Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысымен бекітілген Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың инвестициялық қызметті жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қаулы Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы 1999 жылғы 8 шілде N 38. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 22 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 899.

Қолданыстағы
      Зейнетақы активтерінің есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрі "Ұлттық комиссия" деп аталады)

                Қаулы етеді:

      1.Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысымен бекітілген және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 12 қарашада 642 V980642_ нөмірмен тіркелген Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың инвестициялық қызметті жүзеге асыру қағидаларына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 2-тармақта:
      3) тармақшада:
      "депозиттерге" деген сөздің алдында "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;
      "осы Қағидалардың 3-1-тармағының шарттарына сәйкес" деген сөздерден кейін "депозиттерге" деген сөзбен толықтырылсын;
      2) 3-1-тармақтағы "Депозиттік сертификаттарына (ондағы депозиттерге) Компанияның инвестициялық басқаруындағы Қордың зейнетақы активтері орналастырылатын банк," деген сөздер "Депозиттік сертификаттарына (ондағы депозиттік сертификаттарға) Компанияның инвестициялық басқаруындағы қордың зейнетақы активтері орналастырылатын екінші деңгейдегі банк," деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 5-тармақтағы "және екінші деңгейдегі бір банктің банктік депозиттік сертификаттары (депозиттер)" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі депозиттер және екінші деңгейдегі бір банктегі депозиттер (екінші деңгейдегі бір банктің депозиттік сертификаттарына)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 6-тармақта:
      бірінші бөлігіндегі "депозиттік сертификат бойынша (екінші деңгейдегі банктегі депозит бойынша)" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі немесе екінші деңгейдегі банктегі депозит бойынша (екінші деңгейдегі банктің депозиттік сертификаты бойынша)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлігіндегі "депозиттік сертификатқа (екінші деңгейдегі банктегі депозитке)" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі немесе екінші деңгейдегі банктегі депозитке (екінші деңгейдегі банктің депозиттік сертификатының)" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күннен бастап күшіне енетіндігі белгіленсін.
      3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Заң басқармасы осы Қаулыны мемлекеттік тіркеу мақсатында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін.
      4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасының Зейнетақыны реформалау бөлімі:
      1) осы Қаулыны зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызмет реттеу жөніндегі комитетінің назарына жеткізсін;
      2) осы Қаулыны зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі

қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға ниет білдірген ұйымдардың назарына 
жеткізсін;
     3) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.
     5. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметі - Талдау және 
стратегия басқармасы осы Қаулыны "Қазақстанның қор биржасы" Жақ-ның (оған 
осы Қаулыны өзінің мүшелерінің назарына жеткізу жөніндегі міндетті жүктей 
отырып) және "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" ЖАҚ-ның назарына 
жеткізсін.
     
     Ұлттық комиссияның Төрағасы       
     
     Комиссияның мүшелері
     
     
     
     Оқығандар:
           Омарбекова А.Т.
           Икебаева Ә.Ж.