1. "Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшін келетін Ресей Федерациясы азаматтарының Қазақстан Республикасының азаматтығын алуының жеңілдетілген (тіркелімдік) тәртібіне байланысты мәселелерді қарау тәртібі туралы" Нұсқау (N 1 қосымша).
2. Облыстарда ІІБ-і, Алматы қаласының ҚІІБ-і бастықтарына:
2.1. Паспорт және бұрыштама жұмысы аппараттары жеке құрамының Нұсқауды зерделеуін ұйымдастырсын. Азаматтық мәселелері жөнінде халықты қабылдауды жүзеге асыратын қызметкерлерден өтініштерге мұқият қарауды, өтініш иесін сипаттайтын деректерді тыңғылықты зерделеп, объективті баға беруді талап етсін.
2.2. Қалалық, аудандық ішкі істер органдарына өтініш иелерінің тұрғылықты жері бойынша оларға тиісті анкета-өтініш бланкілерін беруді және Қазақстан Республикасының азаматтығын алудың жеңілдетілген тәртібіне байланысты мәселелер жөніндегі материалдарды қарап, рәсімдеуді тапсырсын. Өтініш иесінің өзі, сондай-ақ оның барлық жақын туысқандары туралы қажетті мәліметтердің алынуы қамтамасыз етіліп, көрсетілген материалдар бағыныстылығына қарай облыстық ішкі істер басқармаларына жіберілсін.
2.3. Материалдар ресімделетін адамдарға ішкі істер органдарының
барлық тіркелімдері бойынша тексеру жүргізілсін. 2.4. Облыс орталықтары мен Алматы қаласында тұратын адамдардан құжаттар қабылдау тікелей ішкі істер басқармаларының паспорт және бұрыштама жұмысы басқармаларында, ал басқа жерлерде - өтініш берушілерінің тұрғылықты жерлері бойынша қалалық, аудандық ішкі істер органдарында жүргізілсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы ІІМ-інің Паспорт және бұрыштама жұмысы бас басқармасына жүктелсін. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі - Ішкі әскерлер қолбасшысы генерал-лейтенант Қазақстан Республикасы ІІМ-інің 1997 жылғы 22 қыркүйектегі N 344 бұйрығына N 1 қосымша Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшін келетін Ресей Федерациясы азаматтарының Қазақстан Республикасының азаматтығын алуының жеңілдетілген (тіркелімдік) тәртібіне байланысты мәселелерді қарау тәртібі туралы Нұсқау
Ресей Федерациясына тұрақты тұру үшін келетін Қазақстан Республикасы азаматтарының және Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшін келетін Ресей Федерациясы азаматтарының азаматтық алуының жеңілдетілген тәртібі туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Келісімді іске асыру мақсатында ішкі істер органдары өзінің практикалық қызметінде мыналарды басшылыққа алады:
1. Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшін келетін Ресей Федерациясының азаматтары Қазақстан Республикасының азаматтығын алудың жеңілдетілген (тіркелім) тәртібі туралы ҚІІБ-і, ІІБ-і бастығының атына өтініштер беріп, оны тұрақты тұратын жері бойынша ішкі істер органының паспорт және бұрыштама жұмысы бөлімшелеріне табыс етеді.
Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы өтінішке мына құжаттар қоса тіркеледі:
- белгіленген үлгідегі (N 2 қосымша) анкета-өтініш;
- паспорттың, тууы туралы куәліктің көшірмесі. (Тіркелу (тіркелім) туралы белгі соғылған паспорттың түпнұсқасын жеке өзі табыс етеді);
- мемлекеттік баж төлеу туралы квитанция немесе оны төлеуден босататын құжат.
Қазақстан Республикасы азаматтарынан жақын туысқандарының бірі: баласы (оның ішінде асырап алған баласы), жұбайы (зайыбы), ата-аналарының бірі (асырап алушылар), әпкесі, ағасы, атасы немесе әжесі бар азаматтар сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарымен туыстық қатынасын (тууы туралы куәлікті, неке туралы куәлікті және т.б.) куәландыратын құжаттарды табыс етеді.
Түскен материалдар белгіленген үлгідегі журналға (N 3 қосымша) тіркеледі және оны аудандық ішкі істер органдары облыстардың ішкі істер басқармаларына жібереді.
2. Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы өтініш берген адамға қатысты ішкі істер органдары бұл адамның айыпталушы ретінде қылмыстық жауапкершілікке тартылуы туралы не оның заң күшіне енген сот шешімі бойынша жазасын өтеуі туралы тексеруді жүзеге асырады. Бұдан кейін материалдар белгіленген тәртіпте ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісіледі. Ұлттық қауіпсіздік органының пікірі алынғаннан кейін өтінішті қанағаттандыру немесе қабылдамай тастау жөнінде қорытынды шығарылады, оны ҚІІБ-інің, ІІБ-нің бастығы немесе оның орынбасары бекітеді.
3. Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіпте алу туралы өтініш, егер өтініш иесі:
1) халықаралық құқықта көзделген адамзатқа қарсы қылмыс жасаса, Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне саналы түрде қарсы шықса;
2) Қазақстан Республикасының бірлігі мен аумақтық тұтастығының бұзылуына үндесе;
3) мемлекеттік қауіпсіздікке, халықтың денсаулығына нұқсан келтіретін құқыққа қарсы қызметті жүзеге асырса;
4) мемлекетаралық, ұлтаралық және діни өшпенділік тұтатып, Қазақстан Республикасы мемлекеттік тілінің жұмыс істеуіне қарсы әрекет жасаса;
5) бұрын террористік әрекеті үшін сотталса;
6) сот оны ерекше қауіпті кәнігі қылмыскер деп таныса, қабылданбай тасталады.
4. Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы өтініш қабылданбай тасталған жағдайда ішкі істер органдары өтініш иесіне шешімді кім және қашан қабылдағаны туралы анықтама береді. Көрсетілген анықтаманың екінші данасы материалдарға тіркеледі.
5. ҚІІБ-інің, ІІБ-інің паспорт және бұрыштама жұмысы басқармалары (бөлімдері) алынған Қазақстан Республикасының азаматтығын белгіленген үлгідегі журналға (N 3 қосымша) тіркейді.
6. Азаматтықты алу мәселелері жөнінде материалдарды ұсынған аудандық ішкі істер бөлімдері облыстардың ІІБ-ілерінен шешімдер алғаннан кейін жеті күндік мерзімде өтініш иесін өтініштердің қаралу қорытындылары туралы хабардар етіп, оны құжаттау жөнінде шаралар қолданады.
Егер аталған адам тұрғылықты жерін ауыстырса, ішкі істер органдары қабылданған шешім туралы өтініш иесінің жаңа тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарына дереу хабар жібереді.
7. Жеңілдетілген (тіркелім) тәртіпте Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адамдардан Ресей Федерациясы азаматтарының паспорты алынып қойылады және ол берілген жері бойынша ішкі істер органдарына жіберіліп, иесінің Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаны хабарланады.
8. Егер ата-анасының екеуі де жеңілдетілген тәртіпте Қазақстан Республикасының азаматтығын алған болса, олармен бірге олардың кәмелетке толмаған балаларының азаматтығы да өзгертіледі. 16 жастан асқан балалар туралы мәліметтер тіркелім журналына енгізіледі.
9. Ата-аналары бөлек тұратын балалар, егер осы мәселеде ата-аналар арасында өзге келісім жасалмаған болса, өздері тәрбие алатын ата-аналарының азаматтығын сақтап қалады.
10. Балалардың белгіленген азаматтығы олар кәмелетке толғаннан кейін ата-аналарының бірі Қазақстан Республикасының азаматтығына ие болса, ал екіншісі - Ресей Федерациясының азаматтығына ие болса, Тараптардың заңдарына сәйкес жеңілдетілген тәртіпте өзгертілуі мүмкін.
11. Ата-аналық құқықтарынан айрылған ата-аналар азаматтығы өзгерген кезде балалардың азаматтығы өзгермейді. Балалар азаматтығының өзгеруі үшін ата-аналық құқықтарынан айрылған ата-аналардың келісімі талап етілмейді.
12. Ішкі істер органдары жеңілдетілген тәртіпте азаматтық алынғанын үш айдан аспайтын мерзімде тіркеуді жүзеге асырады.
13. Облыстар ІІБ-лерінің ПжБЖ-лары Қазақстан Республикасының
азаматтығына жеңілдетілген тәртіпте қабылданған адамдар туралы ақпаратты әрбір тоқсан қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының ІІМ-іне тапсырады. 14. Жеңілдетілген тәртіпте азаматтық алынғаны туралы материалдар жинақталуына қарай, бірақ жылына кемінде бір рет Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау жөніндегі істер үшін белгіленген тәртіпте сақталатын жеке іске тіркеледі. Азаматтық алуды тіркеу журналдары ІІБ-де ұдайы, қалалық, аудандық бөлімдерде 5 жыл сақталып, бұдан кейін Қазақстан Республикасы ІІМ-інің 1994 жылғы 21 ақпандағы N 24 Бұйрығына сәйкес жойылады. Қазақстан Республикасының ІММ-і ӘПД-інің Паспорт және бұрыштама жұмысы бас басқармасы 3-қосымша ___________________________________________________________ N | Аты-жөні, | Туған | Өтініш | Азаматтық реттік| тегі | жылы |қабылданған| қабылданған | | | мерзімі | мерзімі _______|_____________|________|___________|______________ | | | | | | | | | | | | _________________________________________________________