"Қатысушысы Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген реттерді қоспағанда тауар өндіруші тауарларды экспортқа шығаруын растаған жағдайда экспортталатын акцизделетін тауарларға акциздер салынбайды.
Акцизделетін тауарлардың экспортын растауы ретінде тауар өндіруші мыналарды ұсынады:
- шетелдік тұлғамен акцизделетін тауарларды беруге арналған келісім- шартты (шартты);
- тауар Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс экспорт режимімен акцизделетін тауарларды шығаруды жүзеге асырған кеден органының және аймағында өткізу бекеті орналасқан кеден органының белгілері бар жүк кеден декларациясын;
- тауар өтетін Қазақстан Республикасының және транзит мемлекеттердің шекара кеден органдарының белгілері мен жүктің алыс шетелдің шекарасын басып өткенін растайтын тауарды алып жүру құжаттарын;
- берілген экспорттық акцизделетін тауарлар үшін салық төлеушінің шотына ақының түскенін растайтын құжаттарды.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерге (саудада салық алу "тағайындау" принципі бойынша жүзеге асырылатын мемлекеттерді қоспағанда) экспортталатын акцизделетін тауарларға жалпы белгіленген тәртіппен акциз салынады.
Алыс-беріс шикізатынан жасалған акцизделетін және осы шикізаттың иесі немесе басқа делдалдық ұйымдар Қазақстан Республикасының шегінен тыс пайдаланатын акциздік тауарлар акциз төлеуден босатылмайды.";
3-тармақта:
бірінші азатжол мынадай редакцияда жазылсын:
"Мыналар:
- акцизделетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында өндіруші;
- акцизделетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттаушы;
- Қазақстан Республикасының аумағында құмар ойындар бизнесін жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғалар акциздерді төлеушілер болып табылады.";
мынадай мазмұндағы алтыншы азатжолмен толықтырылсын:
"Тәркіленген, иесіз және мемлекетке қайтарымсыз берілген акцизделетін тауарлар бойынша, сондай-ақ қолданылып келген заңдарға сәйкес бұрын Қазақстан Республикасының аумағында акциз төленбеген тауарлар бойынша акцизді төлеушілер аталған тауарларды бастапқы сатуды жүзеге асырушы тұлғалар болып табылады.";
4-тармақта:
13) тармақша мынадай мазмұндағы мәтінмен толықтырылсын:
"Салық салу мақсатында, зергерлік бұйымдарға - бағалы металдардан және олардың балқымаларынан жасалатын, әртүрлі әшекейлер, тұрмыстық және (немесе)көркемдік заттар ретінде қолданылатын бұйымдар және өзге де мақсаттарда, әртүрлі дәстүрлер мен салттарға арналған естелік монеталар, басқа да белгілер мен медальдар) жатады (заңды төлем құралының мәртебесі бар және эмиссиядан өткен монеталарды, мемлекеттік наградаларды, Қазақстан Республикасының және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы - мемлекеттердің заңдарымен мәртебесі белгіленген ерекшелік және айырмашылық белгілерін қоспағанда.";
9-тармақ мынадай мазмұндағы екінші азатжолмен толықтырылсын:
"Акциздеуге жататын, өзі өндірген шикізаттан акцизделетін өнімді өндірген кезде, осы шикізаттың құны немесе оның заттай көлемі салық салу объектісі болып табылады.";
11-тармақта:
мынадай мазмұндағы екінші және үшінші азатжолдармен толықтырылсын:
"Есептік кезеңде өз электр қуатын өндіретін технологиялық процесте нақты пайдаланылатынды қоспағанда электр қуатын өндіру және сату кезіндегі салық салынатын айналым электр қуатын өндірудің барлық көлемі болып табылады.
Акциздеуге жататын шикізаттан экспортқа жөнелтілетін акцизделінетін өнімдерді өндірген кезде, осы шикізаттың құны мен оның табиғи көлемі салық салынатын айналым болып табылады.";
13-тармақта:
"(өңделмеген мұнайды қоспағанда)" деген сөздердің алдына "газ
конденсатын қоса алғанда" деген сөздермен толықтырылсын; 20-тармақтың үшінші азатжолында: "толық мөлшерде" деген сөздерден кейін "оның ішінде осы өнім шығарылған өзі өндірген акцизделетін шикізат бойынша" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы мәтінмен толықтырылсын: "Осы тармақтың ережелері бойынша акциз алымы маркасының құны төленетін акциз сомасы азайтылуға қабылданбайды."; 27-тармақ мынадай мазмұндағы екінші азатжолмен толықтырылсын: "Акциздеуге жататын, өзі өндірген шикізаттан акцизделетін өнімді өндірген кезде, бұл шикізаттың акцизі осы Нұсқаулықтың 25 және 26- тармақтарында көзделген мерзімде ұқсатылған өнімді сату кезінде төленеді.". Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдістемелік кеңесінде келісілді 1998 жылғы 10 шілде N 34 хаттама