3) борышты аударуға банктің жазбаша келiсiмi, сондай-ақ бұрынғы және жаңа қарыз алушының арасындағы жазбаша келiсiм;
      4) кредит шартындағы жазбаша ресiмделген, жаңа қарыз алушы мен кредит берушi банк қол қойған өзгертулер мен толықтырулар. <*>
      5) алғашқы заем алушының өз борышын басқа адамға аудару негіздемесі. <*>
      Ескерту: 25-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
               2001 жылғы 31 қаңтар N 15 қаулысымен. V011424_

      26. Жаңа қарыз алушының мiндеттемелердi орындауын қамтамасыз етуге байланысты шарттары негiзiнде банк борышты аударуға келiсiм туралы шешiм қабылдады, сол шарттардың қандай болғанына қарай кредит папкасына осы ережелердің 12-17 тармақтарына сәйкес жаңа қарыз алушыға ресімделген тиісті қосымша құжаттар қоса тіркеледі.

      6-тарау. Банктің кепiлдiк немесе кепiлдемелiк мiндеттемелерi
               жөнiндегi құжаттар

      27. Банк кепiлдiктi немесе кепiлдемелiктi кепiлдiк немесе кепiлдемелiк жазбаша шарт формасында борышқордың өз мiндеттемелерiн орындамағаны үшiн өзiнің жауапкершілігi туралы кредит берушiге жазбаша хабарлама жiбере отырып бередi.
      28. Борышқордың мiндеттемелерiн орындамауына байланысты банк өзiң кепiлшi немесе кепiлдемешi ретiндегi кепiлдiк және кепiлдемелiк бойынша мiндеттемелерiн орындады, ендi сол кепiлдiк және кепiлдемелiк бойынша кредит папкасы ашылуға тиiс, оны кепiлдiк немесе кепiлдемешiлiк алған адам борышын өтегенге дейiн жүргiзедi.
      29. Банктiң кепiлдiк немесе кепiлдемешілік мiндеттемелерiн орындауына байланысты ашылған кредит папкасында осы Ережелердің 11-тармағында көрсетiлген талаптарға сәйкес кепілдiк шарт жасау үшiн ресiмделген құжаттар болуға тиiс.
      30. Борышқор кепiлшi немесе кепiлдемешi банк алдындағы мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз еткен жағдайда осындай кепiлдiктер мен кепiлдемешiлiктерге арналған кредит папкасында осы ережелердің 12-17 тармақтарында белгiленген талаптарға сәйкес ресiмделген құжаттар болуға тиiс.

      7-тарау. Кредиттiк мониторинг бойынша құжаттама

      31. Банк мына құжаттарды өзi берген немесе алған кредит бойынша папкаға қоса тiгуге мiндетті:
      1) банк пен қарыз алушы арасындағы жазысқан хаттар, қарыз алушының қаржылық жай-күйiн және оның кредиттi дер кезiнде және толық көлемде қайтаруға байланысты төлем жасауды жүзеге асыру қабiлетiн тексеру мақсатымен тиiстi шарттарды жасағаннан кейiн;
      2) кредиттi кепiлмен қамтамасыз ету үшiн берiлген мүлiктi инвентарлау актi;
      3) қарыз алушының кепiлшiсiнің немесе қарыз алушының кепiлдемешiсінің қаржылық жай-күйiн бiлдiретiн белгiленген тәртiппен ресiмделген құжаттар;
      4) кредиттi қайтаруға байланысты төлемдердің үздiксiздiгi мен толықтығын бiлдiретiн құжаттар;
      5) қарыз алушы өз мiндеттемелерiн орындамаған немесе тиiстi дәрежеде орындамаған жағдайда банк қолданған шаралардың куәсi болатын құжаттар.
      32. Талаптарды беру туралы шарттың негiздерiне сәйкес кредитке қызмет ететiн банк құжаттама жүргiзуге мiндеттi, ол кредиттi қайтаруға байланысты төлемдердің үздiксiздiгi мен толықтығын бiлдiретiн құжаттама жүргiзуге және оларды дер кезінде кредит папкасына қоса тiгуге мiндеттi.
      33. Банктің әлi жауапкершiлiгiнің уақыты келмеген кепiлдiктерi

бойынша осы Ережелердiң 31-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген 
құжаттама жүргiзiлуге тиiс.
     Осы Ережелердің 31-тармағына белгіленген талаптар банктің кепілдіктер 
немесе кепілдіктемелер бойынша құжаттама жүргізудің тәртібіне толық 
көлемде қатысты, солар бойынша банк борышқордың өз міндеттемелерін 
орындамағаны үшін жауап береді. 
<*>

     Ескерту: 33-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 
              2001 жылғы 31 қаңтар N 15 қаулысымен.  

V011424_

 
     
     34. 
<*>

     Ескерту: 34-тармақ алынып тасталынды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 
              2001 жылғы 31 қаңтар N 15 қаулысымен.  

V011424_

 
     
     
     Төраға
                                        Қазақстан Республикасы
                                        Ұлттық Банкі Басқармасының
                                        1999 жылғы 16 тамыздағы
                                        N 276 қаулысымен бекітілген
                                        Қазақстан Республикасындағы
                                        банктердің кредиттеу жөніндегі
                                        құжаттаманы жүргізу туралы 
                                        ережелеріне қосымша
<*>

     Ескерту: Қосымша алынып тасталынды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 
              2001 жылғы 31 қаңтар N 15 қаулысымен.  

V011424_

 
        
     Кредит бойынша талаптарды беру туралы үлгі шарт
     
     Оқығандар:
           Омарбекова А.Т.
           Икебаева Ә.Ж.