Біліктілік емтиханын тапсыру сот сараптамасы ісін жүргізуді іс жүргізу заңдары және сот сараптамасы аумағында қазіргі ғылыми жетістіктер талабына сәйкес жоғарғы кәсіби деңгейді қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Сот сарапшысының біліктілігінің болуы аттестациядан өту мен сот-сараптама қызметімен шұғылдану құқығына лицензия алудың міндетті негізі болып табылады.
2. Сот сарапшысының біліктілігі сарапшылық мамандықтардың тізбесіне сәйкес сарапшылық мамандықтар бойынша беріледі (1 қосымша).
3. Сот сарапшысының біліктілігі сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын адамдарға да, сондай-ақ Қазақстан Республикасы "Сот сараптамасы туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағының талаптарын орындайтын және сарапшыларды дайындаудың типтік бағдарламалары негізінде сот сараптамасы аумағында тиісті дайындықтан өткеннен басқа да адамдарға беріледі.
Арнайы ғылыми білім-біліктің қажетті көлемін игеру Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Сот сараптамасы орталығы базасында оқу немесе жеке өз бетімен дайындалу негізінде жүзеге асырылады.
4. Сот сарапшысы біліктілігін Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Сот сараптамасы орталығы жанындағы біліктілік комиссиясы береді, оның құрамын Қазақстан Республикасының Әділет Министрі бекітеді. Біліктілік комиссиясының құрамына: Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Сот сараптамасы орталығының директоры, оның орынбасары, Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Сот сараптама орталығының ғылыми- өндірістік бөлімдерінің меңгерушілері, ізденушілердің кәсіби дайындық басшылары, Қазақстан Республикасы ІІМ оперативтік-криминалистік Бас басқармасының өкілі кіреді.
5. Біліктілік комиссиясының қызметі мен материалды ресімдеу тәртібі "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы жанындағы біліктілік комиссиясы қызметінің тәртібі туралы" Нұсқауына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Сот сарапшысы біліктілігін беру туралы мәселе ізденушіні дайындаған Әділет Министрлігі Сот сараптамасы орталығының құрылымдық бөлімшелер басшыларының ұсынысы бойынша біліктілік комиссиясында қаралады.
7. Біліктілік комиссиясының жұмыс нәтижелері бойынша сот сарапшысы біліктілігін беру туралы шешім қабылданады.
8. Біліктілік комиссиясы сот сарапшысы біліктілігін беру үшін жеткілікті негіз жоқ деп тапса, онда комиссия шешімінде оң шешім қабылдауға бөгет болып отырған себептер көрсетілуі керек.
9. Біліктілік берілмеген жағдайда біліктілікті беру туралы мәселені қарауға үш ай мерзім өткеннен кейін рұқсат етіледі.
10. Біліктілік комиссиясының сот сарапшысы біліктілігін беруден бас тарту туралы шешіміне Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігіне шағымдануға болады.
11. Біліктілік комиссиясының шешіміне сәйкес сот сарапшысы біліктілігін алған ізденушіге белгіленген нысандағы "Сот сарапшысы біліктілігін беру туралы куәлік" беріледі (2-қосымша).
12. Сот сарапшысы біліктілігі бар және қосымша мамандық алған адамға біліктілік комиссиясының шешімімен жаңадан алған мамандығы бойынша сот сарапшысы біліктілігі беріледі.
Бірнеше сарапшылық мамандықтар бойынша біліктілік емтиханын тапсырған ізденушіге біліктілік барлық сарапшылық мамандықтар бойынша бір мезгілде беріледі.
13. Сот сарапшысының біліктілігі 5 жыл мерзімге беріледі.
14. Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Сот сараптамасы орталығының қызметкерлері өздерінің біліктілігін жұмыс істейтін орындарындағы қызмет лауазымына сәйкес аттестациядан өту арқылы растайды.
15. Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Сот сараптамасы орталығының қызметкерлері болып табылмайтын адамдар өздерінің біліктілігін біліктілік емтиханын қайта тапсыру арқылы растайды.
16. Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Сот сараптамасы орталығы сарапшысының біліктілігінен айыру оның кезекті аттестацияда өз
қызмет лауазымына лайықты емес деп танылуы болып табылады. Сот сараптамасы органының қызметкері болып табылмайтын адамның сарапшы біліктілігінен айыру біліктілік емтиханын қайта тапсыру кезінде біліктілік комиссиясының "лайықсыз" шешім қабылдауы жағдайында жүргізіледі.
17. Адамды сарапшы біліктілігінен айыру туралы шешімді біліктілік комиссиясы шығарады. Сот сарапшысы біліктілігін беру туралы куәлік алынады және бұл жөнінде біліктілік комиссиясына хабарланады.
Қосымша 1 <*>
Ескерту: 1 қосымшаның күші жойылды - ҚР Әділет министрлігінің
1999 жылғы 14 маусымдағы N 44 бұйрығымен. V990861_ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы Орталығында жүргізілетін сараптамалар мен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі біліктілік дәрежесін бекітетін сарапшылық мамандықтары түрлерінің Тізбесі --------------------------------------------------------------------------- N ! Сараптама түрлері ! Сарапшылық мамандықтар ! Мамандықтар ! ! ! шифрі --------------------------------------------------------------------------- 1 Құжаттардың сот сараптамасы Қол жазуы мен қолтаңбаны 1.1 сот-сараптамалық зерттеу Құжаттарды сот-техникалық 1.2 зерттеу Соттық-автортану зерттеу 1.3 --------------------------------------------------------------------------- 2 Соттық-портреттік сараптама Сот-сараптама габитологиялық зерттеу 2.1 --------------------------------------------------------------------------- 3 Соттық видеофоноскопиялық Соттық сараптамалық 3.1 сараптама видеофоноскопиялық зерттеу --------------------------------------------------------------------------- 4 Соттық-фототехникалық Соттық-сараптама фототехни- 4.1 сараптама калық зерттеу --------------------------------------------------------------------------- 5 Соттық трасологиялық сараптама Соттық-трасологиялық зерттеу 5.1 --------------------------------------------------------------------------- 6 Соттық баллистикалық сараптама Сот-сараптамалық зерттеу 6.1 --------------------------------------------------------------------------- 7 Материалдар мен бұйымдардың Лакты бояу, төсенішпен 7.1 сот сараптамасы полимер материалдарын сот- сараптамалық зерттеу Мұнай өнімдерімен материал- 7.2 дарын сот-сараптамалық зерттеу Металдар мен қорытпаларды 7.3 сот-сараптамалық зерттеу Топырақты сот-сараптамалық 7.4 зерттеу Талшықтық материалдарды 7.5 және олардан жасалған бұйымдарды сот-сараптамалық зерттеу Спирттік сұйықтарды 7.6 сот-сараптамалық зерттеу Химиялық арнайы заттарды 7.7 сот-сараптамалық зерттеу --------------------------------------------------------------------------- 8 Жол-көлік оқиғалары және көлік Жол-көлік оқиғаларын 8.1 құралдарының сот сараптамасы сот-сараптамалық зерттеу Көлік-трасологиялық сот- 8.2 сараптамалық зерттеу Көлік құралдарын сот- 8.3 сараптамалық зерттеу --------------------------------------------------------------------------- 9 Экономикалық сот сараптамасы Шаруашылық операцияларын 9.1 сот-сараптамалық зерттеу Бухгалтерлік сот-сараптамалық 9.2 зерттеу Қаржы-несиелік сот- 9.3 сараптамалық зерттеу Экономикалық-құқықтық сот- 9.4 сараптамалық зерттеу Қаржылық-бюджеттік сот- 9.5 сараптамалық зерттеу --------------------------------------------------------------------------- 10 Тауартану сот сараптамасы Азық-түлікке жатпайтын 10.1 тауарларды тауартану сот- сараптамалық зерттеу Азық-түлік тауарларын 10.2 тауартану сот-сараптамалық зерттеу Автотауартану сот-сарапта- 10.3 малық зерттеу Құрылыстық-тауартану сот- 10.4 сараптамалық зерттеу --------------------------------------------------------------------------- 11 Құрылыс сот сараптамасы Үйлер мен ғимараттарды 11.1 құрылыс-экономикалық сот- сараптамалық зерттеу Үйлер мен ғимараттарды 11.2 құрылыс-техникалық сот- сараптамалық зерттеу --------------------------------------------------------------------------- 12 Технологиялық сот сараптамасы Технологиялық сот-сарапта- 12.1 малық зерттеу Компьютерлік технологиялық 12.2 құралдарды сот-сараптамалық зерттеу --------------------------------------------------------------------------- 13 Өрт-техникалық сот сараптамасы Өрт жағдайларын сот-сарапта-13.1 малық зерттеу --------------------------------------------------------------------------- 14 Жарылыстехникалық сот Жарылыс жағдайларын сот- 14.1 сараптамасы сараптамалық зерттеу --------------------------------------------------------------------------- 15 Есірткі құралдары, психотроп- Есірткі құралдары, психо- 15.1 тық заттар мен прекурсорлардың троптық заттар мен прекурсор- сот сараптамасы ларды сот-сараптамалық зерттеу --------------------------------------------------------------------------- 16 Биологиялық сот сараптамасы Биологиялық сот-сараптамалық 16.1 зерттеу Дәрі-дәрмектік биологиялық 16.2 айғақ заттарды сот-сараптамалық зерттеу --------------------------------------------------------------------------- 17 Адам психикасының және Психиатриялық сот-сарапта- 17.1 психофизиологиялық процестері- малық зерттеу нің сот сараптамасы Психологиялық сот-сарапта- 17.2 малық зерттеу Психикалық-психиатриялық сот-17.3 сараптамалық зерттеу Психиялық-криминалистік сот- 17.4 сараптамалық зерттеу Инженерлік-физиологиялық сот-17.5 сараптамалық зерттеу --------------------------------------------------------------------------- Ескерту: Осы тізбенің Қазақстан Республикасының сот ісін жүргізу мүмкіндігі ескере отырып одан әрі кеңейтілуі мүмкін. 2 қосымша Сот сараптамасы біліктілігін беру туралы куәліктің үлгісі ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ N ___ КУӘЛІК _____________________________________________ _____________________________________________ квалификациялық комиссияның 199 __ жылғы "_______"_____________________ шешімімен _____________________________________________ _____________________________________________ _____________________________________________ мамандығы бойынша сот сарапшысы квалификациясы берілді. КВАЛИФИКАЦИЯЛЫҚ М.О. КОМИССИЯНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ХАТШЫСЫ Алматы қаласы "__"_______199_ ж. Тіркеу N __ Куәлікті сипаттау Сот сарапшысы біліктілігін беру туралы куәлік баспа тәсілімен дайындалады, ол 9,9 х 13,25 см көлемдегі бланк қағазы. Қағаздың ішкі жағында: баспа мәтіндер мен сызықтар, қара түсті бояу мен орындалған баспа мәтіндер мен сызықтар, қара түсті бояу мен орындалған баспа мәтіндер мен сызықтар; сұрғылт-көгілдір түсті бояумен орындалған екі Қазақстан Республикасы елтаңбасының бейнесі; көгілдір түсті бояумен орындалған сызықтардан тұратын қорғану торлары.