1. Кедендік рәсімдеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 ж. 4 наурыздағы N 294-а "Кеден органдарын автоматтандыру және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеден комитеті үшін Республикалық деректер алмасу желісінің шаралары туралы" қаулысына сәйкес кедендік жүк декларациясының (әрі - КЖД) электрондық көшірмесі көрсетілгенде ғана жүргізілсін.
2. Кеден басқармаларының, кедендер мен кеден бекеттерінің бастықтары:
- ЖАҚ "Акцепт" Корпорациясымен" жайларды жалдауға шарттарды қайтадан жасасын, бұл арада жайларды жалдағаны үшін ақы төлеудің Қазақстан Республикасының Азаматтық заңдарына сәйкес жүзеге асырылуы ескерілсін;
- жайлардың өткізілуі қабылдау-өткізу актісімен қатаң жүзеге асырылсын;
- ЖАҚ "Акцепт" Корпорациясының" кеден мекемелері ғимараттарында орналасқан жайлары мен жабдықтарын қорғауды қамтамасыз етсін;
- кедендік ресімдеуді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 ж. 4-наурыздағы N 294-а қаулысына сәйкес КЖД-ның электронды көшірмелері бар болатын жағдайда жүргізсін;
осы бұйрықтың мазмұнын тиісті кеден органдары қызметінің аймағында орналасқан декларанттар мен өзге де мүдделі тұлғаларға жеткізсін.
3. Кеден мекемелерінің бөлімдері мен автоматтандыру және кедендік
статистика қызметтерінің бастықтары КЖД-ның электронды көшірмелерін қалыптастыру жөніндегі заңды тұлғалардың қызметіне бақылау жасауды жүзеге асырсын. 4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеден комитетінің 1997 ж. 17 сәуірдегі N 100-П "КЖД-ның электрондық көшірмелерін қалыптастыру туралы"; 1997 ж. 9 қазандағы N 240-П "КЖД-ның электрондық көшірмелері туралы", бұйрықтарының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кеден комитетінің 1998 ж. 8 қыркүйектегі N 162-П "КЖД-ның электрондық көшірмелері туралы" бұйрығының күші жойылған деп саналсын. 5. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасауды өз өкілеттігімде қалдырамын. Төраға