"ҚР Б.1-6-98 ҚН Құрылыс құжаттамаларының мемлекеттiк сараптау жүргiзу ережелерiнiң" бекiтiлуi туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің тұрғын үй және құрылыс саясаты жөніндегі комитеті Қазқұрылыскомитеті 1998 жылғы 18 желтоқсан N 55 Бұйрық. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 22 қаңтарда N 671 тіркелді. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2006 жылғы 15 қыркүйектегі N 352 бұйрығымен.

Күшін жойған

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2006 жылғы 15 қыркүйектегі N 352 бұйрығымен.

--------------БҰЙРЫҚТАН ҮЗІНДІ-----------------

      Комитеттің жекелеген актілерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында және "Алдын ала жобалау құжаттамасының жекелеген түрлері, сондай-ақ жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы бойынша сараптама жүргізу ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы N 918 қаулысының   (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 желтоқсандағы N 1250 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) қабылдануына байланысты БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Құрылысқа арналған құжаттамаларға мемлекеттік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы" ҚР ҚН Б.1-6-98 Тұрғын үй және құрылыс саясаты жөніндегі комитет төрағасының 1998 жылғы 18 желтоқсандағы N 55 бұйрығының және (1999 жылғы 22 қаңтардағы тіркеу N 671) күші жойылды деп танылсын...
      

      Төрағаның
      міндетін атқарушы
-------------------------------             

      1993 жылғы 22 қаңтардағы N 2474-ХІІ Қазақстан Республикасында сәулет-қала және қала-құрылысы туралы  Заңды  жүзеге асыру мақсатымен бұйрық етемін: 
      1. Қоса берiлiп отырған ҚР Б.1-6-98 ҚН "Құрылыс құжаттамаларының мемлекеттiк сараптау жүргiзу ережелерi" бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуі кезеңiнен бастап қолданылымға енгiзiлсiн. 
      2. Осы Ережелер қолданылымға енгiзiлуiмен байланысты Қазақстан Республикасының аумағында Б.1-6-98 ҚН "Құрылыс құжаттамаларына мемлекеттiк сараптау жүргiзу тәртiбi туралы Нұсқаудың" күшi жойылды деп саналсын. 
      3. Құрылыс, сәулет-қала және техникалық нормаландыру басқармасы (Бекмұхамбетов С.К.), Қазақстан мемлекеттiк құрылыс жөнiндегi ақпаратты баспа орталығымен бiрге (Дүйсенов Б.С.) белгiленген тәртiп бойынша материалдардың жинақтарына ҚР Б.1-6-98 ҚН "Құрылыс құжаттамаларының мемлекеттiк сараптау жүргiзу Ережелерiнiң" бекiтiлу туралы ақпаратты кiргiзсiн және басылымды бастырып шығаруын дайындасын.    

      Төрағасы 

Құрылыс құжаттамаларының мемлекеттік
сараптау жүргізу
Ережелері

                          I бөлiм. Жалпы ережелер

      1. Осы нұсқау құрылыс құжаттамаларына мемлекеттiк сараптау жүргiзетiн жалпы ережелерiн, тәртiбiн және мерзiмдерiн белгiлейдi, оның iшiне қаржы салымының негiздеуi, құрылыстардың техника-экономикалық дәлелдеуi (есептеу), жобалар, құрылыс жүргiзу жұмыс жобалары, кеңейту, қайта жаңарту, техникалық қайта жарақтандыру және Қазақстан Республикасының аумағындағы кәсiпорындар, сәулет құрылыстары мен ғимараттардың күрделi жөндеулерi кiредi, және мемлекеттiк мекемелермен, құрылыстағы инвестициялық үдерiсiне қатысушылары - құрылыс жобаларының сараптамасын жүзеге асыратын, мемлекеттiк басқару мен бақылау органдары, заказ берушiлер (инвесторлар), кәсiпорындар, ұйымдар, басқадай заңды және қара күшке негiзделген тұлғалармен пайдалануға арналады. 
      2. Мемлекеттік сараптама құрылыстың инвестициялық үдерісінде кезеңнің бірі болып табылады және мемлекеттік нормалары мен ережелеріне талап етпейтін объектілердің құрылыстарын алдын ала тоқтату мақсатында, немесе азаматтардың Заңмен қорғанатын құқықтары мен қалауларына, заңды тұлғаларға және мемлекетке нұқсан келтіретін кезде, сонымен қатар әлеуметті-экономикалық, ғылыми-техникалық, сәулет-қала құрылысын, энергия сақтау және табиғатты қорғау саясаттарын бұзбайтынын бақылау мақсатымен өткізіледі. 
      3. Мемлекеттiк сараптаманы жүргiзетiн кезде Қазақстан Республикасының заң жиынтығы мен нормаларды белгiлейтiн актiлермен, осы Ережелерiмен, және басқа инвестициялық қызметiн реттейтiн мемлекеттiк құжаттарын басшылыққа алу қажет. 
      4. Құрылыс құжаттамаларына мемлекеттiк сараптама жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Өкiметi белгiлейдi. 
      5. Сәулет-қала құрылыс құжаттамаларына мемлекеттiк сараптама жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасы Құрылысминiнiң 1994 жылғы 24 қарашадағы N 11-2 коллегиясының Қаулысымен бекiтiлген "Сәулет-қала құрылыс жобаларын әзiрлеу, келiсу, сараптама жүргiзу, бекiтiлу Тәртiбiне" сәйкес белгiленедi. 

2 бөлім. Сараптаманы жүргізу тәртібі  

      6. Құрылыс құжаттамаларына сараптама жүргiзу тәртiбi бойынша кәсiпорындар, үйлер мен ғимараттардың құрылыс салу жобалары мемлекеттiк сараптаудан төмендегiдей тәртiп бойынша өтуге тиiстi: Мемлекеттiк ұлттық және республикалық мақсатты бағдарламаларының жобаларын сараптауы, және басқа ең үлкен және теңдессiз объектiлер мен кешендердiң құрылыстары толығымен немесе бөлшектеп мемлекеттiк қаржы салымы есебiнен жүзеге асырылатын, республикалық мемлекеттiк сәулет-қала құрылыс қызметiн басқаратын ұйымының ұсынысы мен Қазақстан Республикасы Өкiметiнiң шешiмi бойынша сарапшылар комиссиясы құрылады, олардың iшiне ғылыми, қоғамдық және басқа мекемелердiң өкiлдерi, қажет болғанда шетелдiк мамандары кiредi. Кәсiпорындар, сәулет құрылыстары мен ғимараттардың үлкен және теңдессiз (күрделi) кешендер қатарына "Кәсiпорындар, үйлер мен ғимараттар құрылысының жоба құжаттамаларын әзiрлеу, келiсу, бекiту тәртiбi туралы Нұсқаунама" Қазақстан Республикасының А.2.2-1-96 құрылыс нормалары мен ережелерiне сәйкес тағайындалады. 
      Объектiлер мен кешендердiң құрылыс құжаттамаларын, толығымен немесе бөлшектеп мемлекеттiк бюджет есебiнен, арнаулы мемлекеттiк қорлары, банктiк несиелерi, мемлекеттiк валюта қаржысы және Қазақстан Республикасына пайдалануға немесе Қазақстан Республикасының гарантияларымен берiлетiн инвестициялық несиелер арқылы, сонымен қатар кәсiпорындар мен мекемелердiң қаражаттары (қажет болғанда басқа министрлiктер, ведомстволар және мекемелердiң мамандарын жұмысқа тарту) арқылы: 
      объектiлер мен кешендердiң смета бойынша (есептеу) құны базистық бағамен алғанда 10 млн. теңге және одан жоғары болғанда - Мемлекеттiк жобаларды ведомстводан тыс сараптауымен (Мемсараптамамен); 
      өндiрiстiк саласына тағайындалған объектiлер мен кешендердiң смета бойынша (есептеу) құны базистық бағамен алғанда 10 млн. теңгеге дейiн болғанда - Мемсараптаманың жергiлiктi бөлiмшелерiмен (еншiлес кәсiпорындарымен); 
      бiр үлгiлi, экспериментальдық және қайта бекiтiлетiн жобалар және бiрыңғай жобалық шешiмдер бойынша - Мемсараптамамен жүзеге асырылады. 
      Объектiлер мен кешендердiң құрылыс салу жобалары бекiтуге дейiн қаржыландыру бұлақтарына, меншiк түрлерiне және объектiлердiң қатыстылықтарына қарамастан, оның iшiнде бiрлескен мен шетелдiк субъектiлермен салынып жатқан, жарылыс және өрт қауiпсiздiгi нормалары мен ережелерiн бұзбауына, конструкциялардың сенiмдiлiгiне және олардың-тұрақты жұмыс iстеуiне, сонымен қатар, еңбектiң жағдайы мен қорғауына қарамастан, мемлекеттiк сараптаудан өтуге тиiстi. 
      7. Мемлекеттiк инвестициясыз қаржыландырылатын объектiлер мен кешендердiң құрылыс салу құжаттамалары, жарылыс және өрт қауiпсiздiгi, конструкциялардың сенiмдiлiгi және олардың тұрақты жұмыс iстеуi, еңбектiң жағдайы мен қорғау бөлiмдерiнен басқа сарапты жұмыс жүргiзуге рұқсат беретiн мемлекеттiк лицензиясы бар заңды немесе жеке тұлғалардан мiндеттi түрде сараптаманы өтуге тиiстi. 
      Жеке тұрғын үйлердiң құрылыстарына сараптама жүргiзу тәртiбi "Жеке тұрғын үйлердiң құрылыс салу құжаттамаларының құрамы, әзiрлеуi, келiсуi, бекiтiлуi және олардың тәртiбi туралы Нұсқаунама" Қазақстан Республикасының А.2.2.6-97 құрылыс нормалары мен ережелерiнде белгiленедi. 
      8. Құрылыс салу құжаттамаларына сараптама жүргiзетiн және сараптық баға беретiн негiзi болып шарт қолданылады, ол республикалық мемлекеттiк сәулет-қала құрылыс қызметтерiн басқару органы белгiлеген тәртiп бойынша, заказ берушi (инвестор) мен Мемсараптама арасында ақы төлеу негiзiнде жасалады. 
      9. Орындаушы билiк органдары мен мемлекеттiк сараптау жүргiзетiн ұйымдардың кәсiптiк қызметiне килiгулерiне құқығы жоқ. 

3 бөлім. Жобалық құжаттаманың көлемі және оны
сараптамаға ұсыну тәртібі  

      10. Құрылыс салу құжаттамалары комплекстiк сараптама жүргiзетiн мемлекеттiк сараптау ұйымына, қазiргi нормативтiк құжаттарда қарастырылған оларды әзiрлеуiне қажеттi көлемiнде, басты және рұқсат ететiн құжаттамаларымен бiрге қажеттi келiсiмдерi және мемлекеттiк экологиялық сараптауының қорытындыларымен (келiсiмдерi) 2 данада заказ берушi (инвестор) мен ұсынылады. 
      11. Мемлекеттiк инвестициясыз қаржыландырылатын объектiлер бойынша, құрылыс салу құжаттамалары жобалық шешiмдерге баға беруге қажет көлемiнде, яғни жарылыс және өрт қауiпсiздiгiнiң нормалары мен ережелерi, конструкциялардың сенiмдiлiгi мен олардың тұрақты жұмыс iстеуi, және еңбектiң жағдайы мен қорғауы, жобалық шешiмдерi бекiтiлген қала құрылыс құжаттамаларының шешiмдерiне сәйкес, құрылыс салу құжаттамаларының келiсу мен бекiту тәртiптерi сақталған түрiнде сараптамаға ұсынылады. 
      12. Мемқұрылыслицензия ұсынысы бойынша Мемсараптама өзiнiң қарауына тиiстi, мемлекеттiк лицензия алуға (күшiн айыруға, тоқтатуға), iрiктеп бақылау жүргiзедi, құрылыс салу құжаттамаларының көлемi сарапшы ұйымымен дербес белгiленедi. Ұсынылған құжаттамаларға жобаның бекiтiлу туралы құжаттары, құжаттаманы бұрын қараған сарапты ұйымының қорытындысы және құрылыстың ахуалы жайлы анықтамасы (салынып жатқан объектiлер бойынша) қосылады. 
      13. Қажет болғанда, сарапты ұйым қарап жатқан құрылыс салу құжаттамасы бойынша қосымша бағдарлама талап етуге құқығы бар. 
      14. Ұсынған материалдардың жинақталғанның, жобалық құжаттамаларының құрамы қазiргi нормативтiк құжаттамаларының талаптарына сәйкестiгiн, оларды алған күннен бастап 5 күннiң iшiнде сарапты ұйымымен анықталады. 
      Құрылыс салу құжаттамаларының жинақталмағаны анықталғанда сарапты ұйым жетпеген материалдарды ұсыну қажет екенiн заказ берушiге ескертедi. Бұл жағдайда сарапты ұйым құрылыс салу құжаттамалары жинақталғанға дейiн, оларды қабыл алмауға немесе сараптама жүргiзетiн шарттың мерзiмдерiн ауыстыруға шешiм қабылдайды. 
      15. Қайталау сараптамаға:
      сарапты ұйымының ескертулерi бойынша пысықталған құрылыс салу  құжаттамаларына дайындаған түсiндiргiш записка, анықталған техника-экономикалық көрсеткiштерiмен және құрылыстың смета (есептеу) бағалары;
      алдында қаралған қорытындылары бойынша өзгерiстер мен толықтырулары кiргiзiлген құжаттамасы ұсынылады.

4 бөлім. Сараптау жүргізу кезінде
тексерілетін негізгі сұрақтары *

 ________________
     * негiзгi сұрақтары сала ерекшелiгi, өзгеше жағдайлар мен құрылыстың түрлерiне байланысты анықталады.      

      16. Құрылыс жобаларына сараптау жүргізгенде:
      қабылдаған шешiмдер объектiнiң құрылысына жұмсалатын инвестиция жинақталған қорытындысына, басқа жобалау алдындағы деректерге, жобалау жүргiзуге арналған тапсырмасына, және нәтижелi мәлiметтерге, техникалық жағдайлары мен объектiнiң орналасқан жерiн келiсiлетiн мемлекеттiк қадағалау органдары мен мүдделiк ұйымдарымен берiлетiн талаптарына сәйкес болуын; 
      жобаға мүдделiк ұйымдары мен мемлекеттiк қадағалау органдарының келiсiмдерiнiң болуын; 
      жобаланған объектiнiң жұмыс iстеу нәтижесiнiң, iшкi және сыртқы нарықтарында оның өнiмдерi (қызметтерi) бәсекеге шыдайтын, табиғи және басқа қорлары болғанынан шығатын әлеуметтiк қажеттiлiгiнен шаруашылықтық қажеттiлiгi мен белгiленген құрылыстың экономикалық мақсатқа сәйкестiгiн; 
      қала құрылыстық, инженерлі-геологиялық, экологиялық және басқа факторларға байланысты құрылыс алаңын (трассасын) таңдауын және жердi пайдалану, аумақтың әлеуметтiк және өндiрiстiк инфрақұрылымының дамуы, алаңның (трассаның) орналасу түрлерiнiң теңестiру анализ қорытындысы бойынша жергiлiктi басқару органдарының келiсiмдерiн; 
      қабылданған жобалық шешiмдерге, шикiзатпен қамтамасыз етуiне, отын-энергия және басқа ресурстарға, шығаратын өнiмiнiң қажеттiлiгiне немесе ұсынылатын қызметтерiне байланысты объектiнiң қуаттылығын анықтау дәлелдеуiн (сыйымдығын, өткiзу қабiлеттiлiгiн); 
      айналадағы табиғатты ортаны қорғау, авария жағдайларын алдын ала ескерту және олардың зардаптарын жою бойынша техникалық шешiмдермен шаралардың жеткiлiктiгi мен әсерлiктерiн; 
      кәсiпорындар, үйлер мен ғимараттардың қауiпсіздiк пайдалануын қамтамасыз ету және жарылыс, және өрт қауiпсiздiгi нормалары мен ережелерiнiң бұзбауын; 
      еңбектi сақтандыру, техника қауiпсiздiгi және санитарлық талаптарының нормалары мен ережелерiн сақтауын; 
      халықты қорғау инженерлік-техникалық шаралардың игiлiктiгi мен тыныштығы және әскери төтенше жағдайларда объектiлердiң тұрақты жұмыс iстеуiн; 
      халықтың онша жинақы емес топтарының тiршiлiк қызметiн қамтамасыз ететiн жобалық шешiмдерiнiң барын; 
      құрылыс салуға (қайта жаңартуға) белгiленген кәсiпорын (ғимараттың) техникалық дәрежесiнiң бағасын; 
      объектiнiң құрылысына жұмсалатын инвестицияның нәтижелiгiнiң бағасын және оның жұмыс iстеу жағдайлары, сонымен бiрге кредиттi қайтарып алынатынын тексередi; 
      технологиялық үдерiстерiмен схемалардың ықтимал варианттарының салыстыру негiзiнде қолданылатын өндiру технологиясын дәлелдеуiн, негiзгi технологиялық құрал-жабдықтарын таңдауын; 
      инженерлiк қамсыздандыру бойынша қабылданған шешiмдердiң ұтымдысын, автономиялық жүйелерi мен қайталама энергоресурстарының пайдалануларының мүмкiншiлiгi мен орындысын; 
      шикiзат пен қалдықтарды пайдаланатын толық немесе комплекстiк негiзiнде қалдықсыз (қалдығы аз) өндiрiстiң барын; 
      құрылыс шешiмдерiнiң дәлелдеуi мен берiктiгiн (әсiресе қиын инженерлік-геологиялық жағдайларда салынатын объектiлерде); 
      бас жоспар бойынша шешiмдердiң ұтымдысын, олардың бекiтiлген қала құрылыс құжаттамасымен өзара байланысын, территорияның салыну тығыздығы мен инженерлiк байланыс жолдарының ұзындығы бойынша шешiмдердiң тиiмдiсiн; 
      өндiрiстердiң орналасуы мен жұмыс iстеушiлердiң жайлы санитария-гигиеналық және басқа қауiпсiз жағдайларының тиiмдi пайдалану қажеттiгiнен шығатын қабыл алынған көлемдi-жоспарлық шешiмдермен үйлер мен ғимараттардың жалпы өлшемдерiнiң дәлелденгенiн; 
      үйлердiң көлемiмен және жердiң көлемiнiң пайдаланған нәтижелерiн; 
      сәулеттiк бiрлiгi мен үйлермен ғимараттардың сәулеттiк келбеттерiн жоғары дәрежеде қамтамасыз етуiн, олардың қала құрылыс талаптарына салынып жатқан құрылыспен байланысты сәйкестiгiн; 
      энергияжинақтау бойынша техникалық шешiмдердiң жеткiлiктiгi мен нәтижелiсiн; 
      құрылысты ұйымдастыру бойынша жобалық шешiмдердiң бағасын; 
      құрылыстың белгiленген күнінің дұрыстығын. 

5 бөлім. Қабылданған жобалық
шешімдердің талдау қорытындылары  

      17. Қабылданған жобалық шешiмдердiң бағасы: 
      құрылыстың салалық ерекшелiгiне байланысты белгiленетiн техника-экономикалық көрсеткiштерiнiң құрамы, объектiнiң құрылыс инвестицияларының дәлелдеу құрамында анықталған көрсеткiштерiмен салғастыру бойынша және жобалау жүргiзу тапсырмасында белгiленген техника-экономикалық көрсеткiштерiнiң талдау бойынша; 
      жобалау алдындағы бекiтiлген құжаттамалары мен жобалау жүргiзу тапсырмасындағы жобалық шешiмдердiң сәйкестiгi бойынша; 
      құжаттамаларды безендiру сапасымен қоса ұсынылған құжаттамалардың жинақтығы мен жобалық дәйектеулерiнiң тереңдiгi бойынша; 
      қазiргi деректi, нормативтiк және басқа құжаттамаларда көрсетiлген талаптарын орындамауы мен шегiнiстерi бойынша; 
      қаралған құжаттамалар қоршалатын конструкциялардың жылу сақтауы 25 желтоқсандағы N 210-13 PK "Энергияжинақтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкестiгiмен және газ, су, жылуды бақылау, есептеу және реттеу приборлары орнатылу есебi бойынша берiледi. 
      Мемсараптаманың ұсыныстарында жобаланатын объектiнiң техника-экономикалық дәрежесiнде өткiзетiн сараптауының әсерi және оның инвестицияларының нәтижесiнiң өзгерiстерiнiң бағасы мен сапалық сипаттамалары, технико-экономикалық көрсеткiштерi мен шикiзаттың, материалдардың, өндiрiс пен құрылыстағы отын-энергетикалық ресурстардың шығыны, айналадағы ортаға жасалатын әсерiнiң деңгейi, құрылыстың есептеу бағасы және басқа көрсеткiштер ескерiлу қажет. 

6 бөлім. Жобаның сапасына берілетін
сараптау бағасы мен сараптама қорытындысы  

      18. Кәсiпорын, үйлер мен ғимараттардың құруына (дамуына) жұмсалатын капиталдардың, сонымен бiрге технологиялық, көлемдi-жоспарлық, конструктивтiк және басқа шешiмдердiң тиiмдiлiгi және олардың қазiргi техникалық, табиғатты қорғау, әлеуметтiк, эстетикалық, қала құрылысы және басқа талаптарына сәйкестi құрылыс жобаларының сапасының бағалау өлшемi болып саналады. 
      Жобаның әр бөлiмiне сапалық тексеру жүргiзiледi және соның негiзiнде жалпы сараптау баға құрастырылады, ол толық жобаның iшiндегi қорытынды мен ұсыныстарда көрсетiледi. 
      Жобалық шешiмдерге берiлген баға мен жүргiзiлген талдау негiзiнде жиынтық қорытынды дайындалады, оның iшiнде мiндеттi түрде объектiнiң сараптауын iске асыруын рұқсат ететiн (рұқсат етпейтiн) дәлелденген қорытындылар болуға тиiстi.
      Дұрыс қорытындыда сараптама объектiге ұсынылған талаптары және оны бекiтетiн (келiсiлетiн) кепiлдемелерге сәйкестiгiн белгiлейтiн тұжырымдамалар болады.
      Терiс қорытындыда екi тұжырымдаманың бiрi болуы мүмкiн:
      сараптаманың жиынтық қорытындысында айтылған ескерту мен ұсыныстар бойынша сараптау объектiсiн пысықтау қажеттiлiгi туралы;
      сараптама объектiсiне ұсынылатын талаптарға сәйкес етпейтiнiне байланысты оларды iске асырылуын рұқсат етпейтiнi туралы тұжырымдамасы болу мүмкiн.

7 бөлім. Сараптама қорытындысын жасау
тәртібі, мазмұны және құрамы

      19. Сараптық қорытындының құрамы құрылыс құжаттамаларына комплекстiк сараптама жүргiзетiн қажеттiлiгiмен белгiленедi және оның iшiне:
      - жалпы бөлiм (қаралып жатқан құжаттаманың жалпы сипаттамасы);
      - ескертулер мен ұсыныстар;
      - құрылыс құжаттамаларының және жалпы жоба бойынша сараптық бағасы;
      - тұжырымдамалар мен кепiлдемелер кiредi.
      20. Сараптық қорытындының мазмұны.
      Сараптық қорытындының iшiне:
      жобалау алдындағы мәлiметтердiң, құрылыстың жағдайлары мен негiзгi жобалау шешiмдердiң қысқаша сипаттамасы, және құрылыс жобасының техника-экономикалық көрсеткiштерi; 
      қабылданған жобалық шешiмдер бойынша деректi өзгерiстер мен ұсыныстар, сараптау үдерiсiнде енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар және олардың iске қосылуынан күтетiн нәтижелерi (сандық бағалауымен қарағанда); 
      экономикалық нәтижелiгi, экологиялық қауiпсiздiгi, пайдалану сенiмдiлiгi, өнiмнiң бәсекеге шыдайтыны және объектiнiң әлеуметтiк маңыздылығын ескеру бойынша құрылысқа жұмсалатын инвестициялардың орындылары туралы жалпы сұрақтары; 
      кейiнгi жобалау жүргiзуде жеке жобалық шешiмдердiң қосымша толықтай қайта қарап жетiлдiру туралы кепiлдемелерi; 
      жобаны бекiту (дұрыс қорытынды) немесе қабыл алмау кепiлдемелер туралы тұжырымдамалар кiредi. 
      Сараптаманың нәтижелерi бойынша қорытынды жасалады. 
      Құрылыс құжаттамаларын тексеруiн iске асыратын - Мемлекеттiк сараптық ұйымы жобаны қарауына қатысқан басқа мемлекеттiк және сараптау жүргiзуге рұқсаты бар ұйымдардың қорытындылары бойынша құжаттамаға жиынтық сараптық қорытынды дайындайды. 
      Yйлер мен ғимараттардың берiктiгiн төмендету немесе тұрақтылығын жоғалту және басқа қауiптi жағдайлар тудыратын сараптама жүргiзу кезiнде анықталған нормативтiк талаптарды дөрекi орындамағандары, белгiленген түрде жобалық құжаттамаларды дайындайтын мекемелерге айып санкциялары салынады немесе оларға берiлген лицензиялардың күшiн тоқтату (күшiн жою) шаралар қолданылады. 
      Құрылыс құжаттамаларын қараған нәтижелерi бойынша құрастырылған сараптау қорытындысына құжаттаманың сараптамасына қатысқан сарапшы бөлiмшелерiнiң бастықтары мен жүргiзу сарапшының қолдары қойылады. 
      Дұрыс қорытынды сарапты ұйымының бастығымен, ал сараптаманы сарапты комиссия құрып жүргiзген кезiнде - комиссия Төрағасымен бекiтiледi.
      Белгiленген тәртiп бойынша дайындалған сарапты қорытындысы (лайықты тiркеуден кейiн) iлеспе (бастықтың немесе оның орынбасарларының қолдары қойылған) хат арқылы заказ берушiнiң (инвестордың), жобалық және басқа мүдделiк мекемелердiң мекен-жайларына жiберiледi.
      21. Сарапты қорытындысы заңды құжат болып табылады және инвестициялық қызметiнiң барлық қатысушыларымен мiндеттi орындауларына тиiстi.
      Құрылыс салу құжаттамаларына берiлген Мемсараптаманың дұрыс қорытындысы:
      - белгiленген тәртiп бойынша бекiтiлудiң;
      - одан әрі қарай жобалау жүргiзу үшiн;
      - құрылыс салу рұқсатын алу үшiн;
      - қаржыландырудың басталуына;
      - тендер (саудалау) жүргiзетiн және контрактi жасасатын негiзi болып табылады.
      Сарапты қорытындының жұмыс мерзiмi 2 жыл.
      Бұрын бекiтiлген жобалық-есептеу құжаттамалардың жобалық шешiмдерi мен техника-экономикалық көрсеткiштерi өзгерген жағдайларда құжаттама қайталап қарауға ұсынылуға тиiстi.
      22. Сараптаманы жүргiзетiн Шарт заказ берушiмен не болмаса оның шешiмi бойынша жобаны әзiрлеген жобалық ұйымымен жасалады. Сараптау жүргiзу Шарты делдалдық ұйымдар арқылы жасалуға рұқсат етiлмейдi.     

8 бөлiм. Сараптау жүргізу мерзімі

      23. Құрылыс құжаттамасына комплекстiк мемлекеттiк сараптау жүргiзу мерзiмi сараптаманың жұмыс көлемiне тәуелдiлiнедi, бiрақ ол тәртiп бойынша 45 күннен аспауы керек.
      24. Сараптаманың ескертулерi мен ұсыныстары бойынша құжаттаманы түзету уақыт мерзiмi тәртiп бойынша 30 күннен аспауы керек.
      25. Жеке бөлiмдер мен сұрақтар бойынша дайындалатын қорытындылардың мерзiмi тәртiп бойынша құрылыс құжаттамасына комплекстiк сараптау жүргiзу уақытының ұзақтылығынан 50 процент аспауы керек.
      26. Сараптама жүргiзу мерзiмiнiң басталуы мен аяқталуы сараптау жүргiзу шартымен белгiленедi.