Жеке тұлғаларға бағалы қағаздар рыногында жұмыстарды орындауға рұқсат беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы

Қаулы Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы 1999 жылғы 20 көкек N 30 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 1 маусымда тіркелді. Тіркеу N 782

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) нормативтiк құқықтық актiлерiн Ұлттық комиссияның 1999 жылғы 23 ақпандағы N 26 қаулысымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1999 жылғы 01 көкекте 721 нөмiрмен V990721_ тiркелген Аттестациялық қағидаларға сәйкес келтiру мақсатында Ұлттық комиссия қаулы етеді:
      1. Мынадай нормативтiк құқықтық актiлерге өзгерiстер енгізiлсiн:
      1) Ұлттық комиссияның 1996 жылғы 29 қарашадағы N 141 қаулысымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1997 жылғы 13 қаңтарда 243 нөмiрмен V960243_ тiркелген Қазақстан Республикасындағы акциялар эмиссиясын тiркеу, жою және акциялар шығарылымдары мен орналастыру қорытындылары жөнiндегi есептi бекiту туралы ережеге:
      4 тармақтың үшiншi бөлiгiне:
      "штатында тiркеушілік қызметтi жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясы берген бiлiктiлiк куәлiктерi бар маман" деген сөздер "өзiнiң штатында Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы берген, қолданылып жүрген екiншi санатты бiлiктiлiк куәлiгiн (бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi орындау және тiркеу жөнiндегi жұмыстарды орындауға рұқсат ету құқығымен) иеленген маман" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-қосымшаның III бөлiмi 2-тармағы ж) тармақшасының екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      " - эмитенттiң қолданылып жүрген екiншi санатты бiлiктiлiк куәлiгiн (бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi орындау және тiркеу жөнiндегi жұмыстарды орындауға рұқсат ету құқығымен) иеленген қызметкерiнiң тегi, өз аты және жазылған болса әкесiнiң аты, бiлiктiлiк куәлiгiнiң нөмерi және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясының Аттестациялық комиссиясының осы қызметкердi екiншi санат бойынша аттестациялау туралы шешiмiнiң қабылданған күнi;";
      4-қосымшаның 6-тармағының екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "- эмитенттiң қолданылып жүрген екiншi санатты бiлiктiлiк куәлiгiн (бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi орындау және тiркеу жөнiндегi жұмыстарды орындауға рұқсат ету құқығымен) иеленген қызметкерiнiң тегi, өз аты және жазылған болса әкесiнiң аты, бiлiктiлiк куәлiгінiң нөмерi және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының Аттестациялық комиссиясының осы қызметкердi екiншi санат бойынша аттестациялау туралы шешiмiнiң қабылданған күнi;";
      2) Ұлттық комиссияның 1996 жылғы 13 желтоқсандағы N 151 қаулысымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1997 жылғы 27 қаңтарда 250 нөмiрмен V960250_ тiркелген Мамандарды бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн оқытуға оқу орталықтарына Рұқсат беру тәртiбi туралы ережеге:
      4 тармақтың л) тармақшасы алып тасталсын;
      "Бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлау жөнiндегі курс тыңдаушыларын аттестациялау тәртiбi туралы Ережемен" деген сөздер "Ұлттық комиссияның 1999 жылғы 23 ақпандағы N 26 қаулысымен бекiтiлген Аттестациялық қағидалармен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) Ұлттық комиссияның 1997 жылғы 02 маусымдағы N 80 қаулысымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1997 жылғы 04 тамызда 342 нөмiрмен V970342_ тiркелген Бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлауды жүзеге асыратын оқу орталықтарының iшкi құжаттар айналысын жүргiзу тәртiбi туралы нұсқауға:
      1-тармағына:
      з) тармақшасы алып тасталсын;
      л) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "л) жеке папкада: оқытушылардың атын-жөнiн, сондай-ақ осы курстарды өткiзетiн орындарды және уақытын көрсете отырып оқу орталығының бiрiншi басшысы (оқу орталығының алқалы атқарушы органының басшысы немесе оқу орталығының атқарушы органының функциясын жеке дара жүзеге асыратын тұлға) немесе оны ауыстыратын тұлға қол қойған және оқу орталығы мөрiнiң таңбасымен расталған бағалы қағаздар рыногындағы жұмыс үшiн мамандар даярлау курстарының сабақ кестелерi.";
      4) Ұлттық комиссияның 1997 жылғы 29 қыркүйектегi N 152 қаулысымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1997 жылғы 13 қазанда 390 нөмiрмен V970390_ тiркелген Қазақстан Республикасындағы қор биржаларының қызметiн лицензиялаудың тәртiбi туралы ережеге:
      6.1-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Өтiнушiнiң штатында БҚҰК берген, қолданылып жүрген бiлiктiлiк куәлiктерiн иеленген, оның iшiнде бiрiншi санатты (бағалы қағаздармен мәмiлелер жасау жөнiндегi жұмыстарды орындауға рұқсат ету құқығымен) кемiнде үш және екiншi санатты (бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi орындау және тiркеу жөнiндегi жұмыстарды орындауға рұқсат ету құқығымен) кемiнде екi маман болуы керек.";
      5) Ұлттық комиссияның 1997 жылғы 29 қыркүйектегi N 152 қаулысымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1997 жылғы 13 қазанда 391 нөмiрмен V970391_ тiркелген Қазақстан Республикасындағы биржадан тыс баға кесу ұйымдарының қызметiн лицензиялаудың тәртiбi туралы ережеге:
      6.1-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Өтiнушiнiң штатында БҚҰК берген, қолданылып жүрген бiлiктiлiк куәлiктерiн иеленген, оның iшiнде бiрiншi санатты (бағалы қағаздармен мәмiлелер жасау жөнiндегi жұмыстарды орындауға рұқсат ету құқығымен) кемiңде үш және екiншi санатты (бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi орындау және тiркеу жөнiндегi жұмыстарды орындауға рұқсат ету құқығымен) кемiнде екi маман болуы керек.";
      6) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1997 жылғы 16 қазанда 404 нөмiрмен V970404_ тiркелген "Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензия алу кезiнде заңды тұлғаларға қойылатын талаптар туралы" Ұлттық комиссияның 1997 жылғы 03 қазандағы N 156а қаулысына:
      2-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "14) өтiнушiнiң осы Қаулының 1-тармағының 2) тармақшасында аталған қызметкерлерiне БҚҰК берген, қолданылып жүрген үшiншi санатты (бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi жұмыстарды орындауға рұқсат ету құқығымен) бiлiктiлiк куәлiктерiнiң көшiрмелерi;";
      7) Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1998 жылғы 12 қарашада 643 нөмiрмен тiркелген Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың басшы қызметкерлерi лауазымына кандидатураларды келiсу тәртiбi туралы қағидаларына:
      13-тармақта:
      1) тармақшадағы "бағалы қағаздар рыногында брокерлiк, дилерлiк қызметтi жүзеге асыру" деген сөздер "бағалы қағаздармен мәмiлелер жасау жөнiндегі жұмыстарды орындауға рұқсат ету" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшадағы "қызметтi жүзеге асыру" деген сөздер "орындауға рұқсат ету" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 23 желтоқсандағы N 19 қаулысымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1999 жылғы 17 наурызда 707 нөмiрмен тiркелген Бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметiн жүзеге асыру қағидаларына:
      16-тармақтағы "бағалы қағаздар рыногында брокерлiк, дилерлiк қызметтi жүзеге асыру" деген сөздер "бағалы қағаздармен мәмiпелер жасау жөнiндегi жұмыстарды орындауға рұқсат ету" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 20 қаулысымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1999 жылғы 12 ақпанда 683 нөмiрмен тiркелген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыру қағидаларына:
      12-тармақта:
      1) тармақтағы "бағалы қағаздар рыногында брокерлiк, дилерлiк қызметтi жүзеге асыру" деген сөздер "бағалы қағаздармен мәмiлелер жасау жөнiндегi жұмыстарды орындауға рұқсат ету" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақшадағы "қызметті жүзеге асыру" деген сөздер "тіркеуге және орындауға рұқсат ету" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде

тіркелген сәттен бастап күшіне енгізілетіндігі белгіленсін.
     3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау 
басқармасы:
     1) осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) бағалы қағаздар рыногы 
субъектілерінің назарына жеткізсін;
     2) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.
     
     Ұлттық комиссияның Төрағасы
     
     Комиссияның мүшелері
     
     
      Оқығандар:
        Омарбекова А.
        Қасымбеков Б.