Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 13 мамырдағы N 177 ~V980488 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі 1999 жылғы 9 шілде N 395

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 16 тамыздағы N 1127 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" P990669_ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 мамырдағы қаулысының 2-тармағын орындау үшін
                        Бұйырамын:

      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 13

тамыздағы N 177  

V980488_

  -бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
     осы бұйрықпен бекітілген нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 
лицензия берудің тәртібі туралы Ережеге:
     5-тармақтың абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
     "Лицензиат бір жолғы лицензиялық алымды Қазақстан Республикасының 
Үкіметі бекіткен мөлшерде төлейді".
     13-тармақтағы "Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес 10-
еселенген есептік көрсеткіш" деген сөздер "осы Ереженің 5-тармағымен 
көзделген" деген сөздермен ауыстырылсын.
     2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Министр 
     
Оқығандар:     
          Умбетова А.М.
          Нарбаев Е.А.