"Қазақстан Республикасының Транспорт және коммуникация министрлігі мен Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігінің "Жергілікті телекоммуникация желілері, телеграф және почта байланысы қызметін ұсыну Ережесін бекіту туралы" бұйрығына толықтырулар енгізу туралы"

Бұйрық Қазақстан Республикасы Транспорт, коммуникация және туризм министрлігі 1999 жылғы 30 маусым N 359-І Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі 1999 жылғы 15 маусым N 35-ОД

Қолданыстағы
      Тұтынашулардың құқықтарын қорғау және телефонды қосқандығы үшін көп ретті ақы алуды жою мақсатында бұйырамыз:
      1. Қазақстан Республикасының Транспорт және коммуникация министрлігінің 1997 жылғы 27 мамырдағы 465 V970329_ және Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігінің 1997 жылғы 30 мамырдағы 81 Жергілікті телекоммуникация желілері, телеграф және почта байланысы қызметін ұсыну Ережесін бекіту туралы бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      4.10. тармағы мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "Абоненттің бір қаланың немесе елді мекеннің ішінде телефоны жоқ жаңа қонысқа ауысқан кезінде техникалық мүмкіндік болған жағдайда абоненттік номерді қосу, егер бұрынғы тұрғылықты орнында абоненттік номерін операторға өткізген жағдайда, ақы алусыз жүргізіледі. Бұндай жағдайда оператордың өткізілген абонент номерін өз қалауынша пайдалануға құқы бар.
      Егер абонент жаңа тұрғылықты орында электронды станцияға қосылса,

бұрынғы нөмірі электр механикалық станцияға қосылған болса, онда абонент 
операторға қосқандығы үшін тарифтегі айырмашылықты төлейді."
     2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және 
бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі бекітілген Ережені Қазақстан 
Республикасының Әділет министрлігінде тіркелуді қамтамасыз етсін.
     
     Қазақстан Республикасының              Қазақстан Республикасының
     Транспорт, коммуникация                Табиғи монополияларды реттеу
     және туризм Министрі                   және бәсекелестікті қорғау
                                            жөніндегі агенттігінің Төрағасы
     
     Оқығандар:
          Омарбекова А.Т.
          Икебаева Ә.Ж.