Бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыноктарында зейнетақы активтерінің қатысуымен сатып алу-сату мәмілелерін жүргізу туралы

Қаулы Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Директораты 1999 жылғы 24 маусым N 352 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 26 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 853

Қолданыстағы
      Ескерту: Қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді - ҚР Бағалы
               қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Директоратының
               2000 жылғы 30 маусымдағы N 633 қаулысымен. V001206_

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы N 136-1 Z970136_ заңының 1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасын және 32-бабының 2-тармақшасының негізiнде жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы төлемдерiн салымшыларының (алушыларының) құқықтары мен мүдделерiн қорғау және бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыноктарында зейнетақы активтерiнiң қатысуымен зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялар және "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ы жасайтын сатып алу-сату мәмiлелерiне бақылау жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) Директораты қаулы етеді: <*>
      1. Бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыноктарында зейнетақы активтерiнiң ("керi репо" мәмiлелерiн - бағалы қағазды оны кейiннен керi сату мiндеттемелерiнiң шарттарында сатып алуды қоспағанда) қатысуымен мемлекеттiк және мемлекеттiк емес бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмiлелерiнiң үзiлiссiз қарама-қарсы аукцион әдiсiмен жасалатындығы белгiленсiн.
      1-1. Зейнетақы активтерiнiң қатысуымен жасалған "керi репо" мәмiлелерiнiң 30 күннен аспайтын мерзiмге жасалатындығы белгiленсiн. <*>
      1-2. Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегі компанияларға және "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-на олардың аффилиирленген тұлғаларымен зейнетақы активтерiнiң қатысуымен "керi репо" мәмiлелерiн жасауға тыйым салынсын. <*>
      2. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Заң басқармасы осы Қаулыны мемлекеттiк тiркеу мақсатында Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне жiберсiн.
      3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметi - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн

реттеу жөнiндегi комитетiнiң, кастодиан-банктердiң және зейнетақы 
активтерiн басқару жөнiндегі компаниялардың назарына жеткiзсiн.
     4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау 
басқармасының Зейнетақыны реформалау бөлiмi осы Қаулының орындалысына 
бақылау жасасын.         
     

     Ұлттық комиссияның Төрағасы
     
Оқығандар:     
          Умбетова А.М.
          Нарбаев Е.А.