Бұйырамын:
1. Бухгалтерлік есептің 29 Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығындарды есепке алу ережесі (стандарты) (бұдан әрі - Ереже) (стандарт) бекітілсін.
2. Ереже (стандарт) ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығындарды есепке алу әдістемесін айқындайды.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы басқармасы Ережені (стандартты) заңдармен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуді қамтамасыз етсін.
4. Ереже (стандарт) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді деп белгіленсін.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1998 жылғы 1 желтоқсандағы N 551 және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаментінің 1998 жылғы 24 қарашадағы N 168 бұйрықтарының күші жойылған деп танылсын.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бірінші қаржы вице-министрі Ж.Ж.Ертілесоваға жүктелсін.
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары-Қаржы министрі
Қазақстан Республикасы
қаржы Министрлігінің 1999 жылғы 19.05. N 210 бұйрығымен бекітілген
Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық
жұмыстарға шығындар есебі
29 бухгалтерлік есебінің Ережесі /стандарты/
Мақсаты және қызмет ауқымы
1. Бұл Ереже /стандарт/ оларды тану мақсатында ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-кострукторлық жұмыстарға жұмсалатын шығындарды есептеу әдiстемесiн анықтайды.
2. Ереженi/стандартты/ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға шығындарды есептеуде барлық субъектiлер* қолданады.
Егер, субъект ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды шарттар бойынша өзге субъект үшiн мұндай жүмыстармен байланысты тәуекелдер мен экономикалық пайдаларды тапсырысшы көтеретiндей шартпен жүргiзсе, онда мұндай жұмыстарды жүргiзетiн субъект бұл шығындарды "Тауарлы-материалдық қорлардың есебi" 7-БЕС немесе "Күрделi құрылыс мердiгерлiгiнiң шарттары" 12-БЕС сәйкес есептейдi. Тәуекелдер мен экономикалық пайданы алушы шығындарды осы Ережеге /стандартқа/ сәйкес есепке алады.
3. Ереженiң /стандарт/ қызмет аясына өнеркәсiптiң өндiрушi салаларындағы мұнай, газ және минералдық кен орындарындағы барлау және өңдеу жұмыстарына шығындар қарастыру енбейдi, алайда бұл Ереже /стандарт/ осы салалардағы ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға пайдаланыла алады.
Анықтамалар
4. Ғылыми-зерттеу жұмыстары - жаңа ғылыми немесе техникалық бiлiмдер мен түсiнiктер алу мақсатында жүргiзiлетiн жоспарлы зерттеулер.
5. Тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар - ғылыми-зерттеу немесе басқа да бiлiм салаларын пайдалану негiзiнде, оларды коммерциялық пайдаланғанға дейiн, жаңа және барынша жетiлдiрiлген механизмдердi, өнiмдерді, технологияларды, жүйелердi немесе қызметтердi жоспарлау және жобалау.
Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға шығындардың құрамдас бөліктері
6. Ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар
шығындары осы жұмыстарды iске асыруға тiкелей байланысты барлық салалар, сондай-ақ қызметтiң осындай түрiне жеткiлiктi негiзде бөлiнуi мүмкiн сомалар енгiзiлуi керек. * Ескерту. "Субьект" терминi Қазақстан Республикасы Президентiнiң 26.12.1995 ж. 14 2732 "Бухгалтерлiк есеп туралы" Заң күшi бар жарлығының 1-бабындағы 1-тармағына сәйкес анықталған. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға шығындарды тану Ғылыми-зерттеу жұмыстарына шығындар
7. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына шығындар олар шыққан есептi кезеңде танылады және кейiнгi есептi кезеңдердiң активi болып мойындалмайды.
Тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға шығындар
8. Тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға шығындарды егер олар 9 тармақшада анықталған активтердi тану шарттарына жауап бермесе ғана сол есептi кезеңнiң шығыны деп тану керек. Әуел баста шығын ретiнде танылған тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға шығындарды кейiнгi есептi кезеңдерде актив ретiнде мойындауға болмайды.
9. Егер тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстардың шығындары төмендегi талаптарға жауап берсе, оны актив ретiнде тану қажет:
1) тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға шығындарды үлкен сенiмдiлiкпен анықтауға болады;
2) тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар өнiмiнiң техникалық орындалуы көрсетiлуi мүмкiн;
3) субъект тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстардың өнiмiн өндiруге және пайдалануға ниеттенуде;
4) тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар өнiмiн өткiзу рыногының болуы немесе оны субьектiнiң өз iшiнде пайдалану жоспарланса-пайдалылығы көрсетiлуi мүмкiн;
5) тиiстi ресурстардың болуы немесе оларды аяқтау, рынокқа шығару мүмкiндiгi, тәжiрибелiк-конструкторлық өнiмiн пайдалану iс жүзiнде көрсетiлуi мүмкiн.
Бұл жағдайда актив ретiнде танылған тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар шығыны осы жұмыстарға одан әрi жұмсалатын шығындарды алып тастағанда келешектегi экономикалық пайда есебiнен толтырылатын сомадан, тиiстi өндiрiстiк шығындардан, сондай-ақ өнiмдi тiкелей маркетингтеу кезiнде болатын өткiзу және әкiмшiлiк шығындарынан аспауы керек.
10. 9 тармақшада анықталған активтi тану талаптарына жауап
беретiн тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар шығындарын, материалдық емес актив деп есептеу керек. Ашып көрсету 11. Ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыратын субъектілер мыналарды ашып көрсетуi керек: 1) есепті кезеңде шығыс ретінде танылған ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар шығынының сомасы; 2) есепті кезеңде актив ретінде танылған тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар шығынының сомасы. Оқығандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.