Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 21 қаңтардағы N 19 ~V980450 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі 1999 жылғы 9 шілде N 396

Қолданыстағы
      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2200 Z952200_ Заң күші бар Жарлығына және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 16 тамыздағы N 1127 P951127_ қаулысына сәйкес бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 21 қаңтардағы

N 19  

V980450_

  бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
     аталған бұйрықпен бекітілген, Адвокаттық қызметпен айналысуға 
лицензия беру тәртібі туралы ережеде:
     5-тармақтың бірінші абзацы мына редакцияда жазылсын:
     "Лицензиат Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде 
бір жолғы лицензиялық алым енгізеді".
     2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Министр

Оқығандар:     
          Умбетова А.М.
          Нарбаев Е.А.