ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. <*>
Ескерту: 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Ұлттық банкі басқармасының
2002 жылғы 16 ақпандағы N 52 қаулысымен. V021851_
2. Тіркеушілерге мынадай техникалық-технологиялық талаптар белгіленсін:
1) 2000 жылы проблемалардың туындауының алдын алатын және оның туындалуы мүмкін салдарларын төмендететін ақпараттық технологияларды пайдалану;
2) сыртқы электр көздерін пайдаланусыз, оның ішінде электрмен жұмыс істейтін құралдар мен приборларды пайдаланусыз толық қағаз технология бойынша бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімін жүргізуді және сақтауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін материалдық-техникалық ресурстардың болуы;
3) бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімін жүргізу және сақтау жүйелерімен бағалы қағаздар ұстаушылардың кемінде 5.000.000 (бес миллион) жеке шоттарын ұстап тұру;
4) бағалы қағаздар ұстаушыларының барлық тізілімде бір бағалы қағаздар ұстаушыға арналған бір жеке шот ашуға негізделген бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімін жүргізу технологиясын пайдалану. <*>
3. Тіркеушілер 1998 жылғы 01 қазанға дейінгі мерзімде өз капиталдарының мөлшерін және олардың бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімін жүргізу жөніндегі қызметін реттейтін ішкі құжаттарын қолданылып жүрген заңдарға және осы Қаулыға сәйкестендіруге міндеттелсін. <*>
3-1. Тіркеушілер өз қызметтерін (бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті реттейтін ішкі құжаттарды қоса): 1) осы Қаулының 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларының талаптарына 1999 жылғы 01 желтоқсанға дейінгі мерзімде; 2) осы Қаулының 2-тармағының 3) және 4) тармақшаларының талаптарына 2000 жылғы 01 көкекке дейінгі мерзімде сәйкес келтіруге міндеттелсін. <*> Ескерту: 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды, 3-тармаққа өзгеріс енгізілді, 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1999 жылғы 14 қазандағы N 47 қаулысымен. V990936_ 4. Осы Қаулының орындалысына бақылау жасау Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасына жүктелсін. Ұлттық комиссияның Төрағасы Ұлттық комиссияның мүшелері Оқығандар: Багарова Ж.А Икебаева А.Ж.