Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық Департаментіндегі республикалық бюджетті орындаудың бухгалтерлік есебі жөніндегі Нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Бұйрық Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментінің 1998 жылғы 11 тамыз N 372 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 2 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 596

Қолданыстағы

     Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментінің 
1998 жылғы 27 қаңтардағы N 31  

V980487_

  бұйрығымен бекітілген Қазақстан 
Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментіндегі республикалық 
бюджетті орындаудың бухгалтерлік есебі жөніндегі қолданыстағы 
Нұсқаулығының осы бұйрыққа қоса беріліп отырған N 2 өзгерістері мен 
толықтырулары бекітілсін.
     
     Директор
     
                                           Қазақстан Республикасы
                                           Қаржы министрлігі 
                                           Қазынашылық департаментінің
                                           1998 жылғы 11 тамыздағы N 372
                                           бұйрығымен бекітілген 

     
                 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
               Қазынашылық Департаментіндегі республикалық
            бюджетті орындаудың бухгалтерлік есебі жөніндегі
              Нұсқаулығына N 2 толықтырулар мен өзгерістер
     
     Қазақстан Республикасы "Бюджет жүйесі туралы"  

Z960052_

  Заңының 
23-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық 
департаменті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық 
департаментінің 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 31 бұйрығымен бекітілген 
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментіндегі 
республикалық бюджетті орындаудың бухгалтерлік есебі жөніндегі 
қолданыстағы Нұсқаулығына N 2 өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
     
             "Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру" 1 бөлімінде
     
     - 1.9. тармақ мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын:
     "- Мемлекеттік қарыз алу қаражаттарын есепке алу кітабы (12-Қосымша)".
     2 бөлімде "Ағымдағы есеп шоттарының жоспары мен шоттардың 
сипаттамасы":
     - "Берілген және алынған қарыздар" 05 шотының атауы "Бюджеттік 
несиелер (қарыздар) және қаражаттарды мемлекеттік қарыз алу" деп 
ауыстырылсын;
     - 2.1. тармақ "Қаражаттарды мемлекеттік қарыз алу" 053 қосалқы 
шотымен толықтырылсын;
     - 2.4. тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы азатжолмен толықтырылсын:
     "республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру үшін үкіметтік қарыз 
алу."
     мынадай мазмұндағы он төртінші азатжолмен толықтырылсын:
     "мемлекеттік қарыз алу сомасын өтеу";
     - мынадай мазмұндағы 2.24 тармағымен толықтырылсын:
     "Қаражаттарды мемлекеттік қарыз алу" N 053 қосалқы шоты


      2.24. Бұл қосалқы шотта республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру үшін заңды және жеке тұлғалардан қарызға алынған қаражаттар қарастырылады.
      Мемлекеттік қарыз алу бойынша қаражаттар 053 қосалқы шотының кредитінде көрсетіледі.
      Мемлекеттік қарыз алу сомасын өтеу 053 қосалқы шотының дебеті бойынша көрсетіледі.
      - 2.24, 2.25, 2.26, 2.27, 2.28, 2.29, 2.30, 2.31, 2.32, 2.33, 2.34, 2. 35, 2.36, 2.37, 2.38, 2.39, 2.40, 2.41, 2.42, 2.43, 2.44, 2.45, 2.46, 2.47, 2.48, 2.49, тармақтары тиісінше 2.25, 2.26, 2.27, 2.28, 2.29, 2.30, 2.31, 2.32, 2.33, 2.34, 2.35, 2.36, 2.37, 2.38, 2.39, 2.40, 2.41, 2.42,

2.43, 2.44, 2.45, 2.46, 2.47, 2.48, 2.49, 2.50 тармақтары болып саналсын.
     - Мынадай мазмұндағы 2.51 тармақпен толықтырылсын:
     Баланстағы "Республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру үшін 
қаражаттарды мемлекеттік қарыз алу" N 153 қосалқы шоты
     2.51. 153 Қосалқы шотында бюджеттің тапшылығын қаржыландыру үшін 
заңды және жеке тұлғалардан қарызға алған қаражаттарды есепке алу 
жүргізіледі.
     
     
                                                              12-Қосымша
                                                                26-нысан
     
                    19___жылға арналған
       Қаражаттарды мемлекеттік қарыз алу есебін жүргізу
                         Кітабы
     
                                                 ___________ Өлшем бірлігі 
    
 __________________________________________________________________________
| N | Мемлекеттік | Қарыз | Төлем |Сома| Республикалық |  Қарызға алынған  
|р/с|қарыз алу ту-|беруші-|құжаты-|    |бюджеттің кірі-|   қаражаттардың   
|   |ралы Үкімет  |  нің  |ның N-і|    |сіне есептелген|     қайтарымы     
|   | қаулысының  | атауы | және  |    |(кірістің коды)|___________________
|   |  N-і және   |       |уақыты |    |               Уақыты|Тапсырма|Сома
|   |  уақыты     |       |       |    |               |      |  N-і   |   
|___|_____________|_______|_______|____|_______________|______|________|___
|   |             |       |       |    |               |      |        |   
|   |             |       |       |    |               |      |        |   
|   |             |       |       |    |               |      |        |   
     Барлығы
     
     Бухесеп бөлімінің бастығы _________________________
                                    (қолы)
     

Оқығандар:     
          Багарова Ж.А.
          Икебаева А. Ж.