Еңбекті қорғау саласындағы мамандарды қайта даярлаудың және олардың біліктілігін көтерудің тәртібі туралы Ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және Халықты әлеуметтік Қорғау Министрлігі БҰЙРЫҚ 1998 жылғы 18 ақпан N 24п Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 24 наурыз N 492 тіркелді

Қолданыстағы
      "Еңбекті қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес және еңбекті қорғау саласындағы мамандардың біліктілігін одан әрі арттыру мақсатында бұйырамын:
      1. Еңбекті қорғау саласындағы мамандарды қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың тәртібі туралы Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Білім комитетімен келісілген Ереже бекітілсін.
      2. Облыстардың, Ақмола және Алматы қалаларының еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау басқармаларының бастықтары:
     осы Ереженің меншік және шаруашылықты жүргізу нысандарына қарамастан 
ұйымдарға жеткізілуін қамтамасыз етсін;
     ұйымдардың осы Ережені сақтауына бақылау орнатсын.
     
     Министр
     
                       Еңбекті қорғау саласындағы
          мамандарды қайта даярлаудың және біліктілігін көтерудің 
                          тәртібі туралы ережеге
                         АНЫҚТАМАЛЫҚ-НЕГІЗДЕМЕ
     


      Еңбекті қорғау саласындағы мамандарды даярлаудың және біліктілігін көтерудің тәртібі туралы Ережені Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау басқармасы "Еңбекті қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына және "Қазақстан Республикасының экономика саласындағы еңбекті қорғау және еңбек жағдайын жақсарту жөніндегі 1997-2000 жылдарға арналған басты бағыттары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 қаңтардағы N 89 P9700089 9 қаулысына сәйкес әзірлеген.
      Соңғы уақыттардағы түбегейлі өзгерістер еңбекті қорғау саласында мамандарды қайта даярлауды жетілдіруде және олардың біліктілігін көтеруде нарық мұқтажын бейнелейтін нақты талаптарды белгілеп отыр.
      Оқытудың ұсынылып отырған әдісі - бұл экономикадағы құрылымдық өзгерістерден, жұмыспен қамтудың жедел өзгеріп отырған жағдайларынан, кадрларды қайта даярлаудың күннен күнге өсіп отырған ауқымынан туындаған кадрларды кәсіптік даярлаудағы перспективалық бағыттар.
      Еңбекті қорғау саласындағы кадрларды қайта даярлау және біліктілігін көтеру жүйесіне ұйымдастыру-әдістемелік басшылықты Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Білім комитетімен, сондай-ақ олардың жер-жерлердегі құрылымдық бөлімшелерімен

бірлесе отырып жүзеге асырады.
     Осы Ереженің күші меншік және шаруашылықты жүргізу нысандарына 
қарамастан ұйымдарға еңбекті қорғау саласындағы мамандарды даярлау және 
біліктілігін көтеру жүйесін ұйымдастырған кезде қолданылады.
     
     Еңбекті қорғау басқармасының
               бастығы
     
     КЕЛІСІЛГЕН                                        БЕКІТІЛГЕН
     Қазақстан Республикасының                 Қазақстан Республикасының
     Білім, мәдениет және денсаулық          Еңбек және халықты әлеуметтік
     сақтау министрлігінің                        қорғау министрлігінің 
     Білім комитеті                                     бұйрығымен
     1998 ж. 2 ақпан N                             1998 ж.18 ақпан N 24п
     
                              Еңбекті қорғау саласындағы
          мамандарды қайта даярлаудың және олардың біліктілігін көтерудің 
                                    тәртібі туралы 
                                        ЕРЕЖЕ                    
     
     1. Жалпы ережелер
     
     1.1.  Осы Ереже "Еңбекті қорғау саласындағы мамандарды даярлау, қайта 

даярлау және олардың біліктілігін көтеру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 10 мамырдағы N 493 P940493_ қаулысын орындау үшін және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің еңбекті қорғау саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін көтеру мәселелеріндегі жұмысын үйлестіру мақсатында әзірленді.
      1.2. Осы Ереженің күші министрліктерде: комитеттерде, өзге де орталық және жергілікті атқару комитеттерінде, ұйымдарда, меншік және шаруашылықты жүргізу нысандарына қарамастан заңды және жеке тұлғаларда еңбекті қорғау саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін көтеру жүйесін ұйымдастырған кезде қолданылады.
      2. Басты міндеттері
      Еңбекті қорғау саласындағы мамандарды оқыту жүйесінің басты міндеттері:
      2.1. "Еңбекті қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес қызметі лауазымы жағынан ұйымдардың қызметкерлерінің еңбегін қорғаумен байланысты еңбекті қорғау саласындағы қызметкерлерді қайта даярлау және олардың біліктілігін көтеру;
      2.2. Қызметкерлердің еңбекті қорғау және еңбек жағдайлары жөніндегі заңдық, нормативтік, құқылық актілерді, ережелерді, стандарттарды және басқа да құжаттарды, еңбекті қорғау саласындағы отандық және шетелдік тәжірибелерді, өндірістегі жазатайым жағдайлар мен кәсіптік аурудың алдын алудың тиімді әдістерін оқып үйренуін ұйымдастыру болып табылады.
      3. Еңбекті қорғау саласындағы кадрларды қайта даярлау мен олардың біліктілігін көтеру жүйесін басқару
      3.1. Еңбекті қорғау саласындағы кадрларды қайта даярлаудың және олардың біліктілігін көтерудің жүйесіне ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Білім комитетімен келісе отырып Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, сондай-ақ олардың жер-жерлердегі құрылымдық бөлімшелері жүзеге асырады.
      3.2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

министрлігі:
     еңбекті қорғау саласындағы мамандарды оқыту үшін қажетті құқылық және 
нормативтік базаларды құрады;
     еңбекті қорғау саласындағы салааралық және салық оқу бағдарламаларын 
бекітеді;
     еңбекті қорғау саласындағы мамандарды оқыту жөніндегі бүкіл аймақтық 
мекемелердің жұмысын үйлестіреді;
     оқытудың сапасына бақылау жасайды.
     
     4. Еңбекті қорғау саласындағы мамандарды қайта даярлаудың және олардың
        біліктілігін көтерудің жүйесі
     


      4.1. Еңбекті қорғау саласындағы мамандарды қайта даярлау жоғары оқу орындарында арнайы факультеттерде олардың бұрынғы жоғары білімі бойынша жүзеге асырылып, оларға "еңбекті қорғау инженері" немесе "еңбекті қорғау менеджері" атағы беріледі.
      Тыңдаушылардың біліктілігін көтеру республикалық, салалық, салааралық және аймақтық біліктілігін көтеру орталықтарында жүзеге асырылады.
      4.2. Еңбекті қорғау саласындағы мамандарды оқытуға тиісті мекеме қызметтің осы түріне ұйымдардың басшылары мен мамандарын еңбекті қорғау жөнінде оқытуға және олардың білімін тексеруге рұқсат берудің тәртібіне сәйкес лицензия алғанда рұқсат етіледі.
      4.3. Еңбекті қорғау саласындағы мамандарды оқытудың нысаны мен оның ұзақтығы тапсырыс жасаушының келісімі негізінде, оқытудың мақсаты мен міндетіне, оқытылатындардың санатына, олардың кәсіптік деңгейіне және басқа да факторларға сүйене отырып белгіленеді.
      4.4. Білім беру мекемесінің оқу-өндірістік базасы еңбекті қорғау саласындағы тыңдаушыларды даярлауға және олардың білімін бағалауға қажетті кешенді техникалық және бағдарламалық құралдармен жарақтандырылуға тиіс.
      4.5. Оқыту жүйесінде сабақтардың мынадай басты түрлері: лекциялар, лабораториялық және практикалық сабақтар, семинарлар, іскер ойындар, консультациялар, тыңдаушылардың дербес сабақтары, түрлі меншік және шаруашылық нысандарындағы ұйымдарға бару көзделеді.

      5. Білім беру мекемелерінің құқылары мен міндеттері

      5.1. Қайта даярлау және біліктілігін көтеру жүйесінің мекемелері:
      бүкіл министрліктердің, ведомстволардың және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілердің еңбекті қорғау саласындағы мамандарды даярлауға мұқтаждығын қанағаттандыруға;
      тыңдаушыларға еңбекті қорғау саласындағы отандық және шетелдік жетістіктерді үйретуді ұйымдастыруға;
      оқытудың нысандары мен түрлерін жетілдіріп, дамытуға;
      оқытушылар құрамының кәсіптік деңгейін арттыруға міндетті.
      5.2. Қайта даярлау және біліктілігін көтеру жүйесінің мекемелері:
      тыңдаушыларды оқытудың қорытындысы бойынша аттестаттауға және ол бойынша оларға тиісті біліктілік құжатын: оқытудың бағдарламасы мен ұзақтығына қарай куәлік (сертификат) немесе куәлік беруге;
      еңбекті қорғауға мемлекеттік бақылау және қадағалау жасайтын мамандарды оқыту және аттестация жүргізуге тартуға;
      ұйымдарға және басқа да шаруашылық субъектілеріне, сондай-ақ жеке адамдарға еңбекті қорғау саласындағы қызметкерлерді оқыту және олардың біліктілігін көтеру мәселелері бойынша ақылы консультациялық және өзге де көмек көрсетуге құқылы.

      6. Біліктілігін көтеру және қайта даярлау мекемелерінің тыңдаушылары

      6.1. Қайта даярлау және біліктілігін көтеру мекемелеріне ұйымдардың басшылары мен мамандары қатарынан жоғары, орта арнаулы және жалпы орта білімі бар мамандар жіберіледі.
      6.2. Оқытудың бағасын білім беру мекемесі тапсырыс жасаушының келісімімен белгілейді.
      6.3. Оқыту орталықтарының тыңдаушылары:
      өндірісте жарақат алудың, кәсіптік ауруға шалдығудың алдын алу және өндірістіктің нақты жағдайларында еңбекті қорғауды ұйымдастыру саласындағы өздерінің кәсіби білімдерін, дағдылары мен іскерліктерін жетілдіруге;
      оқу бағдарламасында көзделген жұмыстарды уақытында және толық көлемінде орындауға;
      мекеменің оқу процесінің және ішкі тәртібінің талаптарын қатаң

орындауға міндетті. Оқу жоспарын орындамаған, сондай-ақ ішкі тәртіп 
ережелерін өрескел бұзған жағдайда тыңдаушы мекеме басшысының бұйрығымен 
оқудан шығарылып, оған тиісінше оқудан шығарудың себептері көрсетілген 
анықтама қағазы беріледі.
     6.4. Институттардың, факультеттер мен курстардың тыңдаушылары:
     оқу процесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасауға;
     оқу орнының барлық оқу және қосалқы-оқу бөлмелерін, оларда бар 
нормативтік, нұсқамалық, оқу және оқу-әдістемелік құжаттамаларын, 
сондай-ақ келісімнің шарты белгіленген тәртіпте басқа да қызметтерді 
пайдалануға құқылы.
     
     
    
оқығандар:
     
     Багарова Ж.А.
     Икебаева А.Ж.