10.01.97 ж. он төртінші сессияда қабылданған шешімге өзгертулер енгізу туралы

Ақтөбе облыстық мәслихаты және облыс әкімінің кезектен тыс сессияда қабылдаған 1997 жылғы 30 мамырдағы N 5 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет басқармасында 1997 жылғы 29 желтоқсанда N 15 тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабындағы 3 тармаққа сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты және облыс әкiмiнiң 10.01.97 ж. он төртiншi сессияда қабылдаған "Облыстың әкiмшiлiк-аумақтың құрылысына өзгертулер енгiзу туралы" N 5 шешiмiне өзгертулер енгiзiлсiн:
      1. 1 тармақтағы "Хлебодаров, оны Қурайлы ауылдық округiнiң аумағына қосып (орталығы Қурайлы ауылы) деген жол былайша редакциялансын:
      "Хлебодаров,оның аумағын Родников ауылдық округiнiң құрамына қосып".
      2. 2 тармақтан "Ақшат ауылы Родников ауылдық округiнiң құрамына қосылсын" деген жол алынып тасталсын.

      Облыстық мәслихат                         Облыс Әкiмi
           хатшысы