Бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға№арналған қаржы тұрақтылығының»өлшемдерiн (нормативтерiн) есептеудiң»және қолданудың тәртiбi туралы

Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының қаулысы 1998 жылғы 25 қарашадағы N 17. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 30 желтоқсанда N 658 тіркелді. Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2002 жылғы 16 ақпандағы N 54 қаулысымен. ~V021852

Күшін жойған
      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Z970077_ Қазақстан Республикасының» 1997 жылғы 05 наурыздағы заңы 25-бабының»1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы (бұдан әрi "ұлттық комиссия" деп аталады) қаулы етеді:
      1. Бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға арналған қаржы тұрақтылығының»өлшемдерiн (нормативтерiн) есептеудiң және қолданудың тәртiбi туралы нұсқаулық бекiтiлсiн (қоса берiлдi).
      2. Жоғарыда аталған Нұсқаулықтың 4-тармағымен айқындалған қаржы тұрақтылығының»1-шi "Өз қаражаттарының»абсолюттi жеткiлiктiлiгi" өлшемiнiң»(нормативiнiң) ең төменгi рұқсат етiлген мәнiн ұлттық комиссия бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензия алу үшiн "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының»1997 жылғы 05 наурыздағы заңы 26-бабының»2-тармағында көзделген өз капиталының ең»төменгi деңгейiнiң талабы ретiнде пайдаланатындығы белгiленсiн.
      3. Жоғарыда аталған Нұсқаулықтың, 1998 жылғы 01 шiлде жағдайына бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензия иеленген ұйымдарға қатысты 1999 жылғы 01 қаңтардан бастап күшiне енгiзiлетiн 4-тармақты қоспағанда, ол Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген сәттен бастап күшiне енгiзiлетiндiгi белгiленсiн.
      4. Жоғарыда аталған Нұсқаулық Қазақстан Республикасының»Әдiлет министрлiгiнде тiркелген сәттен бастап ұлттық комиссияның»1997 жылғы 30 шiлдедегi N 112 V970359_ қаулысымен бекiтiлген Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғаларға арналған қаржылық тұрақтылық нормативтерiн есептеу тәртiбi туралы нұсқаудың»(Қазақстан Республикасының»Әдiлет министрлiгiнде 1997 жылғы 29 тамызда 359 нөмiрмен V970359_ тiркелген) және "Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғаларға арналған қаржылық тұрақтылық нормативтерiн есептеу тәртiбi туралы нұсқауды бекiту туралы" ұлттық комиссияның 1997 жылғы 30 шiлдедегi N 112 қаулысының күштерiнiң жойылатындығы белгiленсiн.
      5. Қазақстан Республикасының»Әдiлет министрлiгiнiң»"Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1997 жылғы 30 маусымдағы N 112 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Ұлттық комиссияның» 1998 жылғы 13 тамыздағы N 10 қаулысын тiркеуден бас тартуына (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң»1998 жылғы 07 қазандағы№N 3-2-21/3684 хаты) байланысты осы қаулының»күшi жойылсын.
      6. Ұлттық комиссия Төрағасының»және мүшелерiнiң»Қазақстан Республикасының»бағалы қағаздар рыногы Брокерлерiнiң»және Дилерлерiнiң Қауымдастығының»мүшелерiмен 1998 жылғы 29 маусымда өткiзген кездесудiң нәтижелерiне сәйкес "Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғаларға арналған қаржылық тұрақтылық нормативтерiн есептеу тәртiбi туралы нұсқауды бекiту туралы" Ұлттық комиссияның 1997 жылғы 30 шiлдедегi N 112 қаулысының 4-тармағының»күшi осы қаулымен бекiтiлген Нұсқаулықтың»2-тармағын күшiне енгiзу күнiне қатысты 1999 жылғы 01 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрсын.
      7. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасы:
      1) осы Қаулыны және жоғарыда аталған Нұсқаулықты (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның, бағалы қағаздар рыногының»кәсiпқой қатысушылары қауымдастықтары және бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын және "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның»мүшесi болып табылмайтын ұйымдарды және бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары қауымдастықтарының»назарына

жеткiзсiн;
     2) осы Қаулыны және жоғарыда аталған Нұсқаулықты (оны күшiне 
енгiзгеннен кейiн) бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк 
қызметтi жүзеге асыруға лицензия алуға ниет бiлдiрген ұйымдарды назарына 
жеткiзсiн;
     3) осы Қаулының»орындалысына бақылау жасасын.
     
     Ұлттық комиссияның»Төрағасы 
     Ұлттық комиссияның»мүшелерi
          Бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi
     жүзеге асыратын ұйымдарға№арналған қаржы тұрақтылығының»өлшемдерiн
        (нормативтерiн) есептеудiң»және қолдануды тәртiбi туралы 
                               Нұсқаулық
 


      Осы Нұсқаулық "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының»1997 жылғы 05 наурыздағы заңына сәйкес әзiрлендi және бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын және банктер болып табылмайтын (бұдан әрi "Брокерлер-дилерлер" деп аталады) ұйымдар сақтауға мiндеттi қаржы тұрақтылығының»өлшемдерiн (нормативтерiн) белгiлейдi.

      1-тарау. Қаржы тұрақтылығының 1-ші "Өз қаражаттарының абсолютті
                жеткіліктілігі" өлшемі (нормативі)

      1. Брокер-дилердiң»өз қаражаттарының абсолюттi жеткiлiктiлiгi Брокер-дилердiң»Қазақстан Республикасының»Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) өтiмдi ретiнде таныған активтерiнiң»арасындағы айырмашылық ретiнде және оның ағымдағы мiндеттемелерiмен есептелетiн К белгiсiмен (нормативiмен) мына формула
                                1

бойынша сипатталады:
                      К = ЛА – ТО, бұл жерде
                       1
     К – өз қаражаттарының»абсолюттi жеткiлiктiлiгiнiң»белгiсi (нормативi);
      1
     ЛА  – Брокер-дилердiң»Ұлттық комиссия өтiмдi ретiнде таныған, осы 
Нұсқаулықтың»2-тармағына сәйкес есептелген активтерiнiң»мөлшерi;
     ТО  –  Брокер-дилердiң»осы Нұсқаулықтың»3-тармағына сәйкес есептелген  
ағымдағы мiндеттемелерiнiң»мөлшерi.
     2. Брокер-дилердiң ұлттық комиссия өтiмдi ретiнде таныған активтерiне:
     1) қолма-қол ақшалар, оның»iшiнде шетелдiк валютамен клиенттің 
ақшаларын шегере отырып;
     2) банктiң ағымдағы шоттарындағы ақшалар, оның iшiнде шетелдiк 
валютамен клиенттің ақшаларын шегере отырып;


      3) жинақ банкiлерiнiң шоттарындағы ақшалар (банктердегi жедел депозиттер және банктiк депозиттiк сертификаттарға инвестицияланған), оның» iшiнде шетелдiк валютамен;
      4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары, оның ішінде басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес эмиссияланған:
      АҚШ долларына номинацияланған - дисконтсыз баланстық құны бойынша;
      теңгеге номинацияланған - үш пайыздық дисконтпен баланстық құны бойынша;
      5) он бес проценттiк дисконтты баланстық құны бойынша бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың, Орталық депозитарийдiң және қаржы құралдары рыногының»инфрақұрылымының»бөлiгi болып табылатын және акционерлерi (қатысушылары) қаржы құралдары рыногының»кәсiпқой қатысушылары болып табылатын өзге де заңды тұлғаларды»акциялары (жарғылық капиталдағы салымдар);
      6) үш пайыз дисконтты баланстық құны бойынша бағалы қағаздары Қазақстан Республикасының»заңдарына сәйкес құрылған және жұмыс iстейтiн қор биржаларының»ресми тiзiмiне енгiзiлген Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздары (оның iшiнде басқа мемлекеттердiң»заңдарына сәйкес эмиссияланған);
      6-1) Қазақстан Республикасының өз капиталдары 5 000 000 000 теңгеден асатын ұйымдарының өзге де мемлекеттік емес бағалы қағаздары (оның ішінде басқа елдердің заңдарына сәйкес эмиссияланған), отыз пайыздық дисконтпен баланстық құны бойынша;
      7) он проценттiк дисконтты баланстық құны бойынша Standard & Poor's Corporation немесе Fitch IBCA немесе Мооdу’s Investors Service рейтинг агенттiктерi берген инвестициялық (алыпсатарлық емес) рейтинг деңгейi бар шетелдiк мемлекеттердiң»мемлекеттiк бағалы қағаздары (оның iшiнде басқа мемлекеттердiң, эмитент-мемлекеттер болғанымен, заңдарына сәйкес эмиссияланған);
      8) он бес проценттiк дисконтты баланстық құны бойынша шетелдiк ұйымдарды»Нью-йорк, Лондон, Франкфурт және Токио қор биржаларындағы айналысқа рұқсат етiлген мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздары (оның iшiнде басқа мемлекеттердiң, эмитент-ұйымдардың мемлекеттерi болғанымен, заңдарына сәйкес эмиссияланған);
      9) он проценттiк дисконтты ағымдағы активтердiң құрамына кiретiн дебиторлық борыш (оған енгiзiлген қысқа мерзiмдi қаржы инвестицияларын ықтимал шегерумен);
      10) он проценттiк дисконтты ұзақ мерзiмдi дебиторлық борыш; <*>
      10-1) жиырма пайыздық дисконтпен бухгалтерлік баланс бойынша негізгі қаражаттың қалдық құны.
      11) болашақ кезеңдердi»бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушыларға, Орталық депозитарийге және қаржы құралдары рыногының инфрақұрылымының»бөлiгi болып табылатын және акционерлерi (қатысушылары) қаржы құралдары рыногының»кәсiпқой қатысушылары болып табылатын өзге де заңды тұлғаларға қайтарылатын жарналар бөлiгiндегi шығыстар кiредi. <*>
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы
               Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1999 жылғы
               30 қыркүйектегі N 45 қаулысымен. V990953_
      3. Брокер-дилердiң ағымдағы мiндеттемелерiне:
      1) қысқа мерзiмдi кредиттер және овердрафт;
      2) ұзақ мерзiмдi кредиттердiң ағымдағы бөлiгi, егер ол ағымдағы мiндеттемелерден Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп стандарттарына сәйкес шығарылып тасталмаса;
      3) кредиторлық борыш клиент алдындағы міндеттемелерді шегеріп;
      4) төлеу үшiн есептелген шығыстар;
      5) болашақ кезеңдердiң»кiрiстерi;
      6) әлдеқалай болған жағдаяттар бойынша есептелген төлемдер кiредi. <*>
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы
               Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1999 жылғы
               30 қыркүйектегі N 45 қаулысымен. V990953_
      4. Өз қаражаттарының»абсолюттi жеткiлiктiлiгi өлшемiнiң (нормативiнiң) мәнi кемiнде:
      1) нақтылы ұстаушы ретiнде клиенттердiң»шоттарын жүргiзу құқығын

иеленген Брокер-дилер үшiн – 30.000 айлық есептi көрсеткiш;
     2) клиенттердiң»шоттарын жүргiзу құқығынсыз Брокер-дилер үшiн – 6.000 
айлық есептi көрсеткiш болу керек.
     
     2-тарау. Қаржы тұрақтылығының 2-ші "Өз қаражаттарының салыстырмалы
                жеткіліктілігі" өлшемі (нормативі)
     
     5. Брокер-диллердiң»өз қаражаттарының салыстырмалы жеткiлiктiлiгi 
Брокер-дилердiң барлық мiндеттемелерiнiң»оның»абсолютi қаржы тұрақтылығына 
қол жеткiзген деңгейiне қатысы ретiнде есептелетiн К өлшемiмен
                                                    2
(нормативiмен) мына формула бойынша сипатталады:
                              ДО + ТО
                          К  =–––––––, бұл жерде
                           2    К
                                 1  
     К – өз қаражаттарының салыстырмалы жеткiлiктiлiгiнiң өлшемi 
      2
(нормативi);
     ДО  –  Брокер-дилердiң осы Нұсқаулықтың 6-тармағына сәйкес есептелген 
ұзақ мерзiмдi мiндеттемесiнiң мөлшерi;
     ТО  –  Брокер-дилердiң»осы Нұсқаулықтың 3-тармағына сәйкес есептелген 
ағымдағы мiндеттемесiнiң»мөлшерi;
     К  –  Брокер-дилердiң»қол жеткiзген өз қаражатының абсолюттi 
      1
жеткiлiктiлiгi өлшемiнiң»(нормативiнiң) деңгейi.
     
     6. Брокер-дилердiң»ұзақ мерзiмдi мiндеттемелерiне:
     1) қамтамасыз етiлген кредиттер;
     2) қамтамасыз етiлмеген кредиттер;
     3) негiзгi және еншiлес ұйымдардың бiр-бiрiне берген кредиттерi (егер 
Брокер-дилер осындай ұйымдардың»бiрi болып табылса);
     4) мерзiмi ұзартылған салықтар кiредi.
     
     7. Өз қаражатының абсолюттi жеткiлiктiлiгi өлшемiнiң (нормативiнiң) 
мәнi кез келген Брокер-дилер үшiн:
     1) 1999 жылдың»01 қаңтарына дейiн – 40,0;
     2) 1999 жылдың 01 қаңтарынан 01 маусымына дейiн – 30,0;
     3) 1999 жылдың»01 шiлдесiнен бастап – 20,0 аспау керек.
    3-тарау. Қаржы тұрақтылығы өлшемдерінің (нормативтеріне)
                сәйкестілігіне бақылау жасау
     


      8. Қаржы тұрақтылығы өлшемдерiнiң (нормативтерiнiң) мәндерiн Брокерлер-дилерлер әрбiр жұмыс күнi күннiң»басталу жағдайына есептейдi. Қаржы тұрақтылығы өлшемдерiнiң»(нормативтерiнiң) мәндерiнiң»есептерi жазбаша түрде ресiмделуi және Брокерлер-дилерлердiң бiрiншi басшыларының»немесе оны ауыстыратын тұлғаларды қолдары қойылуы керек.
      9. Брокерлер-дилерлер ұлттық комиссияны талап етуi бойынша оған осындай талап етудi алған күн iшiнде осы күннiң басталу немесе ұлттық комиссияның»талабында көрсетiлген кез келген өзге де өткен күн жағдайына қаржы тұрақтылығы өлшемдерiнiң (нормативтерiнiң) мәндерiнiң»есебiн беру керек.
      10. Қаржы тұрақтылығы өлшемдерiнiң»(нормативтерiнiң) есептелген мәндерi осы Нұсқаулықтың 4 және 7-тармақтарының шарттарына сәйкес келмеген жағдайда Брокер-дилер осы сәйкессiздiктiң»фактiсi және себептерi туралы оны жою жөнiндегi шаралар жоспарын қоса бере отырып бiр күн iшiнде ұлттық комиссияға хабарлауға мiндеттi.
      11. Брокерлер-дилерлер тоқсан сайын ағымдағы тоқсанның»бiрiншi күнiнiң»басты жағдайына Брокерлер-дилерлердiң тоқсан сайынғы есеп берулерi үшiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Ұлттық комиссия белгiлеген мерзiмдерде қаржы тұрақтылығы өлшемдерiнiң»(нормативтерiнiң) мәндерiнiң есебiн тапсыруға мiндеттi. Қаржы тұрақтылығы өлшемдерiнiң» (нормативтерiнiң) мәндерiнiң»осы Нұсқаулықтың 4 және 7-тармақтарының» шарттарына сәйкес келмеген жағдайда бұндай есептерге сәйкессiздiктердiң» себептерiне жасалған түсiндiрме және оларды жою жөнiндегi шаралар жоспары қоса жолдану керек.
      12. Осы Нұсқаулықтың 4 және 7-тармақтарының»шарттарын Брокер-дилердiң»бұзуы Ұлттық комиссия Директоратының, заң бұзушылықтың ауырлығына қарай, бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензияны қолдануды тоқтата тұру туралы немесе оны қайтарып алу туралы шешiм қабылдауы үшiн негiз болып табылады.
      Осы Брокер-дилер мүшесi болып табылатын бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымының өтiнiшi болған кезде Ұлттық комиссияның Директораты бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензияны қолдануды тоқтата тұрмауға және осындай лицензияны қайтарып алмауға құқылы. Осы өтiнiштi берудiң тәртiбi бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымының оның басқару органының (Биржалық кеңесiнiң, қауымдастық кеңесiнің/Президиумының) Ұлттық комиссия Директоратымен келiсу бойынша бекiткен нормативтiк актiсiмен айқындалу керек (осы бөлiк Ұлттық комиссия Директоратының 1999 жылғы 09 көкектегі N 27 қаулысымен енгiзiлген). <*>
      Бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензияны тоқтата тұрмау және осы Брокер-дилерге қаржы тұрақтылығының өлшемдерiн (нормативтерiн) осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келтiру жөнiнде қосымша мерзiм беру туралы өтiнiшiн Ұлттық комиссияның Директораты қанағаттандырған жағдайда, осы Брокер-дилер аталған мерзiм аяқталғанға дейiн осы Нұсқаулықтың 10-тармағымен белгiленген мiндеттердi орындаудан босатылады (осы бөлiк Ұлттық комиссия Директоратының 1999 жылғы 09 көкектегi N 27 қаулысымен енгізілген). <*>
      ЕСКЕРТУ. 12-тармақ толықтырылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық
               комиссиясының 1999.04.09. N 27 V990795_ қаулысымен.

      13. Ұлттық комиссия Директораты осы Нұсқаулықтың»4 және 7-тармақтарының»шарттарын Брокер-дилердiң»бұзуы туралы мәселенi қараған кезде:
      1) осы Нұсқаулықтың 8, 9, 10 немесе 11-тармақтарының»шарттарын бұза отырып жасалған заң бұзушылық;
      2) қаржы тұрақтылығы өлшемдерiнiң (нормативтерiнiң) Брокер-дилер қол жеткiзген мәндерiнiң осы Нұсқаулықтың»4 және 7-тармақтарымен рұқсат етiлген мәндерiнен жиырма немесе одан да көп проценттерге ауытқуы;
      3) Брокер-дилердiң клиенттерi (инвесторлардың»және басқа жорамал

клиенттердiң) құқықтарының»және заңмен не келiсiммен қор№алатын 
мүдделерiнiң»бұзылуына байланысты заң»бұзушылық;
     4) жүйелi сипаттағы (күнтiзбелiк тоқсан iшiндегi үш және одан да көп) 
заң»бұзушылық ауыр жағдаяттар болып танылады.
     
     Ұлттық комиссияның»Төрағасы 
     
 Оқығандар:     
          Багарова Ж.А.
          Икебаева А.Ж.