Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін лицензиялау және реттеу ережесін бекіту туралы

Қаулы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы 1999 жылғы 16 тамыз N 271

Қолданыстағы
      Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін лицензиялау және реттеу ережесі бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастан күшіне енгізілсін.
      2. Жоғарыда аталған Ереже мемлекеттік тіреуден өткізілген күннен бастап, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 23 мамырдағы N 221 қаулысымен бекітілген Банктік емес қаржы ұйымдары туралы ереженің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 21 маусымдағы N 135 қаулысымен бекітілген өзгерістері мен толықтыруларының күші жойылды жеп танылсын.
      3. Заң департаменті (Шәріпов С.Б.) Банктік қадағалау департаментімен (Жұмағұлов Б.Қ.) бірлесіп осы қаулыны және Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін лицензиялау және реттеу ережесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін.
      4. Банктік қадағалау департаменті (Жұмағұлов Б.Қ.) осы қаулыны және Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін лицензиялау және реттеу ережесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізген күннен бастап екі апта мерзімде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық (Орталық, Алматы

Бас) филиалдарына жіберсін, оларға осы қаулыны және жоғарыда аталған 
Ережені банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға 
жіберуді міндеттесін.
     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық 
Банкі Төрағасының орынбасары М.Т.Құдышевке жүктелсін.
     
     Ұлттық Банк
      Төрағасы
                                        Қазақстан Республикасы
                                        Ұлттық Банкі Басқармасының
                                        1999 жылғы 16 тамыздағы
                                        N 271 қаулысымен бекітілген
     
            Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
              асыратын ұйымдардың қызметін лицензиялау
                       және реттеу ережесі
     
     


      Осы Ереже банк заңдарының талаптарына сәйкес әзiрленген және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық мәртебесiн, қызметiн лицензиялау, реттеу және тоқтату тәртiбiн айқындайды.

      1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым - банк болып саналмайтын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi - Ұлттық Банк) лицензиясы негiзiнде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргiзуге құқылы заңды тұлға.
      2. Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрi - банктiк емес ұйымдар) қызметi Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы", "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы", "Шаруашылық серiктестiктер туралы" Заң күшi бар Жарлықтарымен, "Шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы", "Валюталық реттеу туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы", "Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу туралы", "Акционерлiк қоғамдар туралы' Қазақстан Республикасының Заңдарымен, сондай-ақ банк заңдарына қайшы келмейтiн басқа да нормативтiк құқықтық актiлермен реттеледi.
      3. Егер банктiк емес ұйымдардың жекелеген түрлерiн құру, қызметiн лицензиялау, реттеу және тоқтату тәртiбi Ұлттық Банктiң арнайы нормативтiк құқықтық актiлерiмен реттелсе, онда Ұлттық Банктiң арнайы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормалары қолданылады.
      4. Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген жағдайларда болмаса, бiр де бiр банктiк емес ұйымның заңды және жеке тұлғалардың ағымдағы және жинақ есепшотын ашуға және жүргiзуге құқығы жоқ.
      5. Банктiк емес ұйым филиалдар, өкiлдiктер және еншiлес банктiк емес ұйым ашқан кезде банктiк емес ұйым оларды ашу туралы шешiм қабылдағаннан кейiн үш күннiң iшiнде Ұлттық Банкке тиiстi хабарлама беруге мiндеттi.
      6. Филиалдың, өкiлдiктiң, еншiлес банктiк емес ұйымның ашылғаны туралы хабарламада:
      1) банктiк емес ұйымның уәкiлеттi органының филиал, өкiлдiк, еншiлес банктiк емес ұйым ашу туралы шешiмнiң қабылданған күнi;
      2) филиалдың, өкiлдiктiң, еншiлес банктiк емес ұйымның атауы және мекен-жайы;
      3) банктiк емес ұйымға берiлген сенiмхат негiзiнде филиал жүргiзуге уәкiлеттi болатын банк операцияларының жекелеген түрлерiнiң тiзбесi (өкiлдiктер үшiн - өкiлдiктер қызметiнiң тiзбесi).
      Банктiк емес ұйымдардың филиалдары банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүргiзген кезде үй-жай және қызметкерлер нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленген ұйымдық-техникалық және бiлiктiлiк талаптарына сәйкес болуға тиiс.
      7. Банктiк емес ұйым немесе мемлекет өзiне жауапкершiлiк алған жағдайда болмаса, банктiк емес ұйым мемлекеттiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және сол сияқты мемлекетте оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
      8. Банктiк емес ұйым осы Ережеде көзделген банк операцияларын үйлестiру талаптарын сақтаған жағдайда (Ұлттық Банктiң Басқармасы рұқсат еткеннен басқа жағдайда) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Заң күшi бар Жарлығында көзделген банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға құқылы.

      2-тарау. Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын
               ұйымдардың құқықтық мәртебесi

      9. Банктiк емес ұйым өндiрiстiк кооперативтен басқа, өз қызметiн кез келген ұйымдық-құқықтық нысанда құра алады және жүзеге асыра алады.
      10. Өкiлдiк, атқарушы және сот өкiметi органдарынан, сондай-ақ сол мемлекеттiң тiркеу заңдарына сәйкес оффшорлық аймақта тiркелген компания мәртебесi бар заңды тұлғалардан басқасы, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары, резиденттерi және резидент еместерi банктiк емес ұйымның құрылтайшылары (қатысушылары) бола алады.
      11. Ұлттық Банк Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi болған ерекше жағдайда тек мемлекет қана құрылтайшысы болып саналатын ұйымға Үкiметтiң атынан Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Заң күшi бар Жарлығында көзделген банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға лицензия беруге құқылы.
      12. Банктiк емес ұйымның әрбiр түрi бойынша жарғы капиталының ең аз мөлшерiн Ұлттық Банк Басқармасы белгілейдi және осы соманың шегiнде тек қана ақшамен төленуге тиiс (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен тек мемлекет қана құрылтайшысы болып саналатын банктiк емес ұйымның жарғылық капиталын қалыптастыру тәртiбi басқаша көзделуi мүмкiн жекелеген жағдайларды ескермегенде).
      13. Банктiк емес ұйымның жарғылық капиталына төлем жасау үшiн кредиттен, кепiлден және басқаша тартылған қаражаттан алынған ақшаны пайдалануға тыйым салынады. Сонымен қатар басқа заңды тұлғалардың меншiк капиталына қатысу үлесiн есептен шығара отырып, банктiк емес ұйым құрылтайшыларының (қатысушыларының) меншiк капиталы шегiнде акцияларға төлем жасауға болады.
      14. Жаңадан құрылған банктiк емес ұйымның құрылтай құжаттарында (құжатында) жарияланған жарғылық капиталының мемлекеттiк тiркеуден өткенге дейiн елу процентi және лицензия беру туралы өтiнiш берген кезден бастап толық төленуге тиiс, бiрақ мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап бiр күнтiзбелiк жылдан кешiктiрмеу керек.
      15. Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес акционерлiк қоғам нысанында құрылған банктiк емес ұйымдар Ұлттық Банктiң екiншi деңгейдегi банктердiң бағалы қағаздар эмиссиясының проспектiлерiн және олардың бағалы қағаздар шығару және орналастыру қорытындысы туралы есептерiн жүргiзу тәртiбiн реттейтiн қолданылып жүрген нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес банктiк емес ұйымдардың бағалы қағаздар эмиссиясының проспектiлерiне және бағалы қағаздар шығару және орналастыру қорытындысы туралы есептерiне Ұлттық Банкте сараптама жүргiзуге мiндеттi.
      16. Ұлттық Банк банктiк емес ұйымдарға банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүргiзуге лицензия (бұдан әрi - лицензия) беруге Қазақстан Республикасының аумағында уәкiлеттi бiрден-бiр лицензиар болып табылады.

      3-тарау. Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын
               ұйымдарды құру және лицензиялау

      17. Банктiк емес ұйым Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылтай құжаттары негiзiнде құрылады және iс-әрекет жасайды.
      Құрылтай құжаттары (құжат), сонымен бiрге оған енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар мiндеттi түрде Ұлттық Банкпен келiсiлiп жасалуға тиiс.
      18. Құрылтай құжаттарында (құжатта), сондай-ақ оған енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларда Қазақстан Республикасының, оның iшiнде банк заңдарында көзделген мәлiметтер болуға тиiс.
      19. Банктiк емес ұйым Ұлттық Банк берген лицензия негiзiнде өз лицензиясында нақты көрсетiлген жекелеген банк операцияларының түрлерiн жүргiзуге құқылы.
      20. Лицензия банктiк емес ұйымға шектеусiз мерзiмге берiледi және оны үшiншi тұлғаға беруге болмайды.
      21. Ұлттық Банктiң Басқармасы банктiк емес ұйымға лицензия беру, лицензия беруден бас тарту, тоқтата тұру, күшiн жою туралы шешiм қабылдауға өкiлеттi орган болып табылады.
      22. Лицензия банктiк емес ұйымға Ұлттық Банктiң Басқармасы рұқсат еткенде болмаса, басқа жағдайда операцияларды тек қана теңгемен жүзеге асыруға берiледi.
      Лицензияның нысанын Ұлттық Банк белгiлейдi (N 1 қосымша).
      23. Бiрде бiр заңды тұлғаның Ұлттық Банктiң лицензиясынсыз банк операцияларын жүзеге асыруға құқығы жоқ.
      Құрылтай құжаттарында банк қызметiн жүзеге асыру көзделген заңды тұлға мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн бiр жыл iшiнде лицензия беру туралы Ұлттық Банкке өтiнiш бере алады.
      24. Ұлттық Банк лицензия беру туралы өтiнiштi барлық құжаттар берiлгеннен кейiн бiр айдың iшiнде қарауға тиiс.
      25. Ұлттық Банк банктiк емес ұйымға лицензия беру туралы мәселенi шешкен кезде банктiк емес ұйымның банк операцияларының қандай түрiн болса да жүргiзу қажеттiгiн анықтауға құқылы, сондай-ақ лицензияда жекелеген банк операциясының құрамдас бөлiгiн атап көрсетуте құқылы.
      26. Өтiнiш берушi лицензия беру туралы өтiнiшпен бiрге мынадай құжаттар беруге тиiс:
      1) мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiк;
      2) әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өткен құрылтай құжаттары (қазақша және орысша);
      3) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы тiркеген бағалы қағаздар шығару және орналастыру қорытындысы туралы есеп (егер банктiк емес ұйым акционерлiк қоғам нысанында құрылған болса);
      4) осы Ережеде белгiленген талаптарға сәйкес банктiк емес ұйым үшiн Ұлттық Банк белгiлеген жарғылық капиталдың ең аз мөлшерiн төлегенiн растайтын құжаттар;
      5) құрылтайшылардың (қатысушылардың) - заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары және олардың соңғы есеп беру күнiндегi бухгалтерлiк балансы, құрылтайшылардың (қатысушылардың) - заңды тұлғалардың қаржы жағдайы туралы аудиторлық фирманың (аудитордың) қорытындысы, немесе жеке тұлғалар үшiн - банктiк емес ұйымның жарғылық капиталына қатысуға жеткiлiктi өз қаржысының бар екенiн растайтын құжаттар;
      6) егер құрылтайшы (қатысушы) Қазақстан Республикасының резидентi болып саналмаса: тиiстi мемлекеттiң мемлекеттiк немесе қадағалау органының банктiк емес ұйымның - Қазақстан Республикасы резидентiнiң жарғылық капиталына қатысуына рұқсат беретiнi туралы жазбаша хабарламасы не құрылтайшы (қатысушы) мемлекеттiң заңдары бойынша мұндай рұқсат талап етiлмейтiнi туралы тиiстi мемлекеттiң мемлекеттiк немесе қадағалау органының мәлiмдемесi;
      7) егер құрылтайшы (қатысушы) жарғылық капиталда елу проценттен аз мемлекет үлесi бар кәсiпорын болып табылса - тиiстi уәкiлеттi органның банктiк емес ұйымның жарғылық капиталына қатысуға берген рұқсаты.
      Жарғылық капиталының елу процентiнен астамы мемлекетке тиесiлi мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдар банктiк емес ұйымның құрылтайшысы және акционерi бола алмайды;
      8) банктiк емес ұйымның атқарушы органының басшысы және бас бухгалтерi туралы мәлiметтер: аты-жөнi, азаматтығы, мекен-жайы, сондай-ақ олардың белгiленген талаптарға сай келетiнiн растайтын мәлiметтер;
      9) банктiк емес ұйымның жан-жақты ұйымдық құрылымы;
      10) банктiк емес ұйымдардың стратегиясын, қызмет ауқымын, рыноктарды талдауды, тәуекелдердi бағалауды сипаттайтын және басқа да қызметiн құрайтын банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүргiзуге берiлетiн лицензия алуға экономикалық негiздеме.
      1) - 5), 7)-тармақшаларда көрсетiлген құжаттарды нотариалды куәландырылған көшiрме түрiнде беруге болады.
      27. Өтiнiш берушi лицензия алу үшiн:
      1) банк операцияларының түрiне қарай, белгiленген нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес ұйымдық-техникалық iс-шараларға, үй-жайлар мен жабдықтарды дайындауға қоса барлық талаптарды орындауға тиiс, сондай-ақ тиiсiнше бiлiктi қызметкерлердi жинауға;
      2) жариялы (тiркелген) жарғылық капиталды төлеуге;
      3) банк заңдарының талаптарына сәйкес операция жүргiзудiң жалпы шарттарын, банктiк емес ұйымның iшкi ережесiн беруге;
      4) өзiнiң басшы қызметкерлерiн Ұлттық Банкпен келiсуге және Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен қойылған қолдар мен мөр таңбасының үлгiлерi бар құжаттарды ресiмдеуге тиiс.
      Банктiк емес ұйым басшы қызметкерлер санатына жатпайтын адамдарға, олардың өкiлеттiлiгi жазбаша расталған жағдайда, қойылған қолдар мен мөр таңбасының үлгілерi бар құжаттарға бiрiншi және екiншi қол қою құқығын беруге құқылы.
      28. Шетел валютасымен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүргiзуге лицензия алу үшiн мынадай қосымша талаптарды орындау қажет:
      1) шетел валютасымен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға лицензия алуға өтiнiш бергенге дейiн бiр жыл iшiндегi жұмыс iстеу нәтижесi бойынша қаржы жағдайының тұрақтылығы;
      2) Банктiк қадағалау департаментiнiң банктiк емес ұйымның шетел валютасымен банк операцияларының жекелеген түрлерiн орындауға дайын екендiгi туралы қорытындысы (Ұлттық Банктiң техникалық және бiлiктiлiк талаптарын сақтауы).
      29. Банктiк емес ұйымның басшы қызметкерлерiне директорлар кеңесiнiң төрағасы және мүшелерi (егер банктiк емес ұйымның жарғысында оны құру көзделген болса), атқару органының басшысы және бас бухгалтер жатады.
      Банктiк емес ұйымның басшы қызметкерлерi осы тармақта белгiленген ең аз талаптарға сай болуға тиiс.
      Атқарушы органның басшысы, директорлар кеңесiнiң төрағасы қызметiне (егер банктiк емес ұйымның жарғысында оны құру көзделген болса):
      1) жоғары бiлiмi жоқ;
      2) соттылығы өтелмеген немесе заңда белгiленген тәртiп бойынша алып тасталмаған;
      3) бұрын банкротқа ұшыраған, заң талаптарын орындамағаны үшiн банк ашу рұқсаты қайтарылып алынған және/немесе банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензиясының күшi жойылған заңды тұлғаның не банктiң немесе банктiк емес ұйымның басшы қызметкерi болған адам лауазымды қызметке сай келмейдi деп танылып, ондай қызметке тағайындалмайды.
      Банктiк емес ұйымның директорлар кеңесiнiң төрағасы, атқарушы органының басшысы және бас бухгалтерi қызметке Ұлттық Банктiң келiсiмiмен тағайындалады (сайланады).
      Банктiк емес ұйымның басшы қызметiне тағайындалуға тиiстi кандидатураларды келiсу Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
      Аталған қызметкерлер өз мiндеттерiн Ұлттық Банктiң келiсiмiн алғанға дейiн үш айдан астам уақыт атқаруына болмайды.
      30. Банктiк емес ұйымдарға операциялардың қосымша түрлерiне лицензия бергенде, оған банктiк емес ұйымға рұқсат етiлген операциялардың барлық тiзбесi енгiзiледi. Банктiк емес ұйымға бұрын берiлген лицензия Ұлттық Банкке қайтарылуға тиiс.
      Лицензия берiлгенi үшiн мөлшерi және төлеу тәртiбi қолданылып жүрген заңдарда анықталған алым алынады.
      31. Ұлттық Банк берiлген, күшi уақытша тоқтатылған және күшi жойылған лицензиялар тiзiмдемесiн жүргiзедi (N 1, N 2, N 3 қосымшалар).
      32. Банктiк емес ұйым лицензияның түпнұсқасын жоғалтқан жағдайда, тиiстi уәкiлеттi ұйым банктiк емес ұйымның лицензияны жоғалтқаны туралы фактiнi растап құжат берсе және банктiк емес ұйым тиiстi ақпаратты кем дегенде екi республикалық басылымдарда жарияласа, Ұлттық Банкке жаңа лицензия беру туралы өтiнiш бере алады.
      Осы Ереженiң 26-29-тармақтарында көзделген талаптар мұндай жағдайларда банктiк ұйымдарға қолданылмайды.
      33. Ұлттық Банк жұмыс iстеп тұрған банктiк емес ұйымдарға банк операцияларының қосымша түрлерiн жүргiзуге лицензия беру үшiн Ереженiң осы тарауында белгiленген тәртiппен банктiк емес ұйымның операция жүргiзуге дайындығын тексередi.
      Банктiк емес ұйымдарға банк операцияларының қосымша турлерiн жүргiзуге 27-тармақта көзделген негiздерден басқа, мынадай талаптарды орындаған жағдайда:
      1) операциялардың қосымша түрлерiне лицензия алуға өтiнiш бергеннен кейiн қатарынан үш ай бойы банктiк емес ұйымдар үшiн белгiленген нормаларды және/немесе лимиттердi орындап отырса;
      2) банктiк емес ұйымның бюджетке қарызы болмаса;
      3) нормативтiк құқықтық актiлердi орындаса лицензия берiлетiн болады.
      34. Банктiк емес ұйым банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүргiзуге лицензия алу үшiн банк операцияларын лицензиялау мәселесiн реттейтiн Ұлттық Банктiң арнайы нормативтiк құқықтық актiлерiн орындауға тиiс.
      Банктiк емес ұйымның (оның филиалдарының) қызмет үйiнiң және басқа өндiрiстiк үй-жайының, оған қоса ондағы күзет, өрт және қауiп дабылдарының техникалық жағдайының сәйкес келуi нормативтiк құқықтық актiлер негiзiнде анықталады.
      35. Банктiк емес ұйымның банк қызметiн жүзеге асыруға (операцияның қосымша түрлерiн жүргiзуге) дайындығын анықтау үшiн Ұлттық Банк банктiк емес ұйым объектiсiнiң (үй-жайының) тұрған жерiнде тиiстi тексеру жүргiзедi. Осындай мақсатпен оның тиiстi құрылымдық бөлiмшелерiнiң немесе облыстық филиалдарының қызметкерлерiнен Ұлттық Банктiң комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) құрылады.
      Ұлттық Банк банктiк емес ұйымның Комиссия құру немесе өзiнiң облыстық филиалдарының техникалық дайындығын тексеру жөнiнде өкiлеттiк беруге құқылы.
      36. Банктiк емес ұйымның банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға дайындығы туралы материалдар Банктiк қадағалау департаментiне берiлуге тиiс.
      37. Операцияның қосымша түрлерiне лицензия беру туралы өтiнiш осы Ереженiң 24-тармағында белгiленген мерзiмде қаралуға тиiс.
      38. Осы Ереженiң 26-29 тармақтарында белгiленген талаптардың кез келгенiн сақтамаған жағдайда және мынадай негiздердiң кез келгенi бойынша:
      1) банктiк емес ұйымның құрылтай құжаттары қолданылып жүрген заңдарға сай келмесе;
      2) банктiк емес ұйымның жарғылық капиталының мөлшерi, құрамы және құрылымы қолданылып жүрген заңдардың талаптарына сай келмесе;
      3) банктiк емес ұйымның және/немесе оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) қаржы жағдайы тұрақсыз болса;
      4) банктiк емес ұйымның бюджетке қарызы болса;
      6) банктiк емес ұйымның басшылық лауазымына үмiткерлер осы Ережеде белгiленген ең аз талаптарға сай келмесе банктiк емес ұйымға банк операцияларын жүргiзуге лицензия беруден бас тартуға болады.
      39. Лицензия беруден бас тартқан жағдайда өтiнiш берушiге жазбаша түрде және лицензия беру үшiн белгiленген мерзiмде себебi көрсетiле отырып жауап бередi.

      4-тарау. Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын
               ұйымдардың жүргiзуге болатын банк операцияларын қоса атқаруы

      40. Несие және ломбард операцияларын сейф, касса және есеп операцияларымен қоса атқаруға болады.
      41. Инкассация, банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды жiберу бойынша операцияларды басқа банк операцияларымен қоса атқаруға болмайды.
      42. Клиринг (есеп айырысу) операцияларын аударым операцияларымен, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктер мен ұйымдардың корреспонденттiк шоттары бойынша есеп айырысу және оны ашу және жүргiзу жөнiндегi операциялармен қоса атқаруға болады.
      Ерекше жағдайда, Ұлттық Банктiң шешiмi бойынша, банктiк ұйым овердрафт беру жолымен операциялық күн iшiнде клинринг қатысушыларының позицияларын жабу үшiн несие операцияларын жүргiзуге құқылы.
      43. Бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi (инвестициялық қорлардан басқасын) жүзеге асыратын банктiк емес ұйым банк операцияларының тек қана мынадай түрлерiн орындауға:
      1) банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттiк шоттарын ашуға және жүргiзуге;
      2) аударым операцияларын: заңды және жеке тұлғалардың ақша аударымы бойынша тапсырмаларын орындауға;
      3) клиринг (есеп айырысу) операцияларын: төлемдердi жинауға, салыстырып тексеруге, сұрыптауға және растауға, сондай-ақ олардың өзара есеп беруiн жүргiзiп отыруға және клирингке қатысушылардың таза позициясын анықтауға;
      4) сейф операцияларын: клиенттердiң бағалы қағаздарын, құжаттарын және құндылықтарын сақтау, оған қоса сейф жәшiктерiн, шкафтарын және үйлерiн жалға беру жөнiнде қызмет көрсетуге;
      5) бағалы қағаздар рыногында клиринг қызметiн жүзеге асыруға құқылы.
      44. Банктiк емес ұйымдардың аударым операцияларын жүргiзуге лицензиясы болса, екiншi деңгейдегi банктерде корреспонденттiк есепшоттар ашуға құқылы. Ерекше жағдайда корреспонденттiк есепшоттарды Ұлттық Банктiң тиiстi уәкiлеттi органының шешiмi негiзiнде Ұлттық Банкте ашуға болады.
      45. Банктердiң және/немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың кредиттерiн тартатын банктiк емес ұйымдар өз активтерiн екiншi деңгейдегi банктер үшiн белгiленген тәртiппен жiктеуге мiндеттi.
      Жекелеген жағдайда банктiк емес ұйымға банк операцияларын жүргiзуге лицензия берген кезде Ұлттық Банктiң Басқармасы банктер үшiн белгiленген тәртiппен банктiк емес ұйымда iшкi аудит бақылауын мiндеттi түрде ұйымдастыруды белгiлеуге құқылы.

      5-тарау. Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын
               ұйымдардың қызметiн реттеу және оған бақылау жасау тәртiбi

      46. Банктiк емес ұйымдардың бухгалтерлiк және басқа есебiнiң тiзiмi, нысаны және беру мерзiмi, сондай-ақ оларды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк Ұлттық Банктiң жекелеген нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
      Банктiк емес ұйымдар Ұлттық Банкке оның сұрауы бойынша кез келген ақпаратты, оған қоса өз қаражаты, оның iшiнде Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегi қаражаты, өздерi жүргiзетiн операциялар, берiлген және алынған кредиттер (займдар) туралы мәлiметтер және басқа мәлiметтер беруге мiндеттi.
      47. Ұлттық Банк Басқармасы банктiк емес ұйымдар сақтауға мiндеттi қосымша нормативтердi және/немесе нормаларды белгiлеуге құқылы.
      48. Ұлттық Банк банктiк емес ұйымдар қызметiне инспекция жүргiзедi, ол облыс, республикалық дәрежедегi қала аумағына орналасқан банктiк емес ұйымдарға, өзiнiң облыстық (Орталық, Алматы бас) филиалдарына инспекция жүргiзу жөнiнде өкiлеттiк беруге құқылы.
      49. Өзiнiң қызметтiк мiндетiн атқару бойынша банктiк және коммерциялық құпиядан тұратын мәлiметтер (ақпарат) алуға рұқсат берiлген адамдардың осы жоғарыда аталған мәлiметтердi (ақпаратты) жария етуiне немесе үшiншi тұлғаға беруiне тыйым салынады. Аталған мәлiметтердi (ақпаратты) үшiншi тұлғаға жария еткенi немесе бергенi үшiн кiнәлi адам қолданылып жүрген заңдарда көзделгендей жауап беретiн болады.
      50. Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүргiзуге берiлген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе күшiн жою мынадай негiздердiң кез келгенi бойынша:
      1) банктiк емес ұйымға Ұлттық Банктiң лицензиясы жалған мәлiметтер негiзiнде берiлгенi анықталса;
      2) қолданылып жүрген заңдарды ұдайы (қатарынан он екi күнтiзбелiк ай iшiнде үш рет және одан да көп рет) бұзса;
      3) Ұлттық Банкке есеп пен мәлiметтердi бермесе немесе әдейi дұрыс бермесе;
      4) Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiн бұзса, не банктiк емес ұйымға ықпал етудiң шектеу шараларын қолданудан туындайтын шарттарды орындамаса;
      5) банктiк емес ұйым өз қызметiн жүргiзуге болатын операцияларды қоса атқару жөнiндегi талаптарды бұза отырып жүргiзсе;
      6) банктiк емес ұйым қолданылып жүрген заңдарда, банктiк емес ұйымның құрылтай құжаттарында (құжатта) және банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияда белгiленгеннен басқа өзiнiң құқықтық мүмкiндiгi шегiнен тыс операцияларды жүргiзсе;
      7) банктiк емес ұйымның қайта құру не тарату жолымен өз қызметiн ерiктi түрде тоқтату туралы шешiмi болса;
      8) банктiк емес ұйым банкротқа ұшыраса;
      9) сот банктiк емес ұйымның қызметiн тоқтату туралы шешiм шығарса жүзеге асырылады.
      51. Банктiк емес ұйымның лицензиясы жойылған жағдайда Ұлттық Банк

заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу органдарына қабылданған шешiм туралы 
бiр айдың iшiнде хабарлайды.
     
     6-тарау. Қорытынды ережелер
     
     52. Банктiк емес ұйымдарды қайта құру және тарату қолданылып
жүрген заңдардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
     53. Банктiк емес ұйымдар қолданылып жүрген заңдарды бұзған жағдайда 
банктер үшiн белгіленген ықпал етудiң шектеу шараларын, сондай-ақ ұйымды 
ашуға берiлген рұқсатты қайтарып алу, тоқтатып қою режимiнен және 
акцияларды ерiксiз түрде сатып алу мүмкiндiгiнен басқа санкцияларды 
қолдануға құқылы.
     54. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасы
заңдарының нормаларына сәйкес шешiлуге тиiс.
     
     
     Ұлттық Банк Төрағасы
     
                                        Қазақстан Республикасы Ұлттық
                                        Банкі Басқармасының 
                                        1999 жылғы 16 тамыз N 271
                                        қаулысымен бекітілген
                                        Банк операцияларының жекелеген
                                        түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың
                                        қызметін лицензиялау және реттеу
                                        ережесіне
                                        N 1 қосымша
     
             Теңгемен банк операцияларын жүргізуге берілген
                               Лицензия
     
     Номері ____________
     Берілген күні ___________ жылғы "__"__________
     
     Мемлекеттік тіркелген күні және тіркеу номері
     _____________________________________________
     _____________________________________________

     Осы лицензия Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
     Басқармасының 1999 жылғы "___" _________
     N ____ қаулысына сәйкес ___________________________________________
                              (банк операцияларының жекелеген түрлерін
     ___________________________________________________________ берілді   
 
        жүзеге асыратын ұйымның атауы және мекен-жайы)
     
     және мынадай банк операцияларын жүргізу құқығын береді:
     1. _____________________________________________
     2. _____________________________________________
     3. _____________________________________________
     ... ____________________________________________
     
     Осы лицензияның шарттарынан туындайтын құқықтарды үшінші тұлғаға 
беруге болмайды.

     Осы лицензия бір данада беріледі.
     
                                        Қазақстан Республикасы Ұлттық
                                        Банкі Басқармасының 
                                        1999 жылғы 16 тамыз N 271
                                        қаулысымен бекітілген
                                        Банк операцияларының жекелеген
                                        түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың
                                        қызметін лицензиялау және реттеу
                                        ережесіне
                                        N 2 қосымша
     
                Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
       банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
      ұйымдарға берілген лицензиялардың есебін жүргізу жөніндегі
                            Тізілімі

---------------------------------------------------------------------------
Рет!Ұйымның толық ! Ұйымның    ! Лицензияның  ! Орындалатын! Банктен
N  !атауы және    !мемлекеттік !тіркелген күні!банк опера- !басқа ұйымдар
   !мекен-жайы    !тіркелуі    !және номері   !цияларының  !орындайтын
   !              !туралы      !              !түрлері     !қызмет түрлері
   !              !мәліметтер  !              !            !   
---------------------------------------------------------------------------
 1 !      2       !      3     !      4       !     5      !      6
---------------------------------------------------------------------------
  
     
                                        Қазақстан Республикасы Ұлттық
                                        Банкі Басқармасының 
                                        1999 жылғы 16 тамыз N 271
                                        қаулысымен бекітілген
                                        Банк операцияларының жекелеген
                                        түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың
                                        қызметін лицензиялау және реттеу
                                        ережесіне
                                        N 3 қосымша
     
                Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
       банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
      ұйымдарға берілген қолданылуын тоқтата тұру лицензияларының 
                       есебін жүргізу жөніндегі
                            Тізілімі

---------------------------------------------------------------------------
Рет!Ұйымның толық !Лицензияның !Банк операция-!Лицензияның қолданылуын
N  !атауы және    !қолданылуын !ларын тоқтата !тоқтата тұру туралы ҚРҰБ  
   !мекен-жайы    !тоқтата тұру!тұру лицензия-!Басқармасы қаулысының  
   !              !негіздемесі !сындағы банк  !көшірмесін алған адам      
   !              !және мерзімі!операциялары- !туралы мәліметтер не оның
   !              !(ҚРҰБ Басқар!ның тізімі    !ұйымға жіберілгені туралы
   !              !масы қаулы- !              ! белгі
   !              !сының күні  !              !                 
   !              !және номері)!              !           
---------------------------------------------------------------------------
 1 !      2       !      3     !      4       !            5          
---------------------------------------------------------------------------

                                        Қазақстан Республикасы Ұлттық
                                        Банкі Басқармасының 
                                        1999 жылғы 16 тамыз N 271
                                        қаулысымен бекітілген
                                        Банк операцияларының жекелеген
                                        түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың
                                        қызметін лицензиялау және реттеу
                                        ережесіне
                                        N 4 қосымша
     
                Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
       банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
       ұйымдарға берілген күші жойылған лицензиялардың есебін 
                        жүргізу жөніндегі
                            Тізілімі

---------------------------------------------------------------------------
Рет!Ұйымның толық !Лицензияның !Лицензиядағы  !Лицензияның күші жойылғаны
N  !атауы және    !күшін жою   !күші жойылған !жөнінде ҚРҰБ Басқармасы   
   !мекен-жайы    !негіздемесі !банк операция-!қаулысының көшірмесін алған
   !              !және мерзімі!ларының тізімі!адам туралы мәліметтер не  
   !              !(ҚРҰБ Басқар!              !оның ұйымға жіберілгені  
   !              !масы қаулысы!              !туралы белгі              
   !              !ның күні    !              ! 
   !              !және номері)!              !                 
---------------------------------------------------------------------------
 1 !      2       !      3     !      4       !            5          
---------------------------------------------------------------------------
     
     
     Оқығандар:
           Омарбекова А.Т.
           Икебаева Ә.Ж.