Қаржы органдарында жергілікті бюджеттерді атқарудың бухгалтерлік есебі жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы

Бұйрық Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық Департаменті 1998 жылғы 24 маусым N 288. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 28 тамызда тіркелді. Тіркеу N 590

Қолданыстағы
      1. Қоса беріліп отырған қаржы органдарында жергілікті бюджеттерді атқарудың бухгалтерлік есебі жөніндегі Нұсқаулық бекітілсін.
      2. "Қаржы органдарында жергілікті бюджеттерді атқарудың бухгалтерлік есебі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1992 жылғы 1 маусымдағы N 24 бұйрығының күші жойылсын деп танылсын.
     Басшының міндетін 
       атқарушысы


                                                Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігінің 1998 жылғы 24 маусымындағы N 288 бұйрығымен бекітілген


                  Қаржы органдарында жергілікті бюджеттерді
                    атқарудың бухгалтерлік есебі жөніндегі
                                  Нұсқаулық

      1. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

                             Жалпы ережелер

      1. Қаржы органдары облыстық, қалалық және аудандық бюджеттерді және арнайы экономикалық аймақтар бюджеттерін атқарудың бухгалтерлік есебін осы Нұсқаулыққа сәйкес жүргізеді.
      Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға тиісті қаржы органының басшысы жауап береді. Басшы бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізуге және есепке қатысы бар барлық бөлімдердің және қызметкерлердің бухгалтерлік құжаттарды және мәліметтерді есепке алуды ресімдеу және тапсыру тәртібі бөлігінде бас бухгалтердің талаптарын мүлтіксіз орындауды қамтамасыз етуге қажетті жағдайлар жасауға міндетті.
      Облыстық (Астана қаласы. Алматы қаласы) қаржы басқармасының бас бухгалтеріне жергілікті бюджеттерді атқарудың бухгалтерлік есебін жүргізудің қолданылып жүрген тәртібі бойынша төмен тұрған қаржы органдарына дұрыс консультативтік көмек көрсетуге жауапкершілік жүктеледі.
      2. Бухгалтерлік қызметтің басшылары өз қызметінде Қазақстан республикасы Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2732 Z952732_ Заң күші бар Жарлығын, белгіленген тәртіппен бекітілген бухгалтерлік есеп және есеп беру (бухгалтерлік қызметтер) басқармалары (бөлімдері) туралы Ережелерді және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
      3. Облыстық және қалалық (республикалық маңызы бар қалалар және республиканың астанасы) қаржы басқармаларының бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімі төмен тұрған қаржы органдарында, лимиттерге басты билік етушілердің орталықтандырылған бухгалтерияларда және бухгалтерлік есепті дербес жүргізетін оларға бағынысты мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және жүргізу тәртібі және есеп беруді жасау мәселелері бойынша нұсқау береді және бақылауды жүзеге асырады. <*>
      Аудандық және қалалық қаржы органдарының бухгалтериялары төмен тұрған жергiлiктi атқарушы органдарда, мемлекеттік мекемелерде және тиісті бюджеттерде тұратын ұйымдардың орталықтандырылған бухгалтерияларында бухгалтерлік есеп және есеп беру мәселелері бойынша нұсқау беруді және бақылауды ұйымдастыруды жүзеге асырады. Бухгалтерлік есеп және есеп берудің жай-күйін дүркін-дүркін жүзеге асырады, сондай-ақ облыстық қалалық (республикалық маңызы бар қалалар), аудандық, қалалық әкімдердің және тиісті қаржылық органдары басшыларының шешімдері бойынша облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар) қаржы басқармаларының аудандық, қалалық қаржы бөлімдерінің басқа да қызметкерлерімен бірлесе отырып, селолық, ауылдық және поселкелік әкімшіліктер және жергілікті бюджетте тұратын бюджеттік сметасының атқарылуына тексеріс жүргізуге қатысады. <*>
      Ескерту: 3-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігінің
                1999 жылғы 25 маусым N 323 бұйрығымен. V990858_

      4. Қаржы органының бас бухгалтері қаржы органдарының барлық бюджетті атқару жөніндегі жүзеге асыратын операцияларын бухгалтерлік есептің шоттарында көрсетуді және бақылау жасауды, жедел ақпараттарды беруді, белгіленген мерзімде бухгалтерлік есеп беруді жасауды қамтамасыз етеді.
      Қаржы органының бас бухгалтері қызметіне арнаулы білімі бар адамдар тағайындалады.
      Бас бухгалтерді жұмыстан босатқан кезде қаржы органының басшысы бекітетін тиісті актіні құрып бухгалтерлік есеп жағдайымен беру мәліметтерінің дұрыстығын тексеру жүргізілетін жаңа тағайындалған бас бухгалтерге ісін тапсыру жүргізіледі.
      5. Қаржы органының бас бухгалтері заңға қайшы келетін және қаржы тәртібін бұзатын операциялар бойынша құжаттарды орындауға қабылдауға және ресімдеуге тыйым салынады.
      6. Бухгалтерлік есепті жүргізген кезде бас бухгалтер бухгалтерия қызметкерлері үшін әр қызметкер өзінің міндеттерін білуі және олардың орындалуына жауапкершілік жүктеуі үшін қызметтік міндеттемелер белгілейді.
      Материалдық жауапты тұлғаларды қызметке тағайындау, қызметтен босату және ауыстыру бас бухгалтердiң келiсiмiмен жүргiзiледi. <*>
      Бас бухгалтерге жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін оған бухгалтерлік есеп пен бақылау үшін қажетті барлық құжаттар: қаржыландыру мөлшерінің өзгерістері туралы ай сайынғы бөлік бойынша бюджет кірістері мен шығыстарының жылдық тізімдемесі, бұйрықтар, қаржылық рұқсаттар, өкімдер, хабарлама-анықтамалар және бюджеттің атқарылуына байланысты басқа да құжаттар уақытылы берілуі тиіс.
      Қажетті бухгалтерлік құжаттар мен мәліметтерді бухгалтерияға ресімдеу мен беру тәртібі бөлігінде бас бухгалтердің талаптары барлық қаржы органдарының қызметкерлері үшін міндетті болып табылады.
      Ескерту: 6-тармақ бірінші абзацтан кейін екінші абзацпен толықтырылды
               - ҚР Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 25 маусымдағы N 323
               бұйрығымен. V990858_

                      Бухгалтерлік есептің құжаттары

      7. Бюджеттің атқарылуы жөніндегі бухгалтерлік қызметпен есептелетін қаржы органының барлық операциялары осы нұсқаулықта белгіленген құжаттармен ресімделуі тиіс.
      Қаржы органдарында бюджеттің атқарылуымен байланысты бухгалтерлік құжаттарға қаржы органының басшысы немесе оның орынбасары және бас бухгалтер, ал бас бухгалтер болмаған (еңбек демалысында болған, ауырған, іс сапарға кеткен және т.б.) жағдайда, бухгалтерлік есепті жүзеге асыратын уәкілетті тұлға қол қояды. Бұл қолдарсыз бухгалтерлік құжаттар жарамсыз деп саналады және орындауға қабылданбайды. Құжаттарға ондағы қажетті реквизиттерді толтырмай қол қоюға тыйым салынады.
      8. Қаржы органында бюджетті атқаруға байланысты операциялардың барлық жазбасы үшін мынадай тиісті ресімделген бастапқы құжаттар негіз болып табылады:
      әр айға бөлінген бюджеттің жылдық жазбасы;
      қаржыландыру мөлшерінің сметалық мақсаттардың өзгеруі туралы анықтама-хабарлама (N 2 - нысан);
      қаржылық рұқсаттар (1 ЖББ немесе 1 ЖБЕ нысандары);
      қаржылық рұқсаттар (1 ЖББ-СУБВ немесе 1 ЖБЕ-СУБВ нысандары);
      өзара есеп айырысулар бойынша хабарлама (N 11 - нысан);
      кірістерді қайтару туралы қорытынды (N 21 - нысан);
      төлем тапсырмалары (0401002 - нысан);
      бюджетке кірістердің түсуінің күн сайынғы пысықтама ведомосы (041 - нысан);
      кірістерді қайтарудың күн сайынғы ведомосы (041-В - нысан);
      салықтар мен кірістер есебінің күн сайынғы ведомосы (041-З - нысан);
      бюджетке кірістердің түсуінің ай сайынғы ведомосы (042 - нысан);
      мемориалдық ордер (N 274 - нысан);
      алынған мiндеттемелердi ескере отырып, бөлiнген лимиттер мен

кассалық шығыстар қозғалысының ведомосы (N 132-Б - н.);
<*>

     жергілікті бюджетте тұратын ұйымдардың шығыстары бойынша күн сайынғы 
жиынтық ведомосы (151-С - нысан);
     жергілікті бюджетте тұратын ұйымдардың шығыстары бойынша ай сайынғы 
жиынтық ведомосы (151-С - нысан);
     бюджет бойынша шығыстар сметасының атқарылуы туралы лимиттерді бас 
таратушының кезеңдік және жылдық есебі;
     жергілікті бюджеттің бюджеттік шотынан (негізгі) Қазынашылық 
органының көшірмелері (015 - нысан);
     бос қалдықтардың қозғалысы бойынша ведомостар (115 - нысан); 
     жергілікті қаржы органдарының бюджеттік шоттарындағы қаражаттардың 
бос қалдығы туралы Қазынашылық органдарының жиынтық ведомосы (116 - нысан) 
және бюджеттің атқарылуына байланысты басқа да құжаттар.
     Бастапқы құжаттарды ресімдеу тәртібі тиісті тармақшалардың мәтіні 
бойынша жазылған.
     Ескерту: 8-тармақ он екінші абзацтан жаңа абзацпен толықтырылды       
              - ҚР Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 25 маусымдағы N 323     
              бұйрығымен.  

V990858_

  


      9. Бухгалтерлік құжаттардағы жазбалар оларда жазбалардың ұзақ уақыт бойы сақталуын қамтамасыз ететіндей құралдармен ғана жүргізілуі тиіс.
      10. Бухгалтерлік есептің регистрларындағы жазбаларға бюджетті атқару жөніндегі операциялардың жасалу фактісін тіркейтін құжаттар негіз болып табылады.
      Бастапқы құжаттар, егер ол операциялар тікелей аяқталғаннан кейін мүмкін болмайтын жағдайда операциялар жасалған сәтте жасалуы тиіс.
      Бастапқы құжаттарда мәтін бөлігінде болсын, сандық деректерде болсын тазартулар мен келісілмеген түзетулерге жол берілмейді. Құжаттардағы қателіктер дұрыс емес мәтінді немесе соманы сызып тастау және сызып тасталғанның үстіне дұрыс мәтінді немесе соманы жазу арқылы түзетіледі. Сызып тастау бұрынғы жазғанды оқуға мүмкіндік болатындай етіп жіңішке сызықпен жүргізіледі. Құжаттағы қателерді түзету түзеткен күнді көрсете отырып, құжатта қол қойған адамның қолымен расталуы тиіс.
      Кассалық және банктік құжаттарда түзетулерге жол берілмейді.
      Осы талаптарға жауап бермейтін құжаттар жарамсыз деп саналады.
      11. Бухгалтерияға келіп түскен бастапқы құжаттар нысанына қарай болсын (бастапқы құжаттардың ресімделуінің, реквизиттердің толтырылуының толық болуы және дұрыстығы), сондай-ақ мазмұнына қарай болсын, міндетті түрде тексеріледі. Құжаттардағы мәліметтердің ақиқаттығына және бастапқы құжаттарды сапалы жасауға осы құжаттарды орындаған және қол қойған адамдар жауап береді.
      12. Тексерілген және есепке қабылданған құжаттар операциялар жасалған

күн бойынша жүйеленеді және бір күнгі барлық операциялар бойынша 
мемориалдық ордермен (N 274 - нысан) ресімделеді.
     Мемориалдық ордерлер операциялардың жасалуына қарай толтырылады, 
бірақ құжаттар алынғаннан кейінгі келесі күннен кешіктірілмеуі тиіс және 
оларға бас бухгалтер қол қояды.
     Мемориалдық ордерлер есеп регистрларында жазба жасағанға дейін әрбір 
ай үшін жеке-жеке бірінші нөмірден бастап рет тәртібімен нөмірленеді.
     
                          Бухгалтерлік регистрлер
     
     13. Жергілікті бюджеттердің атқарылуына байланысты операциялардың 
бухгалтерлік есебі мынадай есеп регистрлерінде жүргізіледі:
     Бас журнал кітабы (N 1-ф - нысан);
     Басқа да бюджеттермен есеп айырысу кітабы (N 4-ф - нысан);
     Кірістер кітабы (N 5-ф - нысан);
     
<*>

     Алдағы жылға бухгалтерлік кітаптарды және басқа да құжаттар әрбір 
қаржы органында ағымдағы жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірілмей әзірленуі 
тиіс.
     Ескерту: 13-тармақтың бесінші абзацы алынып тасталынды                
              - ҚР Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 25 маусымдағы N 323     
              бұйрығымен.  

V990858_

  


      14. Бухгалтерлік кітаптарда жазба басталғанға дейін барлық беттер (парақтар) нөмірленеді. Соңғы бетте (парақта) бас бухгалтердің қолымен "Осы кітапта барлығы_______ бет (парақ) нөмірленген" деген жазу жазылады.
      Әр кітапта қаржы органының атауы және кітаптың ашылған жылы жазылады. "Бас журнал" кітабынан (N 1-ф - нысан) басқа, барлық кітаптарда оларда ашылған шоттардың атауы, ал кірістер кітабында тиісті бюджетке кірістері түсетін бюджеттік сыныптама кодының атауы болуы тиіс.
      15. Бухгалтерлік есептің регистрлеріндегі жазбалар ұқыпты, боялмай және түзетулерсіз, қосымша жазуларсыз, сондай-ақ жол тастамай, жолдардың үстінен және астынан жазылған қосымша жазуларсыз толтырылуы керек.
      Бухгалтерлік есептің регистрлеріндегі жазбалар бастапқы құжаттардан қаламсаппен немесе жазу машиналарының және механизация құралдарының, компьютерлік техниканың көмегімен операция жүргізілгеннен кейінгі күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
      16. Операциялардың жазбалары "Бас журнал" кітабына (N 1-ф - нысан) және мемориалдық ордерлердің және оған қоса берілген құжаттардың негізінде осы нұсқаулықта көзделген талдамалы есептің регистрлерінде жүргізіледі.
      17. Әр ай аяқталған соң жинақтамалы және талдамалы есептің шоттары бойынша бухгалтерлік есептің дұрыстығын бақылау үшін N 040 шотты қоспағанда, тиісті жинақтамалы шотпен біріктіретін талдамалы шоттардың әр тобы бойынша айналым ведомостары жасалады.
      Дебет пен кредит бойынша жиындар және талдамалы шоттар бойынша айналым ведомостарында көрсетілген қалдықтар "Бас журнал" кітабының (N 1-ф - нысан) айналым жиындарымен және жинақтамалы шоттардың қалдықтарымен салыстырылады.
      "Бас журнал" кітабында (N 1-ф - нысан) және айналым ведомостарында келтірілген сомалардың қалдықтары бухгалтерлік балансты жасауға негіз болып табылады.
      18. Ағымдағы жылға арналған бюджеттің атқарылуының бухгалтерлік есебінің жазбаларындағы қателерді түзету мынадай тәртіпте жүргізіледі:
      а) мемориалдық ордерлердің мәліметтерінің өзгеруін талап етпейтін бухгалтерлік балансты ұсынған сәтке дейінгі есепті кезең ішінде байқалған қателер қате сомаларды сызылғандарды оқуға мүмкіндік болатындай мәтінді жіңішке сызықпен сызу жолымен түзетіледі және сызып тасталғанның үстіне дұрыс мәтін мен сома жазылады. Әр түзету бас бухгалтердің қолымен расталады;
      б) мемориалдық ордердегі қатеден туындаған бухгалтерлік балансты берген сәтке дейін байқалған қате жазба оның сипатына қарай қосымша мемориалдық ордермен немесе "Қызыл түзетпе" тәсілімен түзетіледі. Қателер, сондай-ақ бухгалтерлік есеп жазбаларында байқалған барлық жағдайларда баланс ұсынылған есепті кезең үшін түзетіледі.
      Қателерді түзету бойынша қосымша бухгалтерлік жазбалар, сондай-ақ "Қызыл түзетпе" тәсілімен жасалған түзетулер әдеттегі реквизиттерден басқа, осы мемориалдық ордермен түзетілетін мемориалдық ордердің нөмірі мен күніне сілтеме жасалатын мемориалдық ордерлермен ресімделеді.
      19. Есепті жыл аяқталған соң және қорытынды баланс жасаудың алдында бухгалтерлік есеп кітаптарында әрбір жинақтамалы және талдамалы шот бойынша айналымдардың жиыны есепке алынады және салыстырылады және осы шоттар бойынша қалдықтар шығарылады.
      20. Жаңа қаржы жылында жинақтамалы және талдамалы шоттар бойынша бухгалтерлік регистрлерде өткен жылғы есептік регистрлердің ақырғы баланстары мен жазбаларына толық сәйкестендіріліп жыл басындағы қалдық сомалар жазылады.
      Егер жоғары тұрған қаржылық орган жылдық есепті қараған кезде қорытынды балансқа түзету жасаса, онда жазбаша көрсетудің негізінде бұл түзетулер өткен жылдың регистріне енгізілгені сияқты (бухгалтерлік жазбаның түзетілу жолымен) және ағымдағы жылдың регистріне (енгізетін қалдықтардың өзгеру жолымен) енгізіледі.

                    Бастапқы құжаттарды, бухгалтерлік есеп пен
                          бухгалтерлік есептемені сақтау

      21. Әрбір есепті ай аяқталған соң барлық мемориалдық ордерлер оған қатысты құжаттармен бірге хронологиялық тәртіпте реттеледі және кітапша жасалады. Құжаттардың саны аз болған жағдайда кітапшаны үш айдағыны бір папкаға жүргізуге болады.
      Кітаптың сыртында мыналар жазылады: а) қаржы органының атауы;
б) папканың (іс-қағаздың) атауы мен реттік нөмірі; в) есепті кезең - жылы мен айы; г) мемориалдық ордерлердің бастапқы және соңғы нөмірі; д) іс-қағаздағы парақ саны.
      22. Бастапқы құжаттардың, есеп регистрлердің, бухгалтерлік есептер мен баланстардың сақталуына, ресімделуі мен олардың архивке берілуін бас бухгалтер қамтамасыз етеді.
      Бастапқы құжаттар, есеп регистрлері, айналым ведомостары, бухгалтерлік есептер мен баланстар архивке берілгенге дейін бухгалтерияда арнайы бөлмелерде немесе жабылатын шкафтарда бас бухгалтердің немесе ол тағайындаған тұлғаның жауапкершілігінде болады.
      Ағымдағы қаржы жылына арналған бухгалтерлік құжаттар мен регистрлер өткен жылғы құжаттар мен регистрлерден бөлек, бұл ретте бухгалтерлік құжаттардың, регистрлердің және есептердің сақталу мерзімін қадағалай отырып сақталуы тиіс.
      23. Бастапқы құжаттар жоғалған немесе жойылған жағдайда қаржы

органының басшысы бұйрықпен жоғалу немесе жойылу себептерін қызметтік 
тексеру жөнінде комиссия тағайындайды.
     Қажет болған жағдайда комиссия жұмысына қатысу үшін тергеу, қорғау 
және мемлекеттік өрт қадағалау органдарының өкілдері шақырылады.
     Комиссия жұмысының нәтижелері комиссия мүшелері қол қоятын актімен 
ресімделеді және оны қаржы органының басшысы бекітеді.
     
        2. Қаржы органдарындағы бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары,
                        шоттардың мазмұны мен сипаты
     
     24. Қаржы органдары жергілікті бюджеттердің атқарылуы жөніндегі 
операциялардың бухгалтерлік есебі үшін мынадай шоттар-жоспарын қолданады:
__________________________________________________________________
Бірінші     Бірінші     Екінші           Екінші реттегі шоттардың
реттегі     реттегі     реттегі                 атауы  
шоттардың   шоттардың   шоттардың
шифрлары     атауы      шифрлары
__________________________________________________________________
  01        Ақшалай        011      Жергілікті бюджеттің бюджеттік
            қаражаттар               шоты (негізгі)
                           019      Жолдағы сомалары
  02        Шығыстар       020      Жергілікті бюджет шығыстары
  04        Кірістер       040      Жергілікті бюджет кірістері
                           043      Жергілікті бюджеттер уақытша
                                    пайдаланылған түсімдер
  05       Берілген және   051      Қазақстан Республикасының
           алынған                  республикалық бюджетінен
           бюджеттік                алынған бюджеттік несиелер
           несиелер        052      (қарыздар)
           (қарыздар)               Жергілікті бюджеттерден берілген
                                    және алынған бюджеттік несиелер
                                    (қарыздар)
  06       Есеп            061      Қазақстан Республикасының
           айырысулар               республикалық бюджетімен өзара
                                    есеп айырысулар
                           062      Жергілікті бюджеттермен есеп
                                    айырысулар
  07      Берілген және    071      Қазақстан Республикасының
          алынған                   республикалық бюджетінен
          қаражаттар                берілген және алынған қаражаттар
                           072      Жергілікті бюджеттерден берілген
                                    және алынған қаражаттар
  09      Нәтижелері       090      Бюджеттің атқарылу нәтижелері
                                           Баланстан тысқары шоттар
                                           ________________________
                           120      Банктен алынған ұзақ мерзімді
                                    несиелер (қарыздар)
                           140      Лимиттерді бас таратушының
                                    шығыстар үшін ашқан лимиттері
                           150      Облыстық бюджеттен алынған
                                    бюджеттік несиелер (қарыздар)
                           160      Қалалық (аудандық маңыздағы
                                    қалалық) және аудандық
                                    бюджеттен алынған бюджеттік 
                                    несиелер (қарыздар)
      Жергілікті бюджеттердің атқарылуы жөніндегі операциялардың есебі   
     
                    "Ақшалай қаражаттар" N 01 шоты
     
        "Жергілікті бюджеттің бюджеттік шоты (негізгі)" N 11 шоты
     
     25. N 011 "Жергiлiктi бюджеттiң бюджеттiк шоты" шотына мыналар:
     мыналардан:
     салықтардан, алымдар мен бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдерден 
түсетiн түсiмдер;
     салықтық емес түсiмдерден;
     капиталмен жасалатын операциялардан түсетiн кiрiстерден:
     коммуналдық меншiк объектiлерiн жекешелендiруден түсетiн түсiмдерден;
     аймақтарды өзiн-өзi қамтамасыз ету үшiн сатып алынатын астықты 
сатудан түсетiн түсiмдерден тұратын жергiлiктi бюджеттердiң кiрiстерi 
(арнайы экономикалық аймақтардың қаржылық қорларына (бюджеттерiне) 
есептелетiн сомаларды қоспағанда);
     мыналардан:
     жеке және заңды тұлғалардан немесе шет мемлекеттерден; 
     жоғары тұрған бюджеттерден;
     төмен тұрған бюджеттерден тұратын алынған ресми трансферттер 
(гранттар);
     жергiлiктi бюджеттерден бұрын берiлген несиелер бойынша негiзгi 
борышты өтеу";
     жергiлiктi атқарушы органдардың бағалы қағаздарын шығарудан түсетiн
түсiмдер;
     аймақтық инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыру үшiн жеке 
және заңды тұлғалардан, шет мемлекеттерден, сондай-ақ жоғары тұрған 
бюджеттерден алынған несиелер есептеледi;
     N 011 "Жергiлiктi бюджеттiң бюджеттiк шоты" шотынан мыналар:
     мыналарды:
     мектепке дейiнгi, жалпы бастауыш, жалпы негiзгi, жалпы орта,
жалпы қосымша және орта кәсiби бiлiм берудi;
     әскери қызметке тiркеу және шақыру жөнiндегi шараларды;
     жергiлiктi деңгейде төтенше жағдайлар жөнiндегi жұмыстарды;
     жергiлiктi деңгейде құқық қорғау қызметiн;
     халыққа ақысыз медициналық қызмет көрсетудiң кепiлдiк берiлген 
көлемiн;
     жергiлiктi деңгейде арнайы медициналық бағдарламаларды;
     маслихаттардың шешiмiне сәйкес әлеуметтiк қамсыздандыру 
салаларында адрестiк әлеуметтiк көмектi;
     жұмыспен қамтылу бағдарламасын;
     тұрғын-үй бағдарламасын;
     жергiлiктi деңгейде мәдени-ойын сауық бағдарламаларды;
     жергiлiктi деңгейде өнеркәсiп және құрылыс объектiлерiн;
     жергiлiктi деңгейде қоршаған ортаны қорғауды;
     жергiлiктi деңгейде жобалау-iздестiру жұмыстарын жүргiзудi;
     елдi-мекендердi көркейтудi, қалалық жолдары мен көшелердi салуды;
     жергiлiктi маңызы бар жолдарды пайдалану мен қайта құруды;
     жергiлiктi бюджеттерден берiлетiн ресми трансферттердi;
     жергiлiктi атқарушы органдардың борышына қызмет көрсетудi;


      арнайы экономикалық аймақтарды дамыту жөнiндегi бағдарламаларды қаржыландыруға жергiлiктi бюджеттер қаражатын жұмсау;
      қайтарымды негiзде ақша бөлу жүргiзiледi.
      Жергiлiктi бюджеттерге артық енгiзiлген салықтарды, алымдарды және мiндеттi төлемдердi жеке тұлғаларға қайтару жағдайларын қоспағанда, жергiлiктi бюджеттiң бюджеттiк шотынан (негiзгi) қолма-қол ақша беруге рұқсат етiлмейдi.
      Бөлуге рұқсат етiлген қаражаттардың бос қалдығы туралы ақпарат алу үшiн Қазынашылықтың аумақтық органдарынан алатын тиiстi қаржы органдарының күн сайынғы 115 "Бос қалдықтар қозғалысы жөнiндегi ведомость нысанын және облыстық, Астана және Алматы қалалық қаржы басқармаларының 116 "Қаржы органдарының шоттарындағы бос қалдықтардың жиынтық ведомосы" нысанын пайдалану қажет. <*>
      Ескерту: 25-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігінің
               1999 жылғы 25 маусымдағы N 323 бұйрығымен. V990858_

                     "Жолдағы сомалар" N 119 шоты

      26. N 119 шотта айдың аяғында бір қаржы органының екінші қаржы органына бөлген, бірақ осы жергілікті бюджеттің шотына келесі айда түскен сомалар, сондай-ақ қазынашылық аумақтық органдарының облыстық бюджеттің қосалқы шоттарынан аударылған салықтар, алымдар мен бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдер бөлінген және келесі айда жергілікті бюджет шотына түскен сомалар есепке алынады.
      Облыстық бюджеттің қосалқы шоттары жұмыс шарттары бойынша операцияларды облыстық Қазынашылық басқармасы арқылы жүзеге асыруға болмайтын болған жағдайда ғана ашылады.
      Жолдағы сомалар жергілікті бюджеттердің қаражаттары аударылған бюджеттің орындалу балансы бойынша N 119 шотында көрсетіледі.

                       "Шығыстар" N 02 шоты
                   "Жергілікті бюджеттің шығыстары"

      27. N 020 шотында Қазынашылық аумақтық органдарының есептері негізінде жергілікті бюджеттердің кассалық шығыстары есептеледі.
      Жергілікті бюджеттердің шоттарынан жүргізілген кассалық шығыстарды есепке алу үшін қазынашылық аумақтық органдарында N 130, 132 баланс шоттарында жергілікті бюджеттер шығыстарының бақылау шоттары ашылған.
      Әрбір қаржылық органға Қазынашылықтың аумақтық органдарында қаржылық органдар тікелей жүргізген субвенция, өзара есептер, бюджеттік несиелер (қарыздар), т.б. сияқты, шығыстарды есепке алу үшін N 130, 132 бюджеттік шоты ашылған.
      Әрбір операциялық күннің соңында жергілікті бюджеттер жасаған шығыстар жергілікті бюджеттердің шоттарына беріліп, сонда көрсетіледі.
      N 130, 132 баланс шоттарының жергілікті бюджеттегі бюджеттік ұйымдардың жеке шоттары бойынша күні бойы жүргізілген барлық операциялары жергілікті бюджеттегі шығыстар жөніндегі н. 151 - С күнделікті жиынтық ведомоста белгіленеді, онда шығыстар бір күнгі бюджеттік сыныптаманың барлық кодтары бойынша және жыл басынан бергі өсу қорытындысымен көрсетіледі.
      <*>
      <*>
       Қаржылық органдар жергілікті бюджеттердің шоттарынан тікелей жүргізген лимиттердің әрбір бас таратушысы бойынша кассалық шығыстардың есебі бюджеттік сыныптаманың барлық кодтары бойынша жүргізіледі.
      есепті айдан кейiнгi айдың әрбiр 1-күнiне Қазынашылықтың аумақтық органдары қаржы органдарына:
      "Алынған мiндеттемелердi ескере отырып, бөлiнген лимиттер мен кассалық шығыстар қозғалысының ведомосы" N 132-Б нысанын;
      "Жергiлiктi бюджеттiң кассалық шығыстары бойынша ай сайынғы ведомосы" N 152 - нысанын;
      "Жергiлiктi бюджеттердiң шығыстары бойынша ай сайынғы жиынтық ведомость" N 152-С - нысанын;
      "Мемлекеттiк мекемелер бойынша жергiлiктi бюджеттердiң шотындағы қаражаттар қалдығының ведомосы" N 074 - нысанын;
      "Екiншi тәртiптегi бюджеттiк шоттардағы шығыс қалдықтардың ведомосы" N 096 - нысанын бередi. <*>
      Лимиттердің бас таратушыларынан айлық есептерді алғаннан кейін қаржылық органдар оларды тексереді. Кассалық шығыстар туралы деректер жылдың басынан әрбір ұйым бойынша өсу көрсеткіштерімен бірге Қазынашылық аумақтық органдардың "Жергілікті бюджеттердің екінші қатардағы бюджеттік шоттардағы шығыстар қалдықтарының ведомосы" н. 074 немесе "Екінші қатардағы бюджеттік шоттардағы шығыстар қалдықтарының ведомосы" н. 096 есептерінен алынады. <*>
      Ескерту: 27-тармақтың алтыншы, жетінші және оныншы абзацтары алынып
               тасталынды, тоғызыншы абзац жаңа редакцияда жазылды -
               ҚР Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 25 маусымдағы N 323
               бұйрығымен. V990858_

                           "Кірістер" N 04 шоты
                 "Жергілікті бюджеттің кірістері" N 040 шоты

      28. N 040 шотында Қазынашылық аумақтық органдарына келіп түскен жергілікті бюджеттің барлық кірістері, сондай-ақ бюджеттің кірісіне артық келіп түскен сомалардың қайтарылуы жазылады.
      Бюджеттің кірістері бойынша қаржылық органдар жергілікті бюджеттердің шотына аударылған өткен жылғы бюджеттік қаражаттардың қалдықтарын көрсетеді.
      Республикалық және жергілікті бюджеттердің арасындағы салықтар, алымдар мен бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдерді бөлу Қазақстан Республикасы Бюджет жүйесi туралы және тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңдарымен белгіленген нормативтерге сәйкес жүргізіледі. <*>
      Жалпы мемлекеттік салықтардан түскен жалпы сомаларды бюджеттер арасында бөлудің нормативтерi мынадай тәртіппен қаржылық органдардың назарына жеткізіледі: <*>
      республикалық және жергілікті бюджеттер арасында салықтарды таратудың нормативтерін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылықтың облыстық, Астана және Алматы қалалық басқармасына және қаржы органдарына хабарлайды. Қазынашылықтың облыстық, Астана және Алматы қалалық басқармасы таратуды жүзеге асыруға негіз болған, республикалық және жергілікті бюджет арасындағы салықтарды, алымдарды және мiндеттi төлемдердi бөлудің ведомосына қол қояды. <*>
      Облыстық бағыныстағы қалалардың бюджеттеріне және аудандардың бюджеттеріне бөлудің мәслихаттың сессиясында облыстық (қалалық) бюджет бекітілгеннен кейінгі облыстық (Астана қаласы, Алматы қаласы) қаржылық басқармаларының және ведомостары ретінде Қазынашылықтың облыстық (Алматы қаласы) басқармасына табыс етіледі. <*>
      Таратуды Қазынашылықтың облыстық, Астана және Алматы қалалық басқармасы күн сайын әрбір кіріс бойынша жеке-жеке түсімдердің жалпы сомасынан жүзеге асырады және күні бойы облыстың барлық қаржылық органдары үшін бірнеше рет осылай жүргізілуі мүмкін.
      Облыстық және қалалық (республикалық бағыныстағы қалалар және республиканың астанасы) бюджеттер бекітілген кезде жаңа бюджеттермен бірге арнаулы экономикалық аймақтармен арадағы өзара қатынастар да қаралады. <*>
      Арнаулы экономикалық аймақтың қаржылық қорының (бюджеттің) жоғары тұрған бюджетпен өзара қатынасы арнаулы экономикалық аймақ туралы ережеде белгіленген және кезекті жылға арналған тиісті жоғары тұрған бюджетте ескерілген, арнаулы экономикалық аймақтың қаржылық қорына (бюджетіне) келіп түсетiн түсiмдердiң жалпы сомасынан таратудың ұзақ мерзімді тұрақты нормативі арқылы айқындалады. Арнаулы экономикалық аймақтың қарамағында қалатын түсімдер осындай арнаулы экономикалық аймақтар орналасқан тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің республикалық бюджет пен жоғары тұрған бюджеттерге аударымдарының нормативін айқындау үшін қолданылатын жалпы мемлекеттік және жоғары тұрған салықтардың, алымдар мен басқа да түсімдердің тобынан шығарып тасталады. <*>
      Салықтар , алымдар және мiндеттi төлемдер жөніндегі проценттік ставкалар (нормативтер) өзгерген жағдайда облыстық (Астана қаласы, Алматы қаласы) қаржы басқармасы өзгерістерді нормативтік-анықтамалық ақпаратқа бұдан кейінгі өзгерістерді кіргізуге арналған Қазынашылықтың облыстық (Алматы қаласы) басқармасының ведомосы ретінде енгізеді. <*>
      Қаржылық жылдың басынан бастап жалпы мемлекеттік салықтарды өзгертілген, қолданылып жүрген тәртіппен, таратудың нормалары бойынша қайтадан есептеу қажет болған жағдайда, сондай-ақ салықтарды және салық органдары жүргізіп келген басқа да төлемдерді қайтарған, есепке алған кезде, жоғарыда аталған себептер бойынша жергілікті бюджеттің шотында несиелік қалдық пайда болған жағдайда (N 130, 132 баланс шоты), қаржы органдары жергілікті бюджет қаражаттарының несиелік (теріс сипатты) қалдықтарын жою жөнінде шаралар қолданады. Мұндай жағдайларда аталған бюджеттің барлық мемлекеттік мекемелерін қаржыландыру тоқтатылады, ал 3 жұмыс күні ішінде теріс сипаттағы қалдықты жабу мүмкін болмаса, қаржылық орган Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілеген тәртіппен бюджеттік несиелерді (қарыздарды) ресімдеу үшін тілек білдіреді.
      Қазынашылық аумақтық органдар күн сайын облыстық, қалалық және аудандық бюджеттердің шоттарына кірістерді енгізеді және әрбір айдың біріне дейінгі жергілікті бюджеттердің бухгалтерлік есебі жөніндегі деректер Қазынашылық органдары тапсырған "Кірістердің жергілікті бюджеттерге түсуінің ай сайынғы ведомосы" н. 042 есептерге сәйкес келуі тиіс.
      Жергілікті бюджеттер кірістерінің есебін қаржылық органның бухгалтериясы бюджеттік сыныптаманың барлық кодтары бойынша жүргізеді. Мемлекеттік салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің барлық түсімдері N 000080к00 транзиттік шоты арқылы жергілікті бюджеттердің шоттарына енгізіледі. Жергілікті бюджеттерге төлемдерді аударған кезде төлеушілер төлем парақтарында бюджеттің атауын, төлемнің атауын көрсетеді және кірістердің бюджеттік сыныптамасының алты таңбалы коды міндетті түрде қойылады.
      Кодтар "Төлемнің мақсаты" деген, мәтінге арналған орынның шеңберіндегі төлем парағының нысанына (0401002) былайша қойылады: мұнда 1 саны - санат, 2 саны - сынып, 1 саны - ішкі сынып, 2 саны - ерекшелік.
      Облыстық және аудандық бюджеттердің кірістері Қазынашылықтың бұл бюджеттерге тікелей қызмет көрсетпейтін органдарына түссе, мұндай жағдайларда, бұл кірістер осы бюджеттің қаражаттары есепке алынатын екінші қатардағы баланс шотында ашылатын тиісті бюджеттің қосалқы шотына енгізіледі.
      Барлық банкаралық құжаттарды және салықтар, алымдар мен бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдер таратудың нәтижелерін қабылдап, енгізгеннен кейін Қазынашылық органдары бюджеттік сыныптама кірістерінің кодтары бойынша кірістер жөнінде (н. 041, н. 043, н. 041-Р) күнделікті, айлық және жылдық есептерді жасайды.
      Кірістердің шоттары бойынша жазбалар үшін негіздеме болып қаржы органдары бюджеттік шоттардың көшірмелерімен бірге тапсыратын, Қазынашылық органдардың бюджеттік сыныптамасының барлық кодтары бойынша кірістердің бюджетке түсуінің н. 41 күнделікті есептер саналады.
      Күн сайын кірістер туралы анықтамаға бір күнде жергілікті бюджеттің шотына келіп түскен кірістердің жалпы сомасы бюджеттік сыныптаманың әрбір коды бойынша жазылады, ал одан кейін кірістер кітабына (н.N 5-ф) бөлу жүргізіледі.
      Ескерту: 28-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігінің 1999 жылғы
               25 маусымдағы N 323 бұйрығымен. V990858_

      29. Жергілікті бюджетке дұрыс емес немесе артық түскен төлемдерді төлеушілерге қайтаруды немесе есепке алуды Қазынашылық аумақтық органдары салық органдары тұжырымдамасының (н.N 21) және есеп айырысу чектерінің негізінде жүргізіледі.
      Қазынашылық аумақтық органдар тұжырымдаманы алушылардың жеке шоттары көшірмелеріне қосымша ретінде пайдаланылады.
      Салық органдары артық аударылған қаражаттардың қайтарылғаны немесе есепке алынғаны туралы тұжырымдаманы қоса береді.
      Қаржылық органдар қайтарылған кірістердің сомаларына "Бюджеттің

кірістері" N 040 шоттың дебеті бойынша жазба жүргізіледі.
     Қаржылық органдары қаржылық органдарға нысандар бойынша салықтар мен 
кірістердің мынадай қайтарылу ведомостарын береді:
     "Салықтарды төлеушіге қайтарудың күнделікті ведомосы" н.041В;
     "Салықтарды есепке алудың күнделікті ведомосы" н.041З.
     30. Ай біткеннен кейін салық органдары бюджеттік сыныптама 
кірістерінің барлық кодтары бойынша бір айдағы кірістер мен қайтарылымдар 
жөнінде салыстыру жүргізеді және салыстыру актісін жасайды. Бұл актіде 
көрсетілген деректер кірістер кітабының (н.05-Ф) деректерімен 
салыстырылады және оны қаржылық органның бухгалтериясы жергілікті 
бюджеттердің орындалуы туралы есептерде пайдаланады.
     
                 
             "Жергілікті бюджеттің уақытша пайдаланатын түсімдер" 
                              N 043 шоты 
     
     31. Бұл шотта несиелердің (қарыздарының) шаруашылық субъектілері мен 
ерекше деңгейдегі банктерден түсуі жөніндегі операциялар есептеледі.
     Бұл шоттың кредиті бойынша шаруашылық субъектілері мен ерекше 
деңгейдегі банктерден келіп түскен сомалар енгізіледі және  "Жергілікті 
бюджеттің бюджеттік шоты (негізгі)" N 11 шоты дебеттеледі.  N 043 шоттың 
дебетіне шаруашылық субъектілері мен ерекше деңгейдегі банктер қайтарған 
сомалар жатқызылады.
     
                   
             "Берілген және алынған бюджеттік несиелер (қарыздар)" 
                              N 05 шоты
     
         "Қазақстан Республикасының республикалық бюджетінен алынған       
                 бюджеттік несиелер (қарыздар)" N 051 шоты
     
     32. N 051 шотында Қазақстан Республикасының республикалық бюджетінен 
алынған бюджеттік несиелер есептеледі.
     Бюджеттік несиелер бойынша берешектерді жабу үшін жергілікті 
бюджеттерден шығарылған сомалар  N 051 шотының дебетіне жатқызылады.
     
            "Жергілікті бюджеттерден берілген және алынған бюджеттік 
                       несиелер (қарыздар)" N 052 шоты
     


      33. N 052 шотта белгіленген тәртіппен жоғары тұрған бюджет бөлген және төмен тұрған жергілікті бюджеттер алған бюджеттік несиелер (қарыздар) есептеледі.
      Жергiлiктi атқарушы органдар жергiлiктi бюджетте көзделген сомалар шегiнде, оның iшiнде және шағын кәсiпкерлiктi қолдау жөнiндегi несие бередi. Бюджеттік несиелерді (қарыздарды)беру туралы шешімдер тиісті жергілікті Әкімдердің ұсынымы негізінде қабылданады. <*>
      Бюджеттік несиелерді (қарыздарды) беру туралы ұсынымды қараған кезде, қаржылық органдар есеп айырысуларды сұралып отырған бюджеттік несиелердің (қарыздардың) мөлшерінің негіздемесін тексереді, оларды жабу мерзімдерін айқындайды. Жергілікті қаржылық органдар алынған бюджеттік несиелердің (қарыздардың) қатаң белгіленген мерзімдерде өтелуін қамтамасыз етуге тиісті. Бюджеттік несиелерді (қарыздарды) өтеуге қиыншылық туған жағдайда, оны өтеудің мерзімдерін ауыстыру туралы мәселе қаралады.
      Берілген қарыздардың уақытында өтелуіне бақылауды жоғары тұрған қаржылық орган жүзеге асырады.
      Төмен тұрған бюджеттерге берілген бюджеттік несиелер (қарыздар) - N 052 шотының дебетіне, ал жоғары тұрған бюджеттен алынған сомалар - осы шоттың кредитіне жатқызылады.
      Төмен тұрған бюджеттерден бюджеттік несиелер (қарыздар) бойынша берешектерді жабуға түскен сомалар - N 052 шотының кредитіне, ал бюджеттік несиелер (қарыздар) жөніндегі берешектерді жабу үшін жоғары тұрған бюджетке аударылған сомалар - осы шоттың дебетіне жатқызылады.
      Ескерту: 33-тармақтың екінші абзацы өзгертілді - ҚР Қаржы
               министрлігінің 1999 жылғы 25 маусымдағы N 323
               бұйрығымен. V990858_

                       "Есеп айырысу" N 06 шоты

      34. Бұл шотта Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бөліктердің өзгеруіне, мемлекеттік мекемелер мен шаруашылық субъектілерінің бағыныстылық өзгеруіне байланысты бюджетті орындау барысында пайда болған, бюджеттер арасындағы өзара есеп айырысу кезіндегі операциялар есептеледі. <*>
      Республикалық бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердi жергiлiктi бюджеттерден ұстауға жол берiлмейдi (Республикалық бюджет туралы заңда көзделген жағдайларды қоспағанда). <*>
      Бюджеттер арасындағы өзара есеп айырысулар жоғары тұрған және төмен тұрған бюджеттер арасында ғана орын алуы мүмкін.
      Бюджеттер арасындағы өзара есеп айырысуға сомаларды жатқызу үшін облыстық, қалалық қаржылық басқармалар жасайтын заңдардан, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен өкімдерінен, жергілікті бюджет бойынша өзгерістер енгізуге құқық берілген жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың шешімдерінен туындайтын өзара есеп айырысулар жөніндегі хабарлама (н.N 11)негіздеме бола алады.
      Ескерту: 34-тармақтың бірінші абзацы өзгертілді, екінші абзацы жаңа
               редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігінің 1999 жылғы
               25 маусымдағы N 323 бұйрығымен. V990858_

      35. Бюджеттер арасындағы өзара есеп айырысулар бойынша жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке аударылған субвенциялардың сомалары көрсетілмейді. Аталған сомалар бюджеттік сыныптаманың кіріс кодтары бойынша "Бюджеттік кірістер" N 040 шотында есептеледі.
      36. Бюджеттер арасында өзара есеп айырысулар пайда болған кезде, ең алдымен осы есептердің сомалары мен оларды жабудың мерзімдері айқындалады.
      Бюджеттер арасындағы өзара есеп айырысуларға жатқызылатын сомалар мен оларды жабудың мерзімдерін есеп айырысуға қатысатын жоғары тұрған қаржылық орган анықтайды.
      Мерзімінің толуына қарай бюджеттер арасындағы өзара есеп айырысулар бойынша берешектерді жабу жоғары тұрған қаржылық органның хабарламасына сәйкес, осы айға қатысты сомалардың шегінде, бір айдың ішінде жасалады.
      Бюджеттер арасындағы өзара есеп айырысулардың сомасына жоғары тұрған орган өзара есеп айырылусылар жөніндегі хабарламаны рәсімдейді (н.N 11) және оны төмен тұрған қаржылық органға жібереді.
      Бюджеттер арасындағы барлық өзара есеп айырысулар есепті жыл аяқталғанға дейін толық бітуге тиіс.
      37. Әкімшілік-аумақтық бөліктер өзгерген жағдайда бюджеттер арасындағы өзара есеп айырысуға тапсыру-қабылдау актісінің негізінде бір бюджеттен екінші бюджетке берілуге тиісті қаражаттардың сомасы жатады.
      Тапсыру-қабылдау актісінде бюджеттің кірістері мен шығыстары туралы, атап айтқанда:
      кірістер жөнінде, қатысушыларды, бөліністің мөлшерлері мен сомаларын көрсетілген, нақтыланған және бекітілген жылдық сомалар, сондай-ақ бюджеттердің жекелеген шараларға жұмсаған шығыстары жөніндегі нақтыланған және бекітілген есепті жылға арналған сомалар;
      тапсыру кезіне дейін түскен кірістер, бюджеттік қаражаттарды жұмсауға арналып белгіленген лимиттердің сомалары мен кассалық шығыстар;
      бюджетті орындау барысында бюджеттер арасында пайда болған есептер (бюджеттік несиелер(қарыздар), трансфертте, алынған және берілген қаражаттар өзара есеп айырысулар) - деректер келтірілуі керек.
      38. Бюджеттер қабылданғаннан кейін заңдардың өзгеру салдарынан пайда болған қосымша кірістерді төмен тұрған бюджеттерден шығарып алуға байланысты өзара есеп айырысуға жатқызылатын сомалардың мөлшері жаңа заңға сәйкес есептеп шығарылатын тиісті кіріс көзі бойынша осы төмен тұрған бюджетке түсетін түсімдердің сомасы мен есепті жылы осы бюджетте көзделген осы табыс көзі бойынша түсімдердің сомасы арасындағы айырмашылық ретінде айқындалады.
      39. Ұйымдардың қаржыландырылуын бір бюджеттен басқа бюджетке тапсырған кезде бюджет бойынша көзделген қаражат бөлу лимиттерінің жылдық сомалары, жыл басынан бері осы ұйым бойынша жұмсалған шығындар, сондай-ақ бюджетке төленетін төлемдер бойынша есептер олар қаржыландыруға берілген бюджетте толық көрсетілуі тиіс.
      Қаржыландырылуы бір бюджеттен басқа бір бюджетке берілген ұйымдар ауыстырылған күнге дейін бухгалтерлік есеп жасайды (жылдық есеп нысанының көлемінде) және оны бұрынғы, сондай-ақ жаңа бағыныстағы "құқықты мирастанушы" өзінің жоғары тұрған органына тапсырады.
      Бюджеттің орындалуын есептеуді жүзеге асырушы қаржылық орган осы тапсыру туралы хабарды алғаннан кейін тапсырылатын ұйымдар бойынша лимиттердің тиісті бас таратушысынан мыналарды:
      а) әрбір объекті бойынша белгіленген оларды қаржыландырудың көлемдеріне сәйкес ағымдағы жылға арналған шығыстардың бекітілген сметасын немесе күрделі құрылыстың жоспарын;
      б) тапсыру сәтіне дейінгі шығыстар сметасының орындалуы туралы есепті - талап етуге міндетті.
      Бір бюджеттен басқа бюджетке шығыстарды ауыстырған кезде бюджет бойынша ауыстырылатын ұйымды қаржыландыру үшін көзделген бюджеттік қаражаттың бүкіл жылдық сомасы өзара есеп айырысуға жатқызылады.
      Өзара есеп айырысуға, сондай-ақ мыналар жатқызылуға тиіс:
      ұйымды республикалық бағыныстан жергілікті бағынысқа ауыстырған кезде - республикалық бюджет бойынша тапсырылған күні ашылған бюджеттік сыныптама шығындары кодтарына бөлінген лимиттердің сомасы;
      жергілікті бағыныстан республикалық бағынысқа немесе облыстың, қаланың шегінде бір бағыныстан басқа бағынысқа ауыстыру кезінде - қаржыландыру лимиттерін таратушысы ауысқан ұйымдар үшін лимиттерді таратушыларға ашылған лимиттердің және жүргізілген кассалық шығыстардың сомалары.
      40. Ұйымдарды республикалық бағыныстан жергілікті бағынысқа ауыстырған кезде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі тиісті төмен тұрған қаржы органына өзара есеп айырысу жөнінде хабарлама (н.N 11) береді, ол Президент Жарлықтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен өкімдеріне сәйкес Қаржы министрінің Бюджет департаменті рәсімдеген республикалық бюджеттің шығыстарындағы өзгерістер туралы анықтаманың негізінде жасалады.
      41. Ұйымдарды жергілікті бағыныстан республикалық бағынысқа ауыстырған кезде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі тиісті төмен тұрған қаржылық органға өзара есеп айырысу жөнінде хабарлама (н.N 11) берумен қатар ауыстырылған ұйым қарамағына көшірілген лимиттердің бас таратушысына (құқық мирасқорына) тиісті жергілікті бюджеттен қаржыландыру жөнінде қаражаттар берілген күні алынған сомалар көлемінде лимиттер ашады.
      Жаңа бағыныс бюджеттік ұйымның лимиттері алғаш ашылған кезде қазынашылық органдары клиентке жаңа карточка жасап, белгіленген тәртіппен жаңа бюджеттік шоттар ашады.
      42. Бюджеттік ұйым бір жергілікті бағыныстан облыстың, қаланың шегінде басқа жергілікті бағынысқа ауыстырылған кезде жоғары тұрған қаржылық орган ұйым ауыстырылған күні ашылған лимиттерді бұрынғы бағыныс бойынша қаржыландыру ретінде бюджеттер арасындағы өзара есеп айырысуға жатқызады. Белгіленген шаралардың үздіксіз қаржыландыруын қамтамасыз ету үшін, мемлекеттік мекемелерге жаңа кодтар беру үшін қаржылық органдар қазынашылықтың облыстық басқармаларына ұйымдардың нақтыланған тізімдерін береді.
      43. Күрделі қаржылар мен басқа да шараларды бір жергілікті бюджеттен басқадай қаржыландыруға ауыстырған кезде, өзара есеп айырысуға ауыстырылатын құрылыс объектісін немесе шараларды қаржыландыруға арналған бюджетті бекіткен кезде қарастырған бүкіл жылдық сома жатқызылады. Кассалық шығыстарды тапсырушы қаржылық орган қазынашылықтың органдарына жыл басынан бері ашылған, орындалу есебін өзі жүзеге асырып келген бюджет жөніндегі лимиттерді жабуға қаржылық рұқсаттар береді. Бюджеттің орындалу есебін жүргізуші, күрделі қаржыландыруды және басқа шараларды қамтамасыз ету тапсырылған қаржылық орган (құқықтық мирасқор) қаржылық рұқсатты осы бюджет бойынша лимиттерді ашу үшін жібереді.
      Ұйымдар анықтамасына өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік мекемелерге жаңа кодтар беріледі.
      Барлық қаржылық рұқсаттар енгізілген соң кассалық шығыстарды ауыстыру жөніндегі операциялар жүргізіледі, осы объектілер бойынша жүргізілген, тапсыру сәтіндегі кассалық шығыстарды қалпына келтіру жөніндегі шаралар атқарылады.
      Қазынашылық аумақтық органдары бұдан кейін жыл басынан бергі өсім көрсеткіштерімен бірге жаңа бағыныс бойынша ауыстырылған шығыстарды ескере отырып есептеме тапсырады.
      44. Кәсіпорындар бір жергілікті бағыныстан басқа жергілікті бағынысқа ауыстырылған кезде бюджеттер арасындағы өзара есеп айырысуға аталған кәсіпорынның республика Президентінің аумақтық өзгерістерінің мәселелері бойынша Жарлығына сәйкес, ауыстыру сәтінде (мерзімінде) нақтыланған есептемелері шегіндегі бюджетке төлемінің бүкіл жылдық сомасы жатқызылады.
      Ірілендірілген облыстар мен аудандардың жаңа шекаралары бойынша бюджетке түскен жалпы мемлекеттік салықтар мен кірістерді тапсырғанға дейін таратылуға тиісті сомаларды есептеуді қаржы органдарының нұсқаулары бойынша Қазынашылық аумақтық органдары жүргізеді. <*>
      Жаңа бағыныс бойынша бюджеттің кірісіне, сондай-ақ ауыстырылған кәсіпорындардың бюджеттік сыныптама кірістерінің кодтары бойынша бюджеттің кірісіне жатқызылатын төлемдерінің сомалары да қосылады.
      Ескерту: 44-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігінің
               1999 жылғы 25 маусымдағы N 323 бұйрығымен. V990858_

      45. Қаржылық органдар ай сайын бес күндік мерзімде төмен тұрған қаржылық органдарға ағымдағы ай үшін өзара есеп айырысу бойынша жеке шоттан көшірмелер тапсырады. Көшірмені алған соң қаржылық орган өзара есеп айырысу шоты бойынша жазбалардың дұрыстығын тексеруге және айырмашылықтар болған жағдайда тиісті жоғары тұрған органға хабарлауға міндетті.

              "Қазақстан Республикасының республикалық
              бюджетімен өзара есеп айырысу" N 061 шоты

      46. Бұл шот облыстық (Астана қаласы, Алматы қаласы) қаржылық басқармаларда Қазақстан Республикасының республикалық бюджетімен өзара есеп айырысу операцияларын есепке алу үшін арналған.
      N 061 шотының дебетіне мыналар жатады:
      өзара есеп айырысу бойынша республикалық бюджеттен алынуға тиісті сомалар, мұнда "Қазақстан Республикасының республикалық бюджетінен берілген және алынған қаражаттар" N 071 шоты кредиттеледі;
      республикалық бюджетке өзара есеп айырысулар бойынша берешектерді жабу үшін аударылған сомалар, мұнда "Жергілікті бюджеттің бюджеттік шоты (негізгі)" N 011 шоты кредиттеледі;
      жоғары тұрған бюджеттен алынатын және өзара есеп айырысу бойынша берешекті жабуға енгізілген субвенциялардың сомасы, мұнда "Бюджеттің кірістері" N 040 шоты кредиттеледі;
      N 061 шоттың кредитіне мыналар жатады:
      өзара есеп айырысулар бойынша республикалық бюджетке берілуге жататын сомалар, мұнда Қазақстан Республикасының республикалық бюджетінен берілген және алынған қаражаттар" N 071 шоты дебеттеледі;
      өзара есеп айырысулар бойынша берешектерді жабу үшін республикалық бюджеттен түскен сомалар, мұнда "Жергілікті бюджеттің бюджеттік шоты (негізгі)" N 011 шоты дебеттеледі;
      өзара есеп айырысулар бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі аударған, бірақ есепті айда жергілікті бюджеттің шотына түспеген сомалар, бұл орайда "Жолдағы сомалар" N 019" шоты дебеттеледі;
      республикалық бюджеттен алынған, өзара есеп айырысулар бойынша жергілікті бюджетке тиесілі сомалардың есебіне енгізілген бюджеттік несиелердің (қарыздардың) сомалары, мұнда "Қазақстан Республикасының республикалық бюджетінен алынған қысқа мерзімді қарыздар" N 051 шоты дебеттеледі.
      Ұйымдарды республикалық бағыныстан облыстық қаржылық басқармалардағы аудандық бағынысқа ауыстырылған кезде республикалық бюджет бойынша ашылған лимиттердің сомасын N 061 шотының кредитіне жатқызған жағдайда "Жергілікті бюджеттермен өзара есеп айырысулар" N 062 шоты дебеттеледі.
      Осы шот бойынша дебеттік қалдық - республикалық бюджеттің жергілікті бюджетке берешегінің сомасын, ал кредиттік қалдық - тиісті жергілікті бюджеттің республикалық бюджетке берешегінің сомасын көрсетеді.

            "Жергілікті бюджеттермен өзара есеп айырысулар"
                             N 062 шоты

      47. Бұл шотта жоғары тұрған және төмен тұрған бюджеттер арасындағы өзара есеп айырысулар жөніндегі операциялар есептеледі.
      N 062 шотының дебетіне мыналар жатады:
      өзара есеп айырысулар бойынша басқа жергілікті бюджеттен алынуға тиісті сомалар, мұнда "Жергілікті бюджеттерден берілген және алынған қаражаттар" N 072 шоты дебеттеледі;
      өзара есеп айырысулар бойынша берешектерді жабу үшін басқа жергілікті бюджеттерге аударылған сомалар, мұнда "Жергілікті бюджеттің бюджеттік шоты (негізгі)" N 011 шоты кредиттеледі;
      жоғары тұрған бюджеттен алынуға және өзара есеп айырысулар бойынша берешекті жабу үшін енгізілген субвенциялардың сомалары, мұнда "Бюджеттің кірістері" N 040 шоты кредиттеледі;
      N 062 шотының кредитіне мыналар жатады:
      өзара есеп айырысулар бойынша басқа жергілікті бюджеттерге берілуге тиісті сомалар, мұнда "Жергілікті бюджеттерден берілген және алынған қаражаттар" N 072 шоты дебеттеледі;
      өзара есеп айырысулар бойынша басқа жергілікті бюджеттерден түскен сомалар, мұнда "Жергілікті бюджеттің бюджеттік шоты (негізгі)" N 011 шоты дебеттеледі;
      өзара есеп айырысулар бойынша берешектерді жабу үшін басқа жергілікті бюджеттерден аударылған, бірақ есепті айда осы жергілікті бюджеттің шотына келіп түспеген сомалар, мұнда "Жолдағы сомалар" N 019 шоты дебеттеледі;
     төмен тұрған бюджетке берілуге тиісті және өзара есеп айырысулар

бойынша берешекті жабу үшін енгізілген субвенциялардың сомалары, мұнда 
"Бюджеттің шығыстары" N 020 шоты дебеттеледі;
     бұл шот бойынша дебеттік қалдық - басқа жергілікті бюджеттің осы 
бюджетке берешегінің сомасын, ал кредиттік қалдық - осы бюджеттің басқа 
бюджетке берешегінің сомасын көрсетеді.
     
          
             "Берілген және алынған қаражаттар" N 07 шоты
     
     48. Бұл бөлімнің шоттары бойынша қаржы органдарындағы басқа 
бюджеттерге берілетін қаражаттар мен басқа бюджеттерден алынатын 
қаражаттар есептеледі.
     
           "Қазақстан Республикасының республикалық бюджетінен
              берілген және алынған қаражаттар" N 071 шоты  
     


      49. N 071 шотында жергілікті бюджеттерден республикалық бюджетке берілетін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының республикалық бюджетінен алынатын қаражаттар есептеледі.
      N 071 шоттың дебетіне өзара есеп айырысулар бойынша республикалық бюджетке берілуге тиісті сомалар жатады, мұнда "Қазақстан Республикасының республикалық бюджетінен өзара есеп айырысулар" N 061 шоты кредиттеледі.
      N 071 шоттың кредитіне өзара есеп айырысулар бойынша республикалық бюджеттен алынуға тиісті сомалар жатады, мұнда "Қазақстан Республикасының республикалық бюджетінен өзара есеп айырысулар" N 061 шоты дебеттеледі.

            "Жергілікті бюджеттерден берілген және алынған қаражаттар"
                                N 072 шоты

      50. N 072 шотында жергілікті бюджеттерге берілген және жергілікті бюджеттерден алынған қаражаттар есептеледі.
      N 072 шотының дебетіне өзара есеп айырысулар бойынша жергілікті бюджеттерге берілуге тиісті сомалар жатады, мұнда "Жергілікті бюджеттермен өзара есеп айырысулар" N 062 шоты кредиттеледі.
      N 072 шотының кредитіне өзара есеп айырысулар бойынша жергілікті бюджеттен алынуға тиісті сомалар жатады, мұнда "Жергілікті бюджеттермен өзара есеп айырысулар" N 062 шоты дебеттеледі.
      51. Мерзімі жеткен есеп айырысулар бойынша жергілікті бюджеттерге іс жүзінде берілген және жергілікті бюджеттерден іс жүзінде алынған сомалар қаржылық жыл ішінде әрбір талдау шоты бойынша мынадай жолмен анықталады:
      N 072 шоты бойынша (н. 4-Ф кітабының 6-бағаны) ағымдағы айға қатысты дебет айналысының сомасынан N 062 шоты бойынша (н. 4-Ф кітабының 37-бағаны) ағымдағы айға қатысты кредиттік қалдықтың сомасы шығарылып тасталады; алынған айырмашылық басқа бюджетке іс жүзінде берілген қаражаттың сомасы болып табылады.
      N 072 шоты бойынша (н. 4-Ф кітабының 7-бағаны) ағымдағы айға қатысты кредиттік айналысының сомасынан N 062 шоты бойынша (н. 4-Ф кітабының 36-бағаны) ағымдағы айға қатысты кредиттік қалдықтың сомасы шығарылып тасталады; алынған айырмашылық басқа бюджеттен іс жүзінде алынған қаражаттың сомасы болып табылады.
      Есепті кезеңнің аяғында N 062 шотының дебеті немесе кредиті бойынша ағымдағы айға қатысты (н. 4-Ф кітабының 36 және 37-бағандары) қалдық болмаса, N 072 шоты бойынша ағымдағы айға қатысты айналыстың сомасы (н. 4-Ф кітабының 6 және 7-бағандары) дебет бойынша - басқа бюджеттен іс жүзінде берілген қаражаттардың сомасы, кредит бойынша іс жүзінде алынған қаражаттардың сомасы болып табылады.

     Есепті жыл аяқталған соң жергілікті бюджеттерге іс жүзінде берілген 
қаражаттардың сомасы - N 072 шоты бойынша дебеттік айналыстар, іс жүзінде 
алынған қаражаттардың сомасы - осы шоттың кредиттік айналысы болып 
табылады.
     Қазақстан Республикасының республикалық бюджетіне іс жүзінде берілген 
қаражаттардың және республикалық бюджеттен іс жүзінде алынған 
қаражаттардың сомасын анықтаудың тәртібі жоғарыда айтылған тәртіпке ұқсас, 
айырмашылығы тек қана  NN 062 және 072 шоттардың орнына тиісінше 061 және 
071 шоттары қолданылады.
     
     
                       "Нәтижелер" N 09 шоты 
     


      52. Қаржылық жыл аяқталған соң қаржылық органның бухгалтериясы жылдық есепті жасар алдында барлық баланс шоттары деректерінің дұрыстығын, бюджеттік несиелер бойынша (қарыздар) есеп айырысулардың және бюджеттер арасындағы өзара есеп айырысулардың жәй-күйі тексеріледі. Басқа бюджеттер мен өзара есеп айырысулар және алынған және берілген бюджеттік несиелер (қарыздар) бойынша есептер қаржылық жыл біткенге дейін аяқталуы керек. Есеп айырысу шоттары бойынша жаңа қаржылық жылдың басында сомалардың қалдықтары болмауға тиіс. <*>
      Ағымдағы есептің шоттарын қорытқанға дейін лимиттерді таратушылардың тексерілген есептері және Қазынашылық аумақтық органдары жергілікті бюджеттің шығыстары бойынша әзірленген ведомостарының негізінде бюджеттің барлық шығыстарын (Қазынашылық аумақтық органдарының қорытынды айналыстары бойынша шығыстарды қоса) N 020 шотының дебетіне есептен шығару үшін бухгалтерлік жазбалар жасалуы керек.
      Бюджеттердің және бюджеттік несиелердің (қарыздардың) арасында өзара есеп айырысулар жөніндегі борыштарды бюджеттің орындалу нәтижелерімен есептен шығаруға жол берілмейді.
      Ескерту: 52-тармақтың бірінші абзацы өзгертілді - ҚР Қаржы
               министрлігінің 1999 жылғы 25 маусымдағы N 323
               бұйрығымен. V990858_

               "Бюджеттің орындалу нәтижелері" N 090 шоты

      53. N 090 шоты жергілікті бюджеттердің орындалу нәтижелерін орындау үшін арналған есепті жыл аяқталған соң осы шотта кірістер мен шығыстардың сомалары, сондай-ақ басқа бюджеттерге берілген және алынған қаражаттар көрсетіледі. Нәтижелер жылдың аяғында N 040 шоты бойынша және "Қазақстан Республикасының республикалық бюджетінен берілген және алынған қаражаттар" N 071, "Жергілікті бюджеттерден берілген және алынған қаражаттар" N 072 шоттары бойынша, ал N 090 шотының дебетіне - "Бюджеттің шығыстары" N 020 шоты бойынша және дебет айналыстарын - NN 071 және 072 шоттары бойынша қалдықтарды N 090 шотының кредитіне есептен шығару жолымен анықталады.
      Бюджеттің кірістері мен шығыстарын, сондай-ақ басқа бюджеттерге берілген және алынған қаражаттарды "Бюджеттің орындалу нәтижелер" шотына есептен шығарылған соң "Бюджеттің кірістері", "Бюджеттің шығыстары" шоттары мен берілген және алынған қаражаттарды есептеу жөніндегі шоттар жабылады.
      "Бюджеттің орындалу нәтижелері" N 090 шоты бойынша алынған кредиттік жергілікті бюджеттің орындалу нәтижесі болып табылады, ол бюджетке қатысты қаражаттар жөніндегі баланстың NN 011, 019 шоттары бойынша қалдықтарға сәйкес келуі тиіс.
      Барлық бухгалтерлік жазбалар жүргізілген соң қорытынды айналыстарға дейінгі және кейінгі баланс жасалады.
      54. Жаңа қаржылық жылда бюджет бекітілгеннен кейін "Бюджеттің орындалу нәтижелер" N 090 шотынан тиісті бюджетті орындау барысында пайда болған, есепті жылдың қосымша шығыстарын жабу үшін бюджетте қарастырылған, жыл басындағы бюджеттік қаражаттардың еркін қалдығының сомасы есептен шығарылады, мұнда "Бюджеттің кірістері" N 040 шоты кредиттеледі.
      Бюджет қаражаттарының еркін қалдықтары "Бюджеттің орындалу нәтижелері" N 090 шотында қалады және жоғары тұрған бюджетке алуға болмайды. <*>
      Бюджет қаражаттарының еркін қалдықтары белгіленген тәртіппен жоспарланған жыл бойында, бюджет бөлімінің, бюджет жөніндегі инспекцияның деректері негізінде шығыстарды жабуға жұмсалған жағдайда, қаржылық органның бухгалтериясы бұл сомаларды "Бюджеттің орындалу нәтижелер" N 090 шотынан "Бюджеттің кірістері" N 040 шотының кредитіне осы айға қатысты мөлшерде есептен шығарылады.

     Ескерту: 54-тармақ екінші абзацы өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігінің 
              1999 жылғы 25 маусымдағы N 323 бұйрығымен.  

V990858_

  
     
     55. Басқа бюджеттерден алынған сомалар, сондай-ақ жыл басында 
қаражаттарды қайта бөлу ретінде басқа бюджеттерге берілген сомалар 
"Бюджеттің орындалу нәтижелер" N 090 шотында көрсетіледі. Бұл қаражаттар 
алынған кезде "Жергілікті бюджеттің бюджеттік шоты (негізгі)" N 011 шоты 
дебеттеледі және "Бюджеттің орындалу нәтижелері" N 090 шоты кредиттеледі, 
ал осы қаражаттар берілген кезде "Бюджеттің орындалу нәтижелері" N 090 
шоты дебеттеледі және "Жергілікті бюджеттің бюджеттік шоты (негізгі)" N 
011 шоты кредиттеледі.
     
                           Баланстан тыс шоттар
     
     56. Баланстан тысқары банктерден алынған ұзақ мерзімді несиелерді 
(қарыздарды), облыстық, қалалық және аудандық бюджеттерден алынған 
бюджеттік несиелерді (қарыздарды), жергілікті бюджеттер бойынша ашылған 
лимиттерді есепке алу үшін шоттар ашылады.
     
             "Банктен алынған ұзақ мерзімді несиелер (қарыздар)"
                       N 120 баланстан тысқары шоты   
     


      57. N 120 шотында жергілікті бюджеттердің ұзақ мерзімді мемлекеттік бағдарламаларды орындау үшін бұрын берілген ұзақ мерзімді несиелер (қарыздар) бойынша банкке берешегі есептеледі.
      Ұзақ мерзімді несиелер (қарыздар) бойынша берешекті бюджет қаражаттарының есебінен жапқан кезде жабылған сомалар, оларды "Банктен алынған ұзақ мерзімді несиелер (қарыздар)" N 120 баланстан тысқары шоты бойынша жазылуынан тыс, тиісті бюджеттің орындалу есебінде дебет бойынша "Бюджеттің шығыстары" N 020 шотының дебеті бойынша және "Жергілікті

бюджеттің бюджеттік шоты (негізгі)" N 011 шотының кредиті бойынша 
көрсетілуге тиіс.
     Ұзақ мерзімді несиелер (қарыздар) бойынша төленген проценттер мен 
"Банктен алынған ұзақ мерзімді несиелер (қарыздар)" N 120 баланстан 
тысқары шоты бойынша мерзімі өткен төлемдер көрсетілмейді, тиісті 
бюджеттің шығыстарына "Бюджеттің шығыстары" N 020 шоты бойынша есептен 
шығарылады.
     
          "Лимиттердің бас таратушысының шығыстарға ашқан лимиттері" 
                        N 140 баланстан тысқары шоты
     
     58. N 140 шотында жергілікті бюджеттердің лимиттердің бас 
таратушысының шығыстарға қаржылық рұқсаттар қаржылық рұқсаттар бойынша 
ашылған лимиттердің сомалары есептеледі.
     
     
      "Облыстық, қалалық және аудандық бюджеттерден алынған бюджеттік 
            несиелер (қарыздар)" N 150, 160 баланстан тысқары шоты
     
     59. N 150, 160 шотында тиісті бюджеттерден қайтарымды негізде 
берілген және алынған бюджеттік несиелер, сондай-ақ ұйымдарға берілген, 
бюджеттік несиелер (қарыздар) бойынша жабылған берешектердің сомалары 
есептеледі.
     
              3. Алғашқы құжаттарды рәсімдеудің тәртібі
     
             Жергілікті бюджеттерге түскен кірістер туралы
                         анықтама (N 3 нысан)   
     
     60. Жергілікті бюджеттің шотына түсетін кірістер туралы анықтаманы 
қаржылық органның бухгалтериясы күн сайын Қазынашылық аумақтық 
органдарының көшірмесіне қосымша берілген барлық есептердің негізінде 
мынадай нысандар бойынша жасайды:
     041-Р нысаны "Бюджетке түсетін кірістердің күнделікті дайындық 
ведомосы";
     041В нысаны "Кірістер қайтарымының күнделікті ведомосы"; 
     041З нысаны "Салықтарды есепке алудың күнделікті ведомосы".


      Анықтамада бюджеттік сыныптаманың кодтары (санаты, сыныбы, сыныпшасы, ерекшелігі), кірістердің атауы және төлемнің әрбір түрінің сомасы көрсетіледі.
      Кірістердің жалпы сомасына қажетті шоттардың деректері бір күнде бюджеттің орындалуы жөніндегі барлық операцияларға жасалатын мемориалдық ордерде көрсетіледі.
      Түскен кірістер туралы анықтама қаржылық орган бухгалтериясының іс-қағаздарына мемориалдық ордермен жергілікті бюджет шотынан алынған көшірмемен және басқа да құжаттармен бірге тігіледі.

               Қаржылық рұқсат(1ЖББ нысаны немесе 1ЖБЕ нысаны)

      61. Қаржылық органдар жергілікті бюджеттерден қаржыланатын ұйымдарға 1ЖББ немесе 1ЖБЕ нысаны бойынша қаржылауға рұқсат береді және бюджеттік қаражаттарды жұмсауға лимиттер белгілейді.
      1ЖББ нысаны бойынша қаржылық рұқсатты қаржылық органдар лимиттерді ведомстволық мемлекеттік мекемелерге кейіннен тарату үшін жазып береді.
      1ЖБЕ нысанындағы қаржылық рұқсаттар мемлекеттік мекемелердің өздеріне арналған қаражаттарды жұмсаудың лимиттерін айқындайды.
      Әрбір ұйымға жергілікті бюджеттің мемлекеттік мекемелері әзірлеген анықтамаға сәйкес жеке жеті таңбалы код беріледі.
      Қаржы рұқсатын толтыру кезінде мыналарға сүйену керек.
      Алдыңғы жеті цифр ұйымдар берген кодты білдіреді және бөлшек арқылы қаржы рұқсатының реттік нөмірі қойылады.
      1-бағанға шығындарды жүргізуге рұқсат етілген бюджет жіктелім көрсеткіштері (ұйым-үш белгі, бағдарлама-екі белгі, қосымша бағдарлама, ерекшелік-үш белгі) толтырылады.
      2-бағанға жылға рұқсат етілген жоспарланған сома көрсетіледі. Бұл сома сметадағы осы ерекшелік бойынша бекітілген сомаға сәйкес болуы тиіс.
      3-бағанға соңғы рұқсатқа дейінгі бөлінген бюджеттік жәрдемақылар көрсетіледі. Осы баған үстіміздегі жылы берілген бірінші рұқсатта толтырылмайды. Осы баған кейінгі рұқсатта алдағы рұқсаттың 5-бағандағы сомасына теңестіріледі.
      4-баған белгілі мерзімге арналған бюджеттік жәрдемақылар лимитінің сомасын көрсетеді. Осы сома алғашқы рұқсат берілген кезде және жыл басынан рұқсат етілген сома (5-баған) тепе-тең болады.
      5-баған жыл басында рұқсат етілген лимиттер сомасын көрсетеді.
      Пайдаланылмаған лимиттердің қалдығы кезінде лимиттерді қайта қарау рұқсат етіледі.
      Қаржы рұқсаты мына жағдайда толтырылады: 4-баған теріс немесе қолайлы белгімен аударылатын сомалар көрсетіледі, осыған сәйкес 5-баған сомасы өзгереді.
      Рұқсатты қайыра алу кезінде пайдаланылмаған лимиттің қалдығы аясында 4-бағандағы (ағымды рұқсат) теріс сомаға жаңа қаржы рұқсаты беріледі.
      Рұқсат жазылған әрбір біткен парақ бойынша бағандағы шығарылған қорытынды жауапты орындаушының қолымен расталуы тиіс. Соңғы парақта мынадай текс жазылады: "Қаржы рұқсаты (парақтардың саны цифрмен және жазумен көрсетіледі) 5-бағандағы (сома цифрмен және жазумен көрсетіледі) жалпы сомаға берілгені жазылады".
      Одан әрі осы рұқсатты берген жауапты орындаушының қолы, бөлім бастығының қолы және қаржы органының бастығының қолы жүреді.

         Қаржы рұқсаты (1ЖББ-СУБВ нысаны немесе 1ЖБЕ-СУБВ нысаны)

      62. Облыстық (Астана қаласы, Алматы қаласы) қаржы басқармалары республикалық бюджеттен мақсатты қаржы алған соң оны облыстық бағыныстағы және қалалық (аудандық) қаржы бөлімдері бойынша бөледі. Бюджет қаржысын жұмсауға лимиттерді бөліп, 1ЖББ-СУБВ нысаны бойынша немесе 1ЖБЕ-СУБВ нысаны бойынша қаржы рұқсатын облыстық бағыныстағы әрбір ұйымдарға жазады, ал төмендегі бюджетке берілетін қаржының жалпы сомасына тиісті қалалық (аудандық) қаржы бөліміне кейін төлем тапсырысымен аудару үшін облыстық қаржы басқармасына 1ЖБЕ-СУБВ нысаны бойынша қаржы рұқсаты жазылады.
      1ЖББ-СУБВ нысаны бойынша қаржы рұқсаты мақсатты субвенция түрінде берілетін лимиттерді бөлуге бюджет ұйымдары арасында уәкілетті облыстық бағыныстағы әрбір ұйымға тиісті қаржы органымен жазылады.
      1ЖББ-СУБВ нысан бойынша қаржы рұқсаты мақсатты субвенция лимиті арналған әрбір ұйымға тиісті қаржы органымен жазылады.
      Әрбір ұйымға жергілікті бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің анықтамасында көрсетілген жеті санды жеке код беріледі.
      1ЖББ-СУБВ нысанын немесе 1ЖБЕ-СУБВ нысанын толтыру,қол қою және бекіту тәртібі 1ЖББ немесе 1ЖБЕ нысаны ретіне ұқсас.

                  Төлем тапсырысы (N 0401002 нысаны)

      63. Төлем тапсырысын қаржы рұқсаты негізінде қаржы органының бухгалтериясы толтырады. Субвенция, бюджет несиелерін (кредит), өзара есеп-айырысу сомасын аудару, сонымен қатар Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, қатысушыларына және азаматтардың кейбір категорияларына берілген жеңілдіктер (N 0401002 нысаны) және қызмет көрсетуге байланысты шығындарды қайтару үшін төлем тапсырысы қолданылады. Тапсырыс үш дана етіп рәсімделеді және Қазынашылық аумақтық органдарына беріледі. Төлем тапсырысында "Төлемді белгілеу" тексі деңгейіндегі бюджет кірісінің алты санды коды немесе шығындар бойынша бюджеттік сыныптаманың он санды коды көрсетіледі.
      Төлем тапсырысы оларды Қазынашылық аумақтық органдарына жіберер алдында төлем тапсырысын тіркейтін журналға жыл басынан тиісті ретпен қаржы органының бухгалтериясымен нөмірленеді.

             Өзара есеп-айырысу (N 11 - нысан) бойынша хабарлау

      64. Өзара есеп-айырысу бойынша хабарлау және оған есептесуді салалық бөлімдердің қызметкерлері жасайды. Өзара есеп-айырысу бойынша хабарлауды рәсімдеу жоғарыдағы қаржы органынан немесе Әкімдер қабылдаған шешімінің хабарламасын алған соң, бес күннен қалмай жүргізіледі.
      Өзара есеп-айырысу бойынша хабарлама 4-данадан жасалады.
      Бюджет бөлімі және қолдардың рәсімделуі тексерілгеннен кейін хабарламаның бірінші данасы тиісті қаржы органына жіберіледі, хабарламаның екінші данасы бухгалтерияда қалады, хабарламаның үшінші данасы бюджет бөліміне беріледі, ал хабарламаның төртінші данасы тиісті салалық қаржы бөліміне тапсырылады.

                  Бухгалтерлік есеп регистріне жазулар

      65. "Бас-журнал" (N 1-н-нысан) кітабы. Бұл кітапта жергілікті бюджеттердің атқарылу есебінің екінші реті шоты бойынша хронологиялық және үнемі жазулар біріктіреді.
      Жаңа қаржы жылына арналған кітапты ашу кезінде жоғарыдағы қаржы органы қабылдаған өткен жыл үшін қорытынды балансына сәйкес шоттар бойынша қалған сомалар бірінші жолға жазылады. баланс активінің сомасы дебетке, ал пассив сомасы тиісті шот кітабының несиесіне жазылады.
      Жыл басынан екінші реттің жеке шоттары бойынша жыл басындағы қалдықтар талдамалы есеп регистріне жыл басындағы жазуларға сәйкес болуы тиіс.
      Күн сайын мемориалдық ордер және соған тіркелген құжаттар негізінде операциялар жазбалары жүргізіледі. Мемориалдық ордердің жалпы сомасы бастапқыда "Мемориалдық ордер бойынша сомасы" бағанына, содан соң бір-бірнеше шоттарда дебетке бөлек және несие бағанына бөлек жазылады.
      "Бас-журнал" кітабына операциялары жазылғаннан кейін талдамалық есептің тиісті регистріне жазулар жүргізіледі.
      "Бас-журнал" кітабында ай ішіндегі айналымдардың жалпы қорытындысын санайды және алдағы айдың басына барлық дебеттік немесе несиелік шоттары бойынша қалдықтар шығарылады. Сондықтан, ай ішінде айналымдар сомасы сонымен қатар барлық айналымдар сомасына немесе барлық шоттардың несие жөніндегі қалдықтарға бара бар тең болуға тиіс. Барлық шоттар бойынша ай ішінде айналымдар сомасы дебет бойынша да несие бойынша да "мемориалды ордер бойынша сома" бағаны бойынша қорытындысына тең болуы тиіс.

      66. <*>
      Ескерту: 66-тармақ алынып тасталынды - ҚР Қаржы
               министрлігінің 1999 жылғы 25 маусымдағы N 323
               бұйрығымен. V990858_

              Басқа бюджеттермен есеп айырысу кітабы (N 4-нысан)

      67. Осы кітапта басқа бюджетпен алынған және берілген, бюджет кредиттері (несиелері) бюджеттер арасындағы өзара есеп айырысу, басқа бюджеттерге берілген қаржы және өзге бюджеттерден алынған қаржы есептеледі.
      Кітаптың әрбір бетіндегі бірінші бөлігінде өтеу мерзімдері бойынша берілген және алынған бюджет кредиттерінің (несиелер) сомасы жазылады.
      Кітаптың тиісті беттеріндегі екінші бөлігі бюджеттер арасындағы есеп айырысуға байланысты баланс шоты бойынша бухгалтерлік операциялар негізінде көрсету үшін арналған:
      "Берілген және алынған қаржы" бойынша операциялар үстіміздегі айға жататын соманы 6 және 7 бағанда көрсетумен бюджетті атқару процесінде болған жылдық өзгертулер сомасында жазылады;
      "Өзара есеп айырысу" шоты бойынша операциялар ай сайын есеп айырысуға жататын сома 9-20 және 22-23 бағандарында көрсетілген жылдық есеп айырысу сомасында жазылады.
      36 және 37 бағанға үстіміздегі айға жататын аяқталмаған есеп айырысудың қалдықтары шығарылады;
      "Бюджеттен бөлінетін (алынатын) бюджеттік кредиттер (несиелер) шоты бойынша" операциялар бюджет кредиттерінің (несиелерінің) берілген, алынған және өтеген сомаларында жазылады.
      Айдың аяғында барлық шоттар бойынша N 4 нысанда осы айдағы және жыл басындағы өсу қорытындыларының айналымдарының қорытындысы шығарылады.

                           Кіріс кітабы (N 5-н нысан)

      68. Бұл кітапта жергілікті бюджетке түскен кіріс есептеледі (N 040 шоты).
      Бұл кітаптың "Тақырыбы" бөлімінде осы бюджетке түсетін бюджеттік сыныптаманың барлық коды санамаланады, яғни айтқанда санаты, сыныбы, ішкі сыныбы, ерекшелігі, жергілікті бюджетке ол бойынша кіріс түсетін бюджеттік бөлімшенің атауы және сол немесе басқа кіріс коды үшін берілген кітап жолдарының нөмірі көрсетіледі.
      Талдау есебі әр кіріс коды бойынша жеке жүргізіледі.
      Жазбалар жазбаға қосымша берілген Қазынашылықтың аумақтық органдарының есебі негізінде мемориальдық ордердің әзірленуіне орай жасалады және N 5-н нысаны кітабына әр кіріс кітабы үшін белгіленген тиісті жол бойынша "Несие" бағанына жазылады.
      Қате немесе артық түскен кіріс хронологиялық тәртіпте мемориальдық ордер нөмірі, санаты, сыныбы, ішкі сыныбы, ерекшелігі, сомасы көрсетілетін, бұл үшін белгіленген "Дебет" бағанына жазылады. Ай аяқталғаннан кейін бұл операцияларды жүйелеу қайтару жасау жүргізілген кіріс кодтарының біртектілік белгілері бойынша жүргізіледі және әр код бойынша қайтарылған кірістің жалпы сомалары дебет бойынша "Ай қорытындысы" бағанына тиісті жол бойынша жазылады, одан кейін N 04 "Бюджет кірісі" шоты бойынша жыл басынан бері және тұтастай алғанда ағымдағы ай үшін кірістің әр коды бойынша қорытындысы шығарылады.
      Қайтарылған сома кірістің бұл коды бойынша жыл басынан бергі түсімнен артса, мұндай жағдайда пайда болған кері қалдық "Жыл басынан бергі қалдық" бағанына қызыл сиямен жазылады.
      Кітаптың бір бетіндегі жол саны кірістің жекелеген кодтары бойынша ай ішіндегі операцияларды жазу үшін жеткілікті болмаса кітаптың келесі беттері пайдаланылады.
                                             Қаржы органдарында жергілікті

бюджеттердің атқарылуының бухгалтерлік есебі жөніндегі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1998 жылғы 24 маусымдағы N 288 бұйрығымен бекітілген нұсқаулыққа N 1-қосымша

                                             N 274 - нысан



                  Мемориальдық ордер________
            19 жылғы " "______________жазба
      
________________________________________________________________________
Негіздеме (құжатқа    Шоттың дебеті  Кодтар  Шоттың   Кодтары  Сомасы
сілтеме жасау немесе  бойынша                кредиті 
жазбаның мазмұны)                                 бойынша
________________________________________________________________________
     Қосымша______бет
                           Бас бухгалтер_______қолы
                                             N 3 - нысан  
     ______________________________________
          (Қаржы органының атауы)
     
         199 жылғы___________________           _______________
                бюджет есебіне түсетін кірістер туралы
     
                              Анықтама
     
     __________________________________________________________________
     Бюджеттік сыныптама коды             Кірістердің        Сомасы
     ________________________________        атауы
     Санат   Сынып  Сыныпша  Ерекшелік
     __________________________________________________________________
       1       2       3         4            5                 6  
     __________________________________________________________________
     
     
          Түскен жиыны_____________________________________________
                              (цифрмен және жазумен)
     
          Бас бухгалтер______________________________________
                                      (қолы)   
     
     
     
     1ЖББ нысан
     (1ЖББ-СУБВ нысан)
     N______Қаржылық рұқсат
     Күні______
     Кімге__________________
           (алушының атауы)
     
     ____________қаржы жылына белгіленген лимиттер
     шегінде шығыстар жүргізуге рұқсат етіледі.
     
     Рұқсаттың әрекет ету мерзімі 199______жылғы 31 желтоқсанға дейін.
     Сізге белгіленген лимиттің осы рұқсаты шегінде бюджеттік қаражаттар
     есебінен шығыстар бойынша қаржылық міндеттемелерді өзіңізге
     алуға рұқсат етіледі
     
     Облыстық (қалалық) қаржы басқармасының бастығы
     Қалалық, аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі____________
                                                     (қолы)  
     
     Өлшем бірлігі:________________теңге________________
     ________________________________________________________________
     Бюджеттік Бір жылға    Алдын ала Ағымдағы Жыл басынан  Ескерту  
     сыныптама жоспарланған  рұқсат    рұқсат    рұқсат 
       коды      рұқсат                         етілгені
     ________________________________________________________________
        1         2            3         4         5          6
     ________________________________________________________________
     
     
     
     ________________________________________________________________
     Барлығы
     ________________________________________________________________
     
     Қаржылық рұқсат___________________________________жазылды
                 (парақтардың сырты цифрмен және жазумен)
     
     Бағанның жалпы сомасына___________________________________
                               (сомасы цифрмен және жазумен)
     
     Бөлім бастығының қолы___________________________________
     Жауапты орындаушының қолы___________________________________
     
     
     
     
     1ЖБЕ нысан
     (1ЖБЕ-СУБВ нысан)
     N______Қаржылық рұқсат
     Күні______
     Кімге__________________
           (алушының атауы)
     
     ____________қаржы жылына белгіленген лимиттер
     шегінде шығыстар жүргізуге рұқсат етіледі.
     
     Рұқсаттың әрекет ету мерзімі 199______жылғы 31 желтоқсанға дейін.
     Сізге белгіленген лимиттің осы рұқсаты шегінде бюджеттік қаражаттар
     есебінен шығыстар бойынша қаржылық міндеттемелерді өзіңізге
     алуға рұқсат етіледі
     
     Облыстық (қалалық) қаржы басқармасының бастығы
     Қалалық, аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі____________
                                                     (қолы)  
     
     Өлшем бірлігі:________________теңге________________
     ________________________________________________________________
     Бюджеттік Бір жылға    Алдын ала Ағымдағы Жыл басынан  Ескерту  
     сыныптама жоспарланған  рұқсат    рұқсат    рұқсат 
       коды      рұқсат                         етілгені
     ________________________________________________________________
        1         2            3         4         5          6
     ________________________________________________________________
     
     
     
     ________________________________________________________________
     Барлығы
     ________________________________________________________________
     
     Қаржылық рұқсат___________________________________жазылды
                 (парақтардың саны цифрмен және жазумен)
     
     5 бағанның жалпы сомасына___________________________________
                               (сомасы цифрмен және жазумен)
     
     Бөлім бастығының қолы___________________________________
     Жауапты орындаушының қолы___________________________________
     
     
                                                N 11 - нысан 
     Қаржы органының
     штампы үшін орын
     
     19 жылғы " "                 ___________________________________
                                     (Кімге - қаржы органының атауы)
     
          N Өзара есеп айырысу жөнінде хабарлама ________________
     ________________________________________________________________
                       (Қаржы органының атауы)
                                                 негізінде
     ________________________________________________________________
                                       хабарлама қоса беріліп отырған
     бюджетке _______________________________________________________
                                                             бюджетте
     есеп айыруға сәйкес_____________________________________________
     барлығы_________________________________________________________
                        (сомасы цифрмен және жазумен)________________
     теңге мынадай мерзімдерде алуға болатындығын хабарлайды:
     ________________________________________________________________
     
     _____________________________________________________
     Айлар             Сомасы       Айлар       Сомасы
     _____________________________________________________
     Қаңтар                         Шілде
     Ақпан                          Тамыз
     Наурыз                        Қыркүйек    
     Сәуір                          Қазан
     Мамыр                         Қараша
     Маусым                       Желтоқсан                
     _____________________________________________________
        Сіз осы хабарламаны алғаннан кейін мынадай баланстық шоттар
        бойынша бухгалтерлік жазба жасайсыз:
     _______________________________________________________
     Дебеттелетін шоттардың  Кредиттелетін шоттардың Сомасы
               NN                     NN
     _______________________________________________________
     
     _______________________________________________________
     
     Қосымша көрсеткіштер__________________
     
     Қосымша______бет
     
     Қаржы органының басшысы                    (қолы) 
     Бас бухгалтер                              (қолы)  
   
                                                        N 1 - нысан     
                           Бас журнал кітабы
                          19______ жылға арналған         (оң жағы) 
     _________________айы
     
__________________________________________________________________________
Уақыты Мемориаль. Мемориальдық   Синтетикалық шоттар бойынша айналымдар    
(айы,  дық ордер. ордер бойынша   
күні)  дің нөмірі    сома       
__________________________________________________________________________
                               N 011 шот         
__________________________________________________________________________
                               дебет кредит  дебет! кредит дебет! кредит 
__________________________________________________________________________ 
    
     таблицаның жалғасы
__________________________________________
 Синтетикалық шоттар бойынша айналымдар        
___________________________________________________________________________
   N шот          N шот          N шот         N шот         N 019 шот     
___________________________________________________________________________
дебет! кредит  дебет! кредит дебет! кредит дебет! кредит  дебет! кредит    
__________________________________________________________________________
     таблицаның жалғасы
_____________   
  N 020 шот 
_____________ 
дебет! кредит
_____________      
     
       
                                       
                                           Нысанның жалғасы
                                             (оң жағы)
__________________________________________________________________________
             Синтетикалық шоттар бойынша айналымдар        
__________________________________________________________________________
   N 040 шот    N 043 шот      N 051 шот     N 052 шот      N 061 шот    
__________________________________________________________________________
дебет! кредит  дебет! кредит  дебет! кредит  дебет! кредит дебет! кредит 
__________________________________________________________________________ 
    
     таблицаның жалғасы
__________________________________________
 Синтетикалық шоттар бойынша айналымдар        
__________________________________________
   N 062 шот    N 071 шот      N 072 шот       
__________________________________________
дебет! кредит  дебет! кредит дебет! кредит  
__________________________________________ 
_________________________________________
                                N 090       
__________________________________________
дебет! кредит  дебет! кредит дебет! кредит  
__________________________________________ 
         
                                                             N 4 - нысан
     
                      Басқа бюджеттермен есеп айырысу
                                 кітабы
     ____________________________________________
             (қаржы органының атауы)
     ____________________________________________
             (бюджет атауы)
     
     Оң жағы
Бюджеттік несие (қарыз ақша): Өтеу мерзімі сомасы___ өтеу мерзімі__сомасы__
__________________________________________________________________________
Уақыты Мемориаль. Операция. N шот                          N______шот    
(айы,  дық ордер. ларды     Жіберілген                       Өзара
күні)  дің нөмірі қаржылан. және алынған
                  дыру      қаражаттар
__________________________________________________________________________
                               айналымдар                  айналымдар
                               барлығы    оның ішінде         дебет
                                          ағымдағы      оның ішінде ай     
                                          айдың               сайын    
__________________________________________________________________________
                           дебет! кредит  дебет! кредит Барлығы  қаңтар
__________________________________________________________________________
  1        2        3        4       5       6     7       8        9
__________________________________________________________________________ 
    
    
     таблицаның жалғасы
__________________________________________________________________________
ақпан  наурыз  сәуір  мамыр  маусым  шілде  тамыз қыркүйек қазан қараша    
__________________________________________________________________________
  10     11      12     13     14      15     16     17      18     19    
__________________________________________________________________________
     
     таблицаның жалғасы
______________
желтоқсан      
______________    
     20
______________     
     
                                                     Оң жағы
      
 Өтеу мерзімі        сомасы_____ өтеу    мерзімі ______  сомасы   ________
__________________________________________________________________________
               есепайырысулар     
__________________________________________________________________________
                              айналымдар                 
__________________________________________________________________________
                                      кредит
__________________________________________________________________________
                         оның ішінде ай сайын     
__________________________________________________________________________
Барлығы қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүйек қазан 
__________________________________________________________________________
 21       22     23    24   25     26      27     28    29   30      31
__________________________________________________________________________
     таблицаның жалғасы     
____________________________________________________                       
                              Қалдығы
                       Барлығы     оның ішінде 
                                   ағымдағы айдың
___________________________________________________ 
қараша  желтоқсан    дебет кредит  дебет  кредит
___________________________________________________
  32       33         34     35     36     37      
___________________________________________________    
     
     Оң жағы
___________________________________________________
     N --------шот
Бюджеттен берілген (алынған)     
бюджеттік несиелер(қарыз ақшалар)     
___________________________________________________
Дебет Кредит          Қалдығы     
___________________________________________________
                      Дебет Кредит 
___________________________________________________ 
 38    39              40     41
___________________________________________________
                                                             N 5 - нысан
     Кірістер кітабы
     Тақырып___________________________________________________     
__________________________________________________________________________
Санат  Сынып Сыныпшы  Ерекшелік  Кірістер_______бюджетке       Жолдардың   
                                 түсетін бюджеттік сыныптама     NN
                                       кодының атауы
__________________________________________________________________________
     
     
                                                             N 5 ф - нысан
     (Қаржы органының атауы)                                              
     
           19______жылға арналған       
     айы
__________________________________________________________________________ 
Жолдар Санат Сынып Сыныпша Ерекшелік айдың күні     мемор.     Санат
  N                                  Мемориальдық   ордер N
                                     ордерлердің 
                                        NN
__________________________________________________________________________
                                     Кредит                    Дебет
__________________________________________________________________________
 1
 2
 3
 4
 5 
 6
 7 
 8
 9
 10
 11
 12
 13
 14
 15
 16
 17
 18
 19
 20
 21
 22
 23
 25
 26
 27
 28 N 040 шот бойынша жиыны
__________________________________________________________________________
     таблицаның жалғасы
__________________________________________________________________________
Сынып Сыныпша Ерекшелік Сомасы Бір айлық жиыны  Жыл басынан бергі Жолдар
                               дебет   кредит   жиын 1-ші жарты     N
     Дебет                                      жылдықтағы қалдық
__________________________________________________________________________
                                                        N 8 - нысан ЖБ 
<*>
 
           
     Ескерту: N 8 - нысан ЖБ алынып тасталынды - ҚР Қаржы                  
              министрлігінің 1999 жылғы 25 маусымдағы N 323                
              бұйрығымен. 

V990858_

 


                                            Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігінің 1998 жылғы маусымдағы N 288 бұйрығымен бекітілген Қаржы органдарында жергілікті бюджеттердің атқарылуының бухгалтерлік есебі жөніндегі нұсқаулыққа N 2 - қосымша <*>

     Ескерту: Нұсқаулыққа N 2 қосымшадағы 2-тармақтың I бөлiмiндегi екiншi 
              абзац алынып тасталынды - ҚР Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 
              25 маусымдағы N 323 бұйрығымен.  

V990858_

  
              Жергілікті бюджеттердің атқарылуының негізгі
                      операциялары жөніндегі
                    Шоттардың корреспонденциясы     
__________________________________________________________________________
 N     Операциялардың мазмұны                          Шифр      шоттардың 
                                                       дебет      кредит
 р/р                                                   бойынша   бойынша
__________________________________________________________________________ 
  1                       2                               3            4
__________________________________________________________________________ 
    
     І. Шығыстар бойынша операциялар
     
     1 Қазынашылықтың аумақтық органдары есебінің негізінде            020 
        011
       
<*>

     2 Банктерге ұзақ мерзімді несиелер (қарыз ақшалар)    020         011
       бойынша берешектерін өтеу
       Бір уақытта N 8 ЖБ нысанына N 120 баланстан тысқары
       шот бойынша жазба жүргізіледі
     3 Ұзақ мерзімді несиелер (қарыз ақшалар) бойынша      020         011
       төленген проценттер
 
     ІІ. Кірістер бойынша операциялар
     4 Қазынашылықтың аумақтық органдарында кірістердің жергілікті    040
       бюджеттердің есебіне түсуі
     5 Есепті айда жергілікті бюджеттердің шотына түспеген
       кірістердің сомаларын облыстық бюджеттердің қосалқы 019         040
       шоттарының кірістеріне жатқызу
     6 Есепті айдан кейінгі айда жолдағы деп есептелген
       сомалардың облыстық бюджеттің есебіне түсуі         011         019
     7 Артық түскен кірістерді қайтару                     040         011
     8 Кірістердің бір түрі бойынша артық төлемдерді       040         040
       кірістердің екінші түрі бойынша жетіспеушілікке
       төлеуге есептеу
     9 Шаруашылық жүргізуші субъектілерден және екінші     011         043
       деңгейдегі банктерден жергілікті бюджеттердің       
       шоттарына несиелер (қарыз ақшалар) түсуі
     10 Жергілікті бюджеттердің шаруашылық жүргізуші       043         011
        субъектілер мен екінші деңгейдегі банктерге 
        несиелерді (қарыз ақшаларды) қайтару
     
     ІІІ. Өзара есеп айырысу бойынша операциялар
     
            Республикалық бағыныстан жергілікті бағынысқа 
                          берген кезде
     
     11 Қазақстан Республикасының республикалық 
        бюджетінен алуға жататын сомаларды өзара есеп      061         071
        айырысуға жатқызу   
     12 Республикалық бюджетпен өзара есеп айырысу
        бойынша берешектерді өтеу үшін жергілікті          011         061 
        бюджеттердің есебіне қаражаттардың түсуі          
     13 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
        ағымдағы айда өзара есеп айырысу бойынша 
        берешектерді өтеуге аударған және жергілікті       019         061
        бюджеттердің шоттарына түспеген қаражаттарды
        жолдағы сомаларға жатқызу
     14 Келесі айда өзара есеп айырысу бойынша
        берешектерді өтеуге аударылған және жолдағы деп 
        есептелген сомалардың жергілікті бюджеттердің
        шотына түсуі                                       011         019
     
          Ұйымдарды жергілікті бағыныстан республикалық
                  бағынысқа берген кезде
     
     15 Республикалық бюджетке беруге жататын сомаларды    071         061 
        өзара есеп айырысуға жатқызу
     16 Қаражаттарды жергілікті бюджеттерден өзара есеп    061         011 
        айырысу бойынша берешектерді өтеу үшін 
        республикалық бюджетке аудару
     
     
          Ұйымдарды бір жергілікті бағыныстан екінші жергілікті
                         бағынысқа берген кезде
     
          Берген қаржы органының балансы бойынша:
     
     17 Жергілікті бюджеттерге беруге жататын сомаларды 
        өзара есеп айырысуға жатқызу                        072        062
     18 Сомалардың жергілікті бюджеттер шоттарының
        сомаларынан өзара есеп айырысу бойынша              062        011
        берешектерді өтеуге аудару
     
          Қабылдайтын қаржы органының балансы бойынша:
     
     19 Жергілікті бюджеттерден алуға жататын сомаларды     062        072
        өзара есеп айырысуға жатқызу
     20 Қаражаттардың жергілікті бюджеттерінің шоттарына
        өзара есеп айырысу бойынша берешектерді өтеу үшін   011        062
        түсуі
     21 Бір қаржы органының есепті айдың аяғында өзара есеп 019        062 
        айырысу бойынша берешектерді өтеуге аударған, бірақ
        келесі айда түскен сомалар  
     22 Өзара есеп айырысу бойынша берешектерді өтеуге
        аударылған және жолдағы деп есептелген сомалардың   011        019
        келесі айда жергілікті бюджеттердің шотына түсуі
     
     IV. Субвенциялар мен бюджеттік несиелер (қарыз ақшалар) 
         бойынша операциялар
     
     23 Қазақстан Республикасының республикалық бюджетінен  011        040
        субвенцияларды алу
     24 Жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке       020        011
        субвенцияларды аудару
     25 Республикалық бюджеттен бюджеттік несиелерді        011        051 
        (қарыз ақшаларды) алу
     26 Бюджеттік несиелер (қарыз ақшалар) бойынша          051        011 
        берешектерді өтеу үшін республикалық бюджетке 
        аудару   
     27 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің         051        061
        хабарламасына байланысты өзара есеп айырысу бойынша
        өтелмеген бюджеттік несиеге (қарыз ақшаға) есептелді
     28 Қаржы органының құқық берілген басшысының шешімі
        негізінде төмен тұрған жергілікті бюджеттерге
        бюджеттік несиелерді (қарыз ақшаларды) беру         052        011 
     29 Төмен тұрған жергілікті бюджет берген бюджеттік  
        несиелерді (қарыз ақшаларды) өтеу үшін түсуі        011        052
     30 Жоғары тұрған бюджеттен бюджеттік несиелерді        011        052
        (қарыз ақшаларды) алу
     31 Бюджеттік несиелер (қарыз ақшалар) бойынша
        берешектерді өтеу үшін жоғарғы тұрған бюджетке      052        011
        аудару
     32 Жоғары тұрған органның хабарына сәйкес өтелмеген
        бюджеттік несиелер (қарыз ақшалар) өзара есеп
        айырысуға есептелді
        жоғары тұрған қаржы органынан                       062        052
        төмен тұрған қаржы органынан                        052        062
     V. Шоттардың жылдық қорытындысы бойынша
        операциялар
     
     33 "Бюджеттің атқарылу нәтижелері" шотына есептен
        шығару
     а) кірістердің есепті қаржы жылына түскенін;           040        090 
     б) Қазақстан Республикасының республикалық
        бюджетінен алынған қаражаттарды (071 қосалқы шот    071        090
        бойынша кредиттік айналым);
     в) жергілікті бюджеттерден алынған қаражаттарды        072        090 
        (072 қосалқы шот бойынша кредиттік айналым);
     г) кассалық шығыстардың есепті жылда жүргізілгенін;    090        020
     д) республикалық бюджетке берілген қаражаттарды        090        071 
        (071 қосалқы шот бойынша дебеттік айналым);
     е) жергілікті бюджеттерге берілген қаражаттарды
       (072 қосалқы шот бойынша дебеттік айналым)           090        072
     
     
     Оқығандар:
       Омарбекова А.Т.
       Икебаева Ә.Ж.