Банктер консорциумын құру және синдикатталған (консорциумдық) кредиттер беру ерекшеліктері туралы ережені бекіту жөнінде

Қаулы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 328 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 13 қыркүйекте N 892 тіркелді

Қолданыстағы
      Екінші деңгейдегі банктер қызметінің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді:
      1. Банктер консорциумын құрудың және синдикатталған (консорциумдық) кредиттер беру ерекшеліктері туралы ереже бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енгізілсін.
      2. Заң департаменті (Сизова С.И.) Банктік қадағалау департаментімен (Жұмағұлов Б.Қ.) бірлесіп осы қаулыны және Банктер консорциумын құрудың және синдикатталған (консорциумдық) кредиттер беру ерекшеліктері туралы ережені Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткізсін.
      3. Банктік қадағалау департаменті (Жұмағұлов Б.Қ.) осы қаулыны және Банктер консорциумын құру және синдикатталған (консорциумдық) кредиттер беру ерекшеліктері туралы ережені Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап екі апта мерзімде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т.Құдышевке жүктелсін.
     Ұлттық Банк
       Төрағасы


                                              Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының 1998 жылғы 31 желтоқсанындағы N 328 қаулысымен бекітілді


                    Банктер консорциумын құрудың және
               синдикатталған (консорциумдық) кредиттердің
                       ерекшеліктері туралы ереже

      Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (жалпы бөлім), Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Z952444_ Заң күші бар Жарлығына, банктер және банк қызметі туралы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді, екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі - банктер) синдикатталған (консорциумдық) кредиттерді қалыптастыру және беру, сондай-ақ оларды есепке алу тәртібін белгілейді.

                    1-тарау. Жалпы ереже

      1. Банктер жекелеген қарыз алушыларды немесе заңды тұлғалар тобын бірлесіп кредиттеу, сондай-ақ қаржы рыногында басқа да қызмет атқару үшін, егер оны жүзеге асыру банк заңдарының талаптарына қайшы келмейтін болса, өздерінің қаржы ресурстарын біріктіру жолымен консорциум құруға құқылы.
      2. Банктердің консорциумын құруға қажетті шарт кредитор-банктердің құрамында болуы мүмкін өзгеріске қарамастан оның қатысушыларының синдикатталған (консорциумдық) кредитті беру туралы кредит шартының ережелерін орындау жөнінде міндеттеме қабылдауы болып табылады. Бірлескен қызметтің осы түріне қатысушылардың құқықтық мұрагерлігі туралы нормасы банктер консорциумын құру туралы келісімге енгізілуі тиіс.
      3. Синдикатталған (консорциумдық) кредиттерді құрастыру және беру осы Ережеде белгіленген талаптарды ескере отырып жүргізіледі.
      4. Осы Ереженің мақсаты үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) синдикатталған (консорциумдық) кредит - консорциумның қатысушылары болып табылатын екі және одан да көп банктер бірлесіп құралған және қарыз алушыға (байланысқан қарыз алушылар тобына) бір кредит (несие) шарты (қажет болғанда оған басқа да құжаттар қосылады) негізінде берілген кредит;
      2) ұйымдастырушы-банк - банктердің консорциумын құрудың немесе синдикатталған (консорциумдалған) кредит берудің бастамашысы болған банк;
      3) агент-банк - синдикатталған (консорциумдық) кредит және басқа да міндеттер бойынша консорциумға қатысушылардың және осы Ереженің белгілеген өкілеттігі шегінде қызмет ететін банк;
      4) ортақ кредитор-банктер - синдикатталған (консорциумдық) кредитті беруге консорциум құрамына тікелей қатысатын банктер;
      5) Ақпараттық меморандум - консорциумға ықтимал қатысушыларға не ортақ кредитор-банктерге ұйымдастырушы-банк беретін консорциум құру туралы ұсыныс жазылған және/немесе синдикатталған (консорциумдық) кредитті берудің орындылығын негіздейтін құжат.
      5. Ұйымдастырушы-банк консорциум құру туралы келісімді белгіленген тәртіппен жасағаннан кейін бес күн ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне консорциумның құрылғаны туралы мынадай мәліметтері бар хабарландыру береді:
      1) консорциумның атауы және оны құрудың мақсаты;
      2) консорциумға қатысушылардың құрамы;
      3) берілетін синдикатталған (консорциумдық) кредиттің (бұдан әрі - синдикатталған кредит) әрбір қатысушы банктің үлесі көрсетілген жалпы сомасы;
      4) бір немесе бірнеше ортақ кредитор-банктер шығып кеткен жағдайда консорциумға қатысушылар құқықтық мұрагер болып қабылдайтын міндеттемелердің ауқымы.
      6. Бірлескен қызметке жетекшілікті және ортақ іс жүргізуді консорциумның қатысушылары өзара келісім бойынша бір қатысушы-банкке не агент-банкке тапсыра алады.
      7. Егер банк басқа банк акциясының 1/3 астамына ие болса, ондай банктер бір синдикатталған кредиттің ортақ кредиторлары бола алмайды.
      Синдикатталған кредитті ортақ кредитор-банктердің акциясын сатып алу үшін тікелей немесе жанамалап пайдалануға болмайды.
      8. Консорциум құру туралы келісімде басқа жағдайлармен бірге мыналар болуы тиіс:
      1) консорциумның атауы және оны құрудың мақсаты;
      2) консорциум қатысушыларының құрамы және мекен-жайы;
      3) Ұйымдастырушы-банк және агент-банк туралы толық мәліметтер;
      4) кредиттеу синдикатталған кредитті жіктеу және ол бойынша провизиялар жасау талаптарының өзгеруін, ортақ кредиттердің консорциумға қатысудан бас тартуына байланысты консорциум қатысушыларының шешім қабылдауының іс-жосығы;
      5) жалпы шығындар және шығындарды жабу тәртібі;
      6) консорциум қатысушыларының жалпы істерді жүргізудің және

консорциумды басқарудың талаптары;
     7) берілетін синдикатталған кредиттің ортақ кредитор-банктердің 
үлесін қоса есептегендегі жалпы сомасы;
     8) синдикатталған кредит бойынша қарыз алушылардан (байланысқан қарыз 
алушылар тобынан) алынатын сыйақыдағы (мүддедегі) банктердің үлесін қоса 
есептегенде сыйақы (мүдде) ставкаларының мөлшері;
     9) қарыз алушының синдикатталған кредитті өтеуі туралы ақпарат беру 
талаптары;
     10) синдикатталған кредиттің әр үлесін қамтамасыз ету жөнінде ақпарат 
және басқа талаптар.
     
                    2-тарау. Синдикатталған кредитті құрау және
                             беру тәртібі.
     
     9. Агент-банк және ортақ кредитор банктер мына өлшемдерді 
қанағаттандыруға:
     1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген пруденциалдық 
нормативтерді және басқа сақталуы міндетті нысандар мен лимиттерді 
орындауға;
     2) кредиттік портфелінің жалпы сомасында тәуекелі көп күмәнді және 
үмітсіз кредиттерді 25%-тен көп ұстамауға міндетті.
     10. Ұйымдастырушы-банк консорциумның қатысушыларына үшін жіберетін 
ақпараттық меморандумда:
     1) жорамал синдикатталған кредиттің сомасы және ол бойынша сыйақы 
(мүдде) мөлшері;
     2) қарыз алушы (байланысқан қарыз алушылар тобы) туралы қысқаша 
мәлімет;
     3) кредиттеудің мақсаты;
     4) синдикатталған кредитті беру мерзімі және басқа талаптар болуы 
тиіс.
     11. Ұйымдастырушы-банк:


      1) синдикатталған кредит бойынша кредиттік құжаттар топтамасын белгіленген талаптарға сәйкес құрауды және ресімдеуді;
      2) синдикаттық кредит бойынша құжаттарды кредиттік құжаттар топтамасын мәліметтер енгізуді қоса, құрастыру, есепке алу және сақтауды;
      3) синдикатталған кредит бойынша ортақ кредитор-банктерге құжаттама жіберуді;
      4) қажет құжаттарды агент-банкке өткізуді қамтамасыз етуге міндетті.
      12. Синдикатталған кредит беруге қатысу туралы шешім қабылдаған банк (консорциум құрылғанға дейін де, одан кейін де) өзінің келіскендігі туралы ұйымдастырушы-банкке еркін нысанда жасалған жазбаша өтінім жібереді.
      13. Синдикатталған кредит бойынша кредиттік құжаттар топтамасын құрау, сондай-ақ оны жіктеу осы Ережеде белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып тиісті нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкес жасалады.
      14. Ортақ кредитор-банктер синдикатталған кредитке қызмет көрсету жөнінде агент-банкпен келісімге отырады, осыған сәйкес агент-банк:
      1) қарыз алушымен кредит шартын және басқа да қажетті құжаттар дайындауды және қол қоюды;
      2) синдикатталған кредит беруге байланысты төлемдерді;
      3) синдикатталған кредитті жіктеуді;
      4) қарыз алушының кредит бойынша негізгі борышты өтеуін және ол бойынша сыйақы (мүдде) төлеуін қамтамасыз ету шараларын;
      5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және басқа органдарға синдикатталған кредит бойынша белгіленген мерзімде қажетті есептерді заңдарда белгіленген тәртіппен беруді;
      6) синдикатталған кредитті өтеуге байланысты төлемдер жүзеге асыруға тиіс.
      15. Ортақ кредитор-банктерден түскен және синдикатталған кредитті беруге арналған ақшаны агент-банктің басқа мақсатқа пайдалануға құқығы жоқ.

                3-тарау. Синдикатталған кредиттерді есепке
                    алу және оларды жіктеу ерекшеліктері

      16. Синдикатталған қарыз алуды есепке алу үшін агент-банк N 2050 "Банктерден алынған кредит" тобының тиісті шоты бойынша арнайы жеке шот ашады.
      17. Синдикатталған кредитті беруге арналған ақшаны ортақ кредитор-банктер агент-банктің шотына аударады.
      18. Ортақ кредитор-банктер синдикатталған кредитті беру мөлшерін және басқа талаптарын мақұлдағаннан кейін агент-банк қарыз алушыға кредит береді және оның сомасын N 1400 "Клиенттерге қойылатын талаптар" тобының тиісті шотына есепке алады.
      Пруденциалдық нормативтерді есептен шығарғанда агент-банк синдикатталған кредиттің сомасын ондағы өзінің үлесіне тең етіп есепке енгізеді.
      19. Агент-банк синдикатталған кредиттің барлық сомасына банк активтерін жіктеу мен шартты міндеттемелер және ол бойынша Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің провизиялық есеп айырысуы туралы нормативтік құқықтық актіге сәйкес жіктеу жасайды және синдикатталған кредиттің өтелуіне мониторингті іске асырады.
      барлық қатысушы-банктер бойынша синдикатталған кредитті жіктеп болғаннан кейін, осы кредитті берген агент-банк есеп беру кезеңі аяқталардан кемінде 5 жұмыс күн бұрын бұл туралы консорциумның басқа қатысушыларына (олармен келісілген тәртіппен және нысанмен) жазбаша хабарлайды.
      20. Ортақ кредитор-банктер синдикатталған кредит бойынша провизияларды оған өздерінің қатысу үлесін ескере отырып, агент-банктің деректеріне сәйкес құрауға міндетті.
      Консорциумның қатысушылары қажетіне қарай ортақ кредитор-банктер

есепке алуды және есеп беруді дұрыс жүргізуін қамтамасыз ету бойынша 
шаралар қолдануға міндетті.
     21. Агент-банкке аударылған және синдикатталған кредитті беруге 
арналған соманы ортақ кредитор-банктер N 1300 "Басқа банктерге берілген 
кредитор және аванстар" тобының тиісті шоттарына есепке алады.
     22. Агент-банк Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік 
қадағалау департаментіне ай сайын банк активін және шартты міндеттемелерді 
жіктеу және провизиялардың мөлшері бойынша өзгерістер туралы мәліметтер 
берумен қатар ортақ кредитор-банктің әрқайсысына тиісті синдикатталған 
кредит туралы осы Ереженің N 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәліметтер 
беріп отырады.
     
                    4-тарау. Қорытынды ережелер
     
     23. Консорциумның қатысушы-банкі осы Ережеде белгіленген талаптарды 
бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің оған ықпал 
етудің шектелген шараларының немесе банк заңдарында көзделген санкцияларды 
қолдануға құқылы.
     24. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер қолданылып жүрген нормативтік 
құқықтық актілерге сәйкес шешілуі тиіс.
     
     Төраға


                                               Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі Басқармасының 1998 жылғы 31 желтоқсанында N 328 қаулысымен бекітілген Банктер консорциумын құрудың және синдикатталған (консорциумдық) кредиттердің ерекшеліктері туралы ережеге N 1 қосымша


                      Банктердің консорциумы берген синдикатталған

              (консорциумдық) кредиттер туралы агент-банктің мәліметі  
     
     Синдикатталған (консорциумдық) кредит
     _______________________________________________________берілді
                       (консорциумның атауы)
     қарыз алушыға (қарыз алушыларға)______________________________
     
     Агент-банктің атауы___________________________________________
     
     Берілген мәліметтер 199__"__"__________________ жағдай бойынша
     
     _____________________________________________________________________
     |           |Банктің|Банктің синдикаттал.|Банктің синдикатталған    | 
     |           |атауы  |ған (консорциумдық) |(консорциумдық) кредит    | 
     |           |       |кредит сомасы беріл.|сомасындағы есеп берілетін|
     |           |       |ген уақыттағы үлесі | күнгі үлесі              |
     |           |       |                    |                          |
     |________________________________________|__________________________
     |           |       |      |синдикаттал. |       |синдикаттал.      | 
     |           |       |мың   |ған (консор. |мың    |ған (консор.
                                 циумдық) кред.теңге. |циумдық) кредиттің| 
     |           |       |теңге |тің жалпы    |мен    | жалпы сомасынан  |
     |           |       |мен   |сомасынан %  |       |  %               |
     |___________|_______|______|_____________|_______|__________________|
     |Агент-банк |       |      |             |       |                  | 
     |           |       |      |             |       |                  | 
     |           |       |      |             |       |                  |
     |           |       |      |             |       |                  |
     |___________|_______|______|_____________|_______|__________________|
     |Ортақ      |       |      |             |       |                  |
     |кредитор   |       |      |             |       |                  |
     |банк       |       |      |             |       |                  |
     |           |1.     |      |             |       |                  | 
     |           |       |      |             |       |                  |
     |___________|_______|______|_____________|_______|__________________|
     |           |2.     |      |             |       |                  |
     |___________|_______|______|_____________|_______|__________________|
     |           |       |      |             |       |                  |
     |___________|_______|______|_____________|_______|__________________|
     |           |       |      |             |       |                  |
     |___________|_______|______|_____________|_______|____________ _____|
     |Синдикатталған     |      |             |       |                  | 
     |(консорциумдық)    |      |             |       |                  |
     |кредиттің жалпы    |      |             |       |                  | 
     |сомасы:            |      |100%         |       | 100%             |
     |___________________|______|_____________|_______|__________________|
     |Синдикат.  |Синдикатталған|Синдикаттал. |Қарыз алушы. |Синдикаттал.|
     |талған (кон|ған (консорци.|ған (консор. |ның синдикат.|ған (консор.|
     |сорциумдық)|умдық) кредит.| циумдық)    |талған (конс.|циумдық)    |
     |кредиттің  |ті өтеу күні  |кредит       |орциумдық)   |кредиттің   | 
     |берілген   |(кредит шарты.|бойынша      |кредиті бой. |жалпы жікте.| 
     |күні       |на сәйкес)    |қамтамасыз   |ынша мерзімі |луі         | 
     |           |              |ету сомасы   |өтіп кеткен  |            | 
     |           |              |(мың теңге)  |қарыз (күнмен)            | 
     |___________|____________________________|_____________|____________| 
     |           |       |      |сыйақы       |негізгі|                  | 
     |           |       |      |(мүдде)      |борыш  |                  | 
     |           |       |      |бойынша      |сомасы |                  |
     |           |       |      |             |бойынша|                  | 
     |___________|_______|______|_____________|_______|__________________| 
     |           |       |      |             |       |                  |
     |           |       |      |             |       |                  |
     |___________|_______|______|_____________|_______|__________________|
    

         Банк Басқармасының төрағасы
         ________________________

         Банктің бас бухгалтері
         ________________________
     
          
     
     Мамандар:
           Багарова Ж.А.
           Икебаева А.Ж.