КАСТОДИАНДЫҚ ҮЛГІ ШАРТЫНА ~V980482 өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Бекітілді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ұлттық зейнетақы агенттігі Бұйрық 1998 жылғы 25 наурыз N 39-ө Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 18 мамырда тіркелді. Тіркеу N 80
Қолданыстағы"2.5.2. Кастодианға брокер (бірінші диллер) соңғы тапсырымды алған күні тапсырымның көшірмесін табыс етуге тиіс. Егер Компания бағалы қағаздар операцияларына дербес қатысқысы келген жағдайда, бағалы қағаздармен сатып алу-сату шартына тұрған күні Кастодианды хабардар етуге міндетті."
2.5.3. тармағы келесі редакцияда берілсін:
"5.3. Кастодианның бастамашылығы бойынша шарт бұзылған жағдайда ол осы шартты бұзу туралы жазбаша хабарлауды Қор немесе Компания алған сәттен бастап отыз күннен асырмай, Қор мен Компания басқа кастодианмен кастодиандық шартқа қол қойған сәтке дейін осы Шарт бойынша міндеттемелерді атқаруға міндетті."
3.5.4. тармағы келесі редакция:да берілсін:
"5.4. Осы шартты бұзу туралы жазбаша хабарламаны Кастодиан, Қор немесе Компания алған сәттен бастап үш күн мерзімде міндетіне қордың активтерін түгендеу және оларды басқа Кастодианға беру әдістері мен мерзімдерін айқындау кіретін, Кастодианның, Қордың және Компанияның уәкілетті өкілдерінен құралған келісім комиссия құрылады, олардың міндетіне Қордың активтерін түгендеу және оларды тараптардың біріне беру әдістерін жаңа кастодиандық шартпен бекіту жүктеледі."