1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 23 мамырдағы N 206 V970328_ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу ережесіне ұсынылып отырған толықтырулар бекітілсін және ол Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енгізілсін.
2. Заң департаменті (Сизова С.И.):
1) осы қаулыны және Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу ережесіне толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркесін;
2) осы қаулыны және Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу ережесіне толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.З.Нәлібаевқа жүктелсін.
Ұлттық Банк Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының 1998 жылғы 29 қыркүйектегі N 189 қаулысымен бекітілген Тіркеу N____
Қазақстан Республикасында валюта операцияларын
жүргізу ережесіне толықтырулар
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 23 мамырдағы N 206 V970328_ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу ережесіне мынадай толықтырулар енгізілсін.
1. 3.09-тармақ мынадай мазмұндағы екінші азатжолмен толықтырылсын:
"Жарғылық қызметі қайырымдылық қызметін жүзеге асыруға бағытталған заңды тұлғалардың пайдасына сыйлық, қайырмалдық, қайырымдылық жарналары және басқа түсім ретінде қолма-қол ақшамен де аударым арқылы да түскен шетел валютасы олардың уәкілетті банктеріндегі шотына міндетті түрде есептелуі тиіс."
Үшінші азатжолдағы "пайдасына" деген сөзден кейін "басқа" деген сөзбен толықтырылсын.
2. 4.03-тармақтың үшінші азатжолындағы "байланысты" деген сөзден
кейін және 5.05-тармақтағы "қызмет үшін" деген сөздерден кейін", сондай-ақ қайырымдылық көмек көрсету үшін" деген сөздермен толықтырылсын. 3. 4.03-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші азатжолмен толықтырылсын: "Осы тармақтың үшінші және төртінші азатжолында көрсетілген нормалар Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында тіркелген дипломаттық қызметтерге, өкілдік мекемелерге, халықаралық ұйымдардың өкілдіктеріне және оларға теңестірілген басқа да ұйымдарға қолданылмайды". Ұлттық Банк Төрағасы Оқығандар: Багарова Ж.А. Икебаева А.Ж.