Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламент, мәслихаттар депутаттарының және жергілікті өзін өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауларын мемлекеттік қаржыландырудың Ережесіне өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы

Бұйрық Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қазынашылық комитеті 1999 жылғы 14 маусым N 285

Қолданыстағы
      1. "Сайлауларды мемлекеттік қаржыландыру Ережесін бекіту туралы" 1999

жылғы 25 ақпандағы Қазынашылық департаментінің N 71  

V990737_

  бұйрығымен 
бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламент, мәслихаттар 
депутаттарының және жергілікті өзін өзі басқару органдары мүшелерінің 
сайлауларын мемлекеттік қаржыландырудың Ережесіне ұсынылған өзгерістер мен 
толықтырулар бекітілсін.
     2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік 
тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Төрайым
                                        Қазақстан Республикасы
                                        Қаржы министрлігі
                                        Қазынашылық комитетінің
                                        1999 жылғы 14 маусымдағы N 285
                                        бұйрығымен бекітілген
     
            Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламент, 
      мәслихаттар депутаттарының және жергілікті өзін-өзі басқару
     органдары мүшелерінің сайлауларын мемлекеттік қаржыландырудың
                 Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар
     
     Кіріспеде:


      "Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық Заң күші бар Жарлығымен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Парламент депутаттары" деген сөздердің алдынан "партия тізімдері негізінде сайланатын Парламент Мәжіліс депутаттарынан қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      1, 3, 19, 24-тармақтардағы барлық септіктерде қолданылатын "Қазынашылық департаменті" деген сөздер ауыстырылатын сөздердің септігіне сәйкес "Қазынашылық комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8-тармақта:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлығымен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10-тармақта:
      2, 3, 5-тармақшалардағы "кандидаттар" деген сөздерден кейін "партиялық тізім бойынша сайлауға түсетін кандидаттарды қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "Орталық сайлау комиссиясы белгілейтін мөлшерде партия тізімі бойынша сайлауға түсетін кандидаттарды қоспағанда кандидаттардың көлік шығындары";
      11-тармақта:
      бірінші азатжолдағы "тиісті ерекшеліктер жөнінде белгіленген лимиттер шегінде" деген сөздер алынып тасталсын;
      12-тармақта:
      бірінші азатжолдағы "қазынашылық органдарымен" деген сөздер

"Қазынашылық комитетімен, оның аумақтық органдарымен" деген сөздермен 
ауыстырылсын; 
     мынадай мазмұндағы екінші азатжолмен толықтырылсын:
     "Сайлау компанияларына бөлінген республикалық бюджет қаржысын 
кандидаттардың жұмсауына бақылау сайлау комиссияларының республикалық 
бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі Санақ комитетімен жүзеге асырылады."; 
     19-тармақта барлық септікте қолданылатын "облыстық, Алматы қалалық 
қазынашылық басқармалары, Астана қаласы мен Ақмола облыстық қазынашылық 
басқармалары" деген сөздер ауыстырылатын сөздер септігіне сәйкес 
"Қазынашылықтың облыстық, Астана және Алматы қалалық басқармалары" деген 
сөздермен ауыстырылсын".

Оқығандар:     
          Умбетова А.М.
          Нарбаев Е.А.