Баспананы ұстауға байланысты шығынға төлейтін ақының мөлшерін белгілеу туралы

Алматы қаласы Әкімінің 1997 жылғы 25 тамыздағы N 442 шешімі. Алматы қалалық Әділет басқармасында 1999 жылғы 3 желтоқсанда N 82 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы Әкімдігінің 2001 жылғы 14 тамыздағы N 1/129 қаулысымен

Қолданыстағы

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы Әкімдігінің 14.08.2001 № 1/129 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы сәуірдің 16-дағы "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңын жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы сәуірдің 28-дегі "Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен оған қатысушылардың және соларға теңестірілгендердің жеңілдіктері және оларды әлеуметтік қорғау туралы" № 2247 Жарлығын, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы сәуірдің 2-дегі "Азаматтардың жекелеген топтарына жеңілдіктер беруді ретке келтіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңын басшылыққа ала отырып Алматы қаласының Әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы үйлерде жайларды ұстауға төлем былай белгіленсін, сондай-ақ осыған қоса жеке пәтер иелерін (үйлердің) бұларға коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызмет көрсететіндіктен 1 шаршы метр пайдалы алаңға 6 теңге 94 тиын; лифттері бар тұрғын үйлердің тұрғындары үшінші қабаттан бастап 1 шаршы метр пайдалы алаңға 8 теңге 12 тиын мөлшерінде, оның құрамына инженерлік жүйелерге техникалық қызмет көрсету төлемін қосып, ұсынылған қызмет тізбесінен туындай отырып (№ 1 қосымша), сондай-ақ үйлердің ішіндегі газ жабдықтарына техникалық көмек көрсетудегі қосымша төлем әрбір газ қондырғысынан 15 теңге мөлшерінде және егер де қондырылған болса, су өлшеуіш және су өлшеуіш техникалық қызмет көрсету 1 шаршы метр пайдалы алаңға 0-60 теңге мөлшерінде белгіленсін.

      Ескерту. 1 тармақ өзгертілді - Алматы қаласы Әкімінің 30.03.1999 № 307 шешімімен.
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Алматы қаласы Әкімінің 21.01.2000 № 64 шешімімен.
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Алматы қаласы Әкімінің 04.01.2001 № 2 шешімімен.

      2. Пәтерлер иелерінің кооперативтеріне жеке тұрғын үй қорындағы баспаналарды ұстау бойынша шығындар үшін төленетін ақыны белгілегенде осы шешім арқылы белгіленген ставканы басшылыққа алу ұсынылсын.

      Белгіленген ставкадан жоғары мөлшерде ақы алуға тұрғындардың, тұрғын үй иелерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша, сондай-ақ баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі қалалық басқармамен келісім негізінде жол беріледі. Табиғи газды пайдалануды үйлерге "Алматықалагаз" ҚКК (С.Х. Имажанов), толтырылған газды пайдаланушы үйлерге "Облгаз" ЖШС (Е.Ф. Валтер) iшкi үйлердегi газ қондырғыларына техникалық қызмет көрсетсiн.

      Ескерту. 2 тармақ толықтырылды - Алматы қаласы Әкімінің 30.03.1999 N 307 шешімімен.

      3. Қалалық қаржы басқармасы (Т. Әбдіқадыров) баспананы ұстау және тұрғын үй коммуналдық қызметтер шығындары бойынша ақы төлеуде жеңілдіктер алуға құқылы адамдарға ақшалай өтемақыларды кесте бойынша төлеу үшін толық көлемде, дер кезінде қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Қалалық халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (Н.І. Сүлейменов), Тұрғын үй жәрдемақылары орталығы (Р.М. Маймақов) осы шешімнің І тармағында көрсетілген есептік көрсеткіштерді басшылыққа ала отырып, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес белгіленгеніндей баспананы ұстау және тұрғын үй-коммуналдық қызметтер шығындары бойынша ақы төлеуде жеңілдіктер алуға құқылы адамдарға ақшалай өтемақылар мен жәрдемақылар төленбейдi.

      Ескерту. 4 тармақ өзгерді - Алматы қаласы Әкімінің 30.03.1999 N 307 шешімімен.

      5. Төлемдер 1997 ж. қыркүйектің 1-нен енгізілсін.

      6.

      Ескерту. 6 тармақ алынып тасталды - Алматы қаласы Әкімінің 30.03.1999 N 307 шешімімен.

      Алматы қаласының Әкімі В. Храпунов

  Алматы қаласы Әкiмiнiң
1999 жылғы 25 тамыздағы
№ 442 шешiмiне
қосымша

Тұрғын үйдi ұстау шығыны бойынша жеңiлдiктер берiлген кездегi ескерiлетiн жұмыс тiзбесi

      ---------------------------------------------------------------------------

      Рет ! !1 ш.м. пайдалы алаң

      саны! Аталуы ! " шығыны

      ---------------------------------------------------------------------------

      1. Ағымдағы жөндеу жұмысы

      а) үйдiң бөлiгiн ұстау: ғимараттың арнайы 0-75

      бөлiктерiн алмастыру, қабырғаның саңылауларын

      бiрiктiру, қабырғаның суық жерлерiн жылыту,

      үйдiң сыртқы қабырғасын ақтау, шатырдан су

      ағуды болдырмау жұмыстары (толық алмастырудан

      басқасы), тұрғын үйден басқа бөлмелердегi

      сырлау-әктеу жұмыстары, бағандарды жөндеу,

      кiрмелердегi ағаш баспалдақтарды алмастыру;

      б) тұрғын үйдi күзгi-қысқы және жазғы

      мезгiлдердегi жөндеу жұмыстары: кiрмелердегi

      есiктердi жөндеу және сынған әйнектердi

      алмастыру, құбырларды орау, құдықтарды тазалау,

      жертөлелердi жылына екi рет қоқыстан,

      жапырақтардан тазалау және дәрiлеу.

      2. Ауланың маңын тазалау, қарларды тазалау және 1-80

      жаяу жолдарды мұздан тазалау, гүлзарларды

      әдемiлеу, жаяу жолдарды қысқы мезгiлде тазалау

      және құм себу, сыпырушылардың"еңбегiне төлем,

      әлеуметтiк сақтандыру, мүккәмалдарды алу,

      арнайы киiмдермен жабдықтау, қоқыстан тұратын

      алаңды тазалау,жасыл желектердi және үй

      аулаларын суғару

      Ескерту. 2 тармақ өзгертілді - Алматы қаласы Әкімінің 30.03.1999 N 307 шешімімен.

      3. Кезекшi жарықтандыру (кiрмелердi жарықтандыру) 0-45

      Лифттердің жұмыс істеуі үшін электр энергиясы

      (1 және 2 қабаттардан басқасы) 1-18

      Ескерту. 3 тармақ толықтырылды - Алматы қаласы Әкімінің 04.01.2001 N 2 шешімімен.

      4. ӘБҚ ұстау (еңбек ақы, әлеуметтiк сақтандыру, 0-60

      әкiмшiлiк-шаруашылық шығындар)

      5. Жылу және элеватор тетiктерiнiң жүйелерiне 1-72

      техникалық қызмет көрсету

      а) жылу жүйесiне қызмет көрсету:

      - жылу жүйесiн тексеру;

      - жылу жүйесiн қосу және ажырату (күз, көктем,

      бұзылуы, қалыптылығы);

      - жылу жүйесiн қаңтару (көктем). Жылу жүйелерiнiң

      жағдайын қаңтару кезiнде 10 күннiң iшiнде 1 рет

      тексеру;

      - қосу және жұмыс қалпын өзгерту кезiнде жылу

      жүйелерiн тексеру;

      - жылу жүйелерiндегi кейбiр босалқыларды жою:

      (оралған жылу қалдықтарын негiздеу, су ағындарын

      тоқтату, оның iшiнде алмастырусыз қалпына келтiру,

      құбырларды орау, құбырдың iшiндегi су жүретiн

      шүмектердi тазалау, магистральдық құбырлардың

      тот басқан бөлшектерiн алмастыру);

      - жылу мезгiлi алдындағы жүйелердегi суды

      алмастыру;

      - жылу жүйелерiн қысыммен тексеру;

      - электр аппаратураларымен тексеру, өлшеу

      көрсеткiштерiнiң жұмысын қосу және тексеру;

      б) элеваторлық тетiктерге қызмет көрсету (ИТТ):

      - айына 2 рет ИТТ-нi тексеру, жылудың"қысымын,

      көрсеткiш бiрлiгiн тексеру;

      - жылу мезгiлiнiң басында, соңында және жұмыс

      барысында ыстық су құбырының жұмысын қосу

      арқылы тексеру;

      - реттейтiн және жұмыс тетiктерiн алмастыру;

      - құбырлардың шүмектерiн қақтан және тұз

      қақтарынан тазалау;

      - құбырдың"барлық тетiктерiн (шайбаларын,

      бұрандаларды, құлпыларын) қажет болған жағдайда

      су аққан тетiктерiн алмастыру;

      - су ағуды болдырмау;

      - бос қазықтарды нығыздау;

      - электр аппаратураларды және өлшеу

      көрсеткiштерiнiң жұмысын бақылау, iске қосу.

      Ыстық және суық су құбырларына электр жабдықтауға

      техникалық қызмет көрсету:

      а) сантехникалық:

      - құбырлардың жүйелерiн тазалау;

      - жертөлелердегi құбырларды тазалау, 1 құдықтың

      жұмысын қосуды ескерiп;

      - 1 қабаттағы құбырларды тазалау;

      - құбыр ағатын тоғысқан құдықтарды тазалау;

      - тығыздайтын материалдарды, барлық құбыр тетiктерiн

      олардың материалдарын қоса алмастыру;

      - пәтер иесiнiң материалынан (барлық құбыр

      тетiктерiн) (пiсiру жұмыстарын қоса апат 1-62

      жағдайындағы сантех жабдықтарды) алмастыру;

      - бөлмедегi су ағызатын тетiктi алмастыру;

      - құбырларды бiрiктiрген жерлердегi су ағуын болдырмау;

      - вентильдердi және санниктердi нығыздау;

      - құбыр саңылауларын пiсiру;

      - суық және ыстық су құбырларын алмастыру, бiрiктiрген

      жерлерiн қоса;

      - суық және ыстық су құбырларының кейбiр бөлiктерiндегi

      1 метрден аспайтын жерлерiн алмастыру.

      Жертөлелердегi немесе пәтерлердегi 2 метрден асқан

      темiр құбырларды алмастыру (материалдың құнын ескермей)

      құрама бөлiктерiн алмастыруды қоса;

      - жертөлелердегi, қабаттардағы құбырлардан су ағуын

      болдырмау;

      - жертөлелердi толған сулардан тазарту;

      - жертөлелерге профилактикалық жұмыстар жүргiзу.

      в) электротехникалық жұмыстар:

      - уақытша электр жабдықтау жұмысын орындау;

      - электр қуатын беретiн iстен шыққан тетiктердi алмастыру;

      - қабаттардағы электр қалқандарындағы iстен шыққан

      тетiктердi қалпына келтiру;

      - кезекшi жарық беру қуатын ретке келтiру;

      - кезекшi жарық беру қуатының тетiктерiн алмастыру.

      Суды тұтынуға арналған жалпыүйлік есептеу

      приборларының техникалық қызметі 0-60

      газ жүйелерiн техникалық қамтамасыз ету

      Ескерту. 5 тармақ өзгертілді - Алматы қаласы Әкімінің 30.03.1999 N 307 шешімімен.
      Ескерту. 5 тармақ толықтырылды - Алматы қаласы Әкімінің 21.01.2000 N 64 шешімімен.

      Жалпы үйлердегі суды пайдалану құралдарына

      техникалық қызмет көрсету 0-60

      Ескерту. 5 тармақ толықтырылды - Алматы қаласы Әкімінің 04.01.2001 N 2 шешімімен.

      -------------------------------------------------------------------------

      ЖИЫНТЫҒЫ: 6-94

      -------------------------------------------------------------------------

      Алқа хатшысы К. Тәжиева