Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарға радио-телебағдарламалардан эфир уақытын беру және мемлекеттік мерзімді баспа басылымдарына және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарына сайлау алдындағы үгіт материалдарын жариялаудың, сайлау алдындағы үгітті жүргізудің Ережесі туралы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрайымының 1999 жылғы 17 тамыздағы N 21/225 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрайымының 2004 жылғы 11 тамыздағы N 124/158 (V043016) қаулысымен.

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы"  Z952464_  Конституциялық заңының 27 және 28 баптарының негiзiнде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Парламентiнің және мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарға радио-телебағдарламалардан эфир уақытын берудiң және мемлекеттiк мерзiмдi баспа басылымдарына және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарына сайлау алдындағы үгiт материалдарын жариялаудың, сайлау алдындағы үгiттi жүргiзудiң ұсынылып отырған Ережесi бекiтiлсiн. 
      2. Қазақстан Республикасының мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi және олардың аумақтық бөлiмшелерi 1999 жылғы 25 тамызға дейiнгi мерзiмге республикалық және аумақтық бұқаралық ақпарат құралдарының тiзбесiн мемлекеттiк қатысуымен жарияласын. 
      3. Осы қаулы облыстардың, қалалардың (республикалық маңызы бар қала, Республика астанасы) әкiмдерi мен сайлау комиссияларының төрағаларына, Қазақстан Республикасы мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм Министрлiгiне жiберілсiн.
      4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген сәттен бастап күшiне енедi.     

       Қазақстан Республикасы
      Орталық сайлау комиссиясының
      төрайымы     

      Қазақстан Республикасы
      Орталық сайлау комиссиясының
      хатшысы

Қазақстан Республикасы   
Орталық сайлау комиссиясының
1999 жылғы 17 тамыздағы  
N 21/225 қаулысына    
N 1 Қосымша       

Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
және мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарға
радио-телебағдарламалардан эфир уақытын беру және
мемлекеттiк мерзiмдi баспа басылымдарына және басқа да
бұқаралық ақпарат құралдарына сайлау алдындағы үгiт
материалдарын жариялаудың, сайлау алдындағы
үгіттi жүргiзудiң
Ережесi  

      Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы"  Z952464_  Конституциялық заңның, Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы"  Z990451_  заңының талаптарына сәйкес шығарылды және Қазақстан Республикасы Парламентiнiң және мәслихаттарының депутаттарын сайлауға дайындық және өткiзу кезеңiнде мемлекеттi және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарын (бұдан әрi - БАК) пайдаланудың тәртiбi мен жағдайын реттейдi. 
      1. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң және мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарды сайлау алдындағы үгiттеу тиiстi сайлау комиссиялары оларды тiркеген күннен басталады және сайлау алдындағы күнi жергiлiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады. 
      2. Сайлау күнi және оның қарсаңындағы күнi кез келген сайлау алдындағы үгiтке тыйым салынады. 
      3. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңға сәйкес БАҚ редакциялары Қазақстан Республикасы Парламентiнiң және мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарды сайлау алдындағы үгiт кезiнде БАҚ-на тең жағдайда қол жеткiзудi қамтамасыз етуге мiндеттi. Депутаттыққа кандидаттарға БАҚ-на қол жеткiзу мүмкiн болмаған жағдайда лауазымды адамда депутаттыққа кандидатқа нақты, дәлелдi жазбаша жауап беруi қажет және осы жауаптың көшiрмесiн тиiстi сайлау комиссиясына дереу жiберу керек. 
      4. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң және мәслихаттарының депутаттығына кандидаттар болып тiркелген мемлекеттiк қызметтегi лауазымды адамдар өздерiнiң қызмет жағдайларының артықшылықтарын басқа кандидаттардың БАҚ-на тең жағдайда қол жеткiзу құқығын шектеу үшiн пайдаланбауы тиiс, сондай-ақ басқа кандидаттардың сөз сөйлеуiне кедергi келтiру және шектеу мақсатымен БАҚ-на қысым көрсетудiң кез келген нысанын қолдануға хақылы емес. 
      5. Депутаттыққа кандидаттар болып тiркелген журналистер, БАҚ редакцияларының лауазымды адамдары не болмаса олардың сенiм бiлдiрген адамдары бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлауды жазып, көрсетуге қатысуға хақылы емес. 
      6. Әрбiр кандидатқа басқа кандидаттармен бiрдей Республикалық бюджеттен төленетiн мемлекеттiк теледидар арқылы бiр мәрте он бес минуттық сөз сөйлеуге, мемлекеттiк радио арқылы бiр мәрте он минуттық сөз сөйлеуге, сондай-ақ мемлекеттiк баспасөз органдарында көлемi: 
      1) Парламент депутаттығына кандидаттарға әрқайсысы 100 жолдан; 
      2) облыстық, Астана және Алматы қалалары мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарға әрқайсысы 70 жолдан; 
      3) аудандық және қалалық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттарға әрқайсысы 50 жолдан екi мақала жариялау құқығы берiледi. 
      7. "Қазақстан-1", "Хабар" республикалық телеарналары, "Қазақстан-1" радиоарнасы өздерiнiң партиялық тiзiмдерiн тiркеген Қазақстан Республикасының барлық саяси партияларына эфир уақытын анықтап, тең бөлуi тиiс. 
      8. Мемлекеттiк және басқа бұқаралық ақпарат құралдарынан сөз сөйлеудiң сипаты мен түрін кандидаттар мен партиялық тізімге енгiзiлген саяси партиялардың өздерi айқындайды (бұдан әрi - саяси партия). Кандидаттардың сөзiн бөлуге, сондай-ақ оған қандай да бiр түсiнiктеме беруге тыйым салынады. 
      9. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттығына кандидаттар, саяси партиялар өздерiнің бағдарламаларымен мемелекеттiк бұқаралық ақпарат құралдарынан республикалық "Қазақстан-1", "Хабар" телеарналарынан, "Қазақстан-1" радиоарнасынан, "Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда" газеттерi мемлекеттiк баспасөз органдарының беттерiнен, сондай-ақ облыстық мемлекеттiк бұқаралық ақпарат құралдарынан, облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала және Республика астанасы), аудандық, қалалық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың тиiстi БАҚ сөз сөйлеу құқығы бар. 
      10. Саяси партиялардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентiнiң және мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың кепiлдi сөз сөйлеуiн бұқаралық ақпарат құралдары қамтамасыз етедi. 
      Депутаттыққа кандидаттардың және саяси партиялардың кепiлдi сөз сөйлеуiн редакциялар олардың жазбаша өтiнiштерiнiң келiп түсу тәртiбiмен белгiлейдi. 
      Талас туындаған жағдайда сөз сөйлеудiң кезегi кандидаттар мен партиялардың өзара келiсiмi немесе жеребе бойынша белгiленедi. Жеребе ұйымдастыру мен өткiзудiң тәртiбiн тиiстi мемлекеттiк БАҚ белгiлейдi. Жеребе талас мәселелерi туындаған күнi өткiзiледi. Жеребенiң нәтижелерi тиiстi сайлау комиссияларына берiледi. 
      11. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң және мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарға және саяси партияларға эфир уақытын беру кезегiн мемлекеттiк БАҚ жасайды. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттығына кандидаттардың және саяси партиялардың телерадио эфирiне шығатын күнi мен уақытының кезегi көрсетiлген көшiрме Орталық сайлау комиссиясына, облыстық, Астана, Алматы қалаларының сайлау комиссияларына, облыстық, Астана, Алматы қалаларының, аудандық және қалалық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың - тиiстi сайлау комиссияларына жiберiледi. 
      12. Облыстық, аудандық, қалалық мемлекеттiк БАҚ-на қатысты болмаған, объективтi себептер бойынша техникалық мүмкiндiк шектелген жағдайда кандидаттарға басқа тең деңгейдегi аумақтық БАҚ-нан сөз сөйлеу құқығы берiледi. Эфирге шығудың күнi мен уақыты БАҚ-ның бас редакторларымен (редакторлармен) келiсіледi. 
      13. Мемлекеттiк БАҚ өздерiнiң техникалық мүмкiндiгiне орай депутаттыққа кандидаттарға қажеттi кәсiби көмек берудi қамтамасыз етулерi тиiс (студияны ресiмдеу, эфир алдындағы дайындық, техникалық қамтамасыз ету, сөйлейтiн сөздi жазу, эфирге шығу, жүргiзушiнi белгiлеу және т.б.). 
      14. Депутаттыққа кандидаттардың және партиялық тiзiммен ұсынылған саяси партиялардың сайлау алдындағы үгiтi туралы телерадиодан өткен барлық бағдарламаларға, мерзiмдi баспасөзде жарияланған мақалаларға төленгендiгi туралы, материалдарды шығаруға жауапты адамның, қаржыландыру көзiнiң, ақпаратты берген тұлғаның тегiнiң мәлiметтерi болуы тиiс (хабарландырудың тәсiлiн БАҚ құралдарының өздерi белгiлейдi). 
      15. Сайлау алдындағы үгiт жүргiзуге, сайлау алдындағы кез келген үгiт материалдарын таратуға, мемлекеттiк органдарға, сондай-ақ қызмет бабындағы мiндеттерiн атқару кезiнде олардың лауазымды адамдарына, әскери бөлiмдерiне, әскери мекемелер мен ұйымдарға, сайлау комиссияларының мүшелерiне дерексiз үгiт материалдарын таратуға: 
      - сайлаушыларға тегiн немесе жеңiлдiктi жағдайлармен тауарлар, бағалы қағаздар берiп қызмет көрсету ақша, қаражат төлеу, не оны беруге, уәде беру арқылы сайлау алдындағы үгiттi жүргiзуге; 
      - кандидаттардың, партиялық тiзiммен ұсынылған саяси партиялардың бағдарламаларында Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, оның тұтастығын бұзатын, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiретiн, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатiгездiк пен зорлық-зомбылыққа бас ұру идеяларын уағыздауға тыйым салынады.
      16. Мемлекеттiк органдардың және өзге де ұжымдардың лауазымды адамдары, меншiк иесi, таратушы, бас редактор (БАҚ редакторы) таратылатын хабарлар мен материалдардың авторлары "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы"   Z952464_   Конституциялық заңның және "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы"   Z990451_   Қазақстан Республикасы заңының талаптарын бұзғаны үшiн жауапты болады.