"Қазақстанда өндірілген және әкелінген бензин мен дизель отынынан Жол қорына алымды есептеудің және төлеудің тәртібі мен ережелері туралы" Нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бұйрық 1998 жылғы 30 шілде N 348 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 20 тамыз N 581 тіркелді

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 шілдедегі N 697 P980697_ "Қазақстан Республикасының мұнай өнеркәсібіндегі қаржылық- экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар туралы" қаулысына сәйкес бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1998 жылғы 15 шілдедегі N 324 V980542_ бұйрығымен бекітілген, "Қазақстан Республикасында өндірілген және әкелінген бензиннен және дизель отынынан Жол қорына алым есептеудің және төлеудің тәртібі мен ережелері туралы" Нұсқаулыққа мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      оныншы абзацтағы "Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және (немесе)" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы он үшінші, он төртінші, он бесінші абзацтармен толықтырылсын:
      "1998 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасында өндірілген

және әкелінген бензиннен және дизель отынынан алынатын алымның ставкасы 
мынадай мөлшерлерде белгіленеді:
     бензин бойынша (авиациялығын қоспағанда) - метрлік тоннасы үшін - 
2000 теңге; 
     дизель отыны бойынша - метрлік тоннасы үшін - 0 теңге;
     жиырма екінші абзацтағы "алымды төлеушілер болып оларды өндіруші 
тұлғалар саналады" деген сөздер "алымды оларды өндіретін тұлғалар ұстап 
қалады" деген сөздермен ауыстырылсын.
     
     Бірінші вице-Министр