Нұсқаулықта қабылдаған шартты белгілер мен қысқартулар: Lнб - кеменің ең үлкен ұзындығы; Ln - понтонның ұзындығы; Внб - кеменің ең үлкен ені; Втр - транцылық тақтайдың ені; Втрнб - кеме транцының ең үлкен ені (егер түпте суағарлар, істейтін капсула немесе глиссер беттің бөлігі бар болса транцтың ені олардың жұмысшы жиегі бойынша өлшенеді); Нмид - мидельдегі борттың биіктігі; Нмин - құрғақ борттың рұқсат етілетін ең аз биіктігі; Нтр - транцтың биіктігі; Тср - кеменің суға батып тұратын жерінің орташа биіктігі; Vпол - кеменің толық су ығыстырғыштығы; Vизб - өміршеңдігінің басы артық қоры; Vвя - әуе жәшіктерінің көлемі; Vк - кеме корпусы су өткізбейтін бөлігінің көлемі, текше.м; Vп - понтонның көлемі, текше.м; Q - кеменің жүк көтергіштігі; C - бекітілген жабдықпен, қозғалтқыштың, қуат көздерінің, отын бактарының салмағымен кеменің салмағы; G - толық су ығыстырғыштық коэффициенті; U - судың тығыздық салмағы; V- кеменің жылдамдығы; n - жолаушылар саны; ho - бастапқы метацентрикалық биіктік; hв - толқынның биіктігі; R - сым арқанның (арқанның) жұмысшы беріктігі; P - сым арқан (арқан) жұлынатын күш түсу; d - сым арқанның диаметрі; dп - понтонның диаметрі; dц - якорь шынжыры үзбесінің диаметрі (калибрі); Sp - рөл қанатының ауданы; Sn - желкенің ауданы; t - тербелу мерзімі; Nмин - мотордың (қозғалтқыштың) рұқсат етілетін қуаты. Осы Нұсқаулық қадағалауындағы кемелерді, олардың тұрағы үшін базаларды (құрылыстарды) техникалық куәландыруды (қарауды) жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Көлік инспекциясының инспекторлары үшін басшылық ететін құжат болып табылады. І. Кеменің техникалық күйін бағалау 1. Жалпы ережелер
1.1. Кеменің техникалық күйін бағалау оның негізгі элементтерінің күйін бағалау жолымен жүргізіледі. Оларға мыналар жатады: корпусы бойынша - сыртқы қаптау, палубаның төсеуі, жиынтық жүйелері, конструкцияның, қондырманың, рубканың элементтері; кеме құрылғылары, кеме жабдығы бойынша - рөлдік, бекіту, якорлық, жүк құрылғылары, сигнал беру, өртке қарсы, су төгетін, құтқару құралдары, апаттық мүлік; күш және қозғаушы қондырғылар бойынша - стационарлық қозғалтқыш, бекіту элементтерімен ілінетін мотор, білік жолы, ескіш винт, эжектор, желкен, қозғалтқыштың жұмысын қамтамасыз ететін жүйелер, электр жабдық, тұратын және жүретін такелаж.
1.2. Кеменің техникалық күйін бағалау мынадай белгіленеді: "Жарамды" немесе "Жарамсыз".
"Жарамды" бағасы кемеге, егер оның барлық негізгі элементтері "Жарамды" бағасын алса белгіленеді.
Бұл жағдайда кеме иесіне кеме билетінде техникалық қараудың кезекті мерзімін көрсетумен белгі қойылады.
"Жарамсыз" бағасы кемеге, егер оның бір немесе бірнеше негізгі элементтері "Жарамсыз" бағасын алса белгіленеді.
Бұл жағдайда кеме иесіне Шағын өлшемді кемелерді пайдалану ережелері талаптарының бұзу сипаттары немесе айқындалған ақаулар көрсетілетін Кеменің техникалық күйі актісінің екінші данасы беріледі.
1.3. Егер кемені қарау кезінде жабдықтаумен белгіленген жинақталмаса
немесе жүзу қауіпсіздігіне әсер етпейтін ұсақ, оңай жойылатын ақаулар айқындалса инспектор кемені қараудың қайталау мерзімін белгілейді. Жиынтықтың, қаптаудың кеменің су өткізгіштігіне әсер етпейтін ұсақ түр өзгертулері кеме техникалық күйі бағасын төмендетпеуі тиіс, ал оларды жою кемені кезекті қарауға дейін көшірілуі мүмкін. 2. Кеменің басты өлшемдеріне талаптар 2.1. Шағын өлшемді кемелердің басты өлшемдерінің қатынасы мыналарға сәйкес болуы тиіс: Lнб а) y глиссирлейтіндерде ___ =2,3-тен 3,6 дейін; Внб Lнб Внб ___ = 6-дан 7,8 дейін; ___ = 1,5 және одан көп; Нмид Нмид б) су өзгертетіндерде Lнб Lнб ___ 5 асырмай (___ 5 аса, бірақ 6 аз кезінде) Внб Внб кеменің жүк көтергіштігі 10% азайтылуы немесе кеменің санаты бір деңгейге төмендетілуі тиіс; 6-дан асқанда кеме 0,3 м дейін толқын кезінде жүзуге жіберіледi; Внб Внб ___ кемінде 1,5 (___ 1,5 аз кезінде кеме жүзуге 0,3 м дейінгі толқында Нмид Нмид жүзуге жіберіледі, осы кезде ілінетін мотордың рұқсат етілетін қуаты 20%-ке төмендетілуі тиіс); в) ашық жайпақ түп қайықтардың желкен астында жүзуі үшін Lнб Внб = ____ =3,5-нан 4 дейін; ____ = 3 аз емес; Внб Нмид Внб ____ = 4-тен 5 дейiн; Нмид Тср ____ = 2 аз емес. Тср 3. Корпусты ұстауға талаптар 3.1. Ұзындығы 10 метрге дейінгі кемелерге корпус қаптауының ең аз қалыңдығы мынадай болуы тиіс: борттық қаптау үшін болат табақтары - 1,5 мм, жақтық және түптік үшін - 2 мм; бүкіл корпус бойынша дюралюмин табақтар кемінде 6 мм; бүкіл корпус бойынша ағаш тақтайлар кемінде 20 мм.
3.2. Асыра өміршеңдігін құру үшін кемелер пенопластпен толтырылатын өміршеңдік блоктарымен жабдықталады. Егер пенопластпен толтырылмаса - өміршеңдік блоктары әуе жәшіктері деп аталады.
Әрбір блоктың ұзындығы 0,6 метрден аспайды, сыйымдылығы кеменің жалпы көлемнің 7,5-10%.
Өміршеңдік блоктарын мынадай орналастырады: корпустың артқы үштен бірінде 50%, кеме борттары бойынша палубаға жақын мидель ауданында -25%, палубаның астында ұш жағында -25%.
Осы талаптар полимаран үлгілі кемелерге қатысты емес.
Әуе жәшіктерінде оларды қарау және тексеру үшін герметикалық
жабылатын қылталары болуы тиіс. Қайық мүлігін және басқа заттарды әуе жәшігінде сақтауға тыйым салынады. Өміршеңдік блоктарының сыйымдылығын есептеу текше модульге (Lнб х Внб х Нмид) байланысты N1 график бойынша жүргізіледі: 1 график (қағаздағы вариантты қараңыз). Металл кемелерде корпус наборы үшін қалыңдығы 3 мм кем емес болат бұрыштық қолданылуы тиіс. 3.3. Транцтың конструкциясы кеменің берілгендерімен шектелген қатарда ілінетін моторды, моторды және рөлді дистанциялық басқару жүйелерін орнату мүмкіндігін қарастыруы тиіс. Транцтың биіктігі, оның қалыңдығы N 1 кестеге сәйкес мотоқайық үлгі мөлшерінің және орнатылатын ілінетін мотордың талаптарына жауап беруі тиіс: N 1кесте __________________________________________________________________________ | | Мотордың қуаты | Транцтың ең аз | Транцтың биіктігі (а.к.) | қалыңдығы (мм) | (мм) _____________________|_________________________|__________________________ 5 30 380-нен 510+15 дейін 6-дан 12 дейін 35 12-ден 30 дейін 35 30-дан 50 дейін 40
Ағаш транцтың қалыңдығы кемінде 40 мм болуы тиіс. "Вихрь" үлгілі ілінетін моторлар үшін транцтың биіктігі - 390 мм, "Нептун" - 400 мм, "Ветерок" - 410 мм.
2 моторды орнату кезінде транцтың биіктігі оларды орнату орнында түптің кильдігін есепке алумен тік ось бойынша өлшенеді.
3.4. Мотор қуысында, түпте су өткізбейтін тығыздауы жоқ, транцтың су үсті бөлігіндегі су төгетін саңылауларынан басқа, саңылаулар жіберілмейді.
3.5. Кеменің иллюминаторлары оларды жапқанда корпустың толық герметикалығын қамтамасыз етуі тиіс.
3.6. Стационарлық қозғалтқыштары бар кемелерде мотор қуыстары басқа бөлмелерден су өткізбейтін іргелермен бөлінуі тиіс.
3.7. Кемеде адамдарды орналастыру кезінде банкалардың орналасуы кемеге тиеу кезінде оның түзу кильге отыруын қамтамасыз етуі тиіс.
3.8. Кеменің қондырғысы мен рубкасы корпуспен сенімді қосылуы тиіс. Есік араларында комингстердің, аралықтарда, есіктерде, лючоктарда, люктар мен иллюминаторларда резеңке тығыздауыштың бар болуы оларды жапқанда корпусқа су өтпеуін қамтамасыз етуі тиіс.
3.9. Кеме корпусының "Жарамды" бағасы үшін мыналар негіз болып табылады:
кемені толық толтырған кезде сыртқы қаптаудың су өткізбейтіндігі;
набор элементтерінің сенімді бекітілуі;
қаптаудың набормен тығыз қосылуы;
су ағудың себептері болып табылатын жарықтардың, жапырылғандардың, ажыраулардың, қампаюының, әсіресе ауысымды белсызығы мен түптік құрылымда болмауы.
Мына корпустар үшін осыдан басқа:
а) болаттан және жеңіл ерітінділерден - көзге көрінетін дәнекерленбегеннің, түсіп қалған немесе босаған заклепкалардың болмауы; қаптаудың және набордың байқалатын коррозиялық тозудың болмауы (қаптаудың жіберілетін тозуы - жалпы ауданның 40% асырмай, набордікі -50% асырмай);
б) ағаштан - набор элементтерінің сыртқы қаптаумен және палуба төсеуімен сенімді бірігуі; борт қаптауы мен түп үшін қалыңдығының 50% тереңдігіне жіберілетін тозу немесе шіруі жалпы ауданның 40% асырмай, набор элементтері үшін - 50% асырмай;
в) пластмассадан - үйкелуінің, қабаттары ажыраудың, қампаюдың болмауы; рымдардың, салынатын металл бөлшектердің сенімді бекітілуі; борт қаптауының, түптің, палуба төсеуінің қалыңдығы тозуының жіберілетін дәрежесі - жалпы ауданның 25%, набор элементтері үшін - 35% дейін;
г) темірбетоннан - бетон бетінің сынықтарының және арматурада жалаңаш жердің болмауы.
4. Кеме құрылғыларын және кеме жабдығын ұстауға талаптар
4.1. Рөл құрылғысы бір қолдың күшімен қозғалуы және әр бортқа диаметрлік жазықтықтан 35 град. 5 град. асырмай бұрылуын қамтамасыз етуі тиіс. Бір борттан екінші бортқа жату уақыты 15 сек. аспауы керек.
Рөл қанатының механикалық көрсеткішімен аксиометрдің көрсетулерінің айырмасы 5 град. асуы жіберілмейді.
Рөлдің дистанциялық басқаруында штуртрос пен шынжыр тапсырғыштың артық босаңдығы, біліктік тапсырғыштарда және штурвалдық доңғалақта үлкен люфтілердің, шкивтерде тұрып қалу және штуртрос пен корпустың арасында үйкеліс болмауы тиіс, сондай-ақ ілінетін мотордың ілгешекке еркін лақтырылуын қамтамасыз етуі тиіс.
Рөл қанатының ұзындығы кеменің мидельдегі 0,4 енінен аз болмауы тиіс, ал биіктігі кемені толық толтырған кезде рөл қанатының жоғарғы шеті су тиетін беттен жоғары болатындай болуы тиіс. Рөл қанатының биіктігі мен оның ұзындығының қатынасы 0,3-нан 0,5 дейін болуы тиіс. Рөл қанатының ауданы мына формуламен есептеледі: глиссерлік кемелер үшін - Sp= 2LнбТср су ығыстырғыш кемелер үшін - Sp= LнбТср ______ К 4.2. Якорлық құрылғылар - онымен катерлер жабдықталады: - катердің желкендік корпусына және қондырмасына байланысты якорлық құрылғы мына талаптарға сәйкес болуы тиіс: ұзындығы 5-7 м ашық катерлер үшін якордың салмағы - 12-14 кг, капрон арқанның диаметрі -8-10 мм;
ұзындығы 6-8 м рубкасы бар катерлер үшін якордың салмағы - 14-18 кг, капрон арқанның (сым арқанның) диаметрі- 10-12 мм;
- якорлық арқан якорге және катер корпусына сенімді бекітілуі тиіс, қабыршақтануы, түйремелері, каболкаларының үзілгендері болмау керек;
- су үстіндегі борт биіктігі 500 мм катерлер үшін якорлық арқанның ұзындығы 50 метрден, борт биіктігі 350 мм-25 метрден, борт биіктігі 250 мм- 15 метрден кем болмауы тиіс;
- якорлық арқанды үзетін күш якор салмағынан 40-50 рет көп болуы тиіс және мына формуламен есептеледі: бір бұйдалы сым арқандар үшін Р=Кс2 (осында С-сым арқан шеңберінің ұзындығы, см, Р-үзетін күш, кг), бір органикалық өзекті сым арқандар үшін К=40, бірнеше органикалық өзекті сым арқандар үшін К= 34. Жұмысқа сым арқандарды таңдау мына формуламен есептелетін жұмыс беріктігі бойынша жүргізіледі:
R=Р/П, осында П-беріктік қорының коэффициенті, ол тұратын такелаж үшін - 4, жүретін үшін (жүк көтергенде) - 6, адамдарды көтеру үшін - 14;
2 график
(графикті қағаздағы нұсқадан қараңыз)
К коэффициентi кестеден кеме жылдамдығы бойынша таңдалады (км/сағ.). - якордың 2 кестеден таңдалатын якорлық арқанның (шынжырдың) салмағына, диаметріне және ұзындығына тәуелді қажетті ұстайтын күші болуы тиіс: ______________________________________________________________________ | | Кеменің су ығыстырғыштығы (т) | |_____________________________________ | | 0,5 | 0,75 | 1,0 | 1,5 | 3,0 | 5,0 |________________________________|_____|______|_____|_____|_____|_____ | Якордың салмағы (кг) | 3,0 | 5,0 | 7,0 | 9,0 | 11,0| 13,0 |________________________________|_____|______|_____|_____|_____|______ |Пенька арқан (шеңбері | 25,0| 35,0 | 40,0| 45,0| 60,0| 80,0 |бойынша, мм) | | | | | | |________________________________|_____|______|_____|_____|_____|______ |Капрон арқан (шеңбері | 10,0| 17,0 | 20,0| 23,0| 28,0| 40,0 |бойынша, мм) | | | | | | |________________________________|_____|______|_____|_____|_____|______ |Болат сым арқан | 3,0 | 3,5 | 4,0 | 5,0 | 5,0 | 6,0 |(диаметрі, мм) | | | | | | |________________________________|_____|______|_____|_____|_____|______ Матросов үлгілі якорлер үшін якордың кестелік салмағы 75% дейін кемітіледі;
- су ығыстырғыштығы 5 т артық кемелерге болат якорь-шынжыр пайдалану ұсынылады. Тізбек серіппесінің диаметрі мына формуламен есептеледі:
Якорлық жабдық белгіленген нормаларға сәйкес болмағанда немесе якорлық құрылғы бұзылып тұрғанда кемені пайдалануға шығаруға тыйым салынады, егер:
а) шынжыр немесе арқан диаметрінің олардың тозу салдарынан кішіреюі 20%-тен асса;
б) шынжырдың түсіп қалған контрафорстарымен тізбектер немесе арқанда үзілген кездегі бір немесе бірнеше бұйдалар айқындалған.
4.3. Бекітетін, тартатын және жүктік құрылғылар - кнехтер, бумалық планкалар, үйректер мен басқа құралдар кеме корпусына сенімді бекітілуі тиіс.
Кеме әрбірі кеменің екі ұзындығына тең, бірақ 5 м кем емес бекітетін байлау арқанымен жабдықталуы тиіс. Бекітетін арқандарда қабыршақтануы, түйремелері, каболкаларының үзілгендері, бұйдалары болмау керек.
Бекітетін сым арқандарда үзілген сымдардың саны алты диаметр ұзындығында сымдардың жалпы мөлшерінің 20% аспауы тиіс.
Сымдардың бастапқы диаметрінің 20% және одан артыққа жеткен сым арқан сымдарының тозуы немесе коррозиясы кезінде бекітетін сым арқан айырбасталуы тиіс.
Капрон және пенька арқандар 3 айдан бір рет қарауға жатады.
Капрон арқандарды пайдалануға тыйым салынады, егер:
а) волоканың ажырауымен үйкелістің белгілері табылса (тіліну, бұйдалардың, басқа ақаулардың бірігуі);
жұмысшы күш түсіру кезінде арқан 25% аса ұзарады және күшті алғаннан кейін де бастапқы ұзындығына қайтып келмейді.
Өсімдіктік арқандар алмастыруға жатады:
а) шірудің, көгерудің, тозудың және сыны бұзылудың кез келген белгісі кезінде;
б) бір бұйданың ажырауы бар кезде.
Катерлерде және мотор қайықтарда тартатын рыммен үйрекрым және арқан болуы тиіс. Катерлер, одан басқа, тойтарыс күршегімен жабдықталады. Ескіш кемелер желкелікпен немесе желкелік-шеңбермен жабдықталады. Кемені тарту үшін бекітетін байлайтын арқан пайдалануы мүмкін.
Кемеде жүктік құрылғылар белгіленген тәртіпте куәландырылуы және таңбалануы тиіс.
4.4. Кемеде су төгетін және өртке қарсы құралдар жөнді күйде болуы және инспектормен іс жүзінде сынама жасаумен тексерілуі тиіс.
Кемелер ожаулармен, 1,5 х 1,5 өлшемді киізбен немесе асбест төсеммен (брезентпен) жабдықталады; одан басқа - өрт сөндіргішпен және су төгетін насоспен. Өрт сөндіргіш өрт инспекциясы органдарымен тексерілген болуы тиіс.
4.5. Катерде немесе мотоқайықта сигнал беру құралдары "Қазақстан Республикасының ішкі кеме жүзу жолдары бойынша жүзу ережелерінің" талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Сигнал оттарын орындау судан қорғалған болуы тиіс.
Жарықпен сигнал беру құралдары жоқ кемеге тәуліктің қараңғы уақытында жүзуге тыйым салынады, бұл туралы кеме билетінде ескерту жасалады.
4.6. Апаттық мүлік және құтқару құралдары:
катерлер мен мотоқайықтарда жинақталған жөндеу аптечкасы, бекітетіні бар ескіштер (кемінде 2-еу), медициналық аптечкалар болуы тиіс. Бір ескішті ілгекті бақан-ескішке алмастыру, ескіш бекітетіндерді бума планкалармен, үйректермен бір жиынтықта жинау рұқсат етіледі;
барлық кемелер жолаушы сыйымдылығы бойынша құтқару құралдарымен жабдықталады. 4 адамнан көп сиятын катерлер мен мотоқайықтарда, осыдан басқа, ұзындығы кемінде 20 м линімен құтқару шеңбері болуы тиіс, шеңбер периметрі бойынша 4 жерден бекітілген леерден құрылады;
шектелген акваторияда жалға берілетін жүзу құралдарында жолаушылардың іс жүзіндегі саны бойынша жеке құтқару құралдары болу қажет;
құтқару құралдары кеменің борттық нөмірімен таңбалануы тиіс.
Барлық құтқару құралдары техникалық қарау жүргізгенде беріктігене және өміршеңдігіне тексерілуі тиіс. Құтқару шеңберін жерге 3 м биіктіктен тігінен немесе суға 10 м биіктіктен жалпағынан лақтырумен беріктікке сынайды. Лақтырған кезде шеңбер зақым алмауы тиіс: жырылу, бүйірі шығу, сыну және т.т.
Шеңбердің өміршеңдігін тұщы суда оған 24 сағатқа 14,5 кг, ал диаметрі 680 мм кіші шеңберге - 24 сағатқа 8 кг, кейіннен қосымша 15 мин 1 кг ілумен анықтайды.
Кеудешекті 24 сағатқа 7,5 кг және қосымша 15 мин 0,5 кг ілумен сынайды.
Кеме құрылғыларының және кеме жабдықтарының бар болуы мен техникалық күйінің осы нұсқаулықтың 4 тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігі "Жарамды" бағасы үшін негіз болып табылады.
5. Кеменің күш және қозғалту қондырғыларына, электр
жабдығына талаптар
5.1. Қозғалтқыштың техникалық күйі оны кеме жағдайларында орнықты пайдалануды қамтамасыз етуі тиіс.
5.2. Қозғалтқышты куәландыру "стопта" сыртынан қараумен және жұмыста жүргізіледі. Қарауға қозғалтқыштың корпусы және оның бекіткіштері, қозғалтқыштың жұмысын қамтамасыз ететін жүйелер, газды және реверсті қашықтықтан басқару, моторлы бөлімнің желдеткіші, реверс-редуктор, ескіш біліктің, қозғалтқыштың сызығы, электр жабдық, бақылау-өлшеу құралдары және т.т. жатады.
5.3. Ашық кемелерде стационарлық қозғалтқыштар желдеткіш саңылаулары бар жанбайтын материалдан шешіп алынатын қаптамамен жабылуы тиіс.
Қозғалтқыш алдынан және артынан су өтпейтін флорамен шектелген қоршауда орнатылуы тиіс. Сермерлерде, қозғалтқыштың айналатын басқа бөліктерінде біліктің сызығында қоршау болуы тиіс.
5.4. Отын және май жүйелері өз қосылымдарында герметикалық болуы тиіс. Тамшылау жіберілмейді. Отын бактары қозғалтқыштан және газ шығардан кемінде 800 мм қашықтықта ораналастырады, жерге қосылады. Карбюратордың поддоны және соратын түтікшеде жалын өшіретін торы болуы тиіс.
5.5. Қозғалтқыштың салқындату жүйесі герметикалық болуы тиіс.
5.6. Түтін шығаратын құбырлар жылудан бөлініп тұруы және қозғалтқышқа су кіргізбейтін тиекті сақинасы болуы тиіс.
5.7. Қозғалтқыштың қашықтық басқаруы ілінетін мотордың бір борттан екінші бортқа бұрылуын және оның ілгешекке еркін лақтырылуын қамтамасыз етуі тиіс. Қосу тұтқасы тарту жеңілдігі бір қолмен жүргізуді қамтамасыз етуі тиіс. Реверстік-ажырату құрылғысы дифферент қисаю және дірілдеу жағдайларында қозғалтқыштың берілген режимде орнықты жұмысын қамтамасыз етуі тиіс.
Реверсілеудің ұзақтығы 15 сек. аспау керек.
5.8. Машина бөлімдерін желдету ауаның жеткілікті келуін және бөлменің төменгі аумақтарынан кетуін қамтамасыз етуі тиіс.
5.9. Реверс-редукторлардың үйкелетін беттерінің, тіреу-тірек ішпектерінің, аралық және ескіш біліктердің температурасы қозғалтқышты пайдалануға техникалық талаптарға сәйкес болуы тиіс. Ішпектердің температурасы 65 град. Цельсийден, роликтік ішпектер үшін - 50 град.Сю аспау керек.
5.10. Қозғалтқыштың жұмысын сипаттайтын бақылау-өлшеу құралдары жөнді күйде штаттық орындарында тұруы тиіс.
5.11. Білік жолын және ескіш винтті қарау кезінде винттің сенімді отыруын, дейдвудтік втулкалардың және майлық тығыздағыштардың күйін тексеру қажет. Білік жолы істе тексерілуі тиіс.
5.12. Кемеде қуат көздері желдеткіш саңылаулары бар және жақсы желдетілетін жеке жәшіктерде орналастырады. Қуат көздерінің бактарында жарылу, тесік болмау керек. Қуат көздерінің сыртқы қосылымдары тығыз тартылған және техникалық вазелинмен майланған болу керек, оларға полюстік таңба түсірілуі тиіс. Электролиттің деңгейі бақылау торынан 10-12 мм жоғары болу тиіс.
5.13. Электр жабдығын қарау кезінде изоляцияның бүтіндігі мен сымдардың сенімді бекітілуі, сигнал оттарының және жарық берудің жөнділігі тексеріледі. Электр жолы резеңке немесе хлорвинил изоляциясындағы сымдармен тартылуы тиіс. Мақтақағаздық изоляциядағы сымдарды қолдануға тыйым салынады. Жарық беру желісінің шекті шамасы 24В аспауы тиіс.
5.14. Жарық бергіштер, сөндіргіштер, штепсельдік ажыратқыштар шашырандыдан қорғалған нұсқада жанбайтын материалдардан орындалады және су басудан қорғалған орындарда орнатылады.
Күштік қозғалқыш қондырғысы мен электр жабдықты ұстауға және жұмысына 5 тармақта көрсетілген талаптарды сақтағанда "Жарамды" бағасы белгіленеді.
6. Желкенді қайыққа және желкенге талаптар
6.1. Желкен астында қозғалуы үшін қайықта тиімді киль немесе шверт болуы тиіс, олар жоқ жағдайда кеме шверттермен жабдықталуы тиіс. Шверттің ауданы желкен ауданының 0,25 тең болуы тиіс, егер шверт металл секторлы - оның ауданы 0,06 дейін азаяды.
Шверттердің ауданы желкен аудандарының 0,04 - 0,025 тең болуы тиіс.
6.2. Кеменің суда орнықтылығы - барлық желкендердің астында толық жел кезінде оның қисаюы 20-25 град. аспайтындай болуы тиіс.
6.3. Қосымша желкендері бар кемелер үшін мачтасының биіктігі кеменің ең үлкен ұзындығының 0,6-0,8 тең болуы тиіс.
6.4. Желкен ауданының шамасы мына формуламен есептеледі:
борт биіктігі 0,3 м және одан көп ашық ескіш қайықтар үшін
Sп=1,3 LнбхВнб;
борт биіктігі 0,3 м кем немесе Lнб/Внб қатынасы 3,5 аз -Sп=LнбхВнб.
Желкен биіктігінің еніне қатынасы шамамен 2:1 болуы тиіс. Желкеннің ені кеменің мидельдегі енінен 25% артық аспауы тиіс. Тік желкеннің (брифоктың) ені төменгі шкаторина бойынша кеменің еніне тең болуы тиіс, жоғарғы бойынша - асуы.
Желкен аудандарының корпустың суланатын бетінің аумағына қатынасы яхталар үшін 2,0-ден 2,5-ға дейін, қосымша желкендері бар қайықтар үшін - 1,5-нан 1,8-ге дейін болуы тиіс.
Желкенді қайық жабдықтары 6 тармақта көрсетілген талаптарға сәйкес кезінде "Жарамды" бағасы белгіленеді.
7. Қолдан істелген кемелердің суда орнықтылығына және
өміршеңдігіне талаптар
7.1. Қолдан істелген кемелердің суда статистикалық орнықтылығын сынау тыныш суда, кеменің шығып тұрған бөліктері су түбіне тимейтін терең орындарда жүргізіледі. Сынау жүргізу кезінде кемеде жүк мына тәртіпте орналастырылады: толық жүк көтергіштігінің 60% тең жүк банканың үстінде 0,3 м биіктікте кеменің диаметральдық жазықтығына планширдың ішкі шетінен ені бойынша 0,2 м қашықтықта мидель-шпангауттың жазықтығында орналасқан ауырлық орталығымен борттың жанында орналастырылады; жүктің 40% -штаттық орындарда немесе кеменің диаметральдық жазықтығында сланьдарда, осы кезде қисаю бұрышы су басу бұрышынан аз болуы тиіс.
7.2. Кеменің бастапқы метацентрлік биіктігі толық жүкте ескіш қайықтар үшін кемінде 0,3 м, мотоқайықтар үшін 0,4 катерлер үшін 0,6 болуы тиіс.
7.3. Кильдік кемелер үшін бастапқы метацентрикалық биіктігі мына формуламен анықталады: h= 0,525 (Внб/t) м:
тербеліс кезеңі іс жүзінде анықталады: кемені бір бортына планширдің сыртқы шеті суға кіргенше қисайту;
қисайтатын күшті секундомерді бір уақытта қосумен шегеру;
секундомерді кеме толық амплитуданы сызған сәтте тоқтату.
Шығатын қорытындыны бағалау N 3 график бойынша жүргізіледі:
егер табылған метацентрикалық биіктік кестеде штрихтелген ауданнан төмен орналасса - кеменің тербелісі бір қалыпты, бірақ суда орнықтылығы жеткіліксіз болады;
егер - жоғары, тербеліс қатты, шұғыл, бірақ суда орнықтылығы қамсызданған болады;
бастапқы метацентрикалық биіктіктің оңтайлы шамасы штрихтелген аудан шегінде орналасқан.
7.4. Бір орынды ескіш қайықтардан басқа кемелердің мидель ауданында кез келген бортқа толық жүк көтергіштігінің 5% тең күшті салғанда суға толған кеме аударылмайтындай суда орнықтылығы болу тиіс.
7.5. Құрғақ борттың ең аз рұқсат етілетін биіктігі толқын биіктігіне байланысты кесте бойынша анықталады:
Жел күші бойынша толқынның есептік биіктігі және жылдамдық шамасы "Техникалық қадағалау бойынша нұсқаулықтың" 2.4 т. N 4 кестесінен таңдап алынады.
N 4 график
(Бұл графикті қағаздағы нұсқадан қараңыз)
N 3 график
(Бұл графикті қағаздағы нұсқадан қараңыз)
Құрғақ борттың ең аз рұқсат етілетін биіктігі кеменің ең үлкен ұзындығынан кемінде 6,0% тең болуы тиіс.
7.6. Кемені толық тиеген кезде кеме артына 2 град. аз дифферент рұқсат етіледі.
7.7. Қолдан құрылған кемелерге толқынның рұқсат етілетін биіктігі, жағалаудан алыстауы, құрғақ борттың ең аз рұқсат етілетін биіктігі кеменің сындарлы ерекшеліктерінен шыға отырып, "Техникалық қадағалау бойынша нұсқаулықтың" N 2 кестесін басшылық етіп Көлік инспекторымен белгіленеді. Ескіш кемелер үшін жағалаудан алыстау мотоқайықтар үшін кестеде көрсетілгеннен 0,3 алыстау аспауы тиіс, осы туралы кеме билетінде жазу жасалады.
7.8. Кеме өміршеңдігінің басы артық қоры мына формуламен есептеледі:
Vизб.= 14,5 п; дегенмен, барлық жағдайларда өміршеңдіктің басы артық қоры толық су ығыстырғыштығының кемінде 10,0% болуы тиіс.
Өміршеңдіктің басы артық қорын мына кесте бойынша анықтауға болады:
N 5 график
(Бұл графикті қағаздағы нұсқадан қараңыз)
8. Жүк көтергіштігін және жолаушы сыйымдылығын есептеу
8.1. Ескіш қайықтар мен мотоқайықтардың жүк көтергіштігі мына формуламен есептеледі: Q=1/5(Ук-С) Т; арнайы қозғалтқыштары бар катерлердің: Q=1/7(Ук-С) Т.
8.2. Шағын өлшемді кеменің жүк көтергіштігін мына формуламен есептеуге болады: Q=0,9бLнбхВнб(Н-Нмид)Т;
осында б - толық су ығыстырғыштығының коэффициенті, ол жазық түпті глиссирлік кемелер үшін - 0,8 кильдік обводтар үшін лт 0,4-тен 0,55 дейін;
немесе б - кеме ұзындығын есепке алатын толық су ығыстырғыштығының коэффициенті, 5 м дейін - 0,5, 10 м дейін - 0,6, 10 м жоғары - 0,7.
Корпустың обводын есепке алатын толық су ығыстырғыштығының коэффициенті бойынша жүк көтергіштігін есептеулер және кеме ұзындығын есепке алатын коэффициент бойынша есептеулер жеке жүргізіледі, кейін ортаншасы алынады.
8.3. Кеменің жолаушы сыйымдылығы адамдарды орналастыру үшін жабдықталған отырғызу орындарының барымен анықталады. 1 жолаушыға орын ұзындығы бойынша 45 см, ені бойынша - 40 см өлшемдермен сипатталады. Адамның салмағы 1 санаттағы кемелерге 80 кг тең, II санаттағы кемелерге - 100 кг және III санатты кемелерге - 100 кг қабылданады.
8.4. Жолаушы сыйымдылығы мына формула бойынша есептеледі:
П=(LнбхВнб)\К адам;
K- катерлер үшін - 2,15, ескіш қайықтар мен мотоқайықтар үшін - 1,6 тең коэффициент.
Басты өлшемдерінің қатынасы LнбхВнб=2,4-тен 4-ке дейін кемелер үшін жолаушы сыйымдылығы (кемелердің ұзындығы 8 м кем);
LнбхНмид=5-тен 8-ге дейін; ВнбхНмид= 3,5 кем кестеден таңдалады (кеме ұзындығы мен енінің көбейтіндісі бойынша):
N 6 график
(Бұл графикті қағаздағы нұсқадан қараңыз)
8.5. Шамалап санау үшін жолаушы сыйымдылығын мына формула бойынша есептеуге болады: П=0,6LнбхВнб.
Кеменің жүк көтергіштігі мен жолаушы сыйымдылығын келтірілген формулалар және кестелер бойынша анықтау шамаланған болып табылады және кемені құрғақ бортының рұқсат етілетін ең кіші биіктігіне дейін іс жүзінде тиеумен тексеріледі.
9. Қозғалтқыштардың рұқсат етілетін қуаттарын есептеу
9.1. Ілінетін моторды таңдау осы корпуста іске асыруға болатын қуаты бойынша жүргізіледі.
Қуаттың өрісі кеменің және үлгі өлшемдеріне байланысты анықталады.
Глиссирлейтін кемелер үшін, глиссерлер мен скутерлерден басқа, ілінетін моторлардың жіберілетін қуаты N 7 кесте бойынша К коэффициентіне байланысты мына формуламен анықталады.
N 7 график
(Бұл графикті қағаздағы нұсқадан қараңыз)
(коэффициенті мына формуламен анықталады: К=LнбхВтр.нб). 9.2. Әуесқойлармен құрылған ұзындығы 6м және одан кем кемелерде ілінетін мотордың жіберілетін қуаты, ұзындығының еніне қатынасы кезінде Lнб\Внб 2,5-нан 4,0-ге дейін N 3 кесте бойынша есептеледі: N 3 кесте __________________________________________________________________________ |Қашықтық басқаруы бар және транц биіктігі 508|Қашықтық басқаруы жоқ және |мм (немесе биіктігі кеме артындағы бортқа |транц биіктігі 508 мм кем |балама) қайықтар | немесе биіктігі кеме | |артындағы бортқа кіші бала. | |ма) қайықтар | |___________________________ | |Сүйіржақты | Өзгелер | |обводтарымен | | |жазық түпті | | |қайықтар | |_____________________________________________|_________________|_________ |К |38 |39-42|43-45|46-48|49,5- |56 |56 жоғары |56 жоғары |10,76хВ |дейін | | | |56 |жоға| | |тр,м | | | | | |ры | | |сипаты, | | | | | | | | |мотордың| | | | | | | | |қуаты, | | | | | | | | |а.к. | | | | | | | | |асырмай | | | | | | | | | | | | | | | | | | |3 |5 |7,5 |10 |15 |2К- |0,5к-15 |0,8К-2 | | | | | | |90 | | |________|______|_____|_____|_____|______|____|_________________|_________ К 56-дан көп кезде қуаттың мәні жақын цифр 5 дейін жинақталады.
9.3. Үрмелі мотоқайықтар үшін мотордың жіберілетін қуаты кеменің ең үлкен ұзындығы мен транцтың ең үлкен еніне көбейтіндісіне байланысты анықталады.
Көбейтіндісі 3,9 дейінгіге тең кезде - мотордың жіберілетін қуаты 7,5 а.к. көбейтіндісі 4,0-ден 7,4-не дейін кезде -(12 L нбхВнб - 40) а.к.,
көбейтіндісі 7,4 жоғары кезде - (0,5 L нбВнб+10) а.к. 9.4. Lнб\Внб қатынасы 5-тен асқан кемелер үшін мотордың жіберілетін қуаты кеме ұзындығы 4,5 дейінгі кезде - 3 а.к., ұзындығы 4,6-дан 5,5 дейін - 5 а.к., ұзындығы 5,5 көп- 7,5 а.к. 9.5. Катамаран үлгілі кемелер үшін мотордың жіберілетін қуаты мына формула бойынша есептеледі: ЕVnхLn Nмип =2,94______ Л.С. dп 9.6. Глиссирлеуші, су ығыстыратын мотоқайықтар ілінетін моторларының жіберілетін қуаты N 8 кесте бойынша анықталуы мүмкін (коэффициенті мына формуламен есептеледі: К=»10,76 LнбхВ тр.нб) N 8 график (Бұл графиктi қағаздағы нұсқадан қараңыз) ІІ. Паромдық өткелдерді ұстауға талаптар 10. Өткелдерді куәландыру (қарау)
10.1. Кеме жүзетiн және уақытша кеме жүзетiн су жолдарында өткелдердi ашу және пайдалану Қазақстан Республикасы Өзен флотының басты басқаруының бастығымен бекiтiлген "Кеме жүзетін және уақытша кеме жүзетін су жолдарында катерлік, паромдық және қайықтық өткелдерді ұйымдастыру және пайдалану ережелерінің" талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа су қоймаларында өткелдерді ашу осы нұсқаулықтың талаптарына сәйкес жергілікті әкімшіліктермен келісім бойынша жүзеге асырылады.
10.2. Жыл сайын өткелді ашар алдында, бірақ оны пайдалана бастауға дейін кемінде 10 күн бұрын, өткелдің иесі өткелді тіркеуге және куәландыруға ұсынуы тиіс.
Өткелдің техникалық күйі, ұсталуы және пайдаланылуы, оны дер кезінде
тіркеуге және куәландыруға ұсыну үшін жауапкершілік өткел иесіне жүктеледі. 10.3. Өткелді куәландыру мына құрамды комиссиямен жүргізіледі: көлік инспекторы, иесінің өкілі шкипердің қатысуымен. 10.4. Өткелдің пайдалануға жарамдылығын анықтау бастапқы, жыл сайынғы, кезектен тыс куәландыру және бақылау қараулардың жолымен жүргізіледі. 10.5. Өткелді бастапқы куәландыру кезінде басты өлшемдер, жүк көтергіштігі, жолаушы сыйымдылығы анықталады; жүргізу жүйелерінің, сигнал беру, құтқару, өртке қарсы құралдардың, кеме жабдықтарының бар-жоғы мен жөнділігі тексеріледі; техникалық құжаттама жүргізудің бар-жоғы мен жөнділігі тексеріледі: (- өткелге төлқұжаттар; - жасаушының есеп айырысу құжаттамасы; - өткелді пайдалану жөніндегі нұсқаулық; - пайдалануға жауаптының лауазымдық нұсқаулығы; - шкипер тағайындау туралы өкім (бұйрық)); өткелді пайдалану қауіпсіздігі мәселелері бойынша шкипердің білімі тексеріледі.
Жыл сайынғы куәландыру кезінде өткелдің басты өлшемдері мен негізгі элементтерінің өзгермегендігі, өткелді пайдалану қауіпсіздігін белгілейтін тиісті жабдықтар мен құралдардың бар-жоғы мен жөнділігі, сондай-ақ белгіленген құжаттаманы жүргізудің бар-жоғы мен жөнділігі тексеріледі.
Кезектен тыс куәландыру өткелді қайта жабдықтау, модернизациялау, өткелдің жұмысын қамтамасыз ететін құрылғылар мен жүйелерді, айлақтарды, түсу жолдарын, сондай-ақ жағалау жабдықтарын алмастыру жағдайларында жүргізіледі.
Өткелдерді бақылап қарау өткелдерді ұстау және пайдалану дұрыстығын техникалық қадағалау мақсатымен куәландырулардың арасында жүргізіледі. Бақылап қараулардың көлемі мен мерзімдері өткелді пайдалану шарттары мен үдемелілігіне байланысты Қазақстан Республикасы Көлік инспекциясының органдарымен белгіленеді.
Куәландыруды (қарауды) жүргізу, өткелге есеп айырысу жасау кезінде осы Конституцияның I бөлімінің талаптары және ережелерін пайдалану қажет.
10.6. Өткелді куәландыру және оны қарау қорытындыларының негізінде тиісті құжаттарды ресімдеумен "Жарамды" немесе "Жарамсыз" бағасы белгіленеді.
11. Өткелдердің жабдығына, жабдықталуына және
ұсталуына талаптар
11.1. Өткелдің паромдық құралында жеткілікті өміршеңдігі болуы және өрт қауіпсіздігі талаптарына жауап беруі тиіс. Паромның понтондары герметикалық болуы тиіс, жүк алаңы, жабдық пен бекіту-тарту құрылғысы техникалық жөнді күйде болуы тиіс.
Егер жүк алаңы қайықтарды жабдықталса, қайықтар осы Нұсқаулықтың I тарауының талаптарына сәйкес болуы тиіс.
11.2. Өткел қолайлы және қауіпсіз арқан тастау мүмкіндігін қамтамасыз ететін жағалау құрылғыларымен және құрылыстарымен жабдықталуы тиіс (айлақта орынның тереңдігі жақындаудың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс), түсетін және мінетін сатылар көлік құралдарының, жүктердің, тасымалдайтын жануарлардың түсу (міну) қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.
11.3. Өткел мыналармен жабдықталуы тиіс:
а) бекіту құрылғысымен және бекіту үшін құралдармен;
б) бүтін жүзу сым арқанымен, итерілетін сырықтармен (кемінде 2-еу);
в) тасымалданатын жануарларды байлау үшін тақтайшамен, тасымалданатын көліктің доңғалағының астына тіреу үшін ағаш сыналармен;
г) жолаушыларды мінгізу (түсіру) үшін леері бар сатымен, тасымалданатын көліктің кіруі (шығуы) үшін көпіршіктермен;
д) паромның жүк алаңы мен корпусы периметрі бойынша леермен қоршалуы тиіс: жүк алаңы - 0,9 -1,0 м биіктікте сақтаушымен, паром корпусы - су бетіне 20 см деңгейде құтқарушымен;
е) паромның әр бортында құтқару шеңберлері бекітілуі тиіс. Шеңберлерді бекіту оларды тез босатып алуды қарастыруы тиіс. Шеңберлер периметрі бойынша 4 жерде бекітілген леермен және ұзындығы кемінде 20 м линьмен жабдықталады;
ж) паромда ұзындығы өткел орындарындағы ең тереңнен кемінде 5 есе якорлық арқаны (шынжыры) бар 2 якоры болу тиіс;
з) паром жету оңай орындарда орналастырылған, белгіленген тәртіпте тексерілген кемінде 2 өрт сөндіргішпен және өртке қарсы керек-жарақпен жабдықталуы тиіс;
и) көрнекті орында өткелдің тәртіп ережелері, жүк көтергіштігі және жолаушы сыйымдылығы туралы ақпарат ілінеді.
11.4. Өткел ретінде пайдаланатын тасымалдаушы қайық корпус периметрі бойынша су бетінен 20 см деңгейде бекітілген құтқару леерімен, леері және ұзындығы кемінде 20 м лині бар құтқару шеңберімен, жолаушы сыйымдылығы бойынша жеке құтқару құралдарымен жабдықталуы тиіс.
11.5. Егер өткел ретінде кемелер пайдаланса, оларды куәландыру осы
Нұсқаулықтың 1 тарауының талаптарына сәйкес жүргізіледі. 11.6. Паром понтондарында саңылаулар, су өткізгіштігін бақылау үшін герметикалық жабылатын қақпақтар болуы тиіс. Ұзындығы мен енінің қатынасы 4-тен кемде паромның суда орнықтылығы тексерілмейді. 11.7. Өткелде қайықтың бар болуы, оның қажеттілігі пайдалану шарттарына (өзеннің ені мен тереңдігіне, ағымның жылдамдығына, өткелдің үдемелілігі мен жүгі көптігіне және т.т) байланысты куәландыру жүргізетін комиссиямен белгіленеді, осы туралы өткелге кеме билетінде тиісті жазу жасалады. Көрсетілген талаптарды сақтау "Жарамды" бағасын белгілеу үшін негіз болып табылады. ІІІ. Шағын өлшемді кемелердің тұрымы үшін базаларды (құрылыстарды) ұстау және куәландыру 12. Шағын өлшемді кемелердің тұрымы үшін базарларды (құрылыстарды) куәландыру 12.1. Шағын өлшемді кемелердің тұрымы үшін базалар (құрылыстар) (база-тұрақтар) - құрылыстарымен және соған таяу жатқан шекарасында кемелер тұрақтанатын су акваториясымен күзетілетін жағалау аумағы. 12.2. База-тұрақ Көлік инспекциясының аумақтық органдарында тіркелуге жатады. Тіркеу үшін мына құжаттар көрсетіледі: - тіркеу өтініш-карточкасы - иесінің өкілімен толтырылады; - база-тұрақтың негізгі техникалық сипаттарын көрсетуімен сызбасы; - база-тұрақты пайдалану үшін жауапты тұлғаны тағайындау туралы бұйрық (өкім); - база-тұрақты пайдалану үшін жауаптыға ҚР Көлік инспекциясымен келісілген лауазымдық нұсқаулық.
12.3. База-тұрақтарды (жалға беру пункттерін) куәландыру шағын өлшемді кемелерді апатсыз пайдалануды және сақтауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ суды қорғау талаптарын сақтауға олардың әзірлігін анықтау мақсатымен ҚР Көлік инспекциясының аумақтық органдарымен жүзеге асырылады.
12.4. База-тұрақтың пайдалануға жарамдығын және әзірлігін анықтау үшін бастапқы, жыл сайынғы, кезектен тыс куәландырулар және бақылап қараулар жүргізіледі:
- бастапқы куәландырулар - база-тұрақты тіркегеннен кейін;
- жыл сайынғы куәландырулар - негізгі сипаттарын растау, тиісті жабдықтар мен құралдардың бар-жоғы мен күйін тексеру үшін;
- кезектен тыс куәландырулар - база-тұрақты модернизациялау немесе қайта жабдықтаудан болған негізгі сипаттардың өзгеруі кезінде;
- бақылап қараулар - база-тұрақты ұстау және пайдалану дұрыстығын техникалық қадағалау мақсатымен техникалық куәландырулардың арасында жүргізіледі, олардың мерзімділігі ҚР Көлік инспекциясының органдарымен белгіленеді.
12.5. База-тұрақты куәландырулар кезінде мыналар тексеріледі:
- іс жүзіндегі сипаттарының тіркеу құжаттарындағы мәліметтерге
сәйкестігі; - база-тұрақтың осы Нұсқаулық талаптарына сәйкестігі; - құтқару және өртке қарсы мүліктің бар болуы мен оны ұстаудың белгіленген нормаларға сәйкестігі; - пирстерді, айлақтарды, айлақтық қабырғаларды, жағалау және су акваториясының қосымша құрылыстарын ұстау; - тұрақтаудағы кемелер санының база-тұрақтың жобалы мүмкіндігіне сәйкестігі; - шығару тәртібін ұйымдастыру. 13. База-тұрақтарды жабдықтау 13.1. База-тұрақтың аумағы мыналармен жабдықталады: - қолайлы жақындау жолдарымен; - жолаушыларды отырғызу немесе түсіру үшін арнайы жабдықталған айлақтармен;
- кемелерден слань асты суларын, жұмыста болған мұнай өнімдерін, құрғақ қоқырды, тамақ қалдықтарын және т.т. қабылдау үшін контейнерлермен және арнайы сыйымдылықтармен;
- аумаққа және су акваториясына, пирстерге, бокстарға, бекітетін құрылғыларға, құтқару және өртке қарсы құралдарға жарық беру үшін жарық беретін құрылғылармен. Жарық беретін құрылғылар бағытпен жарық беретін қалпақтармен жабдықталуы тиіс. Қараңғы түскен соң айлақтардың серіппелік шеттерінде әр 50 м сайын, айлақ төсемінен 2 м биіктікке орналастырылған шеңберлі жарық беретін, кемінде 2-еу, ақ оттар жағылуы тиіс.
13.2. Пирстер мен айлақтар арнайы құралдармен жабдықталуы тиіс. Құтқару шеңберлері айлақтардың серіппелік шеттерінде орналасқан арнайы қалқандарда, сондай-ақ пирстердің периметрі бойынша леерлік бағандарда әр 25 м сайын бекітілуі тиіс. Құтқару шеңберлерінің бекітілуі олардың тез алынуын қамтамасыз етуі тиіс.
13.3. Айлақтар мен пирстерде жыл сайын база-тұрақ иесімен, тексеру актін құрумен, беріктікке тексерілетін тұтас төсем болу тиіс. Көпірлер, траптар, сатылар тексеруге жатады. Белгіленген тәртіпте сыналған және тексерілген барлық құрылғылар "сыналған" сөзімен және өткізілген және кезекті сынаудың уақыттарымен таңбаланады.
Айлақтардың, пирстердің, сатылардың, көпіршектердің және т.т. ені 2 адамның өтуіне жеткілікті болуы тиіс, олар сыртқы периметрі бойынша сақтаушы леерлермен (су жағынан) жабдықталады. Сақтаушы леер кемінде 900 мм биіктікте бекітіледі, леерлік бағандардың арасындағы қашықтық - 1500 мм.
13.4. База-тұрақта кемелерді техникалық қарау пункті және құтқару посты жабдықталуы тиіс:
жанар-жағармай материалдарының, отынның, орналастырылуы, оларды сақтау тәртібі, сондай-ақ моторларды сақтау үшін контейнерлердің орналастыруы кемелердің, жағалаудағы және жүзетін құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.
Өртке қарсы құралдар жөнді күйде және өрт инспекциясы талаптарымен қарастырылған мөлшерде ұсталуы тиіс. Ішкі су қоймаларында орналасқан база-тұрақтардың аумақтарында адамдардың суда бақытсыздыққа ұшырағаны туралы сигналдарды көтеру үшін биіктігі 8-10 м, қою-жасыл түске боялған, қызмет көрсетілген бүкіл су акваториясынан көрінетін мачталар орнатылады.
13.5. Су акваториясының шекарасы бөгеттермен, понтондармен, бактармен немесе жүзетін белгілермен қоршалады. Жағалау аумағы жобамен белгіленген шекараларда дуалмен қоршалады.
Шығатын (кiретiн) кемелердi бақылау үшiн шлагбауммен жабдықталған бақылау посты ұйымдастырылады. Бақылау постында кемелердің шығуы мен олардың қайтып келуін есепке алу журналы жүргізіледі.
13.6. Кеме жүзетін өзендерде, су қоймаларында орналасқан жалға беру
пунктінің су акваториясы жалға берілген жүзу құралдарымен солардан асуға тыйым салынатын жүзетін белгілермен белгіленуі тиіс. 13.7. База-тұрақ мыналармен көрнекті ресімделуі тиіс: - кемелердің база-тұрақтың су акваториясы бойынша және іргелес ауданда қозғалуының сызбасы; - белгіленген мерзімде база-тұраққа қайтып келмеген кемелерді іздеу және көмек көрсету бойынша шаралар; - база-тұрақта жұмыстың ішкі тәртібі; - шағын өлшемді кемелерді пайдалану ережелері; - ағымдағы тәулікке ауа райы туралы мәліметтер; - адамдардың суда апатқа ұшырауын алдын алу шаралары жөнінде плакаттар. 13.8. База-тұрақты дауыс зорайтқыш құрылғылармен және радиобайланыспен жабдықтау ұсынылады. 14. База-тұрақты пайдалану 14.1. База-тұрақты пайдалану нұсқаулықпен белгіленеді, онымен барлық кеме жүргізушілер мен қызмет көрсететін персонал, қол қоюмен, танысуы тиіс. 14.2. База-тұрақ кемелер тұрағының қауіпсіздігін, кемелердің, моторлардың және басқа мүліктердің сақталуын, алдын алу, жөндеу, кеме көтеру, тиеу-түсіру және басқа жұмыстарды орындаудың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс: Кемелерге адамдарды отырғызу (түсіру) қауіпсіздігін. 14.3. База-тұрақта су қоймасындағы кемелердің қайтып келуіне ауа райының нашарлаған жағдайына шаралар әзірленуі тиіс.
14.4. База-тұрақтың акваториясында тұрған бекітетін бөшкелерде қарама-қарсы түсті бояумен бекітуге жіберілетін кемелердің саны көрсетіледі.
14.5. База-тұрақта тұрақтайтын әрбір кеменің іргеге немесе пирске майлы бояумен оның борттық нөмірін түсірумен тұратын тұрақты орны болуы тиіс. Ілінетін моторлар, ескіштер және басқа жабдықтар құлыпталатын контейнерлерде (бөлмелерде) сақталады.
14.6. Су қоймасына шығуды база-тұрақ бойынша кезекші рұқсат береді.
Кемеге шығуға рұқсат бергенде кезекші мыналарды тексеруге міндетті:
- кеме жүргізушіде кеме құжаттарының (кеме билеті мен ағымдағы жылға техникалық талон) және ескерту талондарымен (ескіш кемелер үшін - ескіш кемені жүргізушінің ескерту талоны) шағын өлшемді кемені жүргізу құқығына куәліктің бар-жоғын;
- жолаушы сыйымдылығы мен жүк көтергіштік нормаларын сақтауын, кемеде жүктердің дұрыс орналастырылуын;
- кеменің жолаушы сыйымдылығы бойынша құтқару құралдарының бар-жоғы.
Тұрақтайтын кемелердің саны 50-ден жоғары база-тұрақтарда навигация мезгілінде кезекші-құтқарушы кеме тағайындалады. Кезекші-құтқарушы кеме кезек тәртібінде база-тұрақ бойынша кезекшіге бағынады.
14.7. Жалға беру пунктінде азаматтарға кеме беру журналында кемені пайдалану қауіпсіздігі шараларымен танысуы туралы баған болуы тиіс, онда жалға беру пункті акваториясындағы ережелермен танысқаннан кейін кеме алатын азаматтар қол қояды.
14.8. База-тұрақтың аумағы, оның су акваториясы тазалықта ұсталуы
және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің талаптары мен су қорғау талаптарына жауап беруі тиіс. Куәландыру мәліметтерінің негізінде база-тұраққа баға белгіленеді, 2 данада акті құрылады және Көлік инспекторымен және база-тұрақтың лауазымды тұлғасымен қол қойылады, актілер кезекті куәландыру өткізгенге дейін Қазақстан Республикасы Көлік инспекциясының органдарында және база-тұрақта сақталады. Оқығандар: Багарова Ж.А. Икебаева А.Ж.