Сайлау бюллетеніне саяси партиялар атауларын енгізу туралы жеребе өткізудің Ережесін бекіту туралы

Қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 1999 жылғы 13 шілде N 15/214

Қолданыстағы

    "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 
37-бабына сәйкес Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:
     
     1. Сайлау бюллетеніне саяси партиялар атауларын енгізу туралы жеребе 
өткізудің ұсынылған Ережесі бекітілсін.
     2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі тіркеген 
сәттен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасы
     Орталық сайлау комиссиясының
      төрайымы
     
     Қазақстан Республикасы
     Орталық сайлау комиссиясының
     хатшысы
      
                          Қазақстан Республикасы Орталық
                          сайлау комиссиясының 1999 жылғы
                         13 шілдедегі N 15/214 қаулысымен
                                     бекітілген
     
              Сайлау бюллетеніне саяси партиялар атауларын
                     енгізу туралы жеребе өткізудің
                             Ережесі
     


      1. Саяси партиялар үшін дауыс беруге арналған сайлау бюллетеніне саяси партиялардың атаулары жеребе арқылы анықталған ретпен енгізіледі.
      2. Жеребе Орталық сайлау комиссиясының мәжілісінде өткізіледі.
      3. Жеребе өткізілген кезде партиялық тізімдер ұсынған саяси партиялардың өкілдері қатысады.
      4. Жеребе өткізудің төмендегі тәртібі белгіленеді:
      1) Орталық сайлау комиссиясының мүшесі (келісім бойынша) мөлшері мен түсі бірдей конверттерге тіркелген партиялардың санымен тең реттік нөмірлер жазылған парақтарды салады. Бір конвертте нөмір жазылған бір ғана парақ болады;
      2) конверттер мөрленіп, араластырылып барлық қатысушылардың көз

алдындағы стол үстіне орналастырылады;
     3) әр саяси партияның өкілі кезекпен столдағы кез келген конвертті 
алып оны ашады, парақта жазылған нөмірді көпшілікке жария етеді;
     4) конверт ішіндегі нөмір - саяси партияның сайлау бюллетеніне 
енгізілетін нөмірі болып табылады.
     5. Жеребені өткізудің нәтижесі хаттамаға енгізіліп, оған қатысып 
отырған Орталық сайлау комиссиясының мүшелері қолдарын қояды.
     
     
     Оқығандар:
          Омарбекова А.Т.
          Икебаева Ә.Ж.