"Жинақтаушы зейнетақы қорларына, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне басшы лауазымдарға тағайындауға жататын кандидатураларды келісудің тәртібі туралы" ~V970366 Ережесіне өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ұлттық зейнетақы агенттігінің бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН 1998 жылғы 22 мамыр N 67-П Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1988 жылғы 17 шілде N 537 тіркелді

Қолданыстағы
      II-бөлім 7, 8 және 9 тармақтармен толықтырылсын:
      "7 тармақ. Қызметке кірісер алдында бірінші басшы мен бас бухгалтер (филиалдар, өкілдіктер) Ұлттық зейнетақы агенттігінің келісімінен өтуге тиіс."
      8 тармақ. Келісімді ала алмаған жағдайда Ұлттық зейнетақы агенттігіне барлық қажетті құжатты тапсырғаннан кейін ғана қордың басшылары осы Ереженің 10 тармағына сәйкес өз міндеттерін атқаруға кірісе алады.
      9 тармақ. Бас бухгалтерлік қызметке үміткер адамның бухгалтерлік еңбек өтілі 3 жылдан кем емес болуы қажет.
      7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16 тармақтары 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19 тармақтар болып саналсын.
      IV бөлім мынадай мазмұндағы 20 тармақпен толықтырылсын.
      "20 тармақ. Басшы қызметке үміткерлер біліктілік емтиханын екі реттен артық тапсыруға жіберілмейді".