Мемлекеттік нотариустардың техникалық сипаттағы ақылы қызмет көрсетулерінен түскен ақшаларды жинақтауда, жұмсауда және бөлуде қаржы тәртібін сақтау мақсатында бұйырамын:
1. Мемлекеттік нотариустардың техникалық сипаттағы ақылы қызмет көрсетулерінен түскен ақшаларды жинақтау мен жұмсау тәртібі туралы қоса беріліп отырған Ереже бекітілсін.
2. 1997 жылғы 11 маусымдағы N 38 және 1997 жылғы 6 қазандағы N 82 Бұйрықтарға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қоса алғанда, "Мемлекеттік нотариат кеңселері қызметкерлерінің ақылы қызмет көрсетулерінен алынатын ақша қаржыларын бөлу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Министрдің 1997 жылғы 13 мамырдағы N 260/24
Бұйрығының
күші жойылған деп танылсын.
Министр
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
1998 жылғы 21 мамыр N 58
бұйрығымен бекітілді
Мемлекеттік нотариустардың техникалық сипаттағы ақылы
қызмет көрсетулерінен түскен ақшаларды жинақтау мен жұмсау
тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Осы Ереже мемлекеттік нотариустардың техникалық сипаттағы ақылы қызмет көрсетулерінен (бұдан әрі - "Ақылы қызмет") түскен ақшаларды жинақтау мен жұмсауды ретке келтіру тәртібін анықтайды.
2. Техникалық сипаттағы ақылы қызметтерге мыналар жатады:
- нотариаттық іс-әрекеттер жасау жөнінде консультациялар беру;
- мәмілелер мен басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеу;
- нотариустың тікелей қызметтік міндетіне кірмейтін, мемлекеттік баж салығы белгіленбеген өзге де қызметтерді көрсету.
3. Ақылы қызметтердің көрсетілгені үшін ақша аумақтық әділет органдары беретін, қатаң есепке алынатын құжаттар бойынша қабылданып, олардың арнайы шотына аударылады.
Ақылы қызмет көрсетулерге ақы төлеу қолма-қол ақша төлеу түрінде, сондай-ақ аудару жолымен де жүргізіледі.
Ақының алынғаны туралы нотариаттық жолмен куәландырылған құжатқа белгі соғылады.
4. Ақылы қызметтердің көрсетілгені үшін алынған ақшалар нотариустар Кеңесінің шешімінен соң әділет басқармасы бастығының бекітуімен мына мөлшерде бөлінеді:
- мемлекеттік нотариат кеңселері қызметкерлерінің материалдық көтермелеу қорына - 30%;
- нотариат органдарының өндірістік даму қорына - 30%;
- аумақтық әділет органының орталықтандырылған қорына - 20%;
- әлеуметтік даму қорына - 20%.
5. Мемлекеттік нотариат кеңселері қызметкерлерінің материалдық көтермелеу қоры:
- мемлекеттік нотариустарға едәуір жоғары біліктілігі үшін, қосымша қызметтерді атқарғаны немесе жұмыста болмаған қызметкердің міндетін атқарғаны үшін лауазымдық кесімді айлықтарына қосымша ақы төлеуге;
- жұмысқа жақсы жетістіктерге жеткені, құқықтық насихатқа, әдістемелік жұмысқа, аумақтық әділет органының және нотариустар Кеңесінің тапсырмаларын орындауға белсене қатысқаны, нотариустар кеңесінің жұмысына және мемлекеттік нотариустың тікелей міндетіне кірмейтін басқа да жұмыстарға қатысқаны үшін сыйлық төлеуге жұмсалады.
6. Материалдық көтермелеу Қорының қаражатын төлеу қаражатты толық бөлу мақсатымен нотариустар Кеңесінің шешімімен жүзеге асырылады.
7. Айлық жұмыстың қорытындылары бойынша лауазымдық қызметке сыйлық пен қосымша ақы төлеу аумақтық әділет органының соңынан бекітуімен нотариустар Кеңесінің шешімімен жүргізіледі.
8. Қосымша ақының мөлшерін азайту, қосымша ақыдан, сыйлықтан айыру немесе төмендету аумақтық әділет органының соңынан бекітуімен нотариустар Кеңесінің шешімімен жүргізіледі.
Қосымша ақының мөлшерін азайту немесе айыру, сонымен қатар сыйлықтан айыру үшін мыналар негіздеме болып табылады:
- нотариустың жұмысына берілген дәлелді шағымның болуы;
- тәртіптік жазаның болуы;
- жұмыс жоспарының, аумақтық әділет органының, нотариустар Кеңесінің тапсырмаларының орындалмауы;
- құжаттарды рәсімдеу сапасының төмендігі;
- есеп беруді дер кезінде орындамауы;
- басқа шарттарды орындамауы;
- есеп беруде жалған мәліметтердің ұсынылуы.
9. Нотариаттың өндірістік даму қорының қаражаты нотариустар Кеңесінің соңынан аумақтық әділет басқармасының бастығы бекіткен шешімі бойынша қатаң түрде өзінің арнаулы мақсатына сәйкес төмендегілерге бөлінеді:
- мемлекеттік нотариат кеңселерінің ғимараттарын сатып алу, салу, қайта жаңғырту және жөндеу жөніндегі шығындарды қаржыландыруға;
- нотариат кеңселерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жабдықтарды, техникалық құралдар мен басқа да материалдық құндылықтарды сатып алуға;
- заңдық, әдістемелік және басқа да әдебиеттерді сатып алуға, мұрағаттар ісін ұйымдастыруға, нотариустардың оқуын өткізуге;
- нотариаттың басқа өндірістік мұқтаждарын қаржыландыруға.
10. Аумақтық әділет органының орталықтандырылған қорының ақшалай қаражатын бөлу мен жұмсаудың тәртібі әділет басқармасы бастығының бұйрығымен белгіленеді.
11. Әлеуметтік даму Қорының қаражаты нотариустар Кеңесінің шешімімен бөлінеді, оны соңынан аумақтық әділет органының бастығы бекітеді.
Жоғарыда аталған Қордың қаражаты:
- жыл сайынғы демалысқа қоса екі айлық лауазымдық жалақы мөлшерінде денсаулық жақсартуға жәрдемақы төлеу;
- нотариат кеңселерінің техникалық қызметкерлеріне ай сайын материалдық көмек төлеуге.
Сонымен қатар, мемлекеттік нотариустар мемлекеттік қызметкерлер болып тағайындалғанға дейін жоғарыда аталған қордан ақша мыналарға бөлінеді:
- кәмелетке толмаған балалардың демалысы үшін жолдамалар сатып алуға, бірақ әр балаға 10 000 теңгеден аспайтын мөлшерде;
- балалардың мектепке дейінгі мекемелеріне, балалардың мектептегі тамағына ақы төлеуге;
- мәдени-ағарту және дене тәрбиесі шараларын өткізуге, әлеуметтік дамудың басқа да мақсаттарына жұмсалады.
Мемлекеттік нотариустар мемлекеттік қызметкерлер мәртебесін алғаннан кейін бұл қаражаттар бюджетке міндетті төлемге аудару үшін пайдаланылады.
12. Жылдық қорытынды бойынша әлеуметтік даму Қорының қалдығы нотариустар Кеңесінің шешімі бойынша толықтай бөлінеді, шешімді аумақтық әділет органының бастығы бекітеді.
13. Жыл аяқталғаннан кейін аумақтық әділет органы жылдық есеппен бірге мына үлгі бойынша ақылы қызметтердің ақысының қорлар бойынша жұмсалғаны туралы есеп тапсырады:
__________________________________________________________________
Материалдық көтермелеу қоры
__________________________________________________________________
түсті | жұмсалды
__________________________________________________________________
| сыйлыққа | қосымша ақыға
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Өндірістік даму қоры
__________________________________________________________________
түсті | жұмсалды
__________________________________________________________________
Сомасы |сатылып | қай нотариаттық
|алынды | кеңсе үшін
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Әлеуметтік даму қоры
__________________________________________________________________
түсті | жұмсалды
__________________________________________________________________
Сомасы | әлеуметтік жұмсау| кімге қандай
| түрінің атауы | мақсатта
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Әділет басқармасының орталықтандырылған қоры
__________________________________________________________________
түсті | сомаға сатып алынды | сыйлық, жәрдемақы, материалдық
| | көмек ретінде төленді
__________________________________________________________________
14. Қорлардың қаражатының өз мақсатына жұмсалуына аумақтық
әділет органының басшысы мен нотариустар Кеңесінің Төрағасы жауап
береді.