Қобда ауданының селолық округтері мен селоларының аттарын өзгерту туралы

Ақтөбе облыстық Мәслихаты мен облыс Әкiмiнiң жиырмасыншы сессияда қабылдаған 1998 жылғы 18 наурыздағы N 5 шешiмi. Ақтөбе облысының Әділет басқармасында 1998 жылғы 15 сәуірде N 24 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымы туралы" Заңының 11 бабы 4 тармағына сәйкес, облыстық Мәслихат және облыс Әкiмi шешiм еттi:
      1. Қобда ауданы мәслихаты мен әкiмiнiң және облыстық ономастикалық комиссияның ұсыныстары қабылдансын және Қобда ауданындағы:
      Краснояр селолық округi          Қызылжар ауыл округi
      Новоалександровка селолық округi Өтек ауыл округi
      Михайловка селолық округi        Құрсай ауыл округi
      Сөгәлi селолық округi            Сөгәлi ауыл округi
      Краснояр селосы                  Қызылжар ауылы
      Брусиловка селосы                Қаракемер ауылы
      Новоалександровка селдосы        Өтек ауылы
      Михайловка селосы                Құрсай ауылы
      Зеленый дол селосы               Көк уй ауылы болып, аттары өзгертiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Үкiмет жанындағы ономастикалық комиссияның қарауына енгiзiлсiн.

      Облыстық Мәслихаттың                  Облыс Әкiмi
         сессия төрағасы