Қостанай облысы Науырзым ауданының Докучаев селосын Қарамендi селосы деп атау туралы

Қостанай облыстық мәслихаты мен облыс әкiмiнiң (он алтыншы сессия) 1998 жылғы 28 тамыздағы шешімі Қостанай облысының әділет басқармасында 1999 жылғы 25 наурызда N 68 тіркелген

Қолданыстағы

     Науырзым аудандық мәслихатының Науырзым ауданы әкiмiнiң, Докучаев 
селосы тұрғындарының ұсыныстарын және облыстың ономастикалық комиссиясының 
Докучаев селосын Қармендi селосы деп атау туралы қорытындысын қарап, 
"Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-аумақтық құрылымы туралы" Заңының 
11-бабына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты мен Қостанай облысының әкiмi 
шештім:
     Қостанай облысы Науырзым ауданының Докучаев селосы Қарамендi селосы 
деп аталсын.
     (Мәселе Қазақстан Республикасы Үкiметi жанындағы Ономастикалық 
комиссиямен келiсiлген).
     Сессия төрағасы                      Қостанай облысының әкiмi
                       Қостанай облыстық 
                      мәслихатының хатшысы