Табиғи монополия субъектілерінің тендерлік негізде материалдық және қаржылық ресурстарды, жабдықтарды және өндірістік қажеттері үшін қызметтерді сатып алуы Ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетінің Төрағасының бұйрығы 1998 жылдың 15 тамызы N 03/1-ОД. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 11 мамырда тіркелді. Тіркеу N 639. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетінің Төрағасының 2003.06.06. N 149 бұйрығымен

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының "Табиғи монополиялар туралы" заңның  7-ші бабын басшылыққа алып Бұйырамын:

      1. Қосымша етіп берілген, 1998 жылдың 14 тамыздан N 2/6 Алқада мақұлдаған табиғи монополия субъектілерінің тендерлік негізде материалдық және қаржылық ресурстарды, жабдықтарды және өндірістік қажеттер үшін қызметтерді сатып алуы Ережелері бекітілсін.

      2. Монополияларды реттеу басқармасы (Е.Н. Попандопуло) табиғи монополия субъектілерінің тендерлік негізде материалдық және қаржылық ресурстарды, жабдықтарды және өндірістік қажеттері үшін қызметтерді сатып алуы Ережелері белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлуiн қамтамасыз етсiн.

      3. Ұйымдық-кадрлар бөлімі осы Ережелерді аумақтық комитеттерге жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Төраға орынбасары міндетін атқарушы Е.Н. Пушкареваға жүктелсін.

      Төраға-Министр

Қазақстан Республикасының        
Табиғи монополияларды реттеу       
және бәсекелестiктi қорғау        
жөнiндегi Комитетi Алқасының        
1998 жылғы 14-ші тамыздағы         
N 2/6 қаулысымен бекітілген       

Табиғи монополия субъектілерінің тендерлік негізде
материалдық және қаржылық ресурстарды, жабдықтарды және
өндірістік қажеттері үшін қызметтерді сатып алуы
Ережелері

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережелер "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес табиғи монополия субъектiлерiнiң ең төмен бағада және ұтымды мерзiмде қаржылар тартуы және оларды қызметтер (тауарлар, жұмыстар) өндіруге тиімді жұмсауы және олардың бағаларын төмендетуі мақсатында әзірленген.
      2. Ережелер меншік түрінен тәуелсіз табиғи монополия субъектілерінің өндірістік қажеттері үшін материалдық және қаржы ресурстарын, жабдықтарды тендерлік негізде сатып алуының тәртібі мен шарттарын анықтайды.
      Ескерту: 2-тармақ өзгертілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі
агенттігінің 1999 жылғы 8 желтоқсандағы N 20-ОД Бұйрығымен .
      3. Материалдық ресурстар тендерлік негізде сатып алуға жататын түрлері мыналар:
      шикізат пен материалдардың негізгі түрлері;
      құрал-жабдық;
      мердігерлік әдіспен жүргізілетін құрылыс-монтаждау және жөндеу жұмыстары;
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгертілді - ҚР Табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 1999.05.17. N 27-ОД бұйрығымен .
      Ескерту: 3-тармақ өзгертілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің 1999 жылғы 8 желтоқсандағы N 20-ОД Бұйрығымен .
      4. Әрбір табиғи монополия субъектісі немесе дәл сондай субъектілердің тобы үшін тендер бойынша сатып алынатын материалдық ресурстардың тізбелерін салалық министрліктер, ал табиғи монополия субъектісі коммуналдық меншікте болса, онда жергілікті атқарушы органдар (бұдан былай - білікті орган) бекітеді.
      Тізбеде бір тоқсан ішінде материалдық ресурстардың бір түрін сатып алуға жұмсалатын ақшаның шектелген, одан төмен болғанда тауарларды және қызметтерді тендерсіз сатып алу рұқсат етілетін, сомасы көрсетіледі. Соманың шектелген мөлшері өкілетті органмен келісілуі тиіс.
      Ескерту: 4-тармақ өзгертілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің 1999 жылғы 8 желтоқсандағы N 20-ОД Бұйрығымен .
      5. Қаржылық ресурстардың тендер бойынша сатып алынатын көлемін, Өкілетті органмен келісе отырып, табиғи монополия субъектісінің басқару органы немесе білікті орган белгілейді.
      6. Табиғи монополия субъектілерінің материалдық, қаржылық ресурстар сатып алуы ашық тендер жолымен жүзеге асырылады.
      Ескерту: 6-тармақ өзгертілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің 1999 жылғы 8 желтоқсандағы N 20-ОД Бұйрығымен .
      7. Өкілетті органмен келісе отырып, материалдық, қаржылық ресурстар сатып алу жабық тендер, бір жерден сатып алу арқылы жүргізіле алады.
      Ескерту: 7-тармақ өзгертілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің 1999 жылғы 8 желтоқсандағы N 20-ОД Бұйрығымен .
      8. Тендерлерді ұйымдастыру мен өткізуді осы Ережелерде белгіленген тәртіпте табиғи монополия субъектісі (бұдан былай - Тапсырысшы) жүзеге асырады.
      9. Тендерлік комиссияның шешімдерін табиғи монополия субъектісі Өкілетті органға бағаларды (тарифтерді) негіздеу кезінде тапсырады.

2. Тендерді ұйымдастыру мен өткізу

      10. Тапсырысшы тендерді өткізу үшін тендерлік комиссияны (бұдан былай - Комиссия) қалыптастырады.
      Комиссия мүшелерінің саны тақ санды болып, кем дегенде бес адамнан тұруға тиіс. Комиссия шешімі оның мүшелерінің жалпы санының басым көпшілік даусымен қабылданады.
      Егер "жақтап" немесе "қарсы" берілген дауыстардың саны тең болса, комиссия Төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      11. Комиссия сатып алуды өткізу ниеті туралы хабарлайды; жеткізіп беру мүмкіндігі молдардың назарына бұқаралық ақпарат құралдары және тендерге қатысу мүмкіндігі молдарға ұсыныстар жіберу арқылы тапсырыстың талаптары мен шарттарын қалыптастырады; тендерге қатысушылардың түпкілікті құрамын анықтайды; тендерді өткізеді; тендер жеңімпазын (жеңімпаздарын) сыртында жариялайды; өткізілген тендер нәтижелері бойынша хаттама толтырады.
      12. Тендерді өткізуге әзірлікті тендер өткізілетіндігі туралы ақпараттық хабарламаның уақытылы жариялануын қамтамасыз ететін, және білікті органдарға жазбаша ескерту жіберетін, қатысушыларды тендерді өткізу шарттарымен таныстыратын, өтініштерді қабылдау мен қатысушыларды тіркеуді жүргізетін, түскен материалдарды Комиссия қарауына беретін Тапсырысшының өкілдерінен тұратын жұмыс тобы жүзеге асырады.
      13. Тапсырысшы бұқаралық ақпарат құралдарында тендер басталардан жиырма күн бұрын хабар жариялайды. Хабарда:
      тендер өтетін күні, орны, уақыты;
      тендерге қатысу үшін міндетті шарттар;
      өтініштерді қабылдау орны мен мерзімі туралы ақпарат болуы керек.
      14. Тендерге меншік түріне қарамастан кез келген заңды тұлға немесе жеке іскерлер қатыса алады.
      15. Үміткерлердің төмендегідей құжаттардан тұратын пакетті тапсыруы тендерге қатысудың міндетті шарты болып табылады:
      тендерге қатысу туралы өтініш;
      заңды реквизиттер (әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткені (қайта тіркелгені) туралы куәліктің көшірмесі);
      сәйкес қызмет түрімен айналысу құқығын беретін лицензияның (сәйкес қызмет түрі лицензиялауға жатса) көшірмесі;
      ұсынылатын тауардың сапа сертификатының көшірмесі, оның техникалық және технологиялық қасиеттері;
      бақылау және қадағалау органдарының тауарды өндіру (сату) үшін қажетті құжаттары (қорытындысы, лицензиясы және т.б.);
      ұсынылатын тауардың бағасы, күтілетін жеткізіп берудің шарттары мен көлемдері туралы ақпарат;
      өкілдің сенімхаты.
      16. Тендерге қатысушыларды тіркеу ақпараттық хабар жарияланған күннен басталып, тендер өткізуге бір күн қалғанда аяқталады.
      17. Тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін мыналар табыс етілуі тиіс:
      тендерге қатысу туралы өтініш;
      төлқұжат немесе жеке куәландыратын құжат;
      өкілеттілікті куәландыратын құжат;
      Осы Ережелердің 16 тармағында көрсетілген құжаттар пакеті.
      18. Өтініштерді қабылдау мен тендерге қатысушыларды тіркеу талап етілген құжаттар пакеті толық болған жағдайда ғана жүргізіледі. Тендерге қатысуға тілек білдірушілерден өтініштерді қабылдау жөніндегі жұмысшы тобының хаттамасы тендерге қатысушыларды тіркеу аяқталған күні Комиссияға тапсырылады.
      Тендерге қатысушыларды тіркеу хаттамасын Комиссия қарап, бекітеді. Хаттамада төмендегідей деректер болуға тиіс:
      Комиссия құрамы; өтініштерді қабылдаудың уақыты мен орны; тендердің өту уақыты мен орны; тендерге қатысуға рұқсат алған қатысушылар туралы дерек; тендерге қатысуға рұқсат етілмегендер туралы дерек және мұндай шешімнің негіздемесі.
      Тіркеуден өткен тұлға тендерге қатысушы статусына ие болады.
      19. Тендерге қатысуға қажет құжаттар пакеті арнайы журналда тіркелгеннен кейін ашық тендер өтетін күнге дейін жабық конвертке салынған күйде арнайы сейфте сақталып, Комиссия мүшелері толық жиналған кезде ашылады.
      20. Екіден кем емес қатысушы қатысқан кезде ғана тендер заңды деп есептеледі.
      21. Тендер өтетін күні конверттерді ашу, қатысушылардың тендерлік ұсыныстары жария ету өткізіледі. Қатысушылардың тендерлік ұсыныстары талданып, бағаланғаннан кейін Комиссия басқа қатысушылармен салыстырғанда қажетті сападағы тауарды жеткізу және ақысын төлеудің ең оңтайлы шарттары мен ең арзан бағасын ұсынған (көлік әзірлеу шығындарын қоса есептегенде) жеңімпазды (жеңімпаздарды) жариялайды.
      22. Конверттер ашылып, тендерлік ұсыныстар бағаланып болған соң он күндік мерзім ішінде Комиссия ұсынылған бағаларды одан әрі төмендету жөнінде тендерге қатысушылармен ашық келіссөздер жүргізу туралы шешім қабылдай алады.
      23. Комиссия тендер жеңімпазын анықтау барысында тендерді өткізу кезінде қатысушылар ұсынған қосымша шарттарды ескереді.
      24. Қосымша ақпаратты алу қажеттігі туындаған жағдайда тендер жеңімпазын анықтау жөніндегі Комиссияның түпкілікті шешімі Комиссияның бөлек толтырылған шешімімен бір айдан аспайтын мерзімге шегеріле алады.
      25. Отандық әлуеттi жеткiзушiлер (мердiгерлер) және тауар өндiрушiлер, оның iшiнде кiшi кәсiпкерлiктiң субъектiлерi де бар, конкурстық өтiнiштер бергенде басқалай бiрдей жағдайларда өтiнiште аталғаннан тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) аз көлемiн жеткiзу туралы ұсыныстарын енгiзуiне құқылы.
      ЕСКЕРТУ. 25-тармақ жаңа редакция жазылды - ҚР Табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 1999.05.17. N 27-ОД бұйрығымен .
      26. Комиссияның түпкілікті шешімі тендер нәтижелері туралы хаттамамен толтырылып, оған Комиссия мүшелері мен төрағасы қол қояды.
      Тендерлік комиссияның шешімінде тендер жеңімпазының бағалары, төлем және тауар шарттары міндетті түрде көрсетілуі керек.
      Комиссия мүшесі өзінің бөлек пікірін жазбаша түрде мазмұндап, оны хаттамаға қосымшалайды.
      Ескерту: 26-тармақ өзгертілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің 1999 жылғы 8 желтоқсандағы N 20-ОД Бұйрығымен .
      27. Тендердің нәтижесі туралы хаттама үш күн ішінде тендерде жеңген қатысушыға (қатысушыларға) тапсырылады. Хаттама тендер тапсырысшы мен жеңімпазы арасында келісім-шарт жасалуына негіз бола алады. Тендер нәтижелері бойынша барлық қатысушыларға өткізілген тендер қорытындылары туралы жазбаша ескерту жіберіледі.
      28. Келісім-шартқа тендер жеңімпазы деп танылуына негіз болған қатысушының (қатысушылардың) тауарлар жеткізіп беруінің шарттары енгізілуі керек.
      29. Тендер жеңімпазы кінәсінен тауарларды жеткізуге келісім-шарт тендер нәтижелері қорытындыланған жиырма күн ішінде жасалмаса, Комиссия шешімімен:
      тендер не өткен жоқ деп танылып, жаңадан өткізіледі;
      не тендерге басқа да қатысушылар арасында тауарларды жеткізіп берудің ең оңтайлы және жақсы сападағы тауардың ең төмен бағадағы шарттарын ұсынған қатысушы жеңімпаз деп танылады.
      Ескерту: 29-тармақ өзгертілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің 1999 жылғы 8 желтоқсандағы N 20-ОД Бұйрығымен .

3. Конкурстық шарттармен немесе бір жерден сатып алу

      30. Табиғи монополия субъектілері материалдық, қаржылық ресурстарды жабық конкурс, екі кезеңді рәсімді пайдаланылатын конкурс әдісімен немесе осы Ережелердің 7 пунктінде кезде тұтылған шарттармен бір жерден сатып алуы мүмкін.
      Ескерту: 30-тармақ өзгертілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің 1999 жылғы 8 желтоқсандағы N 20-ОД Бұйрығымен .
      31. Жабық конкурс.
      Материалдық, қаржылық ресурстарды сатып алу бойынша жабық конкурс олардың мамандырылған сипатта болуы себебінен оларды мүмкіншілігі мол шектеулі жеткізушілерден алу мүмкін болғанда және (немесе) ондай мүмкіншілігі мол жеткізушілер алдын ала мәлім болғанда өткізіледі.
      Ескерту: 31-тармақ өзгертілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің 1999 жылғы 8 желтоқсандағы N 20-ОД Бұйрығымен .
      32. Екі кезеңді рәсімді пайдаланатын конкурс мынадай жағдайларда өткізіледі:
      1) тауарлардың, жұмыстардың және олардың техникалық, басқа да сипаттамаларын анықтау қиын болғанда тапсырысшы мүмкіндігі мол қатысушылардың конкурстық ұсыныстарын сұрауға немесе олармен келіссөз жүргізуге мәжбүр болса;
      2) бір кезеңді конкурс жеңімпазды анықтамаса.
      Екі кезеңді рәсімді пайдаланатын конкурс төмендегідей кезеңдердің жиынтығы болып табылады:
      конкурстық мәлімдемелер бағасынсыз ресурстар, берілген ұсыныстарды талдау және керек болғанда, мүмкіндігі мол қатысушылармен келіссөз жүргізу;
      ресурстар мен алдын ала берілген сипаттамаларына ұсыныстары сәйкес келген мүмкіндігі мол қатысушылардың бағасы көрсетілген конкурстық мәлімдемелерін кіргізу.
      Ескерту: 32-тармақ өзгертілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің 1999 жылғы 8 желтоқсандағы N 20-ОД Бұйрығымен .
      33. Бір жерден сатып алу
      Бір жерден сатып алу конкурсты қолданбай сатып алуды білдіреді және ол мына жағдайларда өткізіледі:
      1) белгілі бір мүмкіндігі мол қатысушы қажет материалдық және қаржылық ресурстарға қатысты ерекше құқыққа ие болса;
      2) төтенше жағдайдың салдарынан аталған тауарларға, жұмыстарға немесе қаржыларға қажеттілік туындағандықтан конкурстар өткізу қажет болмай қалса;
      3) белгілі бір жеткізіп берушіден тауарларды, жабдықтарды, технологияны сатып алған тапсырысшы сол жеткізушіден бірізділік, стандарттау мақсатымен немесе басқа да сөзсіз себептерге байланысты басқа да сатып алу жұмыстарын жасау керек деп тапса.
      Бір жерден сатып алу жүргізілген кезде тапсырысшы төмендегідей ақпарат көрсетілген сатып алу туралы хаттама жүргізуі керек:
      1) бір жерден сатып алуды негіздеу;
      2) бір жерден сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың қысқаша сипаттамасы;
      3) сатып алу туралы келісім-шарт жасалған жеткізіп берушінің аталуы, мекен-жайы және келісім шарттың бағасы.
      Сатып алудың бұл әдісін қолдану тек өкілетті органның рұқсатымен жүзеге асырылады.
      Ескерту: 33-тармақ өзгертілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің 1999 жылғы 8 желтоқсандағы N 20-ОД Бұйрығымен .

4. Сатып алу Ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік

      34. Сатып алу Ережелерінің бұзылуына жол қойған табиғи монополия субъектілері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.