Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы

Қаулы Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы 1999 жылғы 17 мамыр N 32

Қолданыстағы
     "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" Z970136_ Қазақстан Республикасының заңына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Z990364_ Қазақстан Республикасы заңының қабылдануына байланысты және Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) нормативтiк құқықтық актiлерiн аталған заңның нормаларына сәйкес келтiру мақсатында Ұлттық комиссия қаулы етеді:
      1. Ұлттық комиссияның мынадай нормативтiк құқықтық актiлерiне өзгерiстер енгізiлсiн:
      1) Ұлттық комиссияның 1997 жылғы 29 тамыздағы N 133 қаулысымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1997 жылғы

10 қыркүйекте 365 нөмiрмен  

V970365_

  тiркелген Зейнетақы активтерiн 
инвестициялық басқару жөнiндегi қызмет туралы есеп берудiң тәртiбi және 
нысандары туралы ережеге:
     12-тармақта:
     төртiншi бөлiктегi "ақша қаражаттарының" деген сөздер "ақшаның" деген
сөзбен ауыстырылсын;
     3-қосымшада:
     1.5 жолдағы "Ақша қаражаттары" деген сөздер "Ақшалар" деген сөзбен
ауыстырылсын;
     4-қосымшада:
     1.4 жолдағы "Ақша қаражаттары" деген сөздер "Ақшалар" деген сөзбен
ауыстырылсын;
     2) Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысымен бекiтiлген
және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1998 жылғы 12 қарашада 
641 нөмiрмен  

V980641_

  тiркелген Мемлекеттiк зейнетақы жинақтау қорының 
инвестициялық қызметтi жұзеге асыру қағидаларына:
     2-тармақта:
     3) тармақшадағы "мемлекеттiк" деген сөз алып тасталсын; 
     11 және 12-тармақтар алып тасталсын;


      3) Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1998 жылғы 12 қарашада 642 нөмірмен V980642_ тіркелген Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың инвестициялық қызметті жүзеге асыру қағидаларына:
      14-тармақ алып тасталсын.
      2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген сәттен бастап күшіне енгізілетіндігі белгіленсін.
      3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметі - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігінің назарына жеткізсін.
     4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау 
басқармасының Зейнетақыны реформалау бөлімі осы Қаулының орындалысына 
бақылау жасасын.
     
     Ұлттық комиссияның Төрағасы
     
     Комиссияның мүшелері
     
     
      Оқығандар:
        Омарбекова А.
        Қасымбеков Б.