Банктік қызметке аудит жүргізу туралы есеп беруге және банктік қызметке аудит жүргізуге өкілеттік берілген аудитордың, аудиторлық ұйымдардың қорытындысына қойылатын талаптар туралы ережені бекіту жөнінде

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қаулысы 1999 жылғы 18 маусым N 129

Қолданыстағы
      Банктiк аудит мәселесiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
      1. Банктiк қызметке аудит жүргiзу туралы есеп беруге және банктiк қызметке аудит жүргiзуге өкiлеттiк берiлген аудитордың, аудиторлық ұйымдардың қорытындысына қойылатын талаптар туралы ережесi бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзген күннен бастап күшiне енгiзілсін.
      2. Банктiк қызметке аудит жүргiзу туралы есеп беруге және банктiк қызметке аудит жүргізуге өкiлеттiк берiлген аудитордың, аудиторлық ұйымдардың қорытындысына қойылатын талаптар туралы ереже күшiне енген күннен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 346 қаулысымен бекiтiлген Аудиторлық (банк қызметiн) тексеруге уәкiлеттi аудиторлардың қорытындысына қойылатын негiзгi талаптар туралы және аудиторлар жасайтын қорытындылардың түрлерi туралы ереженiң күшi жойылды деп танылсын.
      3. Заң департаментi (Сизова С.И.) Банктiк қадағалау департаментiмен (Жұмағұлов Б.Қ) бiрлесiп осы қаулыны және Банктiк қызметке аудит жүргiзу туралы есеп беруге және банктiк қызметке аудит жүргiзуге өкiлеттiк берiлген аудитордың, аудиторлық ұйымдардың қорытындысына қойылатын талаптар туралы ереженi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткiзсiн.
      4. Банктiк қадағалау департаментi (Жұмағұлов Б.Қ.) осы қаулыны және Банктiк қызметке аудит жүргiзу туралы есеп беруге және банктiк қызметке аудит жүргiзуге өкiлеттiк берiлген аудитордың, аудиторлық ұйымдардың қорытындысына қойылатын талаптар туралы ереженi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткiзген күннен бастап екi апта мерзiмде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық филиалдарына, екiншi деңгейдегi банктерге, аудиторлық ұйымдарға және тәуелсiз аудиторларға, Қазақстан Республикасының Аудиторлар палатасына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бухгалтерлiк есеп және аудит методологиясы департаментiне жiберсiн.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары М.Т.Құдышевке жүктелсiн.

      Ұлттық Банк Төрағасы
                                               Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 18 маусымдағы N 129 қаулысымен бекітілген


      Банктік қызметке аудит жүргізу туралы есеп беруге және банктік
      қызметке аудит жүргізуге өкілеттік берілген аудитордың, аудиторлық
          ұйымдардың қорытындысына қойылатын талаптар туралы
                               Ереже

                     1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже банк заңдарына, сондай-ақ Казақстан Республикасы аумағында аудиторлық қызмет мәселесiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актілерге сәйкес әзiрленген және банктiк қызметке аудит жүргiзу туралы есеп беруге және банктiк қызметке аудит жүргiзуге өкiлеттiк берілген аудитордың, аудиторлық ұйымдардың (бұдан әрi - аудитор, аудиторлық ұйым) қорытындысына қойылатын талаптарды анықтайды.
      2. Банк заңдарына сәйкес аудиторлар, аудиторлық ұйымдар банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрi - банктiк емес ұйымдар) банктiк қызметiне аудит жүргiзедi:
      1) жылдық баланс пен қаржы-шаруашылық жұмыстың нәтижесi туралы есептi қосқанда банктер мен банктiк емес ұйымдардың жылдық есебiн бекiту үшін;
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінiң бағалы қағаздар акцияларының эмиссиясының проспекттерiне және бағалы қағаздарды шығару және орналастыру қорытындылары туралы олардың есептерiне сараптама жүргiзу тәртiбiн белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарын ескере отырып, банктердің бағалы қағаздарын шығару және орналастыру қорытындысы туралы есептердi бекiту үшiн;
      3) банктегi iшкi бақылауды бағалау үшiн.
      3. Банктiк қызметке:
      1) банк пен аудитордың, аудиторлық ұйымның арасындағы аудит жүргiзу шартында көзделген аудиттің нақты мiндеттерi, мерзiмi және көлемi ескерiле отырып банктің немесе банктiк емес ұйымның талабы бойынша;
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi - Ұлттық Банк) нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген басқа жағдайларда аудит өткiзiледi.
      4. Аудиторлар, аудиторлық ұйымдар өткiзiлген аудиттiң нәтижесi бойынша аудитордың, аудиторлық ұйымның тиiстi қорытындысын (бұдан әрi - қорытынды) және банктiк қызметке аудит жүргiзу туралы есептi (бұдан әрi - есеп) жасайды.
      5. Қорытынды қаржылық есептiлiк аудитiнің нәтижесi бойынша жасалады, оған бухгалтерлiк баланс, қаржы-шаруашылық жұмыстың нәтижесi туралы есеп, ақшаның жылжуы туралы есеп кiредi.
      Бухгалтерлiк есептiң тиiстi стандартында көзделген басқа есептердi ашу түсiндiрме жазбада көрсетiледi.
      Есеп банктiк қызметке жүргiзiлген барлық аудит түрлерiнiң нәтижелерi бойынша жасалады. Есеп тексерiлген банктiң Директорлар кеңесiне және Басқармасына тапсырылады.
      Қажет болған жағдайда аудиторлық ұйым немесе аудитор аудиттiң нәтижесi бойынша тиiстi кепiлдеме әзiрлей алады.
      6. Аудиторлық ұйым немесе аудитор қаржылық есептіліктен басқа осы Ереженiң талаптарына сәйкес мыналарды аудиттейдi:
      1) банктiң пруденциалдық нормативтердi орындағаны туралы есеп;
      2) банктiң ең аз резервтiк талаптарды орындағаны туралы есеп;
      3) активтердiң жiктелуi туралы және шартты мiндеттемелер мен провизияларды қалыптастыру мәлiметтер;
      4) банктер мен банктiк емес ұйымдардың жылдық есебiне енгiзiлетiн есептілік және мәлiметтер.
      7. Банктiк қызметтiң аудитi оның жоспарлануын қоса алғанда өкiлеттiк берiлген орган бекiткен аудиттiң стандарттарына сәйкес жүргiзiледi, осы Ережемен тiкелей көзделген жағдайлар бұған жатпайды.
      8. Аудиторлық тексеру аяқталған күннен бастап екi аптадан кешiктiрмей банк мiндеттi түрде Ұлттық Банкке аудиторлық ұйымның немесе аудитордың қорытындысының (бар болса, кепiлдемен бiрге) және есебiнiң көшiрмесiн өткiзедi.
      Ұлттық Банктiң талабы бойынша аудиторлық ұйым немесе аудитор жүргiзiлген аудит туралы қорытындының көшiрмесiн тапсыруға мiндеттi.
      9. Ұлттық Банк нанымсыз мәлiметтер анықталған кезде не қорытындыны және/немесе есептi қолданылып жүрген заң ережелерiн бұзып жасаған кезде қорытынды мен есептi қараудың нәтижесi бойынша аудиторлық ұйымға немесе аудиторға тиiстi ескертпе жiберуге құқылы.
      Аудитор, аудиторлық ұйым тиiстi ескертпелердi алғаннан кейiн екi апта мерзiм iшiнде банкпен немесе банктiк емес ұйыммен келiсе отырып қорытындыны және/немесе есептi Ұлттық Банкке қайта жiберуге мiндеттi.

               2-тарау. Қорытындыны және есептi жасау тәртiбi

      10. Банктер мен банктiк емес ұйымдардың қаржылық есептiлiгi жөнiндегi аудиторлық қорытынды коммерциялық құпия болып табылмайды және аудиттiң тиiстi стандарты белгiлеген талаптарға сәйкес ресiмделедi.
      11. Банктiк қызметтiң аудитi аудиторлардың, аудиторлық ұйымдардың мына мәселелердi қарауын талап етедi:
      1) есепке алудағы және есептiлiктегi өткiзiлген банк операцияларының уақтылығын, толықтығын және дәлдiгiн бағалау;
      2) өткiзiлген банк операцияларының оларды өткiзудiң жалпы шарттарына сәйкес келуiн бағалау, сондай-ақ банк операцияларын өткiзу тәртiбiнiң банктiң iшкi ережелерiне сәйкес келуi;
      3) банктiң iшкi аудитiнiң (бақылауының) тиiмдiлiгiнiң бағасы;
      4) жарғылық капиталды қалыптастырудың уақтылығы мен толықтығын тексерудi қоса алғанда пруденциалдық нормативтер мен ең аз резервтiк талаптарды есептеп шығаруға арналған, банк беретiн деректердiң нанымдылығы;
      5) активтер мен шартты мiндеттемелердiң өткiзiлген жiктелуi мен провизияларды қалыптастырудың барабарлығының бағасы;
      6) банктiң кастодиандық және сенiмгерлiк (трастық) қызметiн өткiзу.
      12. Есепке алудағы және есептiлiктегi өткiзiлген банк операцияларының уақтылығын, толықтығын және дәлдiгiн бағалау дегенiмiз қаржылық есептiлiк пен Ұлттық Банкке тапсырылатын жылдық есептiң аудитiн өткiзу болып табылады.
      13. Жүргiзiлген банк операцияларының оларды жүргiзудiң жалпы талаптарына сәйкес келуiн, сондай-ақ банк операцияларын жүргiзу тәртiбiнiң банктiң iшкi ережелерiне сәйкес келуiн бағалау барысында:
      1) банк операцияларын жүргiзудiң жалпы талаптарының және банктің iшкi ережелерiнiң қолданылып жүрген банк заңдарының талаптарына сәйкес келу-келмеу мәселесi тұрғысынан анықтайтын ережелер тексерiледi;
      2) жоғарыда аталған ережелердiң жүргiзiлетiн банк операцияларына сәйкес болуы тексерiледi.
      14. Банктiң iшкi аудитiнiң (бақылаудың) тиiмдiлiгiн бағалау банкте жүргiзiлетiн iшкi аудитiнiң (бақылаудың) Ұлттық Банк белгiлеген барлық талаптарына сәйкес келуiн тексерудi көздейдi.
      15. Пруденциальдық нормативтер мен ең аз резервтiк талаптарды есептеу үшiн банк беретiн деректердiң нанымдылығын анықтау барысында:
      1) пруденциальдық нормативтер мен ең аз резервтiк талаптардың құрамдас бөлiктерi болып табылатын көрсеткiштердiң есебiнiң дұрыстығы тексерiледi;
      2) пруденциальдық нормативтер мен ең аз резервтiк талаптардың көрсеткiштердiң дұрыстығы анықталады;
      3) пруденциальдық нормативтердiң және/немесе ең аз резервтiк талаптардың көрсеткiштерiнiң түзетiлуiне негiз болатын сома көрсетiледi.
      16. Активтер мен шартты мiндеттемелердiң жiктелуiнiң барабарлығын және провизияларды қалыптастыруды бағалаған кезде:
      1) тексеру банктiң активтерi мен шартты мiндеттемелерiнiң 80 %-тен астамы қамтылуға тиiс;
      2) актив пен шартты мiндеттеменiң жiктелетiн әрбiр түрi Ұлттық Банктiң активтердi жiктеу мәселесiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес келу-келмеу мәселесi тұрғысынан тексерiлуге тиiс.
      Жүргiзген жiктеуге банк түзету енгiзген жағдайда түзетудiң сомасы мiндеттi түрде есепте көрсетiледi.
      17. Аудитор, аудиторлық ұйым тексерудiң нәтижесi бойынша аудит

барысында байқалған кемшiлiктердi түзету жөнiнде банктiң немесе банктiк
емес ұйымның басшылығына ақыл-кеңесiн беруге құқылы.
     18. Аудиттi аудиторлық ұйым жүргiзген жағдайда қорытынды мен есепке
аудиторлық ұйымның бiрiншi басшысы және орындаушы аудиторлар қол қояды, 
олар аудиторлық ұйымның мөрiмен куәландырылып, датасы қойылады.
     Аудиттi аудиторлар жүргiзген жағдайда қорытынды мен есепке тексеру
жүргiзген аудиторлар қол қояды, олар солардың жеке мөрiмен куәландырылып, 
датасы қойылады.
     19. Қорытынды мен есеп тiгiледi және соңғы беттiң сыртына "Тiгiлген,
нөмiрленген және бет мөрмен бекiтiлген" деген жазба жасалады.
     
             3-тарау. Есептiң негiзгi элементтерi
     
     20. Есеп үш бөлiмнен тұрады: кiрiспе бөлiм, жалпы бөлiм және
қорытынды бөлiм.
     21. Кiрiспе бөлiм мынадай мәлiметтердi қамтуға тиiс:
     1) құжаттың мынадай редакциядағы атауы: "199 ___ жылғы ____________
бастап 199___ жылдың _____________ жылға дейiнгi жұмыстың қорытындысы 
бойынша .... (банктiң немесе банктiк емес ұйымның атауы) тексерудiң 
нәтижесi жөнiндегi аудитордың есебi";
     2) тексеру жүргiзген аудиторлық ұйым немесе аудитор туралы жалпы
мәлiметтер:
     аудиторлық ұйымның атауы немесе тексеру жүргiзген аудитордың аты-жөнi;
     аудиторлық тексеру жүргiзу мерзiмi (аудиторлық тексерудiң басталған
және аяқталған күнi);
     Ұлттық Банктiң банктiк қызметке аудит жүргiзуге арналған лицензиясының 
нөмiрi және датасы;
     аудиторлық есепке қол қоюға өкiлеттiк берілген адамның аты-жөнi;
     аудиторлық тексеруге қатысқан барлық аудиторлардың аты-жөнi (өкілеттiк 
берiлген аудиторлар және Ұлттық Банктiң тиiстi лицензиясы жоқ аудиторлар
көрсетiле отырып);
     3) тексерiлетiн банк немесе банктiк емес ұйым туралы жалпы мәлiметтер:
     банктің немесе банктiк емес ұйымның атауы;
     мемлекеттiк тiркеуден өткен күнi және тiркеу нөмiрi;
     банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензияның нөмiрi және
берiлген күнi;
     филиалдардың саны және олардың орналасқан жерi.
     22. Жалпы бөлiмде аудит жүргiзiлген мәселелер тiзiлiмi және аудиторлық
ұйым немесе аудитор атқарған жұмыстың сипаттамасы болуға тиiс.
     23. Қорытынды бөлiмде аудиторлық ұйымның немесе аудитордың 
тексерiлген есептiлiк бойынша қорытындылары және осы есептiлiкке
енгiзiлген барлық түзетулердiң сипаттамасы болуға тиiс.
     
                   4-тарау. Қорытынды ережелер
     
     23. Банк немесе банктiк емес ұйым аудит жүргiзуден жалтарған, оған
кедергi келтiрген жағдайда Ұлттық Банк банк заңдарында көзделген ықпал
етудiң шектеулi шаралары мен санкция қолдануға құқылы.
     24. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасы
заңдарының нормаларына сәйкес шешiлуге тиiс.
     
     Қазақстан Республикасы
     Ұлттық Банкінің Төрағасы
     
    
     Оқығандар:
          Омарбекова А.Т.
          Икебаева Ә.Ж.