Қазақстан Республикасында акциялар эмиссияларын тіркеудің, жоюдың және акциялар шығарудың және орналастырудың қорытындылары туралы есепті бекітудің тәртібі туралы ережеге өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Бағалы Қағаздар Жөніндегі Ұлттық Комиссиясы Директоратының Қаулысы 1998 жылғы 2 ақпан N 2 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 19 наурызда тіркелді. Тіркеу N 75

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 13 қарашадағы N 2 қаулысымен V960239_ бекітілген. Бухгалтерлік есеп жүргізу стандарттарының 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енуіне байланысты Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1997 жылғы 29 қарашадағы N 141 қаулысымен V960243_ бекітілген Қазақстан Республикасында акциялар эмиссияларын тіркеудің, жоюдың және акциялар шығарудың және орналастырудың қорытындылары туралы есепті бекітудің тәртібі туралы ережеге мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
      - 1-тараудың 5-тармағының 3-абзацындағы "бухгалтерлік баланстар" деген сөздер "қаржылық есептілік" деген сөздермен ауыстырылсын;
      - 2-тараудың 14-тармағының 12-абзацындағы, 15-тармағының 11абзацындағы және 17-тармағының 11-абзацындағы "бухгалтерлік баланстармен қоса тігілген" деген сөздер "қаржылық есептілікке қоса тігілген" сөздермен ауыстырылсын;
      - 2-тараудың 18-тармағының 1-абзацындағы "нығайту балансы" деген сөздер "нығайту балансын қоса отырып қаржылық есеп" деген сөздерге ауыстырылсын;
      - 2-тараудың 19-тармағының 3-абзацындағы "Тоқсан аяғындағы баланс" деген сөздер "Тоқсан аяғындағы қаржылық есептілік" деген сөздермен ауыстырылсын;
      - 3-тараудың 29-тармағының 1-абзацындағы "бухгалтерлік баланстармен (қосымшалармен)" деген сөздер "қаржылық есептілік" деген сөздермен ауыстырылсын;
      - 3-тараудың 29-тармағының 3-абзацындағы "соңғы бухгатерлік баланс құрылған" деген сөздер "соңғы бухгалтерлік есептілік құрылған" деген сөздермен ауыстырылсын;
      - 3-тараудың 32-тармағының 1-абзацындағы "қоғамның пайдалары және шығындары туралы баланстың және есептің дұрыстығы" деген сөздер "қоғамның қаржылық есептілігінің дұрыстығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      - 11-бөлімдегі 1-ші "Эмиссиялар проспектісі" тармағындағы "Аяқталған соңғы 3 қаржы жылындағы және Уәкілетті органға құжаттар ұсыну алдындағы тоқсанның аяғындағы бухгалтерлік баланстар (ЕҚЖЖ бойынша N 1 үлгі) және баланстарға қосымша (ЕҚЖЖ бойынша N 2 және N 3 үлгілер). Тоқсан аяқталғаннан кейінгі айдың ішінде аяқталған тоқсанның алдындағы тоқсанның аяғындағы баланс беріледі" деген сөздер "Аяқталған соңғы 3 қаржы жылындағы және Уәкілетті органға құжаттар ұсыну алдындағы тоқсанның аяғындағы қаржылық есептілік. Тоқсан аяқталғаннан кейінгі айдың ішінде аяқталған тоқсанның алдындағы тоқсанның аяғындағы қаржылық есептілік беріледі. Аяқталған 1995 және 1996 жылдардағы қаржылық есептілік бухгалтерлік баланстар (ЕҚЖЖ бойынша N 1 үлгі) және баланстарға қосымша (ЕҚЖЖ бойынша N 2 және N 3 үлгілер) түрінде беріледі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      - 11-бөлімдегі 1-ші "Бағалы қағаздар шығарылымының шарттары" тармағындағы "Аяқталған соңғы 3 қаржы жылындағы және Уәкілетті органға құжаттар ұсыну алдындағы тоқсанның аяғындағы бухгалтерлік баланстар (ЕҚЖЖ бойынша N 1 үлгі) және баланстарға қосымша (ЕҚЖЖ бойынша N 2 және N 3 үлгілер). Тоқсан аяқталғаннан кейінгі айдың ішінде аяқталған тоқсанның алдындағы тоқсанның аяғындағы баланс беріледі" деген сөздер "Аяқталған соңғы 3 қаржы жылындағы және Уәкілетті органға құжаттар ұсыну алдындағы тоқсанның аяғындағы қаржылық есептілік. Тоқсан аяқталғаннан кейінгі айдың ішінде аяқталған тоқсанның алдындағы тоқсанның аяғындағы қаржылық есептілік беріледі. Аяқталған 1995 және 1996 жылдардағы қаржылық есептілік бухгалтерлік баланстар (ЕҚЖЖ бойынша N 1 үлгі) және баланстарға қосымша (ЕҚЖЖ бойынша N 2 және N 3 үлгілер) түрінде беріледі" деген сөздермен

ауыстырылсын;
     2. Қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген 
сәттен бастап күшіне енеді.
     3. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау Қазақстан Республикасы 
Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Директоратының Корпоративтік 
қаржы басқармасына және жетекшілік ететін атқарушы директорға жүктелсін.
     
     Төраға
     Комиссия мүшелері