Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 1998 жылғы 13 наурыздағы N 177 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі 1999 жылғы 24 ақпан N 18. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 12.03.1999 ж. тіркелді. Тіркеу N 701. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 4 қарашадағы N 325 (V043191) бұйрығымен.

Күшін жойған

       "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заң күші бар Жарлығына сәйкес Бұйырамын:

      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 13 наурыздағы N 177  бұйрығына  мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      осы бұйрықпен бекітілген нотариаттық қызметпен айналысуға құқық беретін лицензияны беру тәртібі туралы Ережеге:
      1) 5-тармақтың бірінші азбацы "мөлшерінде" деген сөзден кейін "бір жолғы" деген сөзбен толықтырылсын;
      2) 8-тармақта "айдың" деген сөз "оны күннің" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Министр