Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2007.06.21. N 217 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы "Бухгалтерлік есеп туралы" N 2732 Заң күшіне ие Жарлығына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компания тарапынан жүргізілетін есеп-қисап және есеп беру тәртібі" 25 бухгалтерлік есеп Ережесі (стандарт) қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы Ереже (стандарт) 1998 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енетіні белгіленсін.
3. Концепция және жалпы стандарттар басқармасының бастығы Н.М.Чернова - бекітілген бухгалтерлік есеп Ережесін (стандарт), Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде бекітілген заң тәртібі бойынша тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы Департаментінің облыстық басқармаларына енгізу және бақылау бөліміне бекітілген "Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компания тарапынан жүргізілетін есеп-қисап және есеп беру тәртібі" 25-ші бухгалтерлік есеп Ережесі (стандарт) жеткізу тапсырылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуына бақылауды - Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы Департаменті директорының орынбасары - Л.Ж.Айтқожинаға жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрлігінің
Бухгалтерлік есеп және аудит
Департаментінің
1998 жылғы 16 сәуір
61 бұйрығымен бекітілген
25-ші Бухгалтерлік есеп Ережесі
(стандарт)
Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компания
тарапынан жүргізілетін есеп-қисап және есеп беру
тәртібі
25 - БЕС ___________________________________________________________________
Мақсаты және қолданылу өрісі
1. Бұл Ереже (стандарт) зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияның (бұдан былайғы жерде - Компания) есеп жүргізу және қаржылық есеп беру тәртібін анықтап-белгілейді.
2. Компания - зейнетақы қорын жинақтау жөніндегі мемлекет қарамағынан тысқары қорлардың (бұдан былайғы жерде Қор) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлға.
3. Зейнетақы активтері - Қорлар тарапынан зейнетақы төлеуді қамтамасыз етуге және оны іске асыруға арналған қаражаттар.
4. Шектеуші норматив - мемлекеттік өкілетті органдар тарапынан тағайындалатын, әрі зейнетақы активтерін басқару барысында міндетті түрде сақталуға тиісті нормативтер.
5. Компания өзінің меншігіндегі қорлар мен зейнетақы жинақтау жөніндегі мемлекет қарамағынан тысқары қорлардан басқаруға түскен зейнетақы активтерінің қозғалысын бухгалтерлік есеп стандарттарына және субъекттердің қаржылық-шаруашылық іс-әрекетіне жүргізілетін бухгалтерлік есеп шоттарының Бас жоспарына сәйкес жеке-жеке айырым жүргізеді.
6. Компанияның табысы өзінің меншігіндегі қорларды инвестициялау, зейнетақы активтерін басқару барысындағы қызметі үшін берілетін комиссиялық сыйлықтар (өкілетті органдар тағайындаған мөлшерде), зейнетақылық жарналар сомасы, зейнетақы активтерін орналастыру инвестициялық кіріс сомасы, және іс жүзіндегі Заң актілеріне қайшы келмейтін басқа да әрекеттер нәтижесіндегі табыстардан құралады, әрі олардың есеп-қисабы 5 "Кіріс" бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес жүргізіледі.
7. Компанияның шығындарына өзінің іс-әрекетін жүзеге асыру барысындағы шығындар жатады және оның есеп - қисабы 7 "Товарлы-материалдық қорлар" бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес жүргізіледі.
8. Компания өзінің меншігіндегі қорлардың ағымына қатысты қаржылық есепті 2 "Бухгалтерлік баланс және қаржы есеп берулеріндегі негізгі ашылымдар", 3 "Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп", 4 "Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есеп" аталатын бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес, және пенсиондық активтерді басқару туралы мәліметтер түсіндірме қағазында ашып көрсетіледі. Басқаруға алынған зейнетақы активтері тарапында осы стандартқа сәйкес Таза активтер туралы есеп, Таза активтердегі өзгерістер туралы есеп және Қорытынды есеп аталатын арнайы формалар енгізіледі. Бұл формалар стандартқа арналған қосымшамен қоса беріліп отыр.
9. Компанияның қаржылық есебі Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы "Бухгалтерлік есепке алу туралы" Заң күші бар N 2732 Жарлығымен бекітілген мерзімде тағайындалады. Берілген Жарлықтың 18-ші статьясының 2-ші бабында белгілеген мерзімінде, есеп берудің басқалай реттілігі, бағалы қағаздар нарығын реттейтін өкілетті орган тарапынан кемінде жылына бір рет мөлшерінде тағайындалады.
10. Компанияның меншік қоры мен міндеттемелерінің айналымдағы операцияларына пайдаланылатын активтер мен капитал қоры бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес танылып - ескеріледі.
11. Зейнеткерлік активтер инвестицияланатын бағалы қағаздар, ағымдағы құнымен бағаланады (облигациялардан басқа).
12. Компанияның іс-әрекеті жөнінде есеп беру кезеңінде барлық ақпарат бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес ашылып көрсетіледі, ал басқаруға алынған зейнетақы активтері тарапынан ашылып көрсетілуге тиістісі:
1) зейнетақы активтерін басқаруға алған қорлардың аты-жөні;
2) зейнетақы активтері орналасқан қаржылық инструменттердің енгізілген қаржының сомасы көрсетілген тізімі;
3) басқаруға алынған зейнетақы активтері жөніндегі міндеттемелердің дер кезінде орындалуын қалыптастыруды қамтамасыз ететін резервтік капиталдың сомасы.
13. Басқаруға алынған таза активтер жөніндегі есепте ашылып - көрсетілетіндері (1-қосымша);
1) инвестиция үшін нақты ақша;
2) алуға лайықталған шоттар (есептелген дивидендтер, сыйлықтар (ынталандыру));
3) мемлекеттік бағалы қағаздар;
4) мемлекеттік емес бағалы қағаздар (өкілетті орган тағайындаған тізімге сәйкес);
5) халықаралық қаржылық ұйымдардың Бағалы қағаздары (өкілетті орган тағайындаған тізімге сәйкес);
6) банктік салым сертификаттары;
7) банктердегі салымдар (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі анықтаған тізімге сәйкес);
8) басқадай инвестициялар;
9) Компанияның зейнетақы активтері жөніндегі міндеттемелері, оның ішінде:
Қордың төлем талаптары;
жалпы және әкімшілік шығындар;
10) басқаруға алынған таза зейнетақы активтері.
14. Басқаруға алынған таза активтердегі өзгерістер жөніндегі есепші үш тараудан тұрады (2-қосымша). Оның "Кіріс" атты тарауында сыйлық (ынталандыру) және дивидендтер ретінде төмендегілерден түскен кіріс ашылып-көрсетілуі тиіс:
- мемлекеттік бағалы қағаздардан;
- мемлекеттік емес бағалы қағаздардан (өкілетті орган тағайындаған тізімге сәйкес);
- халықаралық қаржылық ұйымдардың бағалы қағаздарынан (өкілетті орган тағайындаған тізімге сәйкес);
- банктік салым сертификаттарынан;
- банктердегі салымдардан (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі анықтаған тізімге сәйкес);
- Активтерді сатудан түскен кіріс (шығын);
- Актив бағасының өсуі (кемуі);
- Басқадай кіріс (шығын); "Шығындар" тарауында жалпы және әкімшілік шығындар және басқадай шығындар ашып көрсетіледі. "Басқадай өзгерістер" тарауында төмендегілер ашып көрсетіледі.
- Басқаруға алынған зейнетақы активтері;
- Қаржы аудару (Қордың талабына сәйкес);
- таза активтердегі өзгерістер;
- жыл басындағы таза активтер;
- жыл аяғындағы таза активтер.
15. Қорытынды есеп пайдаланушыларға Компанияның қолма-қол ақшасы, бағалы қағаздары, негізгі қорлары басқалай активтері, меншігіндегі және резервтегі капиталдары, ағымдағы және басқа да міндеттемелері туралы ақпарат беру үшін жасалады (N 3 қосымша).
Осы есеп беруге байланысты төмендегі көрсеткіштердің есебі жасалады:
1) Компанияның меншігіндегі капиталдарының Компания активтері және басқаруға алынған активтер тарапына салыстырмалы ара қатынасы; 2) резервтегі капиталдардың басқаруға алынған зейнетақылық активтер сомасына проценттік қатынасы;
3) Компанияның комиссиялық сыйақысының сомасы және Компанияның таза табысына қатысты комиссиялық сыйақының проценті.
16. Осы бухгалтерлік есеп Ережесі (стандарт) 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз күшіне енеді.
Таза активтер жөніндегі есеп
Зейнетақы активтерін басқаруға алған компанияның аты-жөні
...........................................................................
Мекен-жайы: ..............................................................
...........................................................................
199 жылға (күні, айы, жылы)
Өлшем бірлігі мың теңге
|
_________________________________________________________________________
| Жол | Жыл | Есеп
| Баптық атауы | N |басынан|беру мер.
| | | бері | зімінде
|_________________________________________________|_____|_______|_________|
| 1 | 2 | 3 | 4
|_________________________________________________|_____|_______|_________|
|Инвестицияға арналған нақты ақша | 010 | |
|_________________________________________________|_____|_______|_________|
|Алуға лайықталған шоттар (есептелген дивидендтер,| | |
|сыйлықтар ынталандыру) | 020 | |
|_________________________________________________|_____|_______|_________|
|Мемлекеттік бағалы қағаздар | 030 | |
|_________________________________________________|_____|_______|_________|
|Мемлекеттік емес бағалы қағаздар (өкілетті орган | | |
|тағайындаған тізімге сәйкес) | 031 | |
|_________________________________________________|_____|_______|_________|
|Халықаралық қаржылық ұйымдардың бағалы қағаздары | | |
|(өкілетті орган тағайындаған тізімге сәйкес) | 032 | |
|_________________________________________________|_____|_______|_________|
|Банктік салым сертификаттары | 033 | |
|_________________________________________________|_____|_______|_________|
|Банктердегі салымдар (Қазақстан Республикасы | | |
|Ұлттық Банкі анықтаған тізімге сәйкес) | 034 | |
|_________________________________________________|_____|_______|_________|
|Басқадай инвестициялар | 035 | |
|_________________________________________________|_____|_______|_________|
|Активтердің жиынтығы | 040 | |
|_________________________________________________|_____|_______|_________|
|Міндеттемелер | | |
|_________________________________________________|_____|_______|_________|
|оның ішінде: | | |
|_________________________________________________|_____|_______|_________|
|Қордың төлем талаптары | 050 | |
|_________________________________________________|_____|_______|_________|
|жалпы және әкімшілік шығындар | 051 | |
|_________________________________________________|_____|_______|_________|
|Міндеттемелер жиынтығы | 060 | |
|_________________________________________________|_____|_______|_________|
|Басқаруға алынған таза зейнетақы активтері | | |
|(040 - жол, 060 - жол) | 070 | |
|_________________________________________________|_____|_______|_________|
Басшы Бас бухгалтер
Таза активтердегі өзгерістер жөніндегі есеп
Зейнетақы активтерін басқаруға алған компанияның аты-жөні
...........................................................................
Мекен-жайы: ..............................................................
...........................................................................
199 жылға (күні, айы, жылы)
Өлшем бірлігі мың теңге
_________________________________________________________________________
| | Жол | Жыл |Есеп
Баптық атауы | N |басынан|беру мер.
| | | бері | зімінде
|_________________________________________________|_____|_______|_________|
| 1 | 2 | 3 | 4 |
|_________________________________________________|_____|_______|_________|
|1. Табыс | | |
|_________________________________________________|_____|_______|_________|
|Сыйлық (ынталандыру), дивидендтер | | |
|_________________________________________________|_____|_______|_________|
|Мемлекеттік бағалы қағаздардан | 010 | |
|_________________________________________________|_____|_______|_________|
|Мемлекеттік емес бағалы қағаздардан (өкілетті | | |
|орган тағайындаған тізімге сәйкес) | 011 | |
|
|_________________________________________________|_____|_______|_________|
|Халықаралық қаржылық ұйымдардың бағалы қағаздары.| | |
|нан (өкілетті орган тағайындаған тізімге сәйкес) | 012 | |
|_________________________________________________|_____|_______|_________|
|Банктік салым сертификаттарынан | 013 | |
|_________________________________________________|_____|_______|_________|
|Банктердегі салымдардан (Қазақстан Республикасы | | |
|Ұлттық Банкі анықтаған тізімге сәйкес) | 014 | |
|_________________________________________________|_____|_______|_________|
|Активтерді сатудан түскен табыс (шығын) | 015 | |
|_________________________________________________|_____|_______|_________|
|Актив бағасының өсуі (кемуі) | 016 | |
|_________________________________________________|_____|_______|_________|
|Басқадай кіріс (шығын) | 017 | |
|_________________________________________________|_____|_______|_________|
|Барлық табыстар жиынтығы | 020 | |
|_________________________________________________|_____|_______|_________|
|2. Шығындар | | |
|_________________________________________________|_____|_______|_________|
|Жалпы және әкімшілік шығындары | 030 | |
|_________________________________________________|_____|_______|_________|
|Басқадай шығындар | 031 | |
|_________________________________________________|_____|_______|_________|
|Барлық шығындар жиынтығы | 040 | |
|_________________________________________________|_____|_______|_________|
|3. Басқадай өзгерістер | | |
|_________________________________________________|_____|_______|_________|
|Басқаруға алынған зейнетақы активтері | 050 | |
|_________________________________________________|_____|_______|_________|
|Қаржы аудару (Қордың талабына сәйкес) | 051 | |
|_________________________________________________|_____|_______|_________|
|Таза активтердегі өзгерістер | 060 | |
|_________________________________________________|_____|_______|_________|
|Жыл басындағы таза активтер | 070 | |
|_________________________________________________|_____|_______|_________|
|Жыл аяғындағы таза активтер | 080 | |
|_________________________________________________|_____|_______|_________|
Басшы Бас бухгалтер
Қорытынды есеп
Зейнетақы активтерін басқаруға алған компанияның аты-жөні
...........................................................................
...........................................................................
Мекен-жайы: .............................................................
199 жылға (күні, айы, жылы)
Өлшем бірлігі мың теңге
_________________________________________________________________________
| | Жол |
| Баптық атауы | (N) | Сомасы
|______________________________________________________|_______|__________|
| 1 | 2 | 3
|______________________________________________________|_______|__________|
|Қолма-қол ақша | 010 |
|______________________________________________________|_______|__________|
|Негізгі қорлар | 020 |
|______________________________________________________|_______|__________|
|Инвестициялар | 030 |
|______________________________________________________|_______|__________|
|Басқадай активтер | 040 |
|______________________________________________________|_______|__________|
|Резерв капиталының активтері | 050 |
|______________________________________________________|_______|__________|
|Барлық активтер | 060 |
|______________________________________________________|_______|__________|
|Меншік капитал | 070 |
|______________________________________________________|_______|__________|
|оның ішінде; бөлінбеген табыс | 071 |
|______________________________________________________|_______|__________|
|Ағымдағы міндеттемелер | 080 |
|______________________________________________________|_______|__________|
|Басқадай міндеттемелер | 090 |
|______________________________________________________|_______|__________|
|Резерв капиталының міндеттемелері | 100 |
|______________________________________________________|_______|__________|
|Барлық капитал және міндеттемелер | 110 |
|______________________________________________________|_______|__________|
Басшы Бас бухгалтер