Түзеу қылмыстық-атқарушылық жүйесiнiң мекемелерi бастықтарының өсиеттер мен сенiмхаттарды куәландыру тәртiбi туралы НҰСҚАУЛЫҚ

Қазақстан Республикасының Әдiлет министрiнiң 1998 жылғы 22 қаңтар N 18 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 25 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 472. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 4 қарашадағы N 325 (V043191) бұйрығымен.

Күшін жойған

      1. "Түзеу қылмыстық-атқарушылық жүйесiнiң мекемелерi бастықтарының өсиеттер мен сенiмхаттарды куәландыру тәртiбi туралы" осы Нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) нотариалдық түрде куәландырылған құжаттарға теңестiрiлген сенiмхаттар мен өсиеттердi лауазымды адамдардың куәландыру тәртiбi мен ережелерiн айқындайды. 
      2. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 167-бабына, Қазақ КСР Азаматтық кодексiнiң 538-бабына және Қазақстан Республикасының "Нотариат туралы" Заңының 37-бабына сәйкес түзеу қылмыстық-атқарушылық жүйесi мекемелерiндегi адамдардың түзеу қылмыстық-атқарушылық жүйесiнiң бастықтары куәландырған өсиеттерi мен сенiмхаттары нотариалдық түрде куәландырылған құжаттарға теңестiрiледi. 
      3. Осы Нұсқаулықта қолданылған негiзгi терминдер мен анықтамалар: 
      1) ӨСИЕТ - қайтыс бола қалған жағдайда азаматтың өзiне тиiстi мүлiктi тағайындаған мұрагерiне заңда көзделген үлгiде беруi жөнiндегi өкiмi; 
      2) ӨСИЕТ ҚАЛДЫРУШЫ - өзiне тиiстi мүлiктi өлген жағдайда мұрагерiне беру туралы өкiм берушi адам; 
      3) СЕНIМХАТ - бiр адамның (сенiм бiлдiрушi) өз атынан iс-әрекет жасау үшiн екiншi бiр адамға (сенiм бiлдiрiлген адамға) жазбаша сенiм бiлдiруi; 
      4) СЕНIМ БIЛДIРУШI - өз атынан сенiмхат берушi адам; 
      5) СЕНIМ БIЛДIРIЛГЕН АДАМ - сенiм бiлдiрушiнiң мүддесiн бiлдiрушi адам; 
      6) КУӘЛАНДЫРУ ЖАЗБАСЫ - құжаттың куәландырылу немесе құжатты беру күнiн, құжатты куәландырған адамның тегiн, нотариалдық iс-әрекеттiң жасалу орнын, жасалған iс-әрекеттiң атауын, нотариалдық iс-әрекеттiң реестрде тiркелу туралы мәлiметтерiн, нотариалдық iс-әрекеттер жасауға өкiлеттiк берілген адамның қойған қолын, мөрдiң бедерлемесiн көрсетумен нотариалдық iс-әрекеттер жасауға өкiлеттi адамның нотариалдық iс-әрекеттердiң жасалған фактiсiн куәландыратын жазбасы; 
      7) ӘРЕКЕТ ҚАБIЛЕТТIЛIГI - азаматтың өз әрекеттерiмен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзi үшiн азаматтық мiндеттер жасап, оларды орындауға қабiлеттiлiгi; 
      8) ӘРЕКЕТ ҚАБIЛЕТТIЛIГI ШЕКТЕЛГЕН АЗАМАТ - спирт iшiмдiктерiне немесе есiрткi заттарға салыну салдарынан өзiнiң отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан және белгiленген заң тәртiбi бойынша сот арқылы әрекет қабiлеттiлiгi шектелген азамат; 
      9) ҚАМҚОРШЫ - әрекет қабiлеттiлiгi жоқ немесе әрекет қабiлеттiлiгi шектелген кәмелетке толған адамдардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау жөнiндегi мiндеттi мемлекет жүктеген адам. 
      4. Түзеу қылмыстық-атқарушылық жүйесiнiң мекемелерiндегi мүдделi адамдардың ауызша өтiнiштерi бойынша сенiмхаттар мен өсиеттер куәландырылады. 
      5. Түзеу қылмыстық-атқарушылық жүйесi мекемелерiнiң бастықтары өздерi куәландырған сенiмхаттар мен өсиеттердiң құпиялығын сақтаулары тиiс. Өсиет мазмұны ешкiмге де, соның iшiнде өсиетте аты көрсетiлген адамға да хабарланбайды. 
      Сенiмхаттың бар болуы немесе оның мазмұны туралы анықтама тапсырыс бойынша сенiмхат куәландырылған, не оның өкiлдiгiне ие болған адамға ғана берiледi. 
      Өсиеттiң барлығы және оның мазмұны туралы анықтама өсиет қалдырушы қайтыс болып, оның өлгенi туралы куәлiк ұсынылғанынан кейiн ғана берiледi. 
      Куәландырылған сенiмхаттар мен өсиеттер туралы мәлiметтер сот, прокуратура, сондай-ақ тергеу және алдын-ала анықтау органдарының жазбаша талаптары бойынша олардың өндiрiсiндегi қылмыстық және азаматтық iстер бойынша берiледi. 
      6. Куәландырылған сенiмхаттар мен өсиеттердiң құпиялығын сақтау ережесi, сондай-ақ қызмет бабы бойынша немесе мiндеттердiң орындалуына байланысты куәландырылған сенiмхат пен өсиет белгiлi болған адамдарға да тарайды. 
      7. Түзеу қылмыстық-атқарушылық жүйесi мекемелерiнiң бастықтары, сондай-ақ қызметтiк мiндеттi орындауға байланысты куәландырылған сенiмхаттар мен өсиеттер белгiлi болған адамдар куәландырылған құжаттар құпиясын қасақана ашқан жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылады. 
      8. Түзеу қылмыстық-атқарушылық жүйесi мекемелерiнiң бастықтары сенiмхаттар мен өсиеттердi куәландырған сәтте сенiмхат немесе өсиеттi куәландыруды өтiнген адамның жеке басын анықтайды және оның әрекет қабiлеттiлiгiн тексередi. 
      18 жасқа толғандардың ғана сенiмхаттары мен өсиеттерi куәландырылуға жатады. 
      9. Түзеу қылмыстық-атқарушылық жүйесi мекемелерiнiң бастығы өсиеттi куәландырған кезде өсиет қалдырушы өз iс-әрекетiнiң маңызын түсiне алатынына, оны басшылыққа алатынына, әзiрленген өсиетке қатысты адасушылықтың жоғына, оған ешкiм қоқан-лоққы жасамайтынына және алдамайтынына кез жеткiзу қажет. 
      10. Сенiмхат немесе өсиеттi жасау көзiндегi адамның (мысалы, алкогольдiк, есiрткi немесе токсикоманиялық мастықта тұрған адамдардың) өз iс-әрекеттерiн түсiне алмаған немесе оларға басшылық жасай алмаған жағдайда болса, сенiмхаттар мен өсиеттер куәландырылмайды. 
      11. Егер сенiмхатты немесе өсиеттi куәландыруды өтiнген адамның сот арқылы белгiлi заң тәртiптерiмен әрекет қабiлеттiлiгi шектелсе, онда түзеу қылмыстық-атқарушылық жүйесi мекемесiнiң бастығы: 
      1) оның қамқоршысының келiсiмi бойынша мүлiкке иелiк ету сенiмхатын куәландырады; 
      2) өсиеттi куәландырудан бас тартады. 
      12. Түзеу қылмыстық-атқарушылық жүйесi мекемесiнiң бастығы сенiмхат немесе өсиеттi куәландырмас бұрын: 
      1) сенiмхат пен өсиеттi куәландыруға байланысты туындайтын салдарлар туралы сенiм бiлдiрушi немесе өсиет қалдырушыға алдын-ала ескертуге; 
      2) сенiмхат немесе өсиеттi өзгерту, күшiн жою тәртiптерiн түсiндiруге; 
      3) сенiмхаттан немесе өсиеттен туындайтын олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiруге; 
      4) сенiм бiлдiрушiнiң немесе өсиет қалдырушының өтiнiшi бойынша сенiмхат немесе өсиет жобасын жасауға мiндеттi. 
      13. Сенiмхат немесе өсиет жобасын дайындаушы түзеу қылмыстық-атқарушылық жүйесi мекемесiнiң бастығы мүдделi адамға жобаның мазмұнын дауыстап оқып бередi, немесе соңғы бұл жобаны өзi оқып шығады. Мүдделi адам жобамен келiскен жағдайда түзеу қылмыстық-атқарушылық жүйесi мекемесi бастығының қатысуымен оған қол қояды. 
      14. Егер сенiмхатты немесе өсиеттi куәландыруды өтiнген әрекет қабiлеттiлiгi бар адам: 
      1) дене кемiстiгi немесе басқа да бiр себептермен қол қоя алмаса, онда оның өтiнуi және қатысуымен, сондай-ақ түзеу қылмыстық-атқарушылық жүйесi мекемесi бастығының қатысуымен құжатқа сенiм бiлдiрушi немесе өсиет қалдырушының өзiнiң қол қоя алмайтын себеп-салдары көрсетiлiп, екiншi бiр адамның құжатқа қол қоюы мүмкiн; 
      2) дене кемiстiгiнiң салдарынан (керең, мылқау немесе керең-мылқау) өз еркiн айқын бiлдiре алмаған жағдайда, онымен түсiнiсе алатын, сенiмхаттың немесе өсиеттiң мазмұны керең, мылқау немесе керең-мылқау адамның еркiне сәйкес келетiнi туралы өз қолымен куәландырылатын сауатты, әрекет қабiлеттiлiгi бар адам сенiмхат немесе өсиеттi куәландыратын сәтте мiндеттi түрде қатысуы тиiс; 
      3) сауатсыздығының немесе дене кемiстiгiнiң салдарынан куәландырылған өсиет пен сенiмхаттың мазмұнымен таныса алмайтын (мысалы, көзi шала көретiн немесе мүлдем көрмейтiн) жағдайда оған құжат мәтiнi оқылып, құжатқа бұл жөнiнде тиiстi жазбалар жазылады. 
      15. Сенiм бiлдiрiлген адам сенiм бiлдiрушi үшiн қол қоя алмайды. 
      Пайдасына мүлiк өсиет етiлген адамның өсиет қалдырушы үшiн қол қоюына болмайды. 
      Сенiмхат немесе өсиеттi куәландырушы түзеу қылмыстық-атқарушылық жүйесi мекемесiнiң бастығы сенiм бiлдiрушi немесе өсиет қалдырушы үшiн қол қоя алмайды. 
      16. Сенiмхат немесе өсиет мәтiнi анық жазылған немесе басылған болуы тиiс. Құжат мәтiнiнiң қолмен жазылған жағдайында көк немесе күлгiн түстi сия пайдаланылады. 
      Тазартулар, қосып жазылған, сызылған сөздер немесе ескертiлмеген басқа түзетулерi бар, сондай-ақ қарындашпен немесе фломастермен жазылған құжаттар куәландырылмайды. 
      Куәландырылатын құжаттың мәтiнiндегi күн мен мерзiм кем дегенде бiр рет сөзбен жазылуға тиiс. Жеке тұлғалардың тегi, есiмi, әкесiнiң аты, олардың мекен-жайлары толық, ал заңды тұлғалардың орналасқан жерлерi көрсетiлумен қысқартылмай жазылады. 
      Сенiмхаттар мен өсиеттердегi толық жазылмаған жолдар мен басқа бос орындар сызылады, қосып жазылған және түзетiлген сөздер сенiм бiлдiрушi немесе өсиет қалдырушы қол қояр алдында ескертiлуi керек және куәландыру жазбасының соңында қайталануы, мұнда қате жазылып, артынан сызылғандардың барлығы алғашқы мәтiнi оқуға болатындай етiп түзетiлуi тиiс. 
      17. Сенiмхатты немесе өсиеттi куәландырудан мынадай жағдайларда: 
      1) мұндай iс-әрекеттi жасау заңға қайшы келсе; 
      2) өсиет немесе сенiмхаттың мазмұны заң талаптарына сәйкес келмесе бас тартылуы мүмкiн. 
      Сенiмхатты немесе өсиеттi куәландыруды өтiнген адамға оны куәландырудан бас тартылған жағдайда бас бостандығынан айыру орнының бастығы бас тартудың себебiн көрсете отырып, дереу жазба түрдегi қаулыны табыс етедi. 
      18. Сенiмхатты немесе өсиеттi куәландырудан бас тартылғаны, сондай-ақ оларды дұрыс куәландырмағаны үшiн сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн. 
      19. Түзеу қылмыстық-атқарушылық жүйесi мекемелерi бастықтарының сенiмхат пен өсиеттi өзiнiң атына, өзiнiң атынан, зайыбының атына және оның атынан, туған-туысқандарының (әке-шешесi, балалары, аға-iнiлерi, апа-қарындастары, немерелерi, аты-әжесi) атына және олардың атынан куәландыруға құқығы жоқ. 
      Жоғарыда көрсетiлген ережелердi бұзу арқылы куәландырылған сенiмхаттар мен өсиеттер жарамсыз болып табылады. 
      20. Жастары кәмелетке толған азаматтардың бiреуiнiң атынан екiншi бiреуiнiң атына, бiрнеше адамның атынан бiр адамның атына және бiр адамның атынан бiрнеше адамның атына куәландырылуы мүмкiн. 
      21. Сенiмхатты куәландыруды өтiнген адамға: 
      1) сенiмхатта сенiм бiлдiрушi осы сенiмхат арқылы оған берiлген өкiлеттiктердi басқа адамға қайта сенiп тапсыра алуын көрсетуi; 
      2) берiлген сенiмхаттың күшiн жою құқығы түсiндiрiледi. 
      Сенiм бiлдiрушi сенiмхаттың күшiн жойған жағдайда ол осы сенiмхат табыс етiлетiн мекемеге, ұйымға, кәсiпорынға оның бұзылғандығы жөнiнде жазбаша өтiнiш жолдауы тиiс. 
      22. Сенiмхат мына үлгiлерде жазылуы мүмкiн: 
      1) N 1 үлгi - мүлiкке жалпы иелiк етуге сенiмхат берiлгенде; 
      2) N 2 үлгi - үй, пәтер, саяжай, гаражды сатуға; 
      3) N 3 үлгi - жалақы алуға; 
      4) N 4 үлгi - мұрагерлiк iстi жүргiзуге. 
      Басқа сұрақтар бойынша сенiмхаттар жоғарыда көрсетiлген үлгiлерге сәйкес жасалады. 
      23. Сенiм бiлдiрiлген адамның өкiлдiгi сенiмхатта дәл айқындалуы қажет. Мысалы, сенiм бiлдiрушi тұрғын үйдi сату жөнiнде сенiмхат берген кезде өзiне тиесiлi үйдi сенiм бiлдiрiлген адамның кiмге, қандай бағаға және қандай шартпен сатуы тиiс екендiгiн көрсетуге құқылы немесе сенiм бiлдiрiлген адам өз қалауы бойынша iс-әрекет жасай алады. 
      24. Сенiмхаттың қолданылу мерзiмiн сенiмхат берген адам өз қалауынша белгiлейдi, бiрақ үш жылдан асырмауы тиiс. 
      Егер сенiмхатта оның қолданылу мерзiмi көрсетiлмесе, онда ол берiлген күннен бастап, бiр жылға дейiн күшiнде болады. 
      Сенiмхаттың iс-әрекет мерзiмi жазбаша көрсетiледi. 
      25. Өсиет бiр адамның атынан ғана жасалады. 
      бiрнеше адамның атынан жасалған өсиет куәландырылуға жатпайды. 
      Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өсиет өсиет қалдырушының қатысуымен ғана куәландырылатындығынан сенiмхат негiзiнде жасалған өсиеттi куәландыруға рұқсат етiлмейдi. 
      26. Түзеу қылмыстық-атқарушылық жүйесi мекемелерiнiң бастығы Қаз КСР Азаматтық кодексiнiң 530-бабына сәйкес өсиет қалдырушының кәмелетке толмаған немесе еңбекке жарамсыз балалары (соның iшiнде асырап алған балалары), сондай-ақ еңбекке жарамсыз жұбайы, ата-анасы (асырап алушылары) және өлген адамның қарауында болғандар өсиет мазмұнына қарамастан заң бойынша әрқайсысы кемiнде үштен екi үлеске (мiндеттi үлес) ие болатынын өсиет қалдырушыға түсiндiруге мiндеттi. Мiндеттi үлес мөлшерiн анықтаған кезде үй-iшi тұрмысында ұсталатын заттардың да бағасы ескерiледi. 
      27. Бас бостандығынан айыру орнының бастығы өсиет қалдырушыны оның тiлегi бойынша Қаз КСР Азаматтық кодексiнiң 527-530-баптарымен анықталатын мұрагерлердiң шеңберiмен таныстырады, сондай-ақ өсиет қалдырушының мынадай құқықтарының бар екендiгiн түсiндiредi: 
      1) өсиет бойынша өз мүлкiн немесе оның бiр бөлiгiн (үй-iшi тұрмысында ұсталатын заттармен қоса) заң бойынша мұрагерге жататын немесе жатпайтын бiр немесе бiрнеше адамға, сондай-ақ мемлекетке, жекелеген заңды тұлғаларға қалдыруға болады. Өсиет қалдырушы өз өсиетiнде Қаз КСР Азаматтық кодексiнiң 530-бабында көзделген мiндеттi мұрагерлерден басқа, заң бойынша бiр, бiрнеше немесе барлық мұрагердi мұрагерлiк құқықтан айыра алады; 
      2) егер өсиет бiрнеше адамның пайдасына жасалса, онда әрбiр мұрагерге өсиет етiлетiн мүлiк үлесi атап көрсетiледi, мұндағы үлес нақты түрде (мысалы, "бiрдей мөлшерде", "екiден бiр үлес") белгiленедi; 
      3) жаңасы жасалып, кез келген уақытта өсиеттi өзгертуi немесе күшiн жоюға құқылы екендiгi. Өсиет қалдырушы да сақтауға тапсырған нотариусқа өтiнiш беру жолымен өсиетiнiң күшiн жоя алады. 
      28. Мазмұнына қарай өсиет мынадай үлгiлерде жасалуы мүмкiн: 
      1) N 5 үлгi бойынша - егер өсиет қалдырушы өсиет бойынша өзiнiң барлық мүлкiн қалдырғысы келсе; 
      N 6 үлгi бойынша - егер өсиет қалдырушы мүлкiнiң қандай да болмасын бiр бөлiгiн (мәселен, банктегi салымын) бөлiп алғысы келсе; 
      N 7 үлгi бойынша - егер өсиет қалдырушы барлық өзге мүлiктерiне тиiспей, мүлiктiң белгiлi түрiн өсиет бойынша қалдыруды қаласа. 
      29. Куәландыру кезiнде өсиет қалдырушыдан өсиет етiлген мүлкiнiң өзiнiкi екендiгiн растау, сондай-ақ пайдаларына өсиет қалдырылған адамдардың туыстық қатынасы туралы дәлелдемелер талап етiлмейдi. 
      30. Сенiм бiлдiрушi немесе өсиет қалдырушы қол қойған сенiмхат немесе өсиет түзеу қылмыстық-атқарушылық жүйесi мекемесiнiң бастығымен куәландырылуы мүмкiн. Құжатты куәландыру ұсынылған үлгiлер (NN 8, 9) бойынша куәландыру жазбасымен расталады. 
      Осы Нұсқаулықтың 14-тармағында көзделген жағдайларда куәландыру жазбасы NN 10, 11 үлгiлер бойынша жасалып, сенiм бiлдiрушi немесе өсиет қалдырушының құжатқа қол қоя алмаған себептерi көрсетiледi. 
      31. Куәландыру жазбасы құжатқа құжат жасалған күнi жазылады. Куәландыру жазбасының мәтiнi жазу машинкасымен басылуы немесе қолмен жазылуы мүмкiн. Куәландыру жазбасын тазартып өшiруге рұқсат етiлмейдi. Сенiмхаттың немесе өсиеттiң үстiне жазу және басқа түзетулер осы құжаттарды куәландыру жазбаларында түзеу қылмыстық-атқарушылық жүйесi мекемесiнiң бастығымен ескертiлуi тиiс. 
      32. Куәландыру жазбасы құжаттың бiрiншi немесе келесi бетiнде, немесе жеке парақта сенiм бiлдiрушi немесе өсиет қалдырушының қолдарын қойғанынан кейiн жасалады. Куәландыру жазбасы жеке парақты түсiрiлген жағдайда, сондай-ақ құжат мазмұны бiрнеше бетте берiлсе, барлық парақ нөмiрленуi және жiппен қайымдалуы тиiс, осы туралы тиiстi жазу жазылып, түзеу қылмыстық-атқарушылық жүйесi мекемелерi бастығының қолымен расталып, мекеме мөрiмен бекiтiледi. 
      Сенiмхаттағы немесе өсиеттегi куәландыру жазбасына түзеу қылмыстық-атқарушылық жүйесi мекемесi бастығының қолы қойылып, мөрiмен бекiтiледi. 
      33. Сенiмхат немесе өсиет екi дана болып куәландырылады және N 12 үлгiдегi реестерде тiркелуге жатады. 
      Тiркелуге арналған реестр нөмiрленуi, жiппен қайымдалуы, түзеу қылмыстық-атқарушылық жүйесi мекемесi бастығының қолы қойылуы және мекеме мөрiмен бекiтiлуi тиiс. 
      Осы реестрге тiркелген сенiмхат пен өсиеттiң рет саны бұл сенiмхаттың немесе өсиеттiң екi данасының куәландыру жазбасына жасалу керек. 
      34. Реестрге тиiстi жазу жазылғаннан кейiн сенiмхаттың бiр данасы сенiм бiлдiрушiнiң қолына берiледi немесе оның өтiнiшi бойынша және осының қаржысының есебiнен ол көрсеткен мекен-жайдағы сенiм бiлдiрiлген адамға жiберiледi. Басқа данасы мекеменiң iс-қағаздарында сақталады. 
      35. Түзеу қылмыстық-атқарушылық жүйесi мекемесiнiң бастығы реестрге тиiстi жазу жазғаннан кейiн өсиеттiң бiр данасын өсиет қалдырушының қолына бередi, ал екiншi данасын өзi куәландырған мерзiмнен бастап он күн iшiнде өсиет қалдырушының тұрақты мекен-жайы бойынша нотариусқа сақтауға тапсыруға мiндеттi. 
      36. Егер өсиет қалдырушының Қазақстан Республикасында тұрақты мекен-жайы болмаса немесе оның қайда тұратыны белгiсiз болса, өсиет Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi анықтайтын нотариусқа жiберiледi. 

                                                      N 1 қосымша

                                               Мүлiктi басқаруға
                                            сенiмхаттың үлгi нысаны

                              СЕНIМХАТ

      Алматы қаласы, бiр мың тоғыз жүз тоқсан жетiншi жылдың бесiншi наурызы Мен, төменде қол қоюшы, Алматы қаласы, Гоголь көшесi, 15-үй, 8-пәтерде тұратын Королев Иван Александрович осы сенiмхатпен Алматы қаласы, Желтоқсан көшесi, 16-үйде тұратын Веницианова Элла Петровнаға 
      өзiме тиiстi қандай да болмасын және қайда болмасын барлық мүлкiмдi басқаруға және оларға иелiк етуге, мүлiктi басқару және оларға иелiк ету жөнiнде заңмен рұқсат етiлген барлық мәмiлелердi жасауға: тұрғын үйлер мен басқа мүлiктердi: сатып алуға, сатуға, сыйға тартуға, сыйға алуға, ауыстыруға, кепiлге беруге және кепiлге алуға, жасалған мәмiлелер бойынша есеп айырысуға; мұраларды қабылдауға немесе олардан бас тартуға; барлық адамдардан, мекемелерден, кәсiпорындардан, ұйымдардан, соның iшiнде банк бөлiмшелерiнен, пошта бөлiмдерi мен телеграфтардан барлық негiздер бойынша маған тиiстi мүлiктердi, ақшаларды (салымдарды), бағалы қағаздарды, сондай-ақ басқа құжаттарды алуға; банктегi шоттарымды басқаруға; пошта, телеграф және әртүрлi корреспонденциялар, соның iшiнде ақшалай және сәлемдемелердi алуға; барлық мемлекеттiк мекемелерде, кооперативтiк және қоғамдық ұйымдарда менiң атымнан iстер жүргiзуге; сондай-ақ барлық сот мекемелерiнде талапкерге, жауапкерге және үшiншi тарапқа және жәбiрленушiге берiлген барлық құқықтармен менiң iстерiмдi жүргiзуге, соның iшiнде қуыным талаптарынан толықтай және жартылай бас тартуға, қуынымды тануға, қуыным мәнiн өзгертуге, бейбiт келiсiм жасауға, сот шешiмiне шағым жасауға, орындау қағазын төлемi үшiн ұсынуға, ұйғарылған мүлiктi немесе ақшаны алуға өкiлеттiк беремiн. 

      Сенiмхат үш жыл мерзiмiне берiлдi. 

      Қолы ______________ 

                                                     N 2 қосымша

                                   Үйдi, пәтердi, саяжайды, гаражды
                                    сату сенiмхатының үлгi нысаны

                             СЕНIМХАТ

      Алматы қаласы, бiр мың тоғыз жүз тоқсан жетiншi жылдың бесiншi мамыры 
      Алматы қаласы, Қабанбай батыр көшесi, 8-үйде тұратын Зимин Василий Иванович, 
      Алматы қаласы, Металлистер көшесi 30-үйде тұратын Вятский Семен Васильевичке Алматы қаласы, Қабанбай батыр көшесiндегi маған тиесiлi N 8 тұрғын үйiмдi (пәтерiмдi, саяжайымды, гаражымды) өз қалауы бойынша бағаға және жағдайларда сатуға сенiм бiлдiремiн, сол үшiн оның қажеттi анықтамалар мен басқа құжаттарды алуына, тұрғын үйдi (пәтердi, саяжайды, гаражды) сатып алу-сату шартын жасауға, маған тиесiлi ақшаны алуға, сондай-ақ осы тапсырманың орындалуына байланысты барлық iс-әрекеттердi жасауға құқық беремiн.

            Осы сенiмхат бойынша өкiлеттiктердiң
            басқа адамдарға берiлуi мүмкiн.

     Сенiмхат алты ай мерзiмiне берiлдi.

                                        Қолы ________________

                                                   N 3 қосымша

                                           Жалақы алуға сенiмхаттың
                                                   үлгi нысаны

                             СЕНIМХАТ

      Алматы қаласы, бiр мың тоғыз жүз тоқсан жетiншi жылдың оныншы наурызы
      Мен, Алматы қаласы, Тұрғын Өзал көшесi, 64-үй, 5-пәтерде тұратын Смирнова Мария Ивановна
      Алматы қаласы, Красин көшесi, 16-үйде тұратын Смирнов Валерий Петровичке ______________________________________________________
                            (мекеменiң атауы)
бухгалтериясынан __________ жылдың ______________ айындағы маған
тиесiлi жалақымды алуға сенiм бiлдiремiн, оған мен үшiн қол қою құқығын және осы тапсырманы орындауға байланысты барлық iс-әрекеттердi жасауға құқық беремiн.

      Сенiмхат бiр жыл мерзiмiне берiлдi
      Қолы____________________

                                                   N 4 қосымша

                               Мұралық iстi жүргiзу және мұраға
                                  құқық туралы куәлiктi алуға
                                    сенiмхаттың үлгi нысаны

      Алматы қаласы, бiр мың тоғыз жүз тоқсан жетiншi жылдың екiншi сәуiрi 
      Мен, Алматы қаласы, Трубная көшесi, 6-үй, 12 пәтерде тұратын Оганесова Виктория Петровна 
      Қостанай қаласы, Пашков көшесi 8-үйде тұратын Матвеев Федор Ивановичке Қостанай қалалық мемлекеттiк нотариалдық кеңсесiнде мұралық iстi жүргiзуге және 1997 жылдың 2-қаңтарында қайтыс болған әкем Оганесов Артем Петровичтен қалған, үй-iшi тұрмысында ұсталатын заттардан, сондай-ақ Қостанай қаласы, Некрасов көшесi 3-шi тұрғын үйде тұратын мұралық мүлiктi алу құқығымен мұраға құқық туралы куәлiктi алуға сенiм бiлдiремiн. 
      Көрсетiлген iс-әрекеттердi жасау үшiн оған менiң атымнан өтiнiштер беруге, анықтамалар мен қажеттi құжаттарды алуға, мен үшiн қол қоюға және осы тапсырманы орындауға байланысты барлық қажеттi iс-әрекеттердi орындауға өкiлеттiлiк беремiн. 

      Сенiмхат екi жыл мерзiмiне берiлдi. 

      Қолы _____________________

                                                   N 5 қосымша

                                     Барлық мүлiкке өсиеттiң нысаны

                            ӨСИЕТ

____________________ жылдың ____________ айының __________________

     "_________" _________________ күнi.

     Мен, төменде қол қоюшы ______________________________________
                               (өсиет қалдырушының тегi, аты,    __________________________________________________________________
               әкесiнiң аты, соңғы тұрақты мекен-жайы)
     менiң қайтыс болу жағдайыма осы өсиетiммен мынадай өкiм
жасаймын:
     Мен қайтыс болған күнде маған тиесiлi болатын қайда және қандай
да болмасын барлық мүлкiмдi мен ___________________________
__________________________________________________________________
           (пайдасына мүлiк өсиет етiлген адамдардың тегi,     __________________________________________________________________
                    аттары және әкелерiнiң аттары)
     өсиет өтемiн.
     Қаз КСР Азаматтық кодексiнiң (ерекше бөлiм) 530-бабы маған
     түсiндiрiлдi.
     Осы өсиет екi данада жасалды және қол қойылды, оның бiреуi
     сақтауға нотариусқа жiберiледi, ______________________________
                               (оның мекен-жайын немесе нотариалдық __________________________________________________________________
кеңсенiң атауын көрсетумен нотариустың тегi, аты, әкесiнiң аты) ал
екiншiсi өсиет қалдырушыға берiледi.
       Өсиет қалдырушының қолы ________________________

                                                      N 6 қосымша

                                        Барлық мүлiкке, соның iшiнде
                                        оның жекелеген түрлерiне
                                            өсиеттiң нысаны

                            ӨСИЕТ

___________________ жылдың ____________ айының _______________

     "_________" _________________ күнi.

     Мен, төменде қол қоюшы _________________________________
                            (өсиет қалдырушының тегi, аты,     ________________________________________________________________
               әкесiнiң аты, соңғы тұрақты мекен-жайы)

     менiң қайтыс болу жағдайыма осы өсиетiммен мынадай өкiм
жасаймын:

     Мен қайтыс болған күнде маған тиесiлi болатын қайда және
қандай да болмасын барлық мүлкiмдi, соның iшiнде __________________________________________________________________
                        (мүлiктiң атауы)

     мен _________________________________________________________
    (пайдасына мүлiк өсиет етiлген адамдардың тегi, өсиет етемiн)

     Қаз КСР Азаматтық кодексiнiң (ерекше бөлiм) 530-бабы маған
түсiндiрiлдi.
     Осы өсиет екi данада жасалды және қол қойылды, оның бiреуi

     сақтауға нотариусқа жiберiледi, _____________________________
                               (оның мекен-жайын немесе нотариалдық  __________________________________________________________________
  кеңсенiң атауын көрсетумен нотариустың тегi, аты, әкесiнiң аты)

     ал екiншiсi өсиет қалдырушыға берiледi.

          Өсиет қалдырушының қолы ________________________

                                                      N 7 қосымша

                                       Мүлiктiң жекелеген түрлерiне
                                               өсиеттiң нысаны

                           ӨСИЕТ

____________________ жылдың ____________ айының _______________

     "_________" _________________ күнi.

     Мен, төменде қол қоюшы _____________________________________
                             (өсиет қалдырушының тегi, аты, _________________________________________________________________
              әкесiнiң аты, соңғы тұрақты мекен-жайы)
     қайтыс болу жағдайыма осы өсиетiммен мынадай өкiм жасаймын:

     Маған тиесiлi ____________________________________________
                          (мүлiктiң атауы)

     мен ________________________________________________________
           (пайдасына мүлiк өсиет етiлген адамдардың тегi, _________________________________________________________________
                   аттары және әкелерiнiң аттары)

     өсиет өтемiн.
     Қаз КСР Азаматтық кодексiнiң (ерекше бөлiм) 530-бабы маған
түсiндiрiлдi.
     Осы өсиет екi данада жасалды және қол қойылды, оның бiреуi
сақтауға нотариусқа жiберiледi, ________________________________
                           (оның мекен-жайын немесе нотариалдық     ________________________________________________________________
  кеңсенiң атауын көрсетумен нотариустың тегi, аты, әкесiнiң аты)

     ал екiншiсi өсиет қалдырушыға берiледi.

           Өсиет қалдырушының қолы ________________________

                                                     N 8 қосымша

 
               Сенiмхат берген адам қол қойған сенiмхатына
                       КУӘЛАНДЫРУ ЖАЗБАСЫ

     "_________" _______________________ 19 _____ жыл

    Осы сенiмхат _______________________________________________    ________________________________________________________________
 (түзеу қылмыстық-атқарушылық жүйесi мекемесiнiң атауын, сенiмхатты

__________________________________________________________________
     куәландырған адамның тегi мен аты-жөнiн көрсету қажет)
     ____________________________ бастығы, менiмен куәландырылды.

     Сенiмхатқа менiң қатысуыммен азамат _________________________
__________________________________________________________________
                      (тегi, аты, әкесiнiң аты)

     қол қойды.
     Сенiм бiлдiрушiнiң жеке басы анықталды, оның әрекет
қабiлеттiлiгi тексерiлдi.

            Реестрде N _________________________ тiркелдi

            Түзеу қылмыстық-атқарушылық жүйесi
            мекемесiнiң бастығы _________________________
                                        (қолы)

                                                  N 9 қосымша

        Өсиет қалдырушының жеке өзi қол қойған өсиетiне
                  КУӘЛАНДЫРУ ЖАЗБАСЫ

     "_________" ________________________ 19 _____ жыл

     Осы өсиет ___________________________________________
_______________________________________________________________
 (түзеу қылмыстық-атқарушылық жүйесi мекемесiнiң атауын, өсиеттi ________________________________________________________________
               куәландырған бастықтың тегi, аты-жөнi)

     ____________________________ бастығы, менiмен куәландырылды.

     Өсиетке менiң қатысуыммен азамат ____________________________
__________________________________________________________________
                      (тегi, аты, әкесiнiң аты)
қол қойды.
Өсиет қалдырушының жеке басы анықталды, оның әрекет қабiлеттiлiгi
тексерiлдi.

            Реестрде N _________________________ тiркелдi

            Түзеу қылмыстық-атқарушылық жүйесi
            мекемесiнiң бастығы _________________________
                                      (қолы)

 

                                                     N 10 қосымша

               Сенiмхат берген адамның тапсыруы бойынша
                басқа адам қол қойған сенiмхатына
                       КУӘЛАНДЫРУ ЖАЗБАСЫ

     "_________" ________________________ 19 _____ жыл

     Осы сенiмхат _______________________________________________
_________________________________________________________________
(түзеу қылмыстық-атқарушылық жүйесi мекемесiнiң атауын, сенiмхатты
__________________________________________________________________
     куәландырған адамның тегi мен аты-жөнiн көрсету қажет)

     ____________________________ бастығы, менiмен куәландырылды.

     Ауруы себептi (дене кемiстiгi немесе әлдебiр басқа себептер

     бойынша) азамат _____________________________________________
                     (сенiм бiлдiрушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты)

     және оның тапсыруы бойынша сенiмхатқа менiң қатысуыммен азамат
__________________________________________________________________
       (сенiмхатқа қол қойған адамның тегi, аты, әкесiнiң аты)

     қол қойды.
     Сенiм бiлдiрушiнiң жеке басы анықталды, оның әрекет
қабiлеттiлiгi тексерiлдi.

     Сенiмхатқа қол қойған азамат ______________________________
                            (қол қойған адамның тегi және аты-жөнi)

     ______________________ жеке басы анықталды.

            Түзеу қылмыстық-атқарушылық жүйесi
            мекемесiнiң бастығы _________________________
                                      (қолы)

     Мөр

                                                  N 11 қосымша

            Өсиет қалдырушының өтiнiшi бойынша басқа
                   адам қол қойған өсиетке
                     КУӘЛАНДЫРУ ЖАЗБАСЫ

     "_________" ________________________ 19 _____ жыл

     Осы өсиет __________________________________________________
_________________________________________________________________
 (түзеу қылмыстық-атқарушылық жүйесi мекемесiнiң атауы, өсиеттi    _________________________________________________________________
              куәландырған бастықтың тегi, аты-жөнi)

     ____________________________ бастығы, менiмен куәландырылды.

     Ауруы себептi (өсиет қалдырушының тегi, аты, әкесiнiң аты)
азамат _______________________________________________________   ______________________________________________________________
          (өсиет қалдырушының тегi, аты, әкесiнiң аты)
оның тапсыруы бойынша менiң қатысуыммен өсиетке азамат _______
______________________________________________________________
          (өсиет қалдырушы науқас үшiн қол қойған)
     қол қойды.

     Өсиет қалдырушының жеке басы анықталды, әрекет қабiлеттiлiгi
тексерiлдi.

     Өсиетке қол қойған адамның жеке басы анықталды.

            Реестрде N _________________________ тiркелдi

            Түзеу қылмыстық-атқарушылық жүйесi
           мекемесiнiң бастығы _________________________
                                        (қолы)

      Мөр

                                                    N 12 қосымша

          Түзеу қылмыстық-атқарушылық жүйесi мекемесiнiң
  бастығымен куәландырылған өсиеттерi мен сенiмхаттарын тiркеу
                            РЕЕСТРI

  

_______________________________________________________________________
Рет | Өсиеттi  | Өсиет      |Нотариалдық  |Құжатты|Өсиеттiң жiберiлгенi
саны|куәландыру|қалдырушының|iс-әрекеттiң |алғаны |туралы белгi (қай
    |күнi      |тегi, аты   |қысқаша      |туралы |нотариусқа және
    |          |және оның   |мазмұны      |қолхат |оның мекен-жайы
    |          |мекен-жайы  |             |       |көрсетiлуi тиiс
_______________________________________________________________________
 1. |15.07.97. |Сидоров Петр|Барлық мүлкiн|Сидоров|Өсиеттiң бiр данасы
    |          |Иванович,   |ұлы Сидоров  |       |Алматы қаласы,
    |          |Алматы      |Петр         |       |Разин көшесi, 20-үй
    |          |қаласы, Саин|Петровичке   |       |мекен-жайы бойынша
    |          |көшесi 1-үй |өсиет етедi  |       |Зеев Иван Ивановичке
    |          |            |             |       |жiберiлдi
_______________________________________________________________________

                                                     N 13 қосымша

                       Өсиеттiң күшiн жою туралы
                          өтiнiштiң үлгi нысаны

                  _________________ қаласы ________________________

                  ________________ нотариусы ______________________
                  (нотариустың тегi, аты, әкесiнiң аты және оның
                  _________________________________________________
                          заңды мекен-жайын көрсету қажет)

                  азамат __________________________________________
                          (өсиет қалдырушының тегi, аты, әкесiнiң
                  _________________________________________________
                   аты және өсиет қалдырушының соңғы тұрақты
                                 мекен-жайы)

                                 ӨТIНIШ

     Менiң атымнан _______________________________________________
                 (түзеу қылмыстық-атқарушылық жүйесi мекемесiнiң
__________________________________________________________________
       атауы, өсиеттi куәландырған бастықтың тегi, аты-жөнi)

бастығымен куәландырылған ________________________________________
                                (өсиеттiң куәландырылған күнi)
     өсиеттi күшiн осы өтiнiшпен жоямын.

                                Қолы ____________________

     "_________" ______________ 19_____ жыл

                                                     N 14 қосымша

                    Өсиеттi куәландырудан бас тарту
                  туралы қаулының үлгi нысаны
                             ҚАУЛЫ

     "______" ____________ 19 ____ жыл    _______________ қаласы

     Мен, _________________________________________________________
         (түзеу қылмыстық-атқарушылық жүйесi мекемесiнiң атауы)

 ______________________ бастығы ___________________________________
                                    (тегi және аты-жөнi)

 _________________________________________________________ тұратын
        (келген адамның соңғы тұрақты мекен-жайы)

     азамат _______________________________________________________
                   (келген адамның тегi, аты, әкесiнiң аты)

      Өсиеттi куәландыру жөнiндегi өтiнiшiн қарай келiп, өсиеттер
мен сенiмхаттарды куәландырудың тәртiптерi туралы Нұсқаулықтың
12-т басшылыққа ала отырып, өсиеттi куәландырудан келесi негiздер 
бойынша бас тартамын:

__________________________________________________________________
             (бас тартудың негiздерi көрсетiледi)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

Осы бас тартуға он күннiң iшiнде _________________________________
                                  (соттың атауын көрсету қажет)

     ____________________________ шағым жасалуы мүмкiн.

                  Түзеу қылмыстық-атқарушылық жүйесi

                  мекемесiнiң бастығы ______________
                                          (қолы)

      Мөр