Аудиттің 12 "Басшылықтың өтініштері" ережесін (стандартын) бекіту туралы

Бұйрық Қаржы министрлігі 1999 жылғы 19 мамыр N 217

Қолданыстағы
     "Аудиторлық қызмет туралы" 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Президентінің "Бухгалтерлік есеп туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2732 Z952732_ Заң күші бар Жарлығына сәйкес

                             Бұйырамын: 
     
     1. Аудиттың 12 "Басшылықтың өтініштері" ережесі (стандарты) 
бекітілсін.
     2. Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы басқармасы Аудиттің 12 
"Басшылықтың өтініштері" ережесін (стандартын) заңдармен белгіленген 
тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуді қамтамасыз 
етсін.
     3. Аудиттің осы Ережесі (стандарты) Қазақстан Республикасының Әділет 
министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді деп 
белгіленсін.
     4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бірінші қаржы вице-министрі 
Ж.Ж.Ертілесоваға жүктелсін.
     
     Министр


                                                 Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 19.05 N 217 бұйрығымен бекітілген


                     12 Басшылық мәлімдемесі
                  аудитінің ережесі (стандарты)

      1. Кіріспе

      1. Осы аудит ережесiнің (стандартының) мақсаты басшылық1* мәлімдемелерін2* аудиторлық дәлелдеме ретінде пайдалану, бұл мәлiмдемелердi қарау және құжаттау ресiмдерi, сондай-ақ тиiстi мәлiмдеменi басшылық беруден бас тартқан жағдайда аудиторлар қолданатын шаралар бойынша стандарттарды белгiлеу және басшылықты жүзеге асыру болып табылады.
      Ескерту:
      1* Лауазымды тұлға, оның ішінде өз құзыреті шеңберіндегі түрлі мәселелер бойынша жауап беретін субъект басшысы және бас бухгалтер. "Басшылық" деген сөз аудиттің осы ережесінің (стандартының) мәтіні бойынша бұдан әрі де осы мағынада оқу керек.
      2* Тиісті лауазымды тұлға өз атынан ресми мәлімдеген аудиторға қажетті хат-ұсыныс, мәлімдеме, қызметтік жазба, жазбаша және ауызша нысандағы түсініктеме.

      2. Аудитор басшылықтан тиiстi мәлiмдеменi алуы қажет.

      Қаржылық есептеме үшiн басшылықтың жауапкершiлiктi мойындауы

      3. Аудитор қаржылық есептеме негiзiне сәйкес ұсынылған бекiтiлген қаржылық есептеменің растығына басшы өзiнің жауапкершiлiгiн мойындаған дәлелдемесiн алуы тиiс. Аудитор басшының мұндай жауапкершiлiтi мойындаған дәлелдемесiн және есептеменiң тиiстi бекiтiлуiн қаржылық есептемеге жазбаша мәлiмдемесi немесе, директорлар кеңесiнің немесе ұқсас органдардың отырыстарының тиiстi хаттамаларына басшының қол қойған данасы түрiнде басшының мойындаған дәлелдемесiн алуы мүмкiн.

      Басшылықтың аудиторлық дәлелдеме ретiндеп мәлiмдемесi

      4. Егер, басқа жеткiлiктi тиiстi дәлелдеменi алуды күту мүмкiн болмаса, аудитор басшылықтың қаржылық есептемеге айтарлықтай ықпал тигiзетiн мәселелер бойынша жазбаша түрдегi мәлiмдемесiн алуы тиiс. Егер, ауызша мәлiмдеме жазбаша мәлiмдемемен қуатталса, аудитор мен басшылық арасындағы түсiнiспеушiлiктің пайда болу мүмкiндiгi кемидi. Басшылықтан алынған хатқа немесе басшылықтың сұрау салуына енгiзiлетiн мәлiмдемелердің үлгi тiзбесi хат-ұсыныста (осы АС қосымшасында) келтiрiлген.
      5. Басшылықтан сұралатын жазбаша мәлiмдеме қаржылық есептеме үшiн тұтастай маңызды жекеленiп немесе мәселелермен шектелуi мүмкiн. Нақтылы мәселелерге қатысты аудитор маңызды деп санайтын мәселелердi басшылыққа хабарлауы мүмкін.
      6. Аудиттi жүргiзу кезiнде басшылық аудиторға өзiнің инициативасы бойынша немесе белгiлi бiр сұрауға жауап ретiнде белгiлi бiр мәлiмдеменi аудиторға бередi. Егер, мұндай мәлiмдеме қаржылық есептеме үшiн маңызды болса, аудитор:
      1) iшкi немесе субъектiден тыс көздерден аудиторлық дәлелдеменi растайтын құжатты алуы;
      2) басшылықтың мәлiмдемесi негiзделген болып табылатындығын және басшылықтың басқа мәлiмдемелерiн қоса, олар берiк аудиторлық дәлелдемелерге сәйкес келетiндiгiн бағалауы;
      3) мәлiмдеме жасаушы тұлға нақтылы мәселелер бойынша жақсы хабардар етiлгендiгiн қарауы қажет.
      7. Басшылықтың мәлiмдемесi аудиторға қолайлы болуы мүмкiн басқа аудиторлық дәлелдемелердi ауыстыра алмайды. Мысалы, активтердің құнына қатысты басшылықтың мәлiмдемесi аудитор әдетте алуы мүмкiн. Егер, аудитор қаржылық есептемеге айтарлықтай ықпал еткен немесе ықпал етуi мүмкiн мәселеге қатысты жеткiлiктi тиiстi аудиторлық дәлелдеме алуға мүмкiн болмаса, бiрақ мұндай дәлелдеме қажет болса, осы мәселе бойынша басшылықтың мәлiмдемесi алынса да бұл аудит аумағын шектеу болып табылады.
      8. Жекелеген жағдайларда басшылықтың мәлiмдемесi алуға болатын бiр ғана аудиторлық дәлелдеме болуы мүмкiн. Мысалы, аудитор әдетте белгілі бiр инвестицияны жалғастыратын басшылықтың ниетiне қатысты қандай да бiр өзге дәлелдеменi алуды күтедi.
      9. Егер басшының мәлiмдемесi басқа аудиторлық дәлелдемелерге қайшы келедi, аудитор жағдайды зерттеуi және қажет болған жағдайда басшының басқа мәлiмдемелерiнiң растығын қайта қарауы тиiс.

      Басшының мәлiмдемесiн құжаттық ресiмдеу

      10. Аудитор әдетте өзiнiң жұмыс құжатына басшының мәлiмдемесiнің дәлелдемесiн басшымен болған ауызша сұхбатты қысқаша баяндау түрiнде немесе басшының мәлiмдемесiн жазбаша түрде қосып тiркейдi.
      11. Басшының жазбаша мәлiмдемесi ауызша баяндау түрiне қарағанда мағыналы болып табылады және мынадай түрде жазылуы мүмкiн:
      1) басшының хат-ұсынысы;
      2) басшы танысқан және бекiткен басшының мәлiмдемесiн оның түсiнiгiндегi аудитордың хаты;
      3) директорлар кеңесi отырысының немесе ұқсас органның тиiстi хаттамасы немесе қаржылық есептеменің қол қойылған данасы.
      Хат-ұсыныстың негiзгi элементтерi: алушы, күнi, мәлiмдеме, қолы.
      12. Хат-ұсынысты аудитор сұрай отырып аудитор ол оның атына жолданғанын, тиiстi ақпараттардың бар болуын және жеткiлiктi түрде күнi мен қол қойылғанын сұрайды.
      13. Хат-ұсынысқа әдетте аудиторлық қорытындыға қойылған күннің күнi қойылады. Солай бола тұрғанымен, жекелеген жағдайларда нақтылы мәмiлелерге немесе басқа уақиғаларға қатысты жекелеген хат-ұсынысты аудит барысында немесе аудиторлық қорытынды күнi қойылған күннен кейiн, мысалы, ашық әдiспен бағалы қағаздар орналастырылған күнi қойылған күні алынуы мүмкін.
      14. Хат-ұсынысқа әдетте оның қызметiнің субъектiсi мен қаржылық аспектiсiне жауап беретiн лауазымды тұлға (әдетте бұл басшы және бас қаржы лауазымды тұлға) олардың бiлiмi мен сенiмi негiзiнде қол қояды. Белгiлi бiр жағдайларда аудиторға басқа лауазымды тұлғалардан хат-ұсыныс талап етiлуi мүмкiн. Мысалы, аудиторға акционерлердің барлық жиналыстарының, директорлар кеңесiнiң және мұндай хаттамаларды жүргiзу үшiн жауапты тұлғалар арқылы субъектiнiң басқа маңызды органдарының хаттамаларының толықтығына қатысты хат-ұсыныс қажет етілуi мүмкiн.

     Басшының мәлiмдеме беруден бас тартқан
     жағдайдайдағы аудитордың iс-әрекетi
     
     15. Егер басшылық аудитор қажет деп тапқан мәлiмдеменi ұсынудан
бас тартса бұл аудит аумағын шектеу болып табылады, және аудитор шартты 
пiкiрiн бiлдiруден немесе пiкрiн айтудан бас тартуы тиiс. Мұндай 
жағдайларда аудитор аудит барысында жасаған басшының басқа мәлiмдемесiнiң 
тұрақтылығын бағалауы, сондай-ақ мұндай бас тарту аудиторлық мәлiмдеге
қандай да бiр қосымша ықпал ету мүмкiндiгiн қарастыруы тиiс.
      
                                    Қосымша
     
                  Хат-ұсыныс үлгiсi
     


      Келтiрiлiп отырған хат стандарт болып табылмайды. Басшының мәлiмдемесi бiр субъектi екiншiсiнен, бiр кезең екiншiсiнен ерекшеленедi.
      Алайда, басшы мәлiмдемесi түрлi мәселелер бойынша ұсыну туралы аудитор сұрау салғанымен осы мәселелерге басшылықтың назарын аударуы мүмкiн, осылайша ұсыну туралы аудитор сұрау салғанымен осы мәселелердi басшылықтың бiршама тиянақты жетiлдiруге мәжбүр етедi, аудитор осы АС-ында айтылғанындай аудиторлық дәлелдеме ретiнде басшының мәлiмдемесiн пайдалануға қатысты шектеулер туралы бiлуi тиiс.

                         Кәсiпорын банкi

      Күнi Аудиторға

      Бұл хат-ұсыныс Қазақстан Республикасында бекiтiлген бухгалтерлiк есеп стандарына сәйкес көрсетiлген күнге оның қаржы шаруашылық қызметiнің және ақша қаражаттары қозғалысының нәтижелерiн 19... жылдың 31 желтоқсанына компанияның қаржылық ережелерi туралы қаржылық есептеменің дәлелденген және объективтi картинасын бiлдiретiндiгiне (барлық маңызды аспектiлер бойынша объективтi көрсетiлген) қатысты пiкiрiн бiлдiру мақсатында 19... жылдың 31 желтоқсанында аяқталатын кезең үшiн аудитпен Сiздің "А" субъектiсiнің қаржылық есептемесiн жүргiзуге байланысты ұсынылады.
      Қазақстан Республикасында бекiтiлген бухгалтерлiк есеп стандарттарына сәйкес дәлелденген қаржылық есептеме үшiн өзiмiздiң жауапкершiлiгiмiздi мойындаймыз.
      Өзiмiздің бiлiмiмiз бен сенiмiмiздің негiзiнде бiз мыналарды растаймыз:

      Осы субъектiге қатысты төменде мәлiмдеме келтiрiледi. Олар мыналарды қамтуы мүмкiн:
      1. Қаржылық есептемеге айтарлықтай ықпал етуi мүмкiн бухгалтерлiк есеп және iшкi бақылау жүйелерiнде маңызды рөл атқаратын басшылық немесе қызметкерлер тарапынан ешқандай тәртiп бұзушылық орын алып отырған жоқ.
      2. Бiз сiздерге барлық бухгалтерлiк кiтаптар мен қуаттаушы құжаттарды, акционерлердің жиналыстарының және директорлар кеңестерiнің, атап айтқанда .....тиiстi өткiзiлген отырыстарының барлық хаттамаларын ұсындық.
      3. Тараптарға қатысты ақпараттардың толықтығын бiз қуаттаймыз.
      4. Қаржылық есептемеде бос жiберулердi қоса, ешқандай маңызды бұрмалаушылық жоқ.
      5. Компания уағдаластық мiндеттемелердi сақтамаған жағдайда қаржылық есептемеге айтарлықтай ықпал етуi мүмкiн олардың барлық аспектiлерiн сақтайды.
      6. Төменде келтiрiліп отырған ақпарат қаржылық есептемеде жеткiлiктi көрсетілген және тиiстi түрде ашылған:
      1) байланысты тараптар, баптар және олармен жасалатын операциялар;
      2) сатып алу және сату нәтижесiнде ұшырайтын шығындар;
      3) бұрын сатып алынған активтерге деген келiсiм және опцион;
      4) кепiл ретiнде пайдаланылған активтер.

      7. Қаржылық есептемеде көрсетiлген активтер мен мiндеттемелердiң баланстық құнын немесе сыныптамасын айтарлықтай өзгертуi мүмкiн жоспарлап немесе ниеттенiп отырғанымыз жоқ;
      8. Бiз қандай да бiр өнiмдi өндiрудi тоқтатуды жоспарламаймыз, сондай-ақ тауар-материалдық құндылықтардың қандай да бiр ысырапшылығына немесе олардың өтпеуiне әкелетiн басқа әрекеттердi жоспарлап немесе ниеттеніп отырғанымыз жоқ; ешқандай тауар-материалдық қорлар өз сомалары бойынша сатудың таза құнынан аспайды.
      9. Компания барлық активтерге деген тиiстi құқыққа ие, қаржылық есептемеге ашуды көрсетiлгеннен басқа компаниялардың активтерiне деген ешқандай кепiлдiк пен тиым салу орын алып отырған жоқ.
      10. Бiз барлық нақтылы да және күтiлмеген жағдайларды да ескердiк немесе аштық, сондай-ақ бiзге үшiншi тараптың ұсынған барлық кепiлдiктерiнiң ...... қаржылық есептемелерiн ашу кезiнде аштық.
      11. ...... қаржылық есептемеге ...... ашуда сипатталғандардан басқа, қаржылық есептемеде немесе түсiндiрме жазбада түзетудi немесе ашуды талап ететiн есептi кезең күнiнен кейiн пайда болған ешқандай оқиға орын алмайды.
      12. "В" компаниясының ...... талап етуі бойынша қаржылық есептемеде

тиісті түрде көрсетілген, ...... жалпы сомаға есеп жүргізілді. Осыған 
байланысты сот талап етуіне қатысы бар басқа ешқандай талап реніш жоқ.
     13. Біздің кез-келген шоттарымызды пайдалану бойынша ешқандай ресми 
немесе ресми емес шектеулер жоқ. ....... қаржылық есептемеге ашуға 
көрсетілгеннен басқа бізде несие бойынша ешқандай келісім жоқ.
     14. Өзіміздің бұрын сатылған акционерлік капиталымызды сатып алу, 
опцион үшін резервке қойылған акционерлік капитал сомасы, нұсқалар, 
конверсиялар және басқа да мұқтаждар бойынша келісімдердің және 
опциондардың қаржылық есептемесінде біз дұрыс ескердік және аштық.
     
     Бастық                    Қолы
     
     Бас қаржылық тұлға         Қолы
     
     
      Оқығандар:
          Омарбекова А.Т.
          Икебаева Ә.Ж.